қаржыны бақылау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру. Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
Мемлекеттік қаржылық бақылау
5
1.1
Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
5
1.2
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
7
1.3
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
12
2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму тенденциялары
14
2.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
14
2.2
Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау
18
2.3
2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі
19
3
Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары
22
3.1
Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер
22
3.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру
22

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

ҚОСЫМША«а» «Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныптама»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық бақылау жүйесі.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады  және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады.

Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері, ведомстволары, жергілікгі органдардың басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге жүргізеді. Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бақылаудың негізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер мен тексерулер болып табылады. Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады.

Ішкі шаруашылық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық службалары — бухгалтериялар, қаржы бөлімдері және т.с.с. жүргізеді. Бұл орайда бас (аға) бухгалтер маңызды рөл атқарады. Мүнда субъектінің өзінің, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады. Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асыру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау — тексеріс бөлімдері, топтары қүрылады. Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге асырылады. Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады. Коммерциялық қүрылымдарда (акционерлік қоғамдарда, жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда, биржаларда, банктсрде және т.б.) ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрылтайшысы немссе меншік иесі, сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады.

Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар, жекелеген тұлғалар (мамандар) орындайды. Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі, ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ үйымдарының бақылауы жатады. Бұл оргаңдардың қызметіңдегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды. Әр түрлі қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар, жастардың, шығармашылық одақтардың, ғылыми, табиғатты қорғау, спорт, соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымдары, қайырымдылық қорлары) қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді, сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады. Бақылаудың объектісі - табысты алу көздерін және жарғылық міңдеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру.

Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді. Қазақстан аумағывда кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды. Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң, жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы - шаруашылық қызметі мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары (Халықтық бақылау комитеті) тарапынан (болған) қос бақылаудың қарамағында болды.

Басқарудың әкімшілік  нысанынан нарықтық нысанына өту  кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді. Халықтық бақылау комитеті жойылды, ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды, мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніңдегі қызмет тарылды.

Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық түтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді. Алайда мүндай көзқарас салық төлеуден бүлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың осуіне, мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талантаражыға жеткізді және басқалары.

2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау

Кеңестік кезеңдегі бақылау-ресвизиялық басқарманың негізгі жұмыстарын 1993 жылдан Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті, ал қазір Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті атқаруда. Бүгінгі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары меншіктің барлық түріне, оның ішінде жеке кәсіпкерлік қызметке де қадағалау жүргізе алады. Бұл жұмыс негізінен бюджеттен қаржыландырылатын, яғни субсидия, дотация, несиелер берілетін кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік тапсырысты қалай орындап отырғандығын тексеру арқылы жүзеге асырылады. Демек, қаржылық бақылаудың нысаны бюджеттік-салық саласы мен бюджет қана емес, нарықтық қатынастағы субъектілердің бүкіл қаржылық-шаруашылық қызмет процесі болып табылады. </h4>

2005 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржылық бақылау Ереже бойынша жүргізілген, одан бергі жерді қызметіміздің барлығын заңдастарып берген Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі басшылыққа алынды. Бұл Кодекс бойынша басқарма басшыларына түрлі қаржылық және мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдарға әкімшілік жаза ретінде айып салуға құқық беріледі.

Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру.

Қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдылықтың сақталуына айрықша көңіл бөлуде. Мәселен мемлекеттік сатып алу заңдылығының орындалуын қадағалау жөнінде бірлесіп өткізетін шаралардың жоспары жасалып, соған байланысты қыруар жұмыстар жүргізілді, талай заң бұзушылық анықталып, әкімшілік және тартіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүргізген кешенді тексерулер нәтижесі 2010 жылдың І - тоқсанында 7959,6 миллион теңге көлемінде қаржы бұрмалаушылықтардың орын алғанын анықтады. Оның ішінде бюджет қаржыларын және мемлекеттік активтерді тиімді пайдаланбау – 3998,0 миллион теңге, бюджет қаржысын негізсіз пайдалану – 1059,7 миллион теңге, кем болып шыққан ақшалай қаржы мен материалдық құндылықтар – 345,4 миллион теңге, бюджет қаржылары мен несиелерді мақсатсыз пайдалану – 292,6 миллион теңге, бюджетке тиесілі салықтан тыс төлемдерді кем төлеу немесе уақытылы төлемеу 231,0 миллион теңге құрайды.

