Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 13:40, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................3
1.Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру...................................................4
1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні........................................................
1.2.Құрылыстағы ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі......................................................................................................
1.3. Құрылыс кәсіпорындарындағы есеп саясаты мен құрылыстағы есепті ұйымдастыру...............................................................................................................
1.4. Құрылыстағы қызметті лицензиялау...................................................................
2.Құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау...................................................................................
2.1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі............................................................
2.2.Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау әдістері.....................
2.3.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық тәжірибеде қолданылатын әдістері..................................................
3.Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.....................
3.1.Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар........................................................................................................
3.2.Құрылыс кәсіпорынының қаржылық қорытынды есептілігінің ерекшелігі....................................................................................................................
Қорытынды..................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................................................................................
Қосымшалар................................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 187.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына,  айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге немесе қызмет көрсету, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделеді.

Өндіріс салаларының түрлеріне қарай осы курстық жұмыстың тақырыбын «Құрылыс саласындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі» деп тандадым. Осы саланы басқа салалармен салыстыру, басқа салалармен ерекшеліктерін айырып қарастыру алдыма қойған мақсатым болып танылды.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімде жоспар бойынша алдыма қойған сұрақтарға жауап табуға тырыстым.

Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды бірінші бөлімде, екінші бөлімде құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау, ал үшінші бөлімде құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашуды қарастырдым.

Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1.1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Құрылыс өндірісітехнологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күшіь мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылысыта ндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайларының әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарынжүргізу үшін басқа мамандандырылған кәспорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтердің есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру прцесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген құрылыс нысанның нақты бағасын анықтай алады.

1.2.Құрылыстағы ұйымдастырудың  формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі

Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі  мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және  мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

    • біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
    • екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

    1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
    2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік  тәсіл болып саналады.

Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектілеріне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.

Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпықұрылыстьқ және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының  сипатына байланысты құрылыс-монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақ мерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.

Құрылыс-монтаж кәсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:

    • құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
    • жобалау-құрылыс фирмалары;
    • ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
    • барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.

Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән. Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:

    • негізгі өндіріс – құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;
    • қосымша өндірістер;
    • өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік) сала.

Өндірісті бағыты бойынша класификациялау-негізгі және қосымша өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.

Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары - «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері:

                      8010 «Негізгі өндіріс»

8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары»

8030 «Қосалқы өндірістер»

8040 «Үстеме шығыстар белгіленген».

Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.

Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:

Мердігерлік келісім №

.........................қаласы                                                      «....».............7.......жыл

(тапсырыс беруші) _______________________________________________ 

                                                                 тапсырыс беруші кәсіпорын аты-жөні, қызметі

қолданылған жарғыға сәйкес ________________________________ , келесі

тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:

1. Келісім.

Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс берушінің талабы бойынша орындай отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нәтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нәтижеге орай төлем жасауға міндетті.

2. Жұмыс түрі.

Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Мтериалдар.

жұмыс_____________________________________________ материалымен

( мердігердің немесе тапсырыс  берушінің )орындалады.

4. Тапсырманы орындау тәсілі.

Информация о работе Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу