Ақша базасының құрылымы және оның динамикасының талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 19:20, реферат

Краткое описание

Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүзеге асырылады:
1. Банкноталар және монеталар эмиссиясы есебіне;
2. Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;
3. Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
4. Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
5. Коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен ( депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша базасы.docx

— 24.37 Кб (Скачать документ)

Ақша базасының  құрылымы және оның   динамикасының талдау

Ақша базасы- банк секторының депозиттік қондырмасының негізі секілді қызмет атқарады. Ол коммерциялық банктердің өтімділігін реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

Ақша аумағының кеңеюі мен оның құнсыздануы және инфляцияның  күш алуына Үкімет Ұлттық банкті, ол өз кезегінде коммерциялық банктерді жазғырып жатады. Шын мәнінде, мұндай жағдайдың орын алуын ең алдымен ақша ұсынысының шектен тыс көп болуынан іздестіру керек секілді. Жалпы, экономикада ақшаны екі арна арқылы ұсынады. Оның біреуі – мемлекет, екіншісі – коммерциялық банктер. Мемлекет атынан орталық банктің ақша ұсынуы, біріншіден, қолма-қол ақша эмиссиясы, екіншіден, коммерциялық банктер үшін басы артық ақша қорын құрып беру арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл процесс экономикадағы ақша массасының бірнеше есе еселенуіне қызмет жасайды. Сонымен бірге нарық жағдайында ақша шығару бастамасы тек орталық банкке ғана тиесілі емес. Ақша шығару жолымен ақша ұсынуда коммерциялық банктердің де үлесі мол. Яғни олар несие және инвестиция операцияларын белсенді жүзеге асыра отырып, қосымша ақша жасайды. Соның нәтижесінде, коммерциялық банктерде жаңа депозиттер пайда болып, жаңа ақшалар ағыны құйылады. Жаңа пайда болған ақшаларды несиеге беріп, ол ақша массасын ұлғайта береді. Сонымен қатар коммерциялық банктердің эмиссиялық функциясы екінші рынок арқылы тікелей немесе жанама қайта қаржыландыру тәртібі бойынша мемлекеттік құнды қағаздар түрінде берілетін орталық банктің басы артық резервтік ақша өсімімен шектелмейді.  
Яғни ашық та, жариялы экономика мен көп валюталы ақша жүйесінде коммерциялық банктердің орталық банк қамтамасыз ететін басы артық ақша резервтерінен де басқа, жаңа депозиттердің неше түрлі кең спектрлерін құруға мүмкіндіктері мол. Еліміздің банктеріне қазіргі жағдайда дәл осы сипат тән болып тұр. Ақша ресурстарын тарту үшін сыртқы және ішкі ақша рыноктарының көптеген сегменттерінің пайда болуы коммерциялық банктерді ҚР Ұлттық банктің резервтік жүйесінен мүлдем тәуелсіз болуына жол ашып отыр. Бұдан шығатын қорытынды – Қазақстанның коммерциялық банктерінде өздерінің несиелік экспансиясын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде басы артық ақша резервтерінің болуын ҚР Ұлттық банкі қамтамасыз етіп отырған жоқ. Олар оны ішкі және сыртқы ақша рыногы арқылы тартып отыр. Осылай коммерциялық банктердің орталық резервтік ақшаның және ҚР Ұлттық банктің эмиссиялық бастамасының қатысуынсыз, өз бетінше корпоративтік ақша жасай алу қабілеті ақша ұсынысы артуының негізгі факторы болып шығады.  .

Коммерциялық банктерде  жаңа депозиттердің құрылу процесі  Ұлттық банктің резервтік ақшасы арқылы бақылауды әлсіретті. Сөйтіп, жалғыз эмиссиялық институт және ақша массасы айналымын реттейтін монетарлық орган болып есептелетін Ұлттық банк қолындағы құзырын жүргізе алмай, қалды. Яғни қазіргі кезде резервтік ақша Ұлттық банктің белсенді ұстанымы арқылы айналымға шығып жатқан жоқ, керісінше, коммерциялық банктер Ұлттық банкті ақша резервімен қамтамасыз етіп жатыр. Эмиссиялық белсенділікті коммерциялық банктер қолына алып алған.