Мемлекеттік мекемелердегі  бұрмалаушылықтарға жасалған талдау анықталған кемшіліктердің негізгі үлес салмағының экономиканың мынандай салаларына тиесілі екенін көрсетіп отыр. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 925,3 миллион теңге, денсаулық сақтау – 355,9 миллион теңге, білім бері – 309,2 миллион теңге, тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық 238,9 миллион теңге.

2.3     2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі

2006 жылдың мемлекеттік бюджетке 556,8 миллиард теңге кіріс келіп түсті, сөйтіп есепті мерзім аралығындағы жоспардың орындалуы 117,1 пайызды құрап отыр. Республикалық бюджеттің кірістері 457,1 миллиард теңге, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 42,9 пайызға көп. Сол сияқты жергілікті бюждеттер кірісі 241,3 миллард теңгені құрап, есепті мерзім ішіндегі жоспардың 104,6 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюы экономиканың, экспорт пен импорттың өсуіне тікелей байланысты. Сонымен бірге, салық және кеден органдары тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік-басқару жұмыстарының жақсаруы да септігін тигізуде. Салықтарды жинау қарқының ІЖ-нің , экспорт пен импортың нақты өсу қарқынынан озық тұруы да осы ойды растай түседі.</h4>

Республикалық бюджет бойынша 446,3 миллиард теңге немесе жоспардың 91,0 пайызы пайдаланылды. Орындалмаған көлем 44,1миллиард теңгені құрап отыр.

Республикалық бюджеттің орындалуына жасалған талдаулар көрсеткендей, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстық процедуралардың уақытылы өткізілмеуі, әкімшілердің өнім жеткізіп берушілермен оперативті байланыстарының болмауы оралымсыздықтар міне. Осы себептермен жоспар республикалық бюджет әкімшілерінің міндеттемелері бойынша 28,8 пайызға орындалмай қалған. Оның сыртында жекелеген әкімшілер бюджет бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ете алмаған. Оның өзі 13,7 миллиард теңгенің игерілмеуіне апарып соқтырды.

Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүргізген кешенді тексерулер нәтижесі 2006 жылдың І-тоқсанында 7959,6 миллион теңге көлемінде қаржы бұрмалаушылықтардың орын алғанын анықтады. Оның ішінде бюджет қаржыларын және мемлекеттік активтерді тиімді пайдаланбау – 3998,0 миллион теңге, бюджет қаржысын негізсіз пайдалану – 1059,7 миллион теңге, кем болып шыққан ақшалай қаржы мен материалдық құндылықтар – 345,4 миллион теңге, бюджет қаржылары мен несиелерді мақсатсыз пайдалану – 292,6 миллион теңге, бюджетке тиесілі салықтан тыс төлемдерді кем төлеу немесе уақытылы төлемеу 231,0 миллион теңге құрайды.

Мемлекеттік мекемелердегі  бұрмалаушылықтарға жасалған талдау анықталған кемшіліктердің негізгі үлес салмағының экономиканың мынандай салаларына тиесілі екенін көрсетіп отыр. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 925,3 миллион теңге, денсаулық сақтау – 355,9 миллион теңге, білім бері – 309,2 миллион теңге, тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық 238,9 миллион теңге.

Осы орайда мемлекеттік  сатып алуларды жүзеге асыру барысында заңда бұрмалауға жол берген 149 лауазым иесінің тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың екеінің қызметтерінен босатыдғанын, 57 қызметкердің әкімшілік жауапкершіліктерге тартылғанын анықталды.

Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметі екі орталық бақылаушы органдар – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті және ҚР Мемлекеттік сатып алу агенттігі қосылуы негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы ретінде 2005 жылды өз жұмысын жаңа сапалық өзгерістермен бастады. Бұл жаңалыққа ұзенгілісе 2005 жылдың 1 қаңтарынан жаңа ҚР Бюджеттік кодексі күшіне енді.

Бюджет қаржысын мақсатты трансферттерді тиімді және мақсатты пайдалану мәселелері осы аталған басқарманың тікелей және тұрақты бақылауында. Сонымен қатар, бақылау нәтижелерінің талдауы көрсеткендей , соңғы жылдары облыс бюджетінің көлеміне қатысты қаржы тәртібін бұзушылық сияқты деректер біршама азайғанын байқауға болады.

Жалпы алғанда басқарма өткен кезеңде 352 нысанда бақылау жүргізді, оның ішінде 237 бюджеттік мекемелер мен 115 иелік етуші субъектілер бар. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерді қоса алғанда, анықталған қаржы бұрмалаушылықтың жалпы сомасы – 463146,6 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемлерді тексерген кезде анықталған қаржы бұрмалаушылықтың жалпы сомасы – 346182,1 мың теңге болды, яғни, барлық анықталған соманың 74,7%.

