Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы 5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы 5
1.2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері 15
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі 21
1.4 Банктің тартылған қаражаттары 37
1.4.1 Банктің депозиттік операциялары
1.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
2 «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау
2.2 «Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама
2.4
3
3.1 «Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 939.50 Кб (Скачать документ)

 

Банк активтерінің талдауы келесі коэффициенттер негізінде  жүргізіледі:

Кірістіруші активтердің үлес салмағы келсі формуламен анықталады:

 

К1=кірісті активтер/активтер                    (6)

 

Кірісті активтерге мыналар жатады:

- құнды қағаздар;

- клиенттерге басқа да талаптар;

- капиталға инвестициялар;

- займдар және қаржылық зал;

- басқа да активтер.

Кіріс құрушы активтердің  банк активтері құрамындағы үлес салмағы 90 пайыздан асады, бұл нормативті шамааға сәйкес келмейді (12кесте).

К1 көрсеткіші К2 көрсеткішімен өзара байланыста қарастырылады және  келесі формуламен есептеледі:

 

К2=кірісті активтер/ақылы тартылған қаражаттар                (7)

 

Ақылы тартылған  қаражаттарға мыналар жатады:

  • банктердің салымдары мен корреспонденттік шоттары;
  • банктер алдындағы берешек;
  • шығарылған қарыздық құнды қағаздар;
  • клиенттердің банк шоттары;
  • басқа да тартылған қаражаттар.

Бұл коэффициент 2 жыл барысында 2008 жылғы 109 пайыздан 2009 жылғы 113 пайызға дейін өскен. Бұл банктің барлық ақылы тартылған  қаражаттарын жабу үшінкірістік активтерінің көлемін ұлғайтуға тырысқанын көрсетеді (12кесте).

К3 коэффициенті банктің агрессивті немесе сақ несие саясатын анықтайды, ол келесі формуламен есептеледі:

 

К3=ссудалар/міндеттемелер                                 (8)

 

К3 коэффициентінің тұрақты көрсеткішінің банктің агрессивті саясат жүргізетінін куәландырады (көрсеткіш 2008 жылы 0,745-тен 2009 жылы 0,785-ке дейін өскен), яғни банк өз пайдасын берілген несиелер есебінен ұлғайтуға тырысатынын көрсетеді. Бірақ бұл коэффициенттің ары қарай өсуінің жағдайында банкке сақтық таныту керек, өйткені бұл ақталмаған қауіптіқызметке әкелуі мүмкін (12кесте).

Келесі коэффициент  банктің агрессивті немесе сақ несие  саясатын жүргізу мүмкіндігін анықтайды  және ол келесі формуламен анықталады:

К4=банк қарыздары/банк ссудалары                         (9)

 

К4 көрсеткіші банк кредитор екендігін және сәйкесінше агрессивті несие саясатын жүргізе  алатынын растайды (12кесте).

Банктің жүргізіп тоырған саясатының тәуекелдігі  келесі формуламен есептеледі:

 

К5=ссудалар/капитал                                                (10)

 

К5 коэффициентінің  мәнін К3 және К4 шамаларымен салыстыру  арқылы банктің жеткіліктігі  агрессивті несие саясатын жүргізіп отырғанын  көруге болады (1кесте).

12 кесте  Банк  активтерін талдау

 

Көрсеткіш

Есептеу

2009 жыл

2008 жыл

норматив

К1

(а8+а7+а16+а18+а13)/А

0,954

0,948

0,75-0,85

К2

(а8+а7+а16+а18+а13)/

(о3+о5+о7+о6+о9)

1,13

1,09

³1,0

К3

А13/0

0,785

0,745

>0,7(агрессивті саясат)

<0,6 (сақ саясат)

К4

(о6+о9)/а13

0,328

0,410

³1,0(қарыз алушы)

<=1,0(несиелеуші)

К5

А13/С

8,793

8,542

<=8,0


 

 

2008 жылдың басында  банк 2009 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2009 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

 

6 сурет. Жылдар бойынша активтер өсімінің динамикасы (мың. тг.)

