Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 22:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы- несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын бизнесті дамытудың рөлі ерекше.

Содержание

I КІРІСПЕ .............................................................................................................3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Шағын бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ..........................5
1.1. Нарық жағдайындағы шағын бизнестің мәні және қажеттілігі .................5
1.2. Шағын бизнестің дамуы және оны мемлекеттік қолдау............................13

2.Шағын бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар ...............................................................................................................20
2.1. Шағын бизнестің дамуындағы кемшіліктер ..............................................20
2.2. Шағын бизнесті дамытудың нақты шаралары ...........................................22

3.Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі .....26

III ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovoi.doc

— 266.00 Кб (Скачать документ)

Республикадағы дағдарыс шағын бизнес субъектілерінінің  мемлекеттік тіркеуден өте салысымен-ақ жұмысының тоқтап қалуы, тіпті жабылуына да әсер етті. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін орындауды қамтитын бизнестің ел үшін маңызды сферасының тоқтап қалуына да әкеледі. Осы ретте халықтың табысы болмаса, тұтыну құрылымы да әлсірейді, бар тапқан табыс тек бірінші кезектегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Шағын бизнестің дамуын тежейтін себептер ішінде, өндірістік қуат потенциалы аумақтар бойынша әркелкі орналасу факторы бар, оның ішінде жалпы шикізат өндіру сапасының басым көпшілі нарықтық экономикалық қатынастар формасына бейімделген. Экология, кедейшілік басым аумақтардың болуы, жұмыс күшінің, яғни кадрлардың кәсіпқойлық дәрежесінің бүгінгі күнге сай болмауы, әрине жалпы экономикалық қатынастарының тежелуіне бірден-бір себепкер.

Шағын бизнестің даму мәселесін қозғағанда, мемлекет тарапынан тек заңдар мен нормативтік актілерді шығарып қана қоймай, басқа да жағдайларды қолға алу керек. Республиканың азаматтарының жеке меншіктік құқық механизмі жеткілікті жасалмаған және олардың нарықтық қатынастар жүйесінде өз орындарын анықтау бостандығы мен оны өзі өз бетімен шешу құқықтары жасалмағандығын айта кеткен жөн.

Нарықты экономиканың ең негізгі талаптарының бірі шағын  бизнесті қолдау арқылы азаматтардың мемлекеттен тәуелсіз болып, өз күндерін өздері өндірісті, өздері көркейтіп, одан табыс алу, барлық экономикасындағы кеткен өркениетті елдер экономикасының концепциясы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Шағын бизнестің  проблемалары және дамытуға қолданылатын  нақты шаралар

2.1. Шағын бизнестің  дамуындағы кемшіліктер

 

Қазақстан Републикасында болып жатқан оңды өзгерістердің  бірі -адамдардың нарықты қабылдауы, нарықты түсінуі, одан өз орнын табуы, десек болғандай. Адамдар өз еңбегінің нәтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен ғана өз тағдыры өз қолында екендігін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тәжірибеде де осыны дәлелдейді және рыноктың ірі кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады.

Елімізде әлі де болса кәсіпкерліктің күрт өсуі байқалмайды. Кейінгі кезде "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы" сияқты Заңдар қабылданды, Азаматтық кодекске де шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай тудыратындай бірталай өзгерістер енгізілді. Алайда, олардың бәрі де, тұтас алғанда, тиімді қызмет атқарып жатқан жоқ. Соның нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай бұрынғыдай күрделі болып отыр. Жұмыссыздық көп, адамдардың әлеуметтік жағдайы тұрақтандырылған жоқ, инфляция да сақталуда.

     Соңғы жылдары кəсіпкерліктің даму қарқынының жоғарылығына қарамастан,  экономиканың осы секторының сапалы дамуына тежеу болып отырған біраз проблемалар бар. Атап айтқанда:

  • заңнамалық базаның жетілмегендігі –  жеке кəсіпкерлік туралы заңнама нормалары ескірген. Шағын бизнесті дамыту мəселелері бойынша нақты норма жоқ,  бұл əкімшілік тосқауылдардың көбеюіне жəне қолданыстағы заңнаманың екі түрде түсіндірілуіне алып келеді;
  • кəсіпкерлік субъектілерін анықтау проблемалары – кəсіпкерлік субъектілерін шағын бизнес санатына жатқызу өлшемдері əлемдік іс-тəжірибеге сай емес.  Төмендетілген құндық өлшемдер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай келмейді. Олар бизнестің табиғи «ұсақталуына» жол береді,  отандық кəсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бəсекелесу қабілетінің төмендеуі орын алады;
  • сындарлығы жеткіліксіз салық жүйесі – Қазақстанның салық жүйесі шағын бизнес ауқымының өсуіне жəне оның біртіндеп орта бизнеске айналуына ынталандыратын қозғаушы күштерді қарастырмайды;
  • əкімшілік тосқауылдар –  əкімшілік тосқауылдардың болуы шағын бизнестің дамуы үшін елеулі кедергі болып табылады. Алайда оларды кешенді түрде талдау аталған проблеманы барынша тиімді шешудің жолы болып табылады;
  • кəсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының əлсіз жəне жарым-жартылай дамуы –Қазақстанда орын алған шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымы шағын бизнестің кешенді қолданылуын қамтамасыз етпейді жəне жоғары транзакциялық шығындардың болуына себепші болады;
  • шағын бизнес өнімінің бəсекеге қабілеттілігінің төмендігі –  тұтастай алғанда шағын бизнес секторының қормен жарақтандырылу деңгейінің жеткіліксіздігі, тозу деңгейінің жоғарылығы жəне негізгі қаражаттың жеткіліксіз жаңартылуы, сондай-ақ технологиялылығының төмендігі шағын бизнес өнімінің экономикалық тиімділігін жəне бəсекелесу қабілетін төмендетеді;
  • қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы –  əлемдік қаржы дағдарысы шағын бизнес субъектілерін қаржыландырудың тапшылық проблемасын тереңдетіп жіберді.