Бақылау бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен қатар оларға бағынышты ведомстволық мекемелері мен ұйымдарында да жүргізілді. Жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттердің әзірленуі мен орындалу жағдайына ішкі кешенді бақылау Көкпекті, Күршім, Катонқарағай, Бесқарағай, Зайсан және Тарбағатай аудандарында және Курчатов қаласында жүргізіліп, олардың нәтижелері тиісті әкімдіктердің отырыстарында қаралып, қаржы бұрмалаушылықтың нақты деректерін жоюға бағытталған және кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік шараға тарту туралы шешімдер қабылдады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша анықталған қаржы бұрмалаушылықтың ірі сомасы – 112734,4 мың теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс мекемелерінде болды, бұл анықталған қаржы бұрмалаушылықтың жалпы сомасының 40,5%; - 82120,9 мың теңге (29,5%) білім және спорт бөлімінің; 38991,2 мың теңге (14%) – денсаулық сақтау; 20893,4 мың теңге (7,5%) – басқару органдары мен басқа да бірқатар мекемелердің үлесінде.

Семей аймақтық қаржы полициясының қаулысына сәйкес Семей қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй жәрдемақысын есептеу мәселесі бойынша тексеру жүргізілді. «Тұрмысы нашар азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру» Ережесіне сәйкес тұрғын үй жәрдемақысын тағайындап, рәсімдеу үшін осы санатқа жататын отбасылардың анықтығы расталған.

 

<h4>3 Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары

3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер

Тәуелсіздік алғаннан бері республикамызда нарықтық экономика талаптарына сай келетін мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін құру жөнінде жүйелі жұмыс жүрлізілуде. Осы орайда біршама тәжірибе жинақталды, алайда бірқатар кемшіліктерге де жол берілді. Сондықтан қазіргі уақытта мемлекеттік қаржы бақылау органдары қызметнің тиімділігін арттыруға, олардың ойдағыдай жұмыс ітеуінің құқықтық және әдістемелік негіздерін нығайтып, одан әрі жетілдіре түсуга байланысты бірқатар проблемалар бар.</h4>

Бұл ретте саны көп тексерушілердің жұмысында белгілі бір мүдделердің қақтығысы бар екенін жоққа шығаруға болмайды, көрсе де көрмегенсіп, жанай өткенді қалайды. Бұл неге байланысты деген мәселеге келетін болсақ, үкіметтің бюджет қаражаттарын өзі бөлетіндігімен және олардың жұмсалуын да Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің атынан өзі бақылайтындығымен байланысты екенін көреміз. Сыртқы және ішкі бақылауды жүзеге жөніндегі өкілеттіітерді заңнамалық бөлудің әлсіздігі салдарынан жұмыс барасында бірін – бірі қайталау элементтері орын алып отыр. Атап айтқанда, Қаржы бақылау комитеті заң бойынша ішкі бақылау қызметі бола отырып, іс жүзінде жергілікті бюджеттердің орындалуының ішкі бақылауын да жүзеге асырады, сөйтіп, мәслихаттардың тексеру комиссиларының функцияларын алмастырумен айналысады.

Оның үстіне бүгінде мемлекеттік қаржы бақылау органрдарында қалыптасып отырған штаттық құрылымы мен саны да бір-біріне бара – бар емес. Мәселен, Есеп комитеті қызметкерлерінің саны 70 адамды, яғни барлық бақылаушы қызметкерлерінің саны 70 адамды, яғни барлық бақылаушы қызметкерлер санының 4,7 пайызын құрайды. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің саны – 287 адам (19,3%). Қаржылық бақылау комитетінде – 1051 адам (77,8%) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметінде – 77 адам (5,2%). Міне, сыртқы және ішкі бақылау органдарында қызмет қызмет істейтіндер санының нақ осылайша қалыптасуы ішкі бақылаудың заңнамамен өзіне берілген өкілеттіктреді толыққанды жүзеге асыруына мүмкіндік бермей келеді.

Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті мен құқық қорғау органдарының 2005 жылы бірлесіп жүргізген бақылау қызметтеріне жасалған талдау құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша жүргізілген тексерулер санының көбейгенімен, жазалау деңгейінің төмен күйде қалып отырғанын көрсетіп берді.

<h4>3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі жетілдіру

Қаржылық бақылауды жетілдіруде біртұтас жүйе ғана Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін қорғап, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.

Информация о работе қаржыны бақылау жүйесі