 

Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2009 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2008 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2009 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

Шығарылған  есептеулер бойынша  «ТұарнӘлемБанк»  АҚ өтімділі болғаны  көрініп тұр,  яғни төлемқабылетті, сәйкесінше  банктің тартылған құралдар   клиенттер алдында ұзақ мерзімді  міндеттерді орындай алады.  Тиімді перспективамен  негізгі өтімділіктің  коэфиценті бойынша банк қызметі сипатталады, бұл экономикасының нақты секторында  несиелендіру бойынша  банкті активизациялау  мүмкіндігі туралы  күәландырады.  Өтімділіктіің  берілген көрсеткіштері  оған халыққа қымет көрсетулерді  және операциялардың түрлерін  кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өзіндік  құралдарды талдаған  кезде  статистикада  ғана  емес  динамикада   да   оларды   талдау   керек,   бұл   баланс   қызметті      олардың

қызметінің  масштабтарын  кеңейту  сияқты  сипттауға мүмкіндік  береді,  және де   басқа  банктерде  өсу қарқынмен  салыстырып, өзіндік  құралдардың  өсу қарқынымен  бағалауға  мүмкіндік  беріледі. Көрсеткіштерді  есептеу өте маңызды, «ТұранӘлемБанк»  АҚ-ның жарғылық  капиталдың  динамикасы туралы берілгендерді  көрсетейік.

 

7 сурет. Жарғылық капиталдың динамикасы

У-жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге)

Х-жылдар (кезеңдер)

 

Берілгендерді  талдау капиталдың жылдан  жылға  өсіп  келетінін  көрсетіп тұрады. Осы банкте жарғылық капиталдың  өсу тенденциясы барлық  тұрақты   банктерге   тән.  Банк  сенімділікке   және  тұрақтылыққа  жету  мақсатында  табысты активті операцияларды  көбейту мумкіндігін  алу үшін капиталды көбейтуге  ұмтылады. Сәйкесінше  банк  табысты капиталсалымдар  үшін ресурстық  базаны  кеңейтуге  ұмтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Банктердің ресурстарын жетілдіру жолдары.

 

Бүгінгі күні мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымдағы жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделері барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Сонымен, алдағы уақытта Қазақстан Республикасында қаржы секторын, оның ішінде банк жүйесін тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданды:

Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы  бар акцияларды сатып алды, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандырды. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылды. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырды. Бұл банктердің өз шығындарын қабылдауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет болды. Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы шамамен 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрады, олардың ішінде: 1 млрд. АҚШ доллары (125 млрд. теңге) төрт жүйе құрушы банктердің (Қазақстанның Ұлттық Банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банкі мен ТӘБ-нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілді. 3 млрд. АҚШ доллары (355 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілді. Берілген қаражатты банктер резервтердің (провизиялардың) барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс. Мемлекет банктер капиталының бақылау пакетін сатып алған жоқ. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни, банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондондық және Қазақстандық қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне түсті. Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының бәсеңдеуі және халықаралық капитал нарықтарына жол ашылған жағдайда «Самұрық-Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша банктердің қатысушылары құрамынан шығатын болады, бірақ акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмайтын шарт негізінде. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болды.

Қаржылық тәуекелдерді басқарудың банктің өтімділігі мен  табыстылығын арттыруға ықпалын  әдістемелік түрғыдан бағалау және оларды басқару әдістерін жетілдіруге  байланысты.

Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстанның қаржы секторының SWOT –талдауының нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды  8 –кестеден көруге болады.

12 кесте ЕДБ –дің қызметіне жасалған SWOT- талдауы

 

            Күшті жақтары 

           Мүмкіндіктері

1. Пәрменді несие,  депозит және инвестициялық саясаты.

2. Активтері  мен пассивтерінің мерзімдері  бойынша салыстырмалы теңгерімділігі, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыру.

3. Жиынтық активтердің,  несиенің, депозиттердің және табыстылық  көрсеткіштерінің серпінмен өсуі.

4. Банк қызметінің  Халықаралық стандарттарға сай  жұмыс жасауы.

5. Несие сапасының  және инвестициялық қоржынның  қанағаттанарлық деңгейі, мүмкін болатын залалдардың резервтермен (провизиялармен) жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі.

1. Жаңа банктік  өнімдерді пайдалану, олардың  төменгі шығындар, желілік тиімділіктер  мен технологиялар есебінен арта  түсуі.

2. Банк қызметтерінің  тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.

3. Банктер арасында  бәсекелестікті күшейту.

4. Менеджмент  сапасын арттыру, активтер мен  пассивтерді басқару және тәуекелді  басқару жүйесін одан әрі жетілдіру.

5. Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің және технологиялық санының өсуі мен сапасының оған сай болуы.

6. Банк капиталының  бәсекелестікке қабілеттілігін  арттыру.

<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Time



Информация о работе Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы