Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті................................................................4
1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5
1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6


ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)
2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы....................................8
2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19


ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30

Прикрепленные файлы: 1 файл

қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Мысалы Украина).doc

— 515.00 Кб (Скачать документ)

- қожалық ететін субъектілерге өзара тиімді келісімдер орнату үшін құжаттарды дайындауда заңгерлік көмек көрсету [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)

2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы.

 

Тәуелсіздік жылдары  ішінде Қазақстан-Украина қарым-қатынасы белсенді түрде дамыды. Біздің сыртқы саясатымызда украиндық бағытқа  үлкен мән беріледі. Халықаралық  қоғамдастықта айта қаларлыктай экономикалық әлеуеті және саяси салмағымен ерекшеленетін Украина Қазақстан үшін прак-тикалық мүдде тұрғысынан маңызды[1,2 - сурет].

Қазақстан-Украина байланыстарының негіздері Президент Н.Назарбаевтың Украинаға (1994, 1999 және 2000 жж.) және Президент Л.Кучманың Қазақстанға (1995, 1997 1998 жж.) жоғары деңгейдегі сапарлары барысында қаланды. Екі жақты қатынастардың негізгі принциптері төмендегідей ма-ңызды құжаттарда белгіленді, олар: Достық пен ынтымақтастық туралы шарт Еркін сауда-саттық туралы келісім: Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім: Сыртқы саяси консультациялар туралыкелісім: Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Жалпы алғанда Қазақстан мен Украина арасында ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы келісілген іс-қимылды көздейтін 50-ден астам құжаттар жасалды[6].

Өзара сауда айналысын  ынталандыруда Украина Президенті Л Кучманың 1995 жылғы қыркүйекте Қазақстанға  сапары барысында қол қойылған. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және дамыту туралы келісім үлкен рөл ойнады. Мемлекеттер басшыларының шешімімен Эконо-микалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды Осы органға отын-энергетика, тау-кен-металлургия кешендері химия өнеркәсібі, машина жасау, агро-өнеркәсіптік кешен көлік және коммуникация сияқты салаларда экономикалық интеграцияның негізгі принциптері мен бағыттарын әзірлеу міндеті жүктелді. Комиссия шеңберінде тараптар электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі мен машина-жасау саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай туғызу тамақ және жеңіл өнеркәсіп тауарларының, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың, ауыл шаруашылығының және басқа да өнімдердің өзара жеткізілімі туралы уағдаласты Президент Л.Кучманың 1997 жылғы қазандағы Қазақстанға сапары Қазақстан-Украина қарым-қатынасын одан әрі дамытуға жәрдемдесті. Келіссөздердің нәтижелері тараптардың өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстарын қуаттады. Президенттер ТМД бірлестігіне тиісті даму қарқынын беру үшін осы ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл сияқты екі жақты ынтымақтастықтағы осындай аспектіні айналып өткен жоқ. Сапар барысында төмендегідей келісімдерге қол қойылды, олар Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы: "Зенит" зымыран ұшырғышының бөлінетін бөліктерінің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы: Стандарттау метеорология және сертификаттау саласындағы үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы. Сондай-ақ Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы, Әскери білім беру саласындағы, Зейнетақымен қамтамасыз ету және банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды [10].

Сапар шеңберінде екі  елдің үкіметтік делегацияларының келіссөздері жүргізілді. Еркін сауда-саттық режимінен алып тастаулар туралы хаттамаға қол қойылды экономикалық қылмыстарға және қаржылық заң бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы: әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдер жобалары қаралды. Екі елдің тиістіведом-стволарына Қазакстаннан Украинаға мұнай жеткізілімін ұлғайту туралы: Қазақстанның мұнай-газ секторы үшін құрал-жабдықтар мен диаметрі үлкен құбырларды Украинадан сатып алу туралы, Астық жинау комбайндарын жасау жөнінде Қазақстанда және Украинада бірлескен кәсіпорындар құру туралы: Сауда және жолаушылар флотын дамыту жөніндегі Қазақстанға жәрдем көрсету туралы: лизингтік шарттармен АН-70 және АН-140 ұшақтарын сатып алу туралы; Жағалау күзеті қатерлерінің жеткізілімі туралы: Астана инфрақұрылымын дамытуға украиндық бизнестің қатысуы тұралы мәселелерді пысықтау тапсырылды.

Объективтік және субъективтік факторларға байланысты барлық уағдалас-тықтардың  орындалмағанын айту керек, олардың  көпшілігі бұрынғысынша зерттелу сатысында  тұр.

