ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 21:23, реферат

Краткое описание

Қазақстан өз тәуелсізідігін алғалы бері нарықтық механизмді белсенді түрде енгізуге күш салды, сондықтан салық жүйесі ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Кез-келген мемелекетке өзінің толыққанды тәуелсіздігін алуы үшін және өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ету барысында мықты да тұрақты қаржы базасы қажет. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттің негізгі қаржылық тірегі болып халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден жиналатын салықтар болып табылады.
Салықтар тек қана мемелкеттің қаржылық базасы ғана емес, сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеудің күшті құралы болып табылады. Салықтар ұдайы өндірістік процесстерге әсер ете отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде әрекет етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дип.doc

— 683.00 Кб (Скачать документ)
  • Үйлесімді салық – табыс көлеміне қарамастан салық мөлшері өзгеріссіз қалады, яғни табыс қаншама өскенімен салық ставкасы сол күйінде қалады. Мысалы: корпорациялық табыс салығы 30%, қосылған құн салығы 15%7
  • Үдемелі салық – салық мөлшері табыстың өсуіне қарай өсіп отырады, мәселен жеке табыс салығын алуға болады.
  • Кемімелі салық – салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады. Мұндай салық түрі біздің елімізде қолданысқа енгізілген жоқ. Кейбір мемлекеттерде салық төлеуді ынталандыру мақсатында жиі қолданылады.
  1. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органга қарай:
  • Жалпы мемлекеттік немесе республикалық салықтар;
  • Жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік  салықтар:

    1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
    2. Қосылған құнға салынатын салық;
    3. Акциздер;
    4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
    5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті  салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы;
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
  3. Көлік құралдарына салынатын салық;
  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркелгені үшін алынатын алым.
  5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым;
  6. Аукциондардан алынатын алым.

6.Салықтарды  пайдалану ретіне немесе тәртібіне  қарай:

    • Жалпы салықтар;
    • Мақсатты салықтар болып бөлінеді.

Жалпы салықтар – бір қазынаға түсетін және жалпы  бір мақсатқа жұмсалатын салықтар. Бұған көптеген салық түрлері  жатады.

Мақсатты немесе арнайы салықтар – бұл, белгілі бір мақсатқа арналған салықтар. Мәселен: көлік құралдары салығы – жол жондеуге, әлеуметтік салықтар - әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

7. Заттай және  ақшалай салықтар:

Заттай салық  – салықты затпен немесе тауар  түрінде төлейді. Бұл салық түрі көбінесе ауыл шаруашылығы саласында қолданылады. Жиналған өнімнің бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады. Заттай салық ертеден қолданылып келеді, яғни ақша пайда болғанға дейін салықты заттай беріп отырған.

Ақшалай салық  – ақша түрінде төленеді. Қазіргі кезде бұл салық салудың кең қолданылатын нысаны болып саналады.

8.Заңды және  жеке тұлғалардың салықтары:

-Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың салықтарына жататындар:

- Корпорациялық табыс салығы;

- Заңды тұлғалардың мүлік салығы.

     Жеке  тұлғалардың салықтарына мына  салық түрлерін жатқызуға болады:

  • Жеке табыс салығы;
  • Жеке тұлғалардың мүлік салығы.

9. Салықтардың  қолданылу қызметтеріне орай:

  • Жай салықтар;
  • Төтенше салықтар деп те болінеді.

Жай салықтар –  мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады. Бұған ҚР-ғы барлық салық түрін жатқызуға болады.

Төтенше салықтар – мемлекеттік  шығындардың деңгейінің көбеюіне орай қосымша табыстарды қажет еткен  жағдайда, форсмажор (төтенше оқиға) кезінде қолданылады. Мәселен, әскери салықтарды алуға болады. Бұл салықтың уақытша сипатта болады, яғни белгілі бір кезең аралығында себепті салдарлардың жойылғанына дейін қолданылады.

10. Салықты есептеу және  төлеу субъектісі бойынша салықтарды:

- Қызметақылы;

- Қызметақысыз деп бөлуге болады.

Қызметақылы –  кезінде салық органдары салық  төлеушіге салық сомасын жекелеп  бекітеді және салық сомасы, салық  базасы мен салықты төлеу мерзімі  көрсетілген салық органдарының өкімдерін, яғни салық хабарламасын алғаннан кейін салық төлеу міндеттеледі. Мәселен, жер салығын алуға болады. Салық органдары салық төлеушілердің иелігіндегі жер учаскелерін жеке-жеке есептейді және салық сомасы мен төлеу мерзімі көрсетілген салық хабарламасын жібереді.

