Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 09:18, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

І Бөлім. Несие жүйесі..............................................................................................4
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.........................................4
Несиелеу объектілері мен субъектілері......................................................8

ІІ Бөлім. Несие түрлері.........................................................................................11
2.1 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы................................11
2.2 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі ......................13
2.3. Несиелік механизм және несиелік процесс ............................................18

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.22
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері .............................................24

Қорытынды............................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Несие ж_йес_1.doc

— 244.50 Кб (Скачать документ)

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің “техникалық  қабаты” ретінде бөліп қарастырылады. Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесстерін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауларды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Басқаша айтқанда, несиелік механизм бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиенің ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Несиелеу процессі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • Несие деген өтінішті қарау;
  • Несиелік қабілетін талдау;
  • Несиелік келісімшарт жасау;
  • Несие беру;
  • Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарды қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсатты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  1. құрылтайшылық құжаттарды, жарғынығ, жалға алу шартының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландыратын жерде пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  2. соңғы екі жылдың қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  3. несиеленетін шаралардың рентабельділік деңгейі және оның қайтарылуы мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
  4. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, таурлы – материалдық құндылықтар сипатының көшірмелері және т.с.с.);
  5. басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шот бойынша көшірме);
  6. қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
  7. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
  8. қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорындардың бизнес жоспары.

Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптерін, несиелеу әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігін білдіреді.

Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде  бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік механизмнің сипатының  объективтігін айта отырып, екі элементі: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен  бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы  несиені бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.

Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру  қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы  буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде  несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың  пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жаталы. Сонғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырп, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұны, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты зақдармен, банктердің дербес несиелік саясаттармен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады.

Кез келген экономикалық механизм өзара  байланысқан, яғни оның бір элементінің  қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ қазіргі несиелік механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, мынадай құрылымдық элементтері болады:

    • несиенің түрлері;
    • несиелеу объектілері;
    • несиелеу субъектілері;
    • несиелеу принциптері;
    • несиелеу тәуекелді басқару.

Несиелік  механизмнің  ішінара  бөлініп  көрсетілген  құрылымы 1-сызбада  берілген.

1-сызба. Қазіргі несиелік механизмнің  құрылымы

Несиелік механизм





 

 

 

 

 


 

 

Несиенің 

түрлері

 

Несиелеу

субъектілері 

 

Несиелеу 

объектілері

 

Несиелеу  принциптері

 

Несиелік тәуекелді 

басқару



Банктік

 

Несие

беруші

(банк)

 

Негізгі

құралдар


мақсаттылығы





 

Тұтыну

 

Қарыз

алушы

 

Айналым

қорлары



Овердрафт




 


Вексельдік




 


 

Ломбардтық




 

 

Ипотекалық






 

Лизингтік

 

овернайт

Контокорренттік және т.б.




 

Проблемалық



Несиелерді

Қалпына

келтіру

Несиелік

тәуекелге

байланысты

рейтинг қою

Несиелік портфельді

басқару





 

 

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б. Мақыш – Алматы, ҚазУ. 163бет

Несиенің түрі –бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.

Несие берушілер мен  қарыз алушылар арасындағы байланыстар  қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.

Іс жүзінде несиенің екі формасы  болады: тауар және ақша . ал, кейбір экономикалық әдебиеттерде оларды коммерциялық және банктік деп атайды.

Коммерциялық несие –жабдықтаушының сатып алушыға сатқан тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлейтін төлем уақытын кешіктіруін білдіреді. Коммерциялық несиенің іске асырылу құралы –вексель болып табылады.

Банктік несие – бұл банктердің және арнайы несие-қаржы мекемелерінің қарыз алушыға ақшалай түрде берілетін несиесі болып табылады. Банктік несие әмбебап болып келеді. Өйткені, ол банктер арқылы қайта бөлінетін қарыз капитал ретінде экономиканың барлық салаларында кең қолданылады.

Ал, несиенің жекелеген  түрлеріне келсек, олар несиенің осы  екі формасының қолданылуы барысында  қалыптасады.

Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну, лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары

 

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы  жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері  жалпы әлемдік экономикадағы  құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етіп, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады, банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің несие бөгеулердің модел жойылуы - соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құру тенденциясының маңыздысының бірі.

Соңғы жылдары банктер  мен басқа арнайы қаржы-несие  мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары  күрес ерекше шиеленіскен сипатқа  ие болады.

Бұрын коммерциялық банктер  халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мөлшерде мұндай шектеулер болмайды. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болады. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозиттік мекемелерді бейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

Ірі банктік мекемелерге  ортақ әмбебаптану тенденциясы  олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады.  Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлерін қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктермен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық амалдардың, яғни әмбебап немесе ірі банктердің назарын аудармаған қызмет түрін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жойылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестің күшеюі қолдап отыр.

Өзгерген экономика  жағдайларына сәйкес банктік қызметтің  өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын  айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу  ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдардың кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылады.

Банктік қызметті бейреттеу активтік те пассивтік  те операцияларға ықпалын тигізеді. Коммерциялық  банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тенденция банктердің өз несиелернің нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.

Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақытылы бағалау  – банктер сенімділігінің кепілі.

Информация о работе Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары