Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----6
1.1. Қаржының мәні және қаржы құрылымы----------------------------------6
1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі ------------------------------8
1.3. Қаржының объективтик қажеттілігі----------------------------------------9
1.4. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты--------------------------13
ІІ. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ------------------------16
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Қаржы мен экономикалық өсу арасындағы байланыс----------------16
2.2.Қаржының экономикалық дамуына жасаған ықпалы ----------------19


ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ------------------------------------------------------------------------24
3.1. Қазақстанда қаржыны дамыту жоллары---------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой 2.docx

— 403.79 Кб (Скачать документ)

Экономиканың жұмыс істеуінің  нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады. Тауар өндірісінің негізіне тауар  өндірушілердің экономикалық алдын  ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақты және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің объективті қажеттігі туады. Бұған ақша және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жетеді. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі жасалады.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық  ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Қаржыға  қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып  отыр. Бірінші тұжырымдаманын жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды.

Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – қлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрднлі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категормялармен тығыз байланыста дамиды. Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттық нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражаттарына деген әр түрлі қажеттілітерді қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларды жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қоры бүкіл халықтың оның ұдайы өндіріске арналған түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстарды құрайды. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға ьақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың Бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді.қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.

 

1.4. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты.

 

Қоғамдық  шаруашылықағы  өндіріс - бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.

Игіліктер деп қажеттіліктерді  қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мен еңбек құралдары  өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері деп атайды.

Еңбек - бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен  қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі.

Еңбек заты - адамның дайын  өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.

Еңбек құралдары - бұл адамның  еңбек затына әсер ететін қаруы.

Қандай да бір тауарды  өндіруге қажет еңбек заттары  мен құралдарының жиынтығы өндіріс  құрал-жабдықтарын құрайды.

Игіліктер өндірісі, біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын, екіншіден, өз шаруашылық қызметтері барысындағы  адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш күштер деп, ал екіншісін - экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.

Өндіргіш күштер - бұл  қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы  күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті  адам мен табиғат қатынасының  шешуші, белсенді элементтері.

Ғылыми-техникалық революция  өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша,  өндіріс  құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да — сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің рөлі мен маңыздылығы арта түседі.

Экономикалық қатынастар - бұл адамдар арасында қызметтер  мен материалды, рухани игіліктерді  өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын  қатынастар. Экономикалық қатынастардың  сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын  қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан  тұрады.

Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып  бөлінеді.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі  және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру  формаларына еңбек бөлінісі, еңбек  кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.

Осы қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихында үш кезеңді  бөліп қарастыруға болады:

а)  еңбектің қарапайым кооперациясы;

б)  мануфактура;

в)  машиналы өндіріс;

Еңбек кооперациясы бір ғана адамның нұсқауымен біртектес жұмыс атқаратын адамдарды біріктірді, бұл бір адамның қолынан келмейтін жұмысты атқару үшін көптеген адамдардың күштерін жұмылдыруға мүмкіндік бере отырып, күмәнсіз экономикалық нәтиже берді.

Мануфактура (лат. manes - қол, facere - жасау) - бұл да еңбек кооперациясы, бірақ бір айырмашылығы мұнда өнімділікті едәуір арттыратын еңбек бөлінісі бар. Мануфактура қол еңбегіне негізделген.

Машиналы өндіріс - еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы келесі бір маңызды қадам. Ол өндіріс техникасы мен технологиясын түбірлі түрде өзгерте отыра, өндірістің жаңа технологиялық тәсіліне көшуге себепші болды.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы

 

Экономикалық  қаржы секторының дамуы - әрбір мемлекеттің  алдына қойылған мақсаты. Сол сияқты біздің елімізде де соңғы біршама  жылда халықтың қаржы институттарына деген сенімін арттыру қаржы  жүйесінің тұрақтылығы нығайтуға  бағытталған жұмыстар жүрді. Еліміз қазіргі таң да әлемдік экономикалық бірлестікке кіруге толық сенімде  және қаржылық секторымыздың дамуы  ТМД елдерінің алдында, Шығыс  Еуропа елдерінің даму қарқынына  жетуге жақын.

Соңғы жылдары  ҚР-ң экономикасы жоғары қарқынмен  дамуда. ЖҰӨ өзіндік құны соңғы  40 жылда 40 % құрады, бұл көрсеткіш  Еліміздің экономикасы жоғары темппен  дамыған елдер тобына кіруіне  мүмкіндік берді. 2012 жылдың І жартысында экономикалық өсу қарқыны 6 % құрады. Экономиканың жоғары қарқынмен дамуы  ішкі фактор - өндірістік кәсіпорындардың  дамуына және өсуіне қарқындылық  тұрақтылығын сақтауына және мүмкіндік  берді.

Сонымен қатар еліміздің ішкі позициясының өсу қарқыны айқындалды және төлем  болашағының жағдайы жақсара  түсті. Егер баға беретін болсақ, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 101657,8 млн АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 10,9% артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылғы қаңтар-ақпандағы  экспорттың тауарлық құрылымы

 

Сонымен қатар импорттайтын аймақ жалпы  құны 12 %-ға өсіп,  4 млрд долларды құрады.

 

2013 жылғы қаңтар-ақпандағы  импорттың тауарлық құрылымы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты

 1995-2012 жылдар

 

 

 

Ұлттық  банктің басты мақсаты инфляцияның  төмен деңгейін құру. 2012 жылы қараша айында инфляция 0,7% құрады, жылдың басынан бері - 5,3%6 бұл 2011 жылдың қорытындысынан 1,4 пайыздық тармаққа төмен. Сол себептен Ұлттық банк қазіргі таңда инфляцияға ақша-несие саясатының әсер етунің оң жақтарын қарастыруда.

Ішкі  нарық валюта ағымының көбеюі ҰБ-ке алтын валюта қорының арттуына себеп  болды, оның көлемі 2012 жылдың 1 қыркүйегінде 4, 58 млрд долларға жетті. Сонымен қатар  Ұлттық қор, мемлекеттік білім беруді қамту және  әлемдік баға конъюнктурасына  бюджеттің тәуелділігін жеделдету  – 2, 7 млрд. долларды құрайды.

Қаржы жүйесінде  банк секторы ең үлкен және тез  қарқынмен дамитындығын көрсетті. ТМД  елдерінің ішінде Қазақстан банк секторы әлемдік ұйым және қаржылық берік, динамикалық дамушы ретінде  бағалануда.

 

Қазіргі таңда әлемдік стандарттық банк секторының қосылуы – осы аймақта  жұмыстың күшеюіне және банктік қатаңдығын арттыруына бағытталған, іс-шараларды  жүргізуіне мүмкіндік берді. Сонымен  қатар корпоративтік басқару  жүйесі және екінші деңгейлі банктердің мәдениетін басқару шаралары да атқарылуда. Негізделген біздің елімізде 2003 жылдан бастап барлық банктер әлемдік стандартқа сай  жұмыс істеуде.

Банк  жүйесінің қуаттылығы артуда – валюталық  эквиланент негізінде банк жүйесінің  меншігіндегі капиталының өзіндік  құны 1, 3 млрд долларды құрайды. Банктік  ресурстық бағасы телеппен өсуде, функционалдау  жүйесінің нәтижесінде халықтың сонымен сақтандыру мүмкіндігі артты.

 

Соңғы 3 жылда банк жүйесінің депозиттері 3 есеге өсті. Өткен  жылдың  қорытындысы  бойынша  клиенттердің  салымдары 1 415,3  млрд. теңгеге немесе 30,8%-ға айтарлықтай өсті. Клиенттер салымдарының негізгі үлесін заңды тұлғалардың  салымдары (клиенттер  салымдарының  жалпы  сомасынан 67,7%)  құрады. Заңды  тұлғалардың  салымдары  жыл  басынан  бастап 31,7%-ға,  жеке  тұлғалардың

салымдары –  29,1%-ға  өсті.  Бір  жылдың  ішінде 41,3%-дан 47,7%-ға  дейін  өскен валюталық  салымдар  үлесі  өсуін  жалғастырып  жатқандығын  атап  айту  керек,  бұл  банк жүйесінің  долларлануы  мəселесінің  күшеюі  мен  теңге  өтімділігінің  тапшылығын растайды.  Заңды  жəне  жеке  тұлғалар  салымдарының  құрылымында  барынша  көп салыстырмалы үлес салмағы жиынтық  салымдардың 68,1% құрайды.

Банк  жүйесінің ресурстық базасының  интенсивті өсуі экономика несиелеу арқылы дамуына мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда экономикадағы  банк несиесі 4 есеге (5,4 млрд долларға) өсті – ЖҰӨ-ің 19 % алады. Қазіргі таңда  банк активінің 58%-на жуығы экономикалық нақты секторын  несиелеуге бөлініп  қойылған.

  Еліміздегі  жалпы экономикалық жағдайдың  əлсіреуі аясында сақтандыру  сыйлықақылары түсімі  көлемінің   төмендеуі  сақтандыру  сегментіндегі   негізгі  проблема  ретінде   анықталды. Мысалы, 2008  жылғы   сияқты 2009  жылы  да  сақтандыру  секторында  сақтандыру  жалпы  сыйлықақылар  көлемінің  төмендеуі   байқалды. 2009  жылда  тікелей   сақтандыру  бойынша қабылданған   сақтандыру  сыйлықақыларының  жиынтық   көлемі 2008  жылдың  көрсеткіштерімен  салыстырғанда 15,1%-ға  төмендей  отырып, 113,3  млрд.  теңгені   құрады.  Сақтандыру сыйлықақыларының  құрылымын талдай отырып, сыйлықақылардың  жалпы көлемінің төмендеуіне  ерікті  мүліктік  сақтандыру  бойынша  сақтандыру  сыйлықақылары   көлемінің  2008  жылғы көрсеткіштермен   салыстырғанда 28,1% -ға  төмендеуі   себеп  болды.  Бұл  ретте   сақтандыру нарығының даму динамикасына  сақтандыру сыйлықақылары тиісінше 16,1% жəне 1,7%-ға өскен ерікті  жеке  сақтандыру  мен  міндетті  сақтандыру  оң  əсерін  тигізді.  Дағдарыстың сақтандыру  секторына əсерін  жұмсарту  жəне  өсуін қолдау  мақсатында, 2009  жыл ішінде сақтандыру  ұйымдарының тұрақтылығын  жəне  айқындылығын  арттыру,  сақтандыру  қызметін тұтынушылардың  мүддесі  мен  құқықтарын  қорғауды  күшейту  арқылы  халықтың  сақтандыруға деген сенімін арттыру жұмыстары жүргізілді. 

Қаржы секторының тағы бір маңызды бөлігі басып  бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Оның дамуын бағалау біркелкі емес. Мемлекеттік бағалы қағаздардың  ішінде Корпоративті бағалы қағаздардың  дамуы жеткіліксіз. Соңғы жылдары  өсуін байқаймыз.

    KASE   ресми  тізіміне  енгізілген  мемлекеттік  емес  бағалы  қағаздар  нарығының  жалпы капиталдандырылуы 2009 жыл ішінде 2,2 есе 11 650,9 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл Қазақстан ЖІӨ-нің 73,0%-ын  құрады.   Қор биржасы капиталдануы  өсуінің негізгі факторларының бірі сауда-саттықты ұйымдстырушының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдары құнының өсуі болды. 

 

2.1. Қаржы мен экономикалық өсу  арасындағы байланыс

 

Экономикалық  категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан  ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса керсетеді. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс қүралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол акщалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретіңдегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Информация о работе Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі