Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 22:27, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары
Негізгі бөлім
1.Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы
1.2. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
2. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
3. Тәуекелдер картасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 92.15 Кб (Скачать документ)

Көптеген банктерде 2014 жылғы 2-тоқсанда бөлшек сегментіне қатысты кредиттік саясат негізінен бұрынғы деңгейде қалды, бұл ретте кейбір банктердің өз саясатын күшейтуі барынша тұтынушылық кредиттеуге қатысты болды (6-диаграмма). Банктердің бағалауы бойынша, 2014 жылғы 1-тоқсанда енгізілген банктерде қамтамасыз етілмеген портфельдің сапасы өсуіне бағытталған реттеуіш шаралар кредиттік саясаттың бірталай күшеюіне негізгі әсерін тигізді. 

 

6-диаграмма. Банктердің кредиттік саясаты өзгеруі

 Дереккөзі: ҚРҰБ

Өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы кезеңде сұраныстың оң серпініне қарамастан, сұраныстың өсімі шектеулі болып қалуда. Мәселен, ипотекалық кредиттерге сұраныс өскені жөнінде мәлімдеген банктердің үлесі 2014 жылғы 1-тоқсандағы 24%-дан 2-тоқсанда 34% дейін өсті (7-диаграмма).

 

7-диаграмма.  Кредиттік ресурстарға  сұраныс  пен  ұсыныстың  өзгеруі, респонденттер %



(жеке  тұлғалар)

Дереккөзі: ҚРҰБ





Бұл ретте сұраныстың бұл өсімі халық тарапынан ипотекаға деген кейінгі қалған сұранысты теңгенің ресми бағамын түзеткеннен кейін іске асырумен, сондай-ақ жекелеген банктер корпоративтік клиенттердің қызметкерлері үшін кредиттеудің тартымды бағдарламаларын, оның ішінде компаниялар депозиттерді орналастыруы есебінен ұсынуына байланысты. Кредиттеудің тұтынушылық нарығында сұраныстың өсімін білдірген банктердің үлесі 22%-дан 33%-ға дейін өсті (7-диаграмма), өйткені халық үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кредиттер барынша тартымды өнім болып қалуда. Сонымен қоса, банктер жеке тұлғаларды кредиттеудің өсімін ұстап тұру мақсатында, жылжымайтын мүлік кепілімен тұтынушылық кредиттерді және автокредитті қарқынды дамыта бастады.

Бөлшек кредиттеу нарығындағы кейбір жандану аясында банктерде «тәуекелге тәбеттің» өсуі  байқалмайтындығын атап  өткен  жөн: ірі  және  орта  банктер анағұрлым тұрақты  қарыз  алушылармен, оның  ішінде жалақылық жобалар шеңберінде жұмыс істеуді жөн көреді. Сонымен қатар банктерге жүргізілген пікіртерім  нәтижелері жеке тұлғалардың  қаржы  жағдайының нашарлауына  байланысты тәуекелдің елеулі өсуін күтпейтіндігін көрсетеді  – банктердің тек 8%-ы  тәуекелдің  осы  факторына назар аударды.  

2014 жылдың  3-тоқсанында тұтынушылық кредиттердің  сапалы  өсуі мақсатында  банктердің 9%-ы кредит саясатын  қатаңдатуды  жоспарлап отыр, ал  банктердің  негізгі  бөлігі (78%) кредит саясатын  өзгеріссіз қалдыруды, барлығы банктердің 12%-ы оны  жұмсартуды күтуде. Бұл  ретте тұтынушылық кредиттер  бойынша кредит саясатын қатаңдатуды  жүргізуді негізінен,  шетелдік  қатысу  бар жекелеген  банктер  жоспарлап  отыр.

Халық тарапынан  ипотекалық  кредиттерге белсенділіктің  арттыруына  және  жалпы  алғанда тұрғын үй нарығының оң конъюктурасына қарамастан, банктердің кредиттік белсенділігі барынша қалыпты, бұл қарыз алушыларды  бағалаудың қатаң  жүйесінен, оның ішінде бастапқы жарнаға деген  жоғары  талаптан, клиенттердің төлем қабілеттілігі  мен кредит төлеу  қабілеттілігіне  мұқият мониторинг жүргізуден байқалады. Банктер  тарапынан қарыз алушыларға  қойылатын жоғары  талаптар 2014 жылғы  3-тоқсанда  ипотекалық өнімдер бойынша кредит саясатына шамалы әсер етуі мүмкін: банктердің 10%-ы ипотекалық кредиттер  бойынша қатаңдатуды және  банктердің негізгі  бөлігі оны  өзгеріссіз  қалдыруды  болжап  отыр.

