Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 23:23, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады. Олар өздерінің қызметтерін жүргізу акция шығару арқылы өздеріне қаражаттар тартады.

Содержание

КIРIСПЕ
I АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

1.1 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде
1.2 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

II АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ
2.1 Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

АКЦИОНЕРЛІК+ҚОҒАМ+ЖӘНЕ+ОНЫҢ+ҚАРЖЫСЫ+18 (1).doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 

I АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

 

1.1  Акционерлік қоғам – акция  шығарушы заңды тұлға ретінде 

1.2 Акционерлік қоғам  қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

 

II  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ,  ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТ

2.1  Акционерлік қоғамның  қаржылық саясаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Рыноктық қатынастар құрылымында  да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде  қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Қаржының экономикадағы басты  қажеттiгi  объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.  Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi  субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Өз кезегінде қаржы саласында  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы маңызды рөл атқарады, себебі олар жалпы қаржылардың негізгі бөлігін құрайды және нарықтық эконоамиканың қызмет етуінің негізі болып табылады. Яғни, бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды., материалдық немесе материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізі бөлігі қатынасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің  арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты  үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады.

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.

Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады. Олар өздерінің қызметтерін жүргізу акция шығару арқылы өздеріне қаражаттар тартады.

 

I АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

 

1.1  Акционерлік  қоғам – акция шығарушы заңды  тұлға ретінде

 

 

Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.

Меншiктiк формасына  сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:

  • Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
  • Серiктестiк немесе партнерлiк;
  • Корпорация (акционерлiк қоғам).

Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде  шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.

Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.

Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.

Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің  бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат.

Акционерлік қоғам  өз міндеттемелері бойынша өзіне  тиесілі барлық мүлікпен жауапты  болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне  тиесілі акциялар құнының шегінде  қоғамның қызметіне байланысты зияндарға  тәуекел етеді.

Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе «жабық акционерлік қоғам» деген сөздер немесе тиісінше «ААҚ» және «ЖАҚ» аббревиатурасы болуға тиіс.

Жабық акционерлік  қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған  адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің  саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі  шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.

Жабық қоғам  акционерлерінің осы қоғамның басқа  акционерлері салатын акцияларды сатып  алуға артықшылықты құқы бар. Жабық  қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін  акционері оларды қоғамның басқа  акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.

Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.

Акционерлері  өздеріне тиесілі акцияларды басқа  акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады.  Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.

Қазіргі уақытта  «ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы» Заңында «бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден асатын ашық акционерлік қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады» делінген.

Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды  тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып  есептелінеді. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы  мүмкін.  Қоғамның құрылтайшылары оны  құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда ол туралы шешімді сол тұлға жеке дара қабылдайды.

Қоғамды құрушылар  құрылтайшысы пайдасы түрінде табысты  иемденеді. Құрылтайшы пайдасы –  қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы  мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда жалған капитал және нақты капиталдар айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді.

Құрылтай  шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді.

Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін – айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін – 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.

Қоғамның  жарғысы  заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.  Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары көрсетіледі.

Акционерлік қоғам  заңды тұлға. Оның органдары:

    • Акционерлердің жалпы жиналысы;
    • Директорлар кеңесі;
    • Алқалы орган немесе басқарма;
    • Тексеру комиссиясы.

Қоғамның жоғары басқару органы – акционерлерінің  жылдық жалпы жиналысы. Ол қаржы  аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрамай ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғамды басқару қызметі акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.

Акционерлердің  жалпы жиналысының айрықща құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айсақ  олар:

  • Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • Қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
  • Қоғамның басқару органдарын сайлау.
  • Қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
  • Оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
  • Қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, ың облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәмілелер.

Акционерлердің  саны жүзден асатын қоғамда оның жалпы  жиналысының құқрамы 3 адамнан төмен  болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың құрамын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті.

Қоғамның басқару  билігі қолында акциялардың бақылау  бумасы бар ірі акционерлерде  болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны . Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқандауына  құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акцонерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Акционерлік  қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

 

Жалпы түрде акционерлік қоғам қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Акционерлік қоғам қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты.

Қаржы қатынастарының акционерлік  қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері  акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде  қолданғанда қолданылады. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде, толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар каегорияларының (кәсіпоырнның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығына әсер етеді.

Акционерлік қоғамның баланстық  таза табысы заңнамамен қарастырылған  тәртіппен анықталады. Таза табыс қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.

Акционерлік қоғамның мынадай  жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер  төлеуге құқығы жоқ:

  1. қоғамның жағымсыз меншікті капитал кезінде;
  2. егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарында жауап берсе.

Информация о работе Акционерлік қоғамның қаржылық саясаты