2001-2002 жылдары шағын бизнесті дамыту мен оған қолдау көрсету жөніндегі жаңа бағдарламалар жасалды. Алматыда қалалық әкімшілік осы жұмысқа кірісіп, тиісті жұмыс тобы мен комиссия құрылған. Онымен әкімшіліктің шағын кәсіпкерлік жөніндегі департаменті, табиғи монополияны реттеу жөніндегі департаменті шұғылданды.

Бүгінгі күні шағын бизнесті дамытуға бөгет болып отырған және алдағы уақытта жасалатын бағдарламаларда өз шешімін табуға тиісті мәселелер баршылық. Солардың бастысы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы, материалдық және интеллектуалдық ресурстарға қолдарының жете бермейтіндігі, мүмкіндіктерінің шектеулігі. Шағын бизнесті қолдау үшін қажетті инфрақұрлымның нашар дамуы, оның ішінде ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі. Сонымен бірге отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлардың шетел инвесторларына қарағанда баяу жасалуы, салық жөніндегі заңдарының жетілмегендігі, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерінің болмауы, статистикалық, бухгалтерлік есептердің күрделілігі кәсіпкерлер үшін қолға байлау сияқты. Әрине, осының бәрі де қайта қаралуын, түзетілуін, жетілдіруін қажет етеді.

         Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі. Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материалды - техникалық және қаржылық. Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады. Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

          Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебім, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

 

 

2.2. Шағын бизнесті дамытудың нақты шаралары

 

Шағын бизнесті дамытудың нақты шараларын бірнеше топқа бөлелік. Біріншісі топтағы ең үлкен мәселе - қабылданған заңдарды, нормативтік қүқықтық актілерді жүзеге асырудың тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан олардың көбі қағаз жүзінде қалып отыр. Мұның шешімі былай болуы қажет: кәсіпкерлік жайлы қабылданған қандай да болмасын жарлықтың, заңның, қаулының орындалуы биліктің ең жоғары баспалдағынан ең төменгісіне дейін, мәселен, республика үкметінен селолық әкімге дейін бақылауға алынып, талдау жасалып отырылуы тиіс. Заңдар мен заңды құжаттардың орындалуы қатаң бақылауда болуы керек. Мысалға, Әділет министрлігінің жергілікті басқармалары, салық комитеттері, статистика органдары "Шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы" Заңның орындалуы үшін нақты қандай іс-әрекет атқарып отырғанын алып қарасақ, біз осы аталған мекемелерде  бұл  жөнінде ешқандай іс - шаралар белгіленбегенін, мардымды ештеңе атқарылып жатпағандығының куәсі болар едік. Осы айтылғандар алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жасалмақ тиіс мәселерінің біріншісі және үлкен бөлігі болуға тиіс.  Бұл  үшін аудандық, қалалық әкімшіліктерге осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін нақты не істелінді, не істелінбеді, алдағы уақытта нелер істелуге тиіс екені айқындалуға тиіс. Осы тұрғыда әр деңгейдегі әкімшіліктердегі әрбір құрылымдық бөлімдер нақтылы қандай істер атқаруы керектігі анықталуы керек.

Елдің көбін бүгінде алаңдатып отырған екінші мәселе - ол Салық Кодексі. Оның жобасы жөнінде баспасөзде жазыла бастады. Әр түрлі жиындарда, мәжілістерде түрлі пікірлер де айтылып жатыр. Мына мәселені шешкен дұрыс. Ісін жаңа бастамақшы болған кәсіпкерлерге салық жеңілдігін жасау керек. 1993 және 1994 жылдары өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алғашқы екі жыл бойы таза пайдаға төленетін салықтан босатылатын еді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, оның тез өсуіне жағдай тудырды. 1995 жылы  бұл  тәжірибе жойылды. Мұның өзі адамның өз бизнесін бастау үшін жұмсаған бастапқы капиталы оның алға қойған түпкі мақсатына тезірек және түбегейлі жетуі мүмкіндігін азайтады. Кәсіпкерлерге қосымша қаржы табу керек, ал бүгінгі күні оларға несие немесе грант алу өте күрделі іс, ол үшін кепіл ретінде үлкен қаражат қажет. Сондықтан да қабылданбақ Салық Кодексінде немесе арнайы қабылданған заңда істі жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдігі берілуге тиіс. Осындай жағдайда кәсіпкерлердің саны тез өсетініне және олардың сапасы да, деңгейі де көтерілетініне үміт зор. Бүгінде республикада 80 мыңнан астам кәсіпкерлердің өз ісін тіркеткенімен жұмысын бастай алмай отырғанының басты себебі - осы жеңілдіктің жоқтығынан. Олардың кәсіпорындары тіркеуден өткен, бірақ іске кіріспеген статистика және салық органдарына есеп бермейді, салық төлемейді. Ал енді кейбіреулері бизнеспен шұғылданып жүруі де мүмкін, онда олар көлеңкелі бизнеске жатады.

ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру туралы 10.02.2009 ж. № 17-5/И-144 шешімін іске асыру мақсатында және ҚР Үкіметінің 13.02.2009 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес, 2009 жылдың 16ақпанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-на 14.02.2009ж. №8/МСБ Кредит шартына сәйкес 3 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. «Даму-Қолдау» бағдарламасының мақсаты - шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде олардың рөлін күшейтуге бағытталған. 01.07.2009 жылдан бастап 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан кеңес сұрап, өтініш білдірген, олардан жалпы сомасы 40 млрд теңгеге дейінгі 143 жобаны қарастыруға өтінім келіп түскен. Келіп түскен өтінімдердің ішінен 10 жоба бойынша қарыз беру туралы келісімшарт жасалды және олар негізгі мына талаптарға сай келеді:

  • өңдейтін өндірісті құру немесе жаңғырту;
  • кластерлер мен жаңа технологиялар трансфертін дамыту;
  • бәсекеге қабілетті, импорталмастырушы және экспортқа шығаруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді шығару;
  • сәтті отандық және шетелдік бизнес үлгісін (франчайзингті) қайталау;
  • жаңа жұмыс орындарын құратын әлеуметтік мағынасы бар бағыттар қалыптастыру.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстанның 7 облысынан түскен жобалар қаржыландырылды. Салалық кескіндеме бойынша жобалардың құрылымын төмендегі кестеден біле аласыздар:

Кесте 3

Сала атауы

Жобалар саны

Жобалардың жалпы құны

Қордан берілген қарыздардың жалпы сомасы

мың теңге

%

мың теңге

%

1

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу , тамақ өнімдерін шығару

6

3 065 215

59%

1 549 111

52%

2

Қызмет көрсету

3

1 469 020

28%

1 121 889

37%

3

Өңдеуші өндіріс

1

675 000

13%

329 000

11%

Жиынтығы

10

5 209 235

1

3 000 000

1


 

        Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер мыналар: 

  • «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың негізгі мақсаты-Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады; 
  • "Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті корпорациясы» АҚ - үкiметке мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді;
  • «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде шағын бизнестің, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі; 
  • «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту және жобаларды қаржыландыру арқылы қаржылай қолдау көрсетеді; 
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету; 
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді; 
  • Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау.

      Шағын кəсіпкерлікті одан əрі дамыту мақсатында мемлекет 2004-2007 жылдар аралығында шағын бизнестің жақын арадағы перспективасының басты бағыттарын,  оның ішінде кəсіпкерлік ахуалды,  бəсекелі ортаны, қосымша құны жоғары өндірісті құру үшін жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыруды белгіледі.  Қазақстан Республикасындағы Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау жөнінде 2004-2006  жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама қабылданды.  Бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында, шағын кəсіпкерліктің əртараптандырылуы үшін институционалдық жағдайды қамтамасыз ету,  профильдігін ұлғайту, инвестициялық ағымдарды жаңа салаларға аудару, шағын кəсіпкерлік кəсіпорындарының активтерін көбейту, шетке шығаруға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін өндірістер құру жəне шағын кəсіпкерлік өнімдерін  (жұмыс, қызмет) сыртқы нарыққа шығару жөніндегі міндеттер тұрды. Үкімет шағын кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама бойынша шаралардың іске асырылуының аяқталғанын күтпестен тағы бір бағдарламаны – «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында»  атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сəйкес əзірленген  «Қазақстан Республикасындағы шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бағдарлама шағын бизнесті қолдау жəне дамыту бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп отырған макроэкономикалық саясат аясына қисынды үйлесіп кететін Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына жəне Қазақстан Республикасының 2030  жылға дейінгі кезеңге даму Стратегиясына негізделген аса пəрменді шараларды қарастырады.

Информация о работе Қазақстандық шағын бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі