Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

География сабақтарының типтері, олардың құрылысы. Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары мысалында). Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері. Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру. География сабағын ойын көмегімен оқыту.

Содержание

Кіріспе
Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)
1.1 География сабақтарының типтері, олардың құрылысы..................................
1.2 Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары
мысалында)................................................................................................................
1.3 Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері.....................................................................................................
1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру............................................
1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту....................................................

2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР СИПАТЫ
2.1 Географиялық ойындар түрлері және географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар.....................................................................
2.2 Географиядағы картографиялық ойындар....................................................
2.3 Географиядағы ойын түріндегі сабақтар........................................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

геогр.ойын.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

Біздер оқушыларды оқу белсенділігінің жеке түрін анықтау әдістемесі бойынша диагностикалағандықтан, солар туралы және оларды өз жұмысымызда пайдаландық. Аталған әдістемеге жүгінгендігіміз, біздердің іздестірулерімізді біріншіден, оқу белсенділігіндегі «жеке стиль» түсінігімен байытып, екіншіден, ойын технологияларын пайдалану кезінде ерекше маңызды болып саналатын, балалардың даралық ерекшеліктері туралы барынша дәл ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Психологиялық бақылаудың ережелеріне тоқталып, оларды біз өзектендірілген мәселесімен байланыстырдық. Оқушылар әрекет барысында пайда болатын даралық белсенділік қорларын мүмкін болатын топтастырудың алғышарты ретіндегі оның меншік-жекелік қасиеттері бар шығармашыл тұлғаның қалыптасуын біріктіреді. Ол үшін бұл - ойындық оқу әрекеті.

Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар барысының барлық уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ойынға қатысушы оқушылардың өздері атқарды. Бұған Географиялық Ойындар Клубы да атсалысты. Тәжірибе көрсеткендей, оқытуда қайталау мен жинақтаудағы дидактикалық мақсаттарға жетудің ең қолайлысы – ойын-саяхаттар. Мысалы, «Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат» – ойын-саяхаты пайдаланылды. Ойын барысында кейбір оқушылардың күнделікті мінез-құлықтарында нақты қиындықтар болды. Алайда,біздің тәжірибе ролдік ойындарды пайдалану жолдарындағы аталған проблемаларды шешудегі педагогикалық түзетудің нақты мүмкіндіктерін көрсетті.

Оқушылардың ойындық тәжірибесінің даму үрдісі олардың сезімдік және зияткерлік дамуына, сондай-ақ, коммуникативтік дағдыларды алуына жол ашып, тұлғаның эстетикалық және адамгершілік қасиеттерінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Ал уәждік-мұқтаждық саласына келер болсақ, тәжірибе жасөспірімдердің ашықтығын, олардың ойынға сұранысының тұрақтылығын көрсетті.

Әрбір ойынның сол немесе басқа бір артықшылықтарының барлығын және өзінде белгілі бір шектеулерді алып жүретіндігіне байланысты ойын тәжірибесі оларды кешенді пайдаланудың кажеттігін дәлелдейді. Тек жүйелі ойындар ғана тұлғаның тұтастай дамуына табысты әсерін тигізеді, оқушылармен ептіліктер мен білімдерді алудың және бекітудің тиімділігіне жол ашады.

Жүргізілген білім сынақтары, экспериментальдық сыныптардағы білім деңгейі басқа сыныптар мен бақылаулармен салыстырғанда барынша терең екенін көрсетті. Бұл олар туралы бағалау пікірлерін білдіру мен сол немесе баска бір оқиғаларды жорамалдауға қатысты болды.

«Мен-этногрофпын», «Мен-географпын», «Мен-экологпын» сынды жекелендірілген іздестірушілік ойындары үлкен дамытушылық мүмкіндікке ие. Жетінші және сегізінші сыныптағы оқушылар арасында жүргізілген шығармашылық жұмыстарды талдау көрсеткендей, біздің тәжірибелік жұмысымызда өзінің руының «Үрімбұтақтық ағашын»» жасау тапсырмасына ынта білдіргендер көптеп кездеседі. Олардың басым бөлігі жеті атасына дейінгі байланысты анықтай алды.

Эксперименттің қалыптастырушы кезеңіндегі жұмыстардың ерекшеліктері туралы төмендегіні айтуға болады:

  • Үш жыл бойы мектептерде жұмыс істейтін Географиялық Ойындар Клубының болуы (Клуб ойындарды құрастыру мен жобалау бойынша шығармашылық зертханаға айналды. Мұндағы басты рөл мектептегі бірінші лектің оқушылары мен мектептің екінші легіндегі оқушыларға тиесілі);
  • Белсенді ойын шығармашылығы дәстүрінің пайда болуы;
  • «Жібек жолы бойымен саяхат» павильондық ойынын жобалау және өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР  СИПАТЫ

2.1 Географиялық ойындар түрлері және географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар

 

Географиялық ойындар – география сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа технологиялардың бірі.

Географиялық ойындардың мақсаты:

  • Оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Оқушылардың географиялық ұғымдарын кеңейту.
  • Кармаен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
  • Географиялық номенклатураны меңгеруге көмектесу.
  • Оқушыларды тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар:

  • Географиялық ойындар пәннің бағдарламасына сай келуі керек.
  • Ойындардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
  • Ойынға бөлінген уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып,алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізілуі керек.
  • Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып қажетті іскерлік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болуы керек.
  • Ойынға қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізілуі керек.

Географиялық ойындар сынып оқушыларын 2-3 топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы да ойналуы мүмкін. Географиялық ойындар мазмұны мен мақсаттарына, құрылысы мен сипаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 1. Ауызша орындалатын ойындар. 2.Жазбаша орындалатын ойындар. 3. Карта арқылы орындалатын ойындар. 4. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар. 5. Сыныптан тыс жұмыстарда орындалатын географиялық ойындар.

1. Ауызша орындалатын  географиялық ойындар.

«Желбағдар ойыны». Әр командадан дұрыс бағдарлай алатын үш адам шығады.Басқарушы «жел солтүстіктен соқты» дегенде оқушылар бетін оңтүстікке бұрады. «Дауыл» дегенде, бәрі айналады. «Тымық, желсіз» десе, бәрі қозғалмай тұрады. Кім дұрыс  бұрылмаса , сол ойыннан шығады.

«Ендік пен бойлық» Ойынға қатысушылар төрт адамнан кем болмауы тиіс. Бірінші – солтүстік ендік, екіншісі-оңтүстік ендік, үшіншісі -  шығыс бойлық, төртіншісі – батыс бойлық.

Ойынды жүргізуші кез-келген географиялық нысанды атайды, ойынға қатысушылар қайда орналасқанын тез ойлап, жауап береді. Мысалы: Шри-Ланка аралы аталғанда «солтүстік ендік» пен «шығыс бойлық» болған балалар отырады. Кім қателессе айыпты ұпай алып, екінші рет қателессе ойыннан шығады.

«Географиялық тізбек» ойыны. Ойынның мәні биіктік пен тереңдік көрсеткішінен тізбек құрастыру . Ойынның мақсаты – ауызша сандардың мәнін шешу. Бұған негізінен төрт таңбалы сан алынады. Тізбекті құрастыру – есті шынықтыру тәсілі. 8848 1620 6194 2210 5642

Жауабы: 8848 – Эверест шыңы; 1620-Байкал көлінің тереңдігі; 6149-Мак-Кинли тауы, 2210-Қара теңіздің тереңдігі; 5642-Эльбрус тауы.

«Мен - өзен» ойыны. 6-сыныпта «Өзендер» тақырыбынан кейін ойналады. Мен оқушыларға: «Мен – Еділ өзенімін, қайда барып құямын?» деймін. Олар: «Мен – Еділ өзенімін, Каспийге барып құямын»  дейді. Ойын осы ретпен жалғасады.

«Қалалар мен өзендер» ойыны. Ойынға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші оң жағындағы оқушыға еліміздің үлкен өзенінің бірін атайды, ол сол өзеннің бойында орналасқан қаланың атын атайды. Содан кейін, ол да көршісіне басқа бір өзенді атайды. Ойын осылай жалғаса береді Кімде-кім жауап берген кезде кідіріп қалса, ойыннан шығып қалады. Ең соңында қалған ойыншы жеңіске жетеді.

«Ұсталып қалма» ойыны 7 сыныпта ойналады. Жерге алты құрлықтың кескіні сызылады. Алты оқушы шығып барлығы сапқа тұрады. Жүргізуші әр құрлыққа тиесілі өсімдік, жануар немесе қала аттарын атағанда оқушы сол құрлықтың ішіне кіруі керек. Мысалы: Пингвинді атағанда Антарктида құрлығының ішіне кіруі керек. Шатастырып басқа құрлыққа кіріп кеткен оқушыға сұрақ беріледі.

«Солтүстік, оңтүстік» ойыны. Бұл ойынды 5-сыныпта көкжиек жақтарын айыру үшін ойнатуға болады. Екі оқушы немесе топ болып ойнауға болады. Мұғалімнің көмекшісі оқушыларды қатар-қатар тұрғызады. «Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс» дегенде оқушылар аталған жаққа қарай бұрылуы керек. Егер дұрыс бұрылмаса, сабақ бойынша сұрақ қойылады.

«Мәтіндегі қатені тап» ойыны. Мұғалім қандай да бір географиялық нысанға (қатемен жазылған) қысқаша шығарма оқиды. Ойынға қатысушылар қатесін табу керек. Мәтіндегі қатенің бәрін тапқан адам жеңімпаз атанады. Мысалы: Қызыл теңізді суреттеу. Теңізшілердің пайымдауы бойынша Қызыл теңіз – жер бетіндегі ең суық және ең тұщы теңіз. Біз өлшегенде теңіз суының температурасы өте төмен болып шықты.

«Аң аулау» ойыны 7сыныптарда өткізіледі. Тақтада плакатта әр түрлі аңдардың суреті ілініп тұрады. Мысалы: ақ аю, түлкі, қасқыр т.б. Тақтаға екі не үш оқушы шығып, кезек-кезек аңдарға доп лақтырады, қай аңға тисе, сол аң туралы қайда мекендейтінін айтады немесе суреттің артындағы сұрақтарға жауап береді.

«Ұста, ұстама ойыны». Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп 5-6м қашықтықта  қарама-қарсы қатар түзеп тұрады. Топ мүшелері кезекпен бір географиялық атауды (өзен,көл, жел, жаңбыр, т.б.) атап екінші топқа доп лақтырады. Екінші топ допты осы ретпен кері лақтырады. Қате атаумен (дәптер, кітап, бөрік, т.б.) лақтырылған допты ұстап алған оқушы ойыннан шығарылады. Қате жібермеген топ жеңімпаз аталады.

«Пошты» ойыны. Тақтаға сыртына әр құрлықтың аты жазылған қатты қағаздан жасалған қалташалар ілінеді. Жіңішке қағаз қиындыларына әр құрлықтағы қала, тау, өзен, көл, өсімдік, жануар аттары жазылған. Қағаз қиындыларын қалташаларға көп дұрыс салған оқушы жеңімпаз аталады.

«Саяхатшылар» ойыны. Жіңішке қағаз қиындыларына белгілі саяхатшылардың аттары (Ф.Ф.Беллинсгаузен, М.П.Лащарев, Х.Колумб, Ф.Магеллан, Ш.У.Уәлиханов т.б.) жазылады.

Келесі қағаз қиындыларына олардың географиялық ашулары (Антарктида, Америка, тұңғыш жер шарын айналып шығу, Орталық Азия т.б.) жазылған. (1819-21, 1492, 1519-21 т.б.).

Ойынға қатысушылардың міндеті – сәйкестікті табу (Колумб – 1492 – Америка, т.б.).

«Сыңарын тап» ойыны. Ойынға 2 команда қатысады. Команда мүшелері кезекпен шығып тақтаға жазылған таулардың, шыңдардың, олардың биіктіктерінің сәйкестігін тауып жазады. (Кавказ, Анды, Кордильер, Алтай, Орал, Гималай, Эльбрус, Аконкагуа, Белуха, Народная, Мак-Кинли, Джомолунгма, 6959, 6194, 1899, 4506, 8848, 5642). Орындалу үлгісі: Кавказ – Эльбрус – 5642. немесе «Өзендер мен көлдер» тақырыбына «Байкал, Сырдария, Ніл, Нева, Ладога көлі, Виктория көлі, Ангара, Арал теңізі». Орындалу үлгісі: Байкал – Ангара, т.б.

Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанып, жеке оқушылар бағаланады.

«Кім жүйрік» ойыны. Жерге құрлықтардың пішіні сызылады. Ойынға қатысушылар 6 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне бір құрлықты таңдап алады. Ойынға қатысушылар үлкен шеңбер құра тұрады. Шеңбер ішінде  6 құрлық көрініп тұруы керек.

Бастаушы дауыстап бір құрлықтың пайдалы қазбасы, жануары, өсімдігі жайлы айтады. Мысалы: бір, екі, үш «жираф» десе Африканы таңдап алған топтардың бірі өз құрлығына жету керек. Егер қателессе немесе үлгермесе, ол оқушы өлең айтады немесе би билеп береді. Ойын әрі қарай жалғасады.

2. Жазбаша орындалатын  ойындар.

«Үндемес» ойыны. Картаға екі оқушы шығарылады. 1-оқушы картадан Қызыл теңіз, Таймыр түбегі, Памир тауы, Челюскин мүйісі, Ашгабатты көрсетеді. 2-оқушы олардың аттарын үндемей тақтаға жазады. 2-оқушы тақтаға: Сахалин аралы, Кола түбегі,  Жаңа жер аралы, Гималай тауы т.б. жазады. 1-оқушы оларды картадан көрсетеді, т.б.

«Қай қатар тез» ойыны. 6-7-8- сыныптарға өткізуге болады. Тақтаға «Таулар», «Аралдар» деген бағанаға екі қатардан екі оқушы шығып, біреуі таулардың, екіншісі аралдың аттарын жазуы керек. Кім тез, әрі көп жазса, сол топ жақсы бағаланады.

«Ел тани білесің бе?» Мұғалім бір елді атайды,ал ойынға қатысушылар сұраққа жазбаша жауап береді: астанасы, көлі, өзені, жануарлары, өсімдіктері,халқы, пайдалы қазбалары, т.б. Толық жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.

«Басқатырғы» ойыны. Алматы обылысындағы алты әріптен тұратын аудан орталығын табу керек. Ол үшін сызбадағы Ғ әрпін пайдаланып аудан орталығының қай әрпінен басталатынын анықта да, қалған әріптерді дөңгелекшеге толтыр.

Жауабы: Талғар.

«Географиялық кубок» (төртбұрыш) құрастыру ойыны. Төртбұрыш ішіндегі берілген 16 әріптің орындарын ауыстырып жазып (қойып), тігінен де, көлденеңінен де бірдей оқылатын төмендегі қалалар мен өзендердің аттарын жазу.

  1. ТМД дағы республиканың орталығы.
  2. Ресейдің Қиыр Шығысындағы өзен.
  3. Кавказдағы өзен.
  4. Каспий теңізіне құятын өзен.

Шешуі

Б

А

К

У

А

М

У

Р

К

У

Р

А

У

Р

А

Л


 

«Трафарета» ойыны. Бұл кейбір әріптері ғана көрсетіліп, жасырын ойнайтын географиялық түрі. Ол үшін қағазға жұмбақтың кейбір әріптері ғана жазылған тор көздер жасалынады. Ойнаушы оған жетіспейтін әріптерді немесе сөздерді қосуы керек. Бұл сияқты жазба ойындарды шешу географиялық картаны жақсы білуді қажет етеді.

Аралдар мен түбектерді тауып жаз:

Котельный аралы                                           Кола түбегі

Камчатка түбегі                                          Корсика аралы

Канин түбегі                                                 Колгуев аралы

               
             
       
     
           
           

Информация о работе Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі