Коммерциялық банктердің активті операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:58, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ 4
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні 4
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі 7
ІІ ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы 19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері 21
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ 23
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

18794271181375079435.doc

— 287.00 Кб (Скачать документ)

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – пайыз түрінде табыс алу.

Несиелер берілу шартына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

      • Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
      • Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрған үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
      • Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
      • Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі;
      • Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
      • Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі;
      • Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
      • Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
      • Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттеге берілетін несие;
      • Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиі кездеседі.

Жалпы қорытындылай келе,  банктер несие беру барысында несиелік саясатты іске асырады. Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жұйесін жасау шарттары.

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

      • Мемлекеттік бағылы қағаздар;
      • Корпоративтік бағалы қағаздар.

Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған  активтерінің басым бөлігін мемлекеттік  бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер  бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін  өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да  орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:

    1. Акциялар;
    2. Облигациялар;
    3. Депозиттік және жинақ сертификаттары;
    4. Ипотекалық куәліктер;
    5. Депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде бүгінгі таңда  инвестициялық операциялардың негізгі  бөлігі акция мен облигация негізінде  дамып отырғаны белгілі.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке  табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Лизингтің несиеден айырмашылығы келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің банктік меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтеуін сипаттайды.

Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері келесідей.

Лизингтің қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады;
  • Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
  • Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
  • Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігіне болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Лизинг операцияларының кемшіліктеріне келесілер жатады:

  • Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
  • Ұйымдастырудың күрделілігі;
  • Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет.

Енді жалпы лизингтік операциялардың типтік сипатын анықтайтын келесі схеманы көру арқылы лизингтік бизнестің іске асуын анықтайық. Оны келесі суретен көре аламыз:

 

4

 

 

Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтік схемасы

 

 

Мұндағы сандармен берілген байланыстардың мәндері келесідей:

  1. лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг келісім шарты;
  2. лизинг компаниясы мен жеткізуші кәсіпорын арасындағы сатып алу-сату келісім шарты;
  3. лизинг беруші банктердің арасындағы несиелік қорытынды;
  4. жабдықтаушы кәсіпорынның құрал-жабдықтарды лизингтік компанияға өткізуі;
  5. лизинг беруші фирмалардың жеткізуші кәсіпорындарға алған құрал-жабдықтарының құнын төлеуі;
  6. лизинг беруші мен сақтандыру компаниясының арасындағы келісімдерді сақтандыру щаралары;
  7. лизинг алушының лизинг берушіге  тұрақты төлеп отыратын төлемдері;
  8. лизинг берушіге банктік несиелерді қолданғаны үшін пайыздық қойылымдар;
  9. лизинг берушілердің мемлекеттік жергілікті бюджетке төлеп отыратын төлемдері және лизингтік компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттік жеңілдіктер мен көмектер.

Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг.  Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болын сипаттайды. Факторинг – клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «маклер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

 

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

  1. Факторингтік компания (банктік факторинг бөлімі) - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші)  фактоинг компаниясымен келісім шарт жасасушы өнеркәсіптік мекеме.
  3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Фактоинг мәмілесін ұйымдастыруды келесі суреттен көре аламыз.

 


     Өнімді төлеу Құжаттарды төлеу


 


 

Төлем  құжаттарын  Төлем  қабілетін

                               сатып алу        талдау

 

      Жабдықтаушы           Тауарды жабдықтау                Сатып алушы


 

 

Сурет-3– Факторинг  ұйымдастыру сызбасы

 

 

 Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлік жағынан өңдеу;
  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау. 

Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойыша;
  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара  ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

Форфейтинг  – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесіде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді кезеңге несиеге беруші;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәселесі 4-ші суретте көрсетілген.


 1


 2


 3


5 6

 6 7


 

 

 

Сурет-4 – Форфейтинг мәмілесінің техникасы

 

Мұндағы, 1 – мәмілеге қатысушылар арсында келісімшарт жасалады; 2 – тауарын несиеге береді; 3 – аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді; 4 – аудармалы вексельді қайта сатады; 5 – аудармалы вексельді есепке алады; 6 – мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

  1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
  2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активті операциялары