Қызметақысыз  салық – салық төлеушілерде өз алдына есептеледі және төленеді. Салық органдары салықты дұрыс есептеуін және дер кезінде бақылау жасайды.

 

 

1.3 Шет елдердегі шағын бизнестегі салықтардың алатын орыны

 

Салық жүйесінің теориялық  жаақтарын жан – жақты қарастырып және оның барлық жақсы жаман жақтарын талдай отырып, салық жүйесінің қызмет етуін  шет мемлекеттермен салыстырып отыру қажет, өйткені, қазіргі ғаламдану жағдайында бұл шартты жағдай.

ҚР-ның салық  жүйесін дамыту мақсаты елдегі жағдайды жақсарту, сол арқылы салық базасын  кеңейту  болып табылады.

Қазір Республикамызда салық саясаты бірнеше деңгейде өсті. Макроэкономикалық көрсеткіштер тепе теңдікке жетті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып жылы салық заңын қабылдады. Бірақ салық жүйесінде бірқатар кемшіліктер де жоқ емес. Олар:

  1. Салық сатысында бірнеше шешілмеген мәселелер бар, бұл мемлекеттік бюджеттен түсетін қаражат қажет істерге жетіспеуінен;
  2. Салық жүйесінің толық қанды еместігі кәсіпкерлер, шетел инвестициялары, қарапайым халық салық талаптарын орындамайды. Соның себебінен көлеңкелі экономика дамиды.
  3. Шетелдерден келген үлкен кәсіпорындар да салық төлеуден жалтарады. Ал бұл халықаралық валюта қорына кіретін қаражат;
  4. Айтарлықтай бұхгалтерлік қателікті көрсетпеу, салықтан жалтару мақсатында кірістерін жасырушылар әлі де бар;
  5. Төлеушілердің уақытылы салық сомаларын төлемеуінен қарызкерлердің көбеюуі, осы қарыздарды жинағанда мемлекеттің бюджеттік жағдайы жақсарар еді.
  6. Салық төлеушілердің құқығы әлсіз және сот төрағасының білімі төмен.
  7. Шетелден Қазақстан территориясына өте көп тауар әкелінуі Республиканың экономикалық жағдайына кері әсер етіп отыр.

Осы мәселелерді  шешу үшін бірнеше жұмыс істелу қажет:

  1. Салық жинауды ұтымды түрде ұйымдастырғанда ғана, бюджет кірісі тепе-теңдікке жетеді.
  2. Салық базасын кеңейту;
  3. Салық жүйесін жұмсарту;
  4. Жергілікті бюджетті қамтамасыз ету қажет.

Салық жүйесін  қатаң сақтау төлем тәртібін жоғарылатады деп айтуға болмайды. Салық төлеу  объектілерін толығымен есепке алмағандықтан  – салық төлеушілері көп[15]. Салық жүйесін өзіндік тұрақтылыққа жеткізу үшін және реформалау үшін мына шараларды қолдану қажет:

    • салық жүйесінің тұрақтылығын қамту керек;
    • бюджет жағдайын ЖІӨ 30% жеткізу керек;
    • салық жүйесін бір жүйеге келтіру;
    • кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік бақылау.

Барлық өзгерістер тек бюджеттің құрамымен өтуі қажет. Мемлекеттік бюджетке  салықтық түсімдер деңгейін сақтап тұру үшін, өзгерістерді жиілетпеу шарт. Жуық арада валюта заңын бұзушыларға қарсы қатаң шаралар енгізілуі керек,  қаржылық валюта операцияларын күшейту мақсатында 5-7 жыл арасында өзгерістер енгізілуі керек.

Енді, шет елдік  тәжірибеге, оның артықшылықтары мен  кемшіліктеріне көз жүгіртіп өтетін болсақ, онда көптеген Батыс еуропалық елдерде салық жүйесі әр түрлі болып келеді, бірақ Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық  реформалары олардың кейбір жақтарын бір біріне жақындата түсті. Көптеген елдерде салық жүйесі үш денгейлі сипатқа ие, жалпы мемлекеттік немесе федералдық салықтар, жергілікті – провинциялар мен автономды территориялардың салықтары және жергілікті немесе муниципалды салықтар алынады. Кейбір елдердің салық жүйелерінің ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

Салық салу ғылымының  отанында салық жүйесі 19 ғасырда  дамып жетілген еді. Бірақ та ол көптеген өзгерістерге ұшырап келеді. Салық  реформалары 1965, 1973 жылдары өтті және 90-шы жылдары өткен реформалар елеулі өзгерістерді енгізді. Ұлыбритания салық жүйесі екі деңгейлі: жалпымемлекеттік және жергілікті салықтардан тұрады. Негізгі жалпымемлекетік салықтарға мыналар жатады: жеке тұлғалардан алынатан табыс салықтар, корпорациялар табысына салынатын салықтар,  капитал өсіміне салынатын салықтар, мұнайдан түскен табысқа салынатын салықтар, мұрагерлікке салынатын салықтар, қосылған құн салығы, баждар, гербтік алымдар. Олар салықтық түсімдердің 90%  береді. Ал жергілікті салықтар үлесіне 10% және олар негізінен мүлікке салынатын салықтар[16].

Табыс салығы жылдық жиынтық  табысты құрайтын заңмен белгілеген жеңілдік пен шегерімдерді есептегенде  табыстан алынады. Табыс салығының  үш  ставкасы қызмет етеді. Олар: 2500 фунт стерлингке дейінгі табыс - 20%, 2501-23700 фунт стерлинг - 25%, 23700-ден жоғары - 40%. Капитал өсіміне салынатын салықтар негізінен капитал активтерін өткізуден түскен пайдаға салынады. Олар: жеке автокөліктер, тұрғын-үй, ұлттық жинақ сертификаттары, облигациялары және т.б.

Мұрагерлікке салынатын  салық алғашқы 150 мың фунт стерлингке салынбайды, кейін ставка 40% мөлшерінде алынады.

Қосылған құн салығы жанама салықтардың ішінде бірінші  орынды алып отыр. Ел бюджетінің 17% құрайды. Салық ставкасы – 17,5%. Аталған салық  кітаптар, дәрі-дәрмек, импорт және экспорт тауарларына салынбайды.

Акциздер жанама салықтардың  ішінде екінші орынды алып отыр. Акцизді  тауарларға мыналар жатады: алкоголь сусындары, темекі өнімдері, транспорт  құралдары. Ставкасы 10-30% шамасында  алынады.

Одан басқа жанама салықтарға кеден баждары, гербтік алымдар, ойын бизнесіне салынатын салықтар. Елдегі салық жүйесін реттеу мен басқаруды Қазынашылық атқарады.

АҚШ-ның салық жүйесі 200 жыл бойы даму мен жетілу үстінде  және нарық қатынастарды реттеуші құрал  ретінде қызмет етеді. Елде салық жүйесі ел экономикасының дамуын реттеу құралы болып келеді. Салықтар федералды бюджеттің ірі және негізгі түсімдерді қамтамасыз етеді, және  шығыс пен кірістің 70% келеді.

АҚШ федералды бюджетінің кіріс бөлігін келесі салықтардың 5 түрі құрайды Олар:

  • Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыстардағы олардың үлесі 45% шамасында.
  • әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар. Олардың үлесі 36-37%.
  • Корпорация табысына салынатын салықтар. Олардың үлесі 8-10%.
  • Акциздер – 4-5%
  • Кеден баждары - 1%.

  Әлеметтік сақтандыру  қорларына аударымдар – федералды бюджетінің екінші үлкен статьясы. Олар  жұмыс берушілер мен жалдап істейтін қызметкерлермен жасалынып отырады. АҚШ-да әлеуметтік сақтандыру жүйесінің екі мемлекеттік нысаны бар: федералды зейнетақы жүйесі мен жұмыссыздық жөніндегі сақтандырудың федералды-штатты жүйесі.

Корпорациялар табысына салынатын салықтардың ставкасы - 34%, . Алғашқы 50 мың долл. үшін 15%, 25 мың  долл. үшін  - 25%, ал қалған сомаға 34% шамасында  салынып отырады.

Жергілікті салықтар АҚШ-да жеке роль атқарады. Мемлекет тек белгілі мөлшерде  ғана субсидия беріп отырады. АҚШ-да салықтарды төлеу жөніндегі мәселелермен Қаржы Кіріс Министрлігінің Ішкі қызметі айналысады.

Францияның салық жүйесі өте қызықты, өйткені осы елде алғаш рет 1954 жылы қосылған құн салығы енгізілген болатын.

Францияда алынатын салықтардың  негізгі  ірі 3 топқа  біріктіруге  болады:

  • Табыс салығы – табысты алған кезде салынады,
  • Тұтынуға салынатын салықтар – осы табысты жұмсаған кезде салынады;
  • Капиталға салынатын салықтар – мүліктен алынып отырады.

 Бюджеттік жүйенің  негізгі  көзі - қосылған құн  салығы алып отырады.

Францияда қосылған құн  салығының негізгі 4 ставкасы қызмет етеді. Негізгі салық ставкасы – 18,6%. Көтермелеген ставка - 22% және ол мына тауарларға салынады: автокөліктер, кинофото тауарлары, алкоголь, темекі өнімдер, парфюмерия және т.б. Төмендетілген ставка - 7%. Ең төмен ставка – 5,5%.

Информация о работе ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні