Ақша қаражаттар және есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 11:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны курс ориг.docx

— 72.47 Кб (Скачать документ)

 

 

 

2.3 Кассадағы ақшаның есебі

 

Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.

Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.

Ұйым төрағасы кассадағы ақшаның сақталуын банктен жеткізу және банкке өткізу кезіндегі сақтық шараларымен қамтамасыз ету міндетін алған. Сондай – ақ ұйымға тиісті емес нақты ақшалар мен басқадай құндылықтарды кассада сақтауға тиым салынған. Кассадағы қолма – қол ақшаны шектеулі мөлшерде сақталуы тиіс, ал одан жоғары болатын ақша банк мекемесіндегі есеп айырысу шотына өткізіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды – жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.

Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған.

Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды.

Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді.

Кассаға қолма – қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.

Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО – 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі.

Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәләндыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.

Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша берген кезде кассалық шығыс ордерінде сенім алушының аты – жөні қосымша көрсетіледі.

«К – Елдос ЛТД »ЖШС – нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 1010 (451) «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотының кредиті бойынша жазу беріледі.

Жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына берілетін жәрдем ақы және сыйақыларды ұйымның төрағасы мен бас бухгалтері қол қойған төлем ведомостары бойынша кассадан береді. Ақшаны алған кезде жұмысшылармен қызметкерлер төлем ведомосіне қолдарын қояды.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеп отыру үшін кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы (КО – 3 үлгі) толтырады, ол кіріс және шығыс құжаттарына бөлек ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс немесе шығыс ордерлерінің жазылған күні мен нөмірі және келіп түскен немесе жұмсалған ақшаның мақсатты бағыты (еңбек ақыны төлеу, сый ақы, іс сапарға жұмсалған ақша).

    «К – Елдос  ЛТД »ЖШС – де кассир кассалық  операцияларды есептеуді кассалық  кітапта (КО – 4 үлгі) жүргізеді. Бұл  кезде кассирдің есеп беруі  құжатында кассалық кітапта көрсетілетін  барлық реквизиттер кассалық  кіріс және шығыс нөмірі, кімнен  алынғаны және кімге берілгені, корреспонденцияланатын шотпен  операциясының сомасы жазылған. Ұйымда белгіленген тәртіпке  сәйкес кассалық кітаптың беттерін  нөмірлеу жыл басынан бастап, өсіңкілік қатары бойынша автоматты  түрде жүзеге асырылады. Кітапқа  жазу көшірме қағаз арқылы  екі данада жүргізіледі: біріншісі  кітапта қалады, екіншісі кітаптың  жыртып алынатын парағы кассирдің  есеп беруі болып табылады  және алғашқы құжаттармен қоса  бухгалтерияға өткізіледі. Кассир  күн сайын жұмыс күнінің соңында  қорытындысын есептеп, қалдығын  шығарып отырады.

Ұйымда кассир құжаттардың дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді бухгалтерияға тапсырады. Түгендеу кезінде кассадан артық ақша мөлшері анықталса, кассалық кіріс ордері толтырылып, кассаға кіріске алынады. Ал түгендеу кезінде ақшаның жетіспеушілігі анықталса, мынадай негізде көрсетілуі мүмкін: жетіспеген сомаға шығыс кассалық ордерін жазу; жетіспеушілік кассирдің мойнына қойылады; кассир жетіспейтін соманы өтеген кезде кіріс кассалық ордері жазылады.

 

Кесте 5 – Кассадағы ақшалар шоты бойынша жұргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін шот

Кредиттелінетін шот

1

2

3

4

1

Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1210

2

Еншілес, тәуелді серіктестіктердің берешек ақшалары кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1220-1240

3

Есептелген пайыз бойынша алынуға тиіс дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1270

4

Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алған ақшалары кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250

5

Жұмысшылар мен қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250

6

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың берешек қарызы кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250, 1410

7

Алынуға тиісті жол төлемі кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1410

8

Келіп түсуге тиісті жолдағы ақшалар кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1030

9

Банктердегі арнаулы шоттардан кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1070

10

Банктегі валюталық шоттардан кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020 

1050

11

Есеп айырысу шотынан кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010

1040

12

Банк және банктен тыс мекемелерден несие түрінде алынған сомалар кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

3010, 3020

13

Алдағы кезең кірістеріне жататын сома кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

3520

14

Материалдық емес активтерді сатудан алынатын сома кәсіпорынның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

6210

15

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы кәсіпорын кассасынан төленді

3010, 3020

 

1010

16

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомалары кәсіпорын кассасынан төленді

3430

1010

17

Жұмысшы-қызметкерлердің депоненттелген еңбекақы сомалары кәсіпорын кассасынан төленді

3390

1010

18

Кәсіпорынның әкімшілік шығыдары кәсіпорын кассасынан төленді

7210

1010


 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Жүргізілген ғылыми  және тәжірибелік зерттеулер  нәтижесінде курстық жұмыста халықаралық стандарттарға байланысты ақша қаражаттар есебі, есеп айырысу және несиелік қатынастар есебі талдауы бойынша келесі қорытындылар жасалынды:

  1. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
  • Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
  • Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
  1. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналар басшылыққа алынуы керек:
  1. Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
    • Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
    • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы ен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
  2. «К–Елдос ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құрылған. Серіктестік шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.

    «Халықаралық қаржы есептілігінің стандартары бойынша ақша   қаражаттар есебінің ерекшеліктері (IAS) бойынша арнайы ақша қаражаттар есебінде есепті реттеу сұрақтары қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде ХҚЕС – тың 7 «Ақша қаражаттар қозғалысы туралы» есеп беру стандартын басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді.

  1. Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
  2. Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

    Ұйымның есеп  шотындағы ақшасы шот иесінің  тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның  рұқсатынсыз аудару қолданыстағы  заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға  сәйкес соттың, мемлекеттік салық  комитетінің қызметінің шешімдерімен  ғана жүргізіледі.

  1. Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операциялары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.

    Ұйым қолма  – қол ақшамен есеп айырысуды  жүзеге асыру үшін кассаны  пайдаланады және белгіленген  үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма –  қол ақшалармен еңбекке ақы  төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен  қолданыстағы заң ережелеріне  сәйкес банк мекемелері арқылы  жүзеге аспайтын төлемдер бойынша  есеп айырысады.

  1. Транзиттік экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Аудитор ақша қозғалысы циклінің аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
    • Касса – банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
    • Касса – банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақшаны бақылаудың әдістемелік және ережелік талаптардың бар – жоғы;
    • Осы жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
    • Касса – банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын, кім және қашан, қалай тексереді;
    • Кассадағы ақшаның бар – жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма;
    • Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай;
    • Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау қалай жолға қойылған.

Информация о работе Ақша қаражаттар және есеп айырысу