 Ақша ұсынуда мемлекет  пен коммерциялық банктер арасындағы қатынас өзгеріп екінші деңгейлі банктер ақшаны көбірек ұсына бастады. «Резервтік ақшалар» банк секторының өтімділігі мен коммерциялық банктердің ішкі және сыртқы несие-депозиттік экспансиясын реттеу міндетін әлсіретіп алды. Резервтік ақша жасаудың коммерциялық банктердің депозиттік-несиелік экспансиясының дамуы соңынан пассивті түрде ілесіп отыру нәтижесінде, орталық банктің ақша ұсынуды реттеудегі дәстүрлі ынталандыру немесе шектеу құралдары әлсіреп қалды. Бұл жағдай Қазақстанда көптеген өтімділік коэффициенттерін жасауға және сол коэффициенттер мәнін жиі өзгертуге ұшыратты. Ақша ұсынысын реттеудің мұндай қалпы ақша-несие саясатын жүргізуді күрделендіре түсіп, оның құралдарын әлсіретеді. Мұндай жағдайда ақша-несие саясатының ақша массасын дәстүрлі құралдармен бақылауын жүзеге асыру қиындады.

Оған айналыстағы қолма-қол  ақшалар,яғни  халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар  мен металл монеталар кіреді.Ақша массасы қолма-қол ақшамен қатар  халықтың сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын құрайды.Ақша массасының ұғымы өтімді актив топтарына жатады.  

Дүниежүзілік тәжірибеде ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары  арқылы анықтайды:

М1ақша агрегатына қатысты  бірегей көзқарас бар,оған айналыстағы  нақты ақшалармен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды мысалға, Ұлыбритания  тек пайызбен есептелейтін депозиттерді жатқызады.АҚШ-та сондай-ақ М1-ге банктік  емес мекемелермен шығарылған аккредитивті,ал Жапонияда-7күн бұрын алдын ала  хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.

М2-М3 агрегаттарын анықтау  барысында елдер арасында мәнді  айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге,М1-мен қоса,4жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды,ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-тағы банктерде және шетелдегі банктердегіАҚШ резиденттерінің еуродолларын; Ұлыбританияда-чек шығаруға болатын депозиттерді бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты және М2-ден басқа  Францияда резидент еместердің ақшалай  активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің  депозиттік сертификаттарын; Германияда- жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда- мерзімді депозиттік сертификаттарды,валютадағы депозиттер мен сертификаттар жатқызылады.

Біздің республикамыздағы  айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы төмендегідей:

    • М0 - айналыстағы қолма-қол ақшалар;
    • М1өзіне - М0агрегатын қосады,сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа да депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары,ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы чектік және аккредитивтік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдры және т.б жатады.
    • М2өзіне М1агрегатын қосады сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды; 

М3өзіне М2агрегатын қосады,мемлекеттік займ облигацияларын қамтиды.

Бұл агрегаттардағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-несие айналымының әр түрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға,ақша айналысының даму тенденциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді.Айналысқа қажетті ақша массасын тауар айналымының мөлшері мен құрылымына қарай анықтап қоймай, халықтың ақшалай табысының шамасы мен құрылымын, сондай-ақ ақша сұранысы мен ұсынысының ара-қатынасын ескеру керек. Елімізде ақша агрегаттары мен өндіріс қарқыны арасындағы өзгерістерге түзету енгізу шамалы ғана деңгейде жүріп отырғаны белгілі. Оның басты себебі, экономикадағы ақша айналымының өте төмен екендігінде. Кейбір сарапшылар ақша айналымының деңгейін белгілі бір жағдайларда экономикаға сенім деңгейі ретінде де қарастыру қажет дейді. Бірақ бұл тағы да дамушы емес, дамыған елдердің эконмикасы үшін ғана тиімді. Өтпелі экономикалы елдердің экономикадағы ақша айналымының деңгейі ІЖӨ-нің 70-80 пайызындай болуы тиіс екен. Бұл оларға бір жағынан, өз экономикасын өсіруге, екінші жағынан, инфляция мен экономикалық өсімнің арасында белгілі бір балансты орнатуға көмектесетін көрінеді. Бірақ мұндай көрсеткішке дамушы елдердің шамасы жете бермейді. ТМД елдерінің бәрі де осы экономикадағы ақша айналымының төмендігінен зардап шегіп келеді. Бұл проблеманың бастауы сонау 1990 жылдарда басымыздан кешкен гиперинфляциядан басталған.Сол жылдардың басында бәріміз де ақша-несие саясатын қатайтып, ақша массасын азайтуға мәжбүр болған.

 Бүгінгі таңда Қазақстандағы депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі банкроттардың мөлшерінен асып түседі,яғни ақшаның жаңа формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай оны мультипликациялап отыр.Бұл М1(М0+халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері +заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат)ақша агрегатының пайда болуына әкеп соқтырады.Несиелік ақшаның болуы мен несиелеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі,өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді,яғни халыққа пайыз әкелетін М2(м1+мерзімді салым ақшалар+талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады. 

Ақша массасының көбеюі бірнеше  каналдар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Банкноталар және монеталар эмиссиясы есебіне;
  2. Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;
  3. Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
  4. Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
  5. Коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізінде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен ( депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару).

Осыдан ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша -несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуін сақтау екенін көреміз.Мақсатты белгілеуде Орталық банк келесідей көрсеткіштерді ескереді:

  • Нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатын өнімі;
  • Жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін ( жылдық ЖҰӨ номиналдық шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің жағдаймызда Д2-ге)жылдамдығы;
  • Жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсар етілген деңгейі.

Ақша массасы өсуінің  бақылау көрсеткіштері елдің  экономикалық потенциалының болашақтағы  ұлғаюын және оны пайдалану дәрежесін  ескере отырып есептеледі.Бұл көрсеткіш  тәжірибеде маңызы зор.

Айналымдағы ақша массасын сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер  елдің ақша шаруашылығын кешенді  талдауға мүмкіндік тудырады.Бұл  ҚР Ұлттык банкісіне өзі жүргізіп отырған ақша несие саясаты арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуіне  жағдай жасайды.

Ақша массасы банкнот  пен монета эмиссия есебінен,Ұлттық бенктің екінші деңгейдегі банктерді  несиелеу есебінен, ҰБ-ң алтынды  шетелдік валюталарды және мемлекеттік  құнды қағаздарды сатып алу арқылы,ҰБ-ң  бюджет тапшылығын жою үшін үкіметке беретін несиенің есебінен,ЕДБ-ң  депозиттердің негізінде несие  ақшаны шығарудың, яғни экономиканы  несиелеу жолымен артады.

 Егер ақша массасы ақырын айналса бұл ұлттық өнімді орналастыру коэффициентінің өте төмендігін білдіреді, ал ақша айналысының жедел қозғалысы қаражаттарды алыстырмалы түрде жылдам жұмсауды және жоғары конъюнктураны білдіреді.Ақша айналысының жылдамдығы ақша санына кері пропорционал, яғни мұндай айналыстың жоғары жылдамдығы қосымша эмиссияға қажеттілікті қысқартуы тиіс.Керісінше ақша айналысының ақырын қозғалысы шаруашылық субъектілердің жинақтауға ұмтылысын ақша массасы құрамында ұзақ мерзімді салымдардың өсіуін көрсетеді.Сондықтан да барлық ақшалардың айналыс жылдамдығы мен төлемдердің өту жылдамдығын шатастыруға болмайды. Ақша массасы қанша болса, еңбек өнімділігі де сонша өсуі тиіс. Егер еңбек өнімділігі 0-ге түсіп, ақша массасын бойына сіңіре алмайтын болса, үлкен инфляцияға апарып соқтырады. Қазақстан қазіргі жағдайда өнеркәсіптің дамуы мен ақша массасының дамуын үйлесімді ұстап тұруы қажет. Ақша массасы өнеркәсіптен озып кетсе де, қалып қойса да инфляция болады. Ол үшін қазіргі кезде 30 корпоративтік көшбасшы деп жүрген,оның санын 300-ге дейін жеткізіп, ақшаны солай қарай құю керек. Сонда ғана біз макроэкономика параметрлерін басқара аламыз.

Қазақстанда ақша массасының дербес компонентеріне ақша базасы жатады. Іс жүзінде «резервтік ақшаны» ақша базасы деп атау қабылданған. Ақша базасы міндетті резервтік ақша және айналымдағы қолма-қол ақшадан тұрады. Оның осы аталған компоненттері банк секторы депозиттерін жартылай резервтік жабу жағдайында абсолютті түрде әр бағыттағы факторлармен басқарылады. Мысалы, міндетті резервтік ақшаның көлемі Ұлттық банктің бекіткен мөлшерден, ал басы артық резервтік ақша коммерциялық банктердің клиенттерден түсетін қолма-қол ақша өтімділігі өз басқаруына қалауынша байланысты болады. Коммерциялық банктердің Ұлттық банктің резервтік ақшасынан тәуелсіз болуы, басы артық ақша резервін көбейтіп, Қазақстан банк секторындағы сырттан қарызға алынатын жаңа депозиттерге деген тәуелділікті күшейтіп отыр. Ақша базасын іс жүзінде кейде «қуат ақшасы» деп те атайды. Өйткені олар ақша жүйесі негізіне жатады. Қазіргі жартылай резервтік жабу жүйесінде Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын толықтай бақылауға алу мүмкін емес. Олай істелетін болса, жағдай бұрынғыдан да қиындай түседі. Себебі коммерциялық банктер орталықтың қаржыландыруына тәуелді емес. Әрине, Ұлттық банктің резервтік ақшаны ұстаушы ретінде ақша ұсынуды бақылау мен депозиттерді 100 пайыз резервтік қамтамасыз ету жағдайында ақша экспансиясына абсолюттік вето қою мүмкіндігі болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, айырбасталмайтын несие ақшалары жағдайында олай істеу мүмкін емес. Ақша базасы мен ақша ұсынысы арасындағы байланыс, яғни экономикадағы ақша массасының өзгеруі ақшалы мультипликаторға байланысты болады. Қазақстандағы оның мәні 2,5-ті, яғни жаңа депозиттің 1 теңгесі банк секторында депозиттік-несие экспансиясы процесінде 2,5 есеге өсіп кетеді. Ал ІЖӨ жылына 1,08 есе ғана өседі.

Осы айтылғандарды  түйіндей  келе, мен мынадай қорытынды  шығаруға болады:

  1. ҚР Ұлттық банкінің ақша ұсынысын реттеудегі рөлі әлсірей бастады.
  2. Банк секторындағы сырттан қарыз алу есебінен жаңа депозиттердің пайда болуы коммерциялық банктерді Ұлттық банк резервтеріне тәуелсіз ете бастады.
  3. Көп валюталы ақша жүйесінде ақша-несиенің дәстүрлі реттеу құралдары ақша ұсынысын реттеу бойынша индикативті мәнін жоғалтады.

 Бұл әсіресе ақша бірлігі халықаралық резервтік валюта функциясын атқара алмайтын елдерге қатысты.

  1. Инфляция көбіне ақшаға деген сұраныстан ақша ұсынысының басым болуына байланысты туындайды.
  2. Ақша базасын құру бойынша эмиссиялық бастама коммерциялық банктерге қарай ойысуда.

Информация о работе Ақша базасының құрылымы және оның динамикасының талдау