Дегенмен жоғары деңгейдегі Қазақстан-Украина диалогы тауар айналымына игілікті түрде ықпал етті. 1998 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Украинамен сауда-саттығының жалпы көлемі 523 миллион долларды құрады, Қазақстандық импорттың құрылымында машиналар және құрал-жабдықтар, құбыр прокаты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері (қант, спирт, өсімдік майы), жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдары басым еркін сауда-саттық туралы келісімді Украина Парламентінің 1998 жылғы қазанда бекітуі елдер арасындағы сауда байланыстарының әлеуетін тиімді түрде іске қосуға мүмкіндік береді деп күтілген болатын 1997 жылғы маусымда қол қойылған, тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды өндіріп алу принциптері туралы келісімді іске қосу да сауда-саттықтың дамуына оң ықпал еткен болар еді. Алайда, әзірге сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі екі елдің қазіргі әлеуеттік мұмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Оның үстіне 2000 жылы сауда айналымы біздің еліміз үшін оң сальдомен (170 млн. доллар) аяқталса да біршама төмендеп 348 5 млн долларға түсіп кетті [11].

Қазақстан Президентінің 1999 жылғы Украинаға сапары барысында  ҚР мен Украина арасындағы 1999-2008 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шарт және оның бағдарламасында Кеден ісіндегі ынтымақтастық туралы; Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы; ҚР мен Украина Ұлттық банкілері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер сияқты маңызды құжаттарға қол қойылды.

Мұнай-газ саласындағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі, жеңіл  өнеркәсіптен, металлургия мен машина жасау саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың перспективасы зор. Украина көмірсутегі шикізатының ірі импортері болып табылатындықтан қазақстандық мұнайды алуға, сондай-ақ оны Еуропаға транзит арқылы өткізуге мүдделілік танытуда. Біздің еліміз қазірдің өзінде Украина рыногына 3,5 млн тоннаға жуық мұнай шығарады. Бұл мұнай көлемі Херсон мұнай өңдеу зауытында мұнайды өңдеу көлемі ұлғайған жағдайда елеулі түрде өсуі мүмкін  [12].

Екі жақты қарым-қатынастарда уақыт озған сайын мұнай проблематикасы маңызды орын алуда. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберінде қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеру жөнінде бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін зерттеу туралы, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жобалық зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді Украина Қазақстан аумағында жеке мұнай ресурстарын алуға, біздіңелімізге диаметрі үлкен құбырларды жеткізуге мүдделі. Тараптар Украина аумағы арқылы еуропалық рыноктарға Қазақстан мұнайын кедергісіз тасымалдау, сондай-ақ оны украиндық мұнай өңдеу зауыттарында ұқсату туралы принципті уағдаластықтарға қол жеткізді. Босфор бұғазы арқылы танкерлер өтуінің кейбір қиындықтарына байланысты Қара теңіз жағалауы мемлекеттерінің оның ішінде Украинаның мұнай терминалдарын пайдалану ықтималдылығы күрт өсуі мүмкін.

Украина Қазақстанға  жоғары сапасымен және салыстырмалы түрде төмен бағасымен ерекшеленетін  ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын  ұлғайтуға мүмкіндігі бар (қант, өсімдік  майы, жүгерінің сорттық тұқымдары). Қазақстан өз кезегінде Украинаға бидайдың қатты сорттарын жеткізуге дайын екенін білдірді. Біздің елімізде украиндық "Лан" ком-байндарын шығару қолға алынды[14].

Қазақстан Республикасы мен Украина 1991 жылғы 17 желтоқсандағы  Еуропалық энергетикалық хартия мен 1994 жылғы 17 желтоқсандағы Энергетикалық хартияға Шарт негізінде энергетикалық салада өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтеді, ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, соның ішінде екі елдің тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесетін энергокөліктік дәліздерді дамытуға бағытталған өзара іс-қимылға бейілділік білдіруде.

Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықтың да перспективасы  зор. Мұнай өнімдерін тасымалдау үшін лизинг шартымен Украинаның теміржол цистерналары мен теңіз танкерлерін пайдалану туралы келіссөздер жүргізілуде. Екі елдің үкіметтері бірқатар басқа да жобаларды қарауы керек, олардың ішінде мыналар бар:

-Қазақстанның сауда  және жолаушылар флотын дамытуға  Украина флотының қатысуы;

-екі ел арасындағы  теміржол және авиация қатынастарын дамыту;

-екі елдің аумақтары  арқылы жүктерді өзара тиімділікпен  тасымалдау;

-Украинаның Қара және  Азов теңіздеріндегі айлақтарын  тиімді пайдалану. Киев Азия  рыногына шығу үшін Қазақстанның  көлік жүйесін пайдалануға ниет  білдірді. Украина мен Қазақстан металлургия және машинажасау саласында әріптестер бола алады. Ол үшін осы салаларда ынтымақтастықтыңжаңа ұзақ мерзімді бағдарламаларынжасау қажет. Мұндай құжат Қазақстан экономикасын шикізат бағытынан түпкі өнімді өңдеугежәнешығаруға қайта бейімдеу процесінде пайдалы болатыны сөзсіз.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан екі ел арасындағы сауда-экономикалык өзара іс-қимыл тетігі жетілдірілмеген күйінде қалуда. Өзара есеп айырысудағы проблемалар, жүктерді тасымалдаудың жоғары транзиттік тарифтері. экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік және салықтық кедергілер сауда-саттықтың деңгейіне терісықпал етуде. Мұның бәрі украиндық өнімді қазақстандық рынокта бәсекелестікке қабілетті ете алмайды.