Тұтынушылық  және  ипотекалық қарыздар  бойынша  пайыздық  мөлшерлемелер әліде жоғары деңгейде қалып  отыр (8-диаграмма). 2011 жылғы  1-тоқсаннан  бастап ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер айтарлықтай өзгерістерге   ұшыраған  жоқ, ал  тұтынушылық кредиттер бойынша тұтастай  алғанда  кейбір төмендеу байқалды. Халықтың қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің елеулі төмендеуін күтуіне  қарамастан,  банктердің бағалауы  бойынша оны жақын арадағы кезеңде  болжау мүмкін  болмай  отыр.

 

8-диаграмма.   Ипотекалық  және  тұтынушылық  кредиттер  бойынша  орташа алынған мөлшерлеме




Дерекқор: ҚРҰБ

  • Есепті кезеңде ұсынылған банктердің  кредиттер  бойынша орташа алынған  пайыздық  мөлшерлемесі (резидент еместерді  қоспағанда).




       3.  Тәуекелдер картасы

        2014 жылдың  2-тоқсанында соттарда кепіл кредиттері  бойынша істерді  қарау  мерзімдерін созу, сондай-ақ банктердің  проблемалық кредиттерді есептен  шығару кезінде  салық  жеңілдіктері бойынша  қаулылардың  қабылдануын күтуі нәтижесінде  портфельдегі жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейінің сақталуына  байланысты кредит тәуекелі  және өтімділік  тәуекел банктердің  негізгі  тәуекелі болып қалуын  жалғастырды.

2014 жылғы 3-ші тоқсанда банктердің 24% неисе  портфелі сапасының жақсаратынын  болжайды, банктердің 73% көрсеткіш өзгеріссіз  қалады деп пайымдайды. Корпоративтік  сектор бойынша  респондентердің 20% және осыншама жеке тұлғалар  да портфель сапасының жақсаратынын  күтеді, ал олардың сәйкесінше 79% және 70% портфель сапасы өзгеріссіз  қалады деген пікірде (9-диаграмма).

9-диаграмма.  Банктердің несие  портфелі сапасының өзгеруін  күту

Дерек көзі: ҚРҰБ

 

 




Банктердің пайымдауынша, NPL деңгейін төмендету үшін (1) нақты экономика секторын кредиттеуді ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істетуін жалғастыру, (2) соттың орындауын жетілдіру қажет, себебі банктердің өздерінің бағалауы бойынша қолданыстағы заңнама қарыз алушылардың мүдделерін қорғауға барынша бағытталған, нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу ұзақ уақытты алады, ал сол уақыт ішінде банктер іске асырылмаған қарыздар бойынша шығынға ұшырайды.

Талданатын кезеңде банктердің тәуекелдерді қабылдауының төмендеуіне қарамастан кредиттік тәуекел мен өтімділік тәуекелінің  сақталғандығын атап көрсету қажет (10-диаграмма).

Банктер кредиттік тәуекелді азайту мақсатында қарыз алушының профиль-тәуекеліне: төлем қабілеттілігіне, жағымды кредит тарихының болуына, түсімділіктің қаржылық коэфициенттерін есептеуге және ақша ағынын бағалауға көп мән береді.                   

         

                                  10-диаграмма.  Банктердің тәуекелдерді қабылдауы Дерек көзі: ҚРҰБ

 

Бұдан басқа, банктер жеке тұлғалар үшін скорингтік жүйені, корпоративтік клиенттер үшін рейтингтік жүйені белсенді пайдаланады, кредиттік процестерді автоматтандыруды және банк белгілеген кредит саясатының нормалары мен талаптарының орындалуын бақылауды күшейтеді, Сонымен бірге банктер реттеушінің теңге өтімділігін ұсыну үшін «валюталық своп» операцияларын жүргізуін банктерге өтімділікті ұсыну бойынша тиімді шаралар ретінде бағалайды, бұл орайда жекелеген банктер реттеушінің банкпен жасаған шартты бір жақты бұзу құқығын осы бағдарламаның кемшілігі ретінде көрінетінін атап көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.

Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.

Ұлттық банк негізгі мақсатын орындаудағы міндеттері мемлекеттік ақша-несие саясатымен ұштасып, елдің төлем балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. http://www.nationalbank.kz/?&switch=kazakh

2. http://www.nationalbank.kz/?docid=199&switch=kazakh

3. http://www.afn.kz/attachments/cont/publish185453_7607.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің маңызы, қызметі, функциялары