Халықаралық олимпиада қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

Олимпиада ойындары (гр. Olympіa) — халықаралық кешенді спорттық жарыс. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиялық ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпия ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілді.
Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халықаралық олимпиада қозғалысы.docx

— 58.33 Кб (Скачать документ)

2006 жылы Австралия АОК кіруден бас тартты. 

Қысқы Азия ойындары

Ойын №

Қала, өткізген ел

жыл

Қатысатын елдер саны

Спорт түрлерінің саны

Спортшылар мен ресми тұлғалар саны

1-інші

Саппоро, Жапония

1986

7

7

425

2-нші

Саппоро, Жапония

1990

10

6

414

3-інші

Харбин, Қытай

1996

16

7

660

4-інші

Кангвон, Корея

1999

21

7

799

5-інші

Аомори, Жапония

2003

17

11

641

6-ншы

Чангчун, Қытай

2007

45

10

1100


Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны

Ойын №

Қала, өткізген ел

жылы

Алтын

Күміс

Қола

Жиыны

1-інші

Саппоро, Жапония

1986

Қатысқан жоқ

2-нші

Саппоро, Жапония

1990

Қатысқан жоқ

3-інші

Харбин, Қытай

1996

14

9

8

31

4-інші

Кангвон, Корея

1999

10

8

7

25

5-інші

Аомори, Жапония

2003

7

7

6

20

6-ншы

Чангчун, Қытай

2007

6

6

6

18


Қазақстан қысқы  Азия ойындарын қабылдайды

Қазақстан — 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел.

2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы Ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

2006 жылы 4 наурызда Кувейте президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен әкім Тасмағамбетов мырза бастаған Алматы қаласы мен президенті Досымбетов мырза басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті арасында үш жақты келісім — Ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды.

2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі АОК-не  7-қысқы Азия Ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.

2008 жылғы 20 қазанда Балиде президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен жаңа әкім Тасмағамбетов мырза (бұрынғы Алматы әкімі) бастаған Астана қаласы, жаңа әкім Есімов мырза басқарған Алматы қаласы мен президенті Досмухамбетов мырза басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті, сондай-ақ Туризм мен спорт министрі арасында қосымша келісім бекітіліп қол қойылды. Осы келісімде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушы қалалары Астана мен Алматы қалалары болып табылатындығы айтылған. Азияның көптеген елдері Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны даярлау және өткізу Қазақстанның қызметтің түрлі салаларында көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі растау болады.

Спорт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен елді халықаралық деңгейде тану жолдарының бірі ретінде анықталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда  тоқтаусыз алға қарай даму жағдайында осындай көлемді деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру мен ойдағыдай өткізе алатын ірі континентальды державалар қатарына кіре алатындай барлық алғышарттар бар. Оған дайындық еңбекке жарамды тұрғындарды нысандар салуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, халық арасында өмірдің салауатты қалпын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының қызметін белсендіруге, халықты, оның ішінде студент жастарлы қонақтармен кеңінен араласуына көмектесетін болады. Бұдан басқа Ойындар 2018 жылы қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқығына даярланып отырған өтінімге елеулі дәлел мен жақсы тәжірибе көзі болады.

2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-шы Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.

Осы бағдарлама 65 медалдар жинағы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өткізуді қарастырады.

Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.

Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:  

1.Бұғыбаева С.Ж. Бөлекбаева  А.Е. Дене жаттығуларының физиологиясы. Алматы 2002ж. 
 
2.Коц Я.М. Спортивная физиология. Учебник для институтов ФК. М., ФиС, 1986г 
 
3.Мельников В.Л. Физиологические основы ФК. Алматы 1993г. 
 
4.Гуминский А.А. Руководство к выполнению лабораторных заданий по возрастной физиологии. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықаралық олимпиада қозғалысы