Екі достас мемлекеттердің сыртқы саяси мүдделері Астананың өз позициясын еуропалық аймақта, ал Киев болса Азия аймағында нығайтқысы келетін ниеттерінде тоғысын жатыр. "Еуропа мен Азия арасындағы көпірдің" құрамдас бір бөлігі болғысы келетін Украина ниеті осы елдің еуразиялық көлік дәлізін құруға белсенді түрде қатысуынан, сондай-ақ Орталық Азиядағы өсе түсіп отырған белсенділігінен көрінеді. Мәселен, Украинаның АҒСШК мен Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығында байқаушы мәртебесі бар. Қазақстан үшін Қара теніз экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ҚЭЫҰ). Орталық еуропалық бастама, Дунай комиссиясы сияқты ай-мақтық экономикалық ұйымдарға қатысу идеясы тартымды [13].

ТМД шеңберіндегі интеграция түрлі көзқарастар сақталып отырса да екі жақты қатынастардың ең жоғары құндылығы туралы өзара уағдаластық ынтымақтастықты нығайту үшін айрықша маңызды болып табылады.

Шынында да Астана мен  Киевте интеграциялық мәселелерге  және олардың болашағына түрліше  қарайды [15].

 

 

2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда- саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар

Мемлекеттердің ынтымақтастығын  дамытуда сауда-экономикалық қатынастардың  мәні зор. Бұл мәселеде Қазақстан  мен Украина мүмкіндіктерді толық  пайдаланып отыр деп айта алмаймыз. Оған Украинада кезінде болған саяси жағдайлар кедергі жасағаны анық. Дегенмен, соңғы үш-төрт жыл ішінде екі елдің экономикалық байланыстарында айтарлықтай ілгері басушылық бар екені байқалып отыр. Нақты мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2006 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 1441,4 миллион долларды құрады. Ал 2005 жылы елдер арасындағы өзара тауар айналымы 1045 миллион доллар шамасында болды [21].

Қазақстан соңғы жылдары  жақын шет елдер рыногында  инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды белсенді түрде жүргізе бастағаны белгілі. Оның ішінде, әрине, Украина да бар. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, өткен жылдың бірінші жарты жылдығында біздің еліміздің Украина экономикасына салған инвестициясы 70,4 миллион долларды құраған. Оның 3,9 миллион доллары тіке инвестиция.

Соңғы алты жыл ішінде біздің елдер арасындағы тауар айналымы бес есеге артты. Ал өткен жылдың 11 айында Украина – Қазақстан  арасындағы тауар айналымы 2,5 миллиард долларды құрады. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы бір жыл ішінде 70 пайызға өскендігін көрсетеді. Украинаның 200-ге жуық экономикалық әріптес елдері арасында тауар айналымы көлемі жағынан Қазақстан екінші орында тұрғанын айта аламыз. Украина мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығайып, тауар айналымының еселеп артуда.

Қазақстан-Украина арасындағы экспорт-импорт сандық көрсеткіштері[22]

 

Жыл

Экспорт

Импорт 

2008

0,708 млрд. доллар

0,810 млрд. доллар

2009

1,4 млрд. доллар 

1,2 млрд. доллар

1993-2010 жылдар аралығында 

10,3 млрд. доллар 

9,2 млрд. доллар


 

 

2009 жылдың соңғы сегіз  айының қорытындысы бойынша Қазақстан  мен Украина арасындағы тауар  айналымы 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2008 жылмен (1,7 млрд. АҚШ доллары)  салыстырғанда 52 %-ға өсті.

  Экспорт та 97%-ға өсіп отыр, 2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында ол 0,708 млрд. АҚШ долларын құраса, 2009 жылы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрап отыр[1-диаграмма].

 

Қазақстаннан  Украинаға экспортталған тауардың жалпы құрамдық көрсеткіштері  (2009ж)[23]

 

Тауардың атауы

Ақшалай көрсеткіші(АҚШ  долларымен)

Барлық тауарлар ішіндегі пайыздық көрсеткіші (%)

Энергетика (энерготасығыштар)

$1154,4 млн. доллар

89,6%

Темір өнеркәсібі өнімдері

$90,2 млн. доллар

7,0%

Мұнай-химия өнеркәсібі өнімдері

$14,3 млн. доллар

1,1%

Минералды (табиғи-шикізат) өнімдер

$4,1 млн. доллар

0,3%

Ауыл шаруашылық өнімдері

$0,5 млн. доллар

0,04%

Әр-түрлі

$12,5 млн. доллар

1,0%

Информация о работе Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)