Салық құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 08:29, реферат

Краткое описание

Сонымен, салықтық бақылау - бұл салық төлеушінің мемлекеттік басқару органдарының талаптарын салық заңнамасына сәйкес орындауын басқаратын әдісі. Әрине, бұл анықтама салықтық бақылаудың тек қана міндетін анықтайды және оған нақты сипаттама бермейді.себебі салықтық бақылау салық органдарымен жүргізетін бақылау әдісі деп анықтау, бұл түсініктің мазмұнын ашпайды.
Осыған орай, менің жұмысымның мақсаты - Қазақстан Республикасының салықтық бақылау жүйесінің қаржылық бақылау жүйесіндегі орнының маңыздылығын, қазіргі кездегі мәселелерін талдау және оны жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………………...…..2
1. Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде……… ………. …... 3
2. Салықтық бақылау: түсінігі, функциялары, мақсаттары мен бағыттары………………… 8
Қорытынды …………………………………………………………………………………….9
Қолданылған әдебиеттер …………………………………………………………..………..10

Прикрепленные файлы: 1 файл

салық.docx

— 37.15 Кб (Скачать документ)

Салықтық  бақылау спецификасы, сонымен қатар, оның объетілер, субъектілер құрамында, орындалатын функциялары мен  принциптерінде, құқықтық базасында, бақылау  әдістері мен нысандарында көрініс  табады.

   Қазақстан Республикасының «Салықтар және басқа да міндетті төлемдер» Заңы салық органдарына заңды және жеке тұлғалардан ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітапшасын, есептеме, смета, қолда бар қаражатты, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды, декларацияларды және басқа да бюджетке  міндетті төлемдерді есептеуге байланысты құжаттарды тексеруге құқық белгілейді. /16,171бет/.

Сонымен, салықтық бақылау объектілері болып  мемлекет пен «салықтар және басқа  да міндетті төлемдер» Заңына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тиісті заңды және жеке тұлғалар арасында пайда болатын салықтық қатынастар  табылады.

Салықтық  бақылауды ұйымдастыру деңгейі  және оның тиімділігінен салықтардың  бюджеттік функциясының орындалу дәрежесі анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 35 бабына сәйкес, заңмен белгіленген  салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер әр азаматтың борышы мен міндеті болып табылады /6,7бет/. Мемлекеттің және  қоғамның мүдделерін,бюджетті құруда мемлекет алдында  заңды және жеке тұлғалардың міндеттемелерінің  орындалу дұрыстығын  қамтамасыз ету  салықтық бақылауға жүктелген. Сондықтан  мемлекеттік бюджетке салықтық төлемдерінің түсуіне бақылау жүргізу үшін салық есептілігінің заңдылығын анықтау мақсатында табыс көздеріне  бақылау жүйесін орнату керек.

Салықтық  бақылауды негізінде салықтық механизмнің  функционалдық элементі ретінде, яғни салықтық қатынастар жүйесін басқару  ретінде қарастыруға болады. Және салық органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында салықтық заңнамаларды сақтауға байланысты құқықтық қатынастарға   тек салық төлеушілермен ғана емес, сонымен қатар:

Республиканың және басқа елдердің  салық қызмет органдарымен, сонымен  қатар ақпарат алмасу бойынша  лицензия беретін және банк жүйесініі  органдарымен;

Салық төлеушілермен талқылауларды  шешуге құқық қорғау және қадағалаушы  органдармен қатынасқа түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.Салықтық бақылау: түсінігі, функциялары, мақсаттары мен бағыттары

 

         Салықтық бақылау дегеніміз не? Бұл сұраққа  Салық кодексінің 1 пунктінің 517 бабында жауап берілген: «Салықтық бақылау- салық қызмет органдарының салықтық заңнамаларын орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік есептемелерді толық және уақытылы аударуды бақылау».

          Салықтық бақылау мақсаты болып салық төлеушілердің салықтық заңнамалық нормаларын сақтау, өз салықтық міндеттемелерді дұрыс және уақытылы орындау.

Салықтық бақылаудың практикалық  қолданылуында оның функциялары, міндеттері және мақсаттары сияқты ұғымдары маңызды  рөл атқарады.

Салықтық  бақылау келесідей функцияларды атқарады:

салықтық түсімдер есебіненәр түрлі  деңгейдегі бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету;

салық төлеуші жағынан салықтан жалтаруды салықтық заңнама негізінде  болдырмау;

салық төлеушінің салықтық заңнамаларын және салықтық тәртіпті  сақтау, салық  төлемдерін толық және уақытылы жүргізу;әр түрлі деңгейдегі бюджетке салықтық түсімдерді көбейту резервтерін  анықтау.

           Салықтық бақылау міндеті бақылау тұрғысынан  салық органдарының қызметтерінің практикалық өткізілуін сипаттайды.

Салық қызметінің негізгі міндеті болып , ҚР Салық кодексінің 1 пунктінің 15 бабына сәйкес,  бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, міндетті зейнетақы  салымдарын есептеудің толықтығы мен  уақыттылығы, соынмен қатар салық  төлеушінің салық міндеттемелерін  орындау барысында салықтық бақылау  жүргізу.

       Салықтық бақылауда айта келе оның негізгі бағыттарын бөліп қарау керек:

ұйымдар мен жеке тұлғаларды есепке алу;

салық төлемдерінің уақытылы төленуі  және аударылуына салықтық бақылау;

салық төлемдер сомасының, табыс және шығыс есебі және салық салу объектілерінің есептелуінің дұрыстығын салықтық бақылау;

салық жеңілдіктерін заңды түрде  қолдануына салықтық бақылау;

салық агенттерімен салық төлемдерін ұстап қалуының дұрыс және уақытылы жүргізілуіне салықтық бақылау;

жеке тұлғалардың табыстарының ірі шығыстарына сай келуін салықтық бақылау;

бюджеттен тыс салықтардың қайтару  сомасының саңға сәйкес жүргізілуін  салықтық бақылау.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

       Сонымен, бұл  жұмыста салықтық бақылаудың  мақсаты болып салық заңнамасындағы  салық салушылардың нормасын  сақтау, салық міндеттемесінде олардың  дұрыс және уақтылы орындалуы  болып табылады.

     Біріншіден, әр мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның қаржылық жағдайының тұрақтылығының маңызды шарты болып  тұрақты салық жинау жүйесін қамтамасыз ету екенін  айта кету керек.

         Бұл шартты сақтау салықтық заңнамалардың құқықтық актілерінің, есептеу дұрыстығының, ҚР бюджеттік жүйесіне және бюджеттен тыс қорларға салықтың толық және уақытылы түсуінің бақылануымен анықталады. Салықтың заңнаманың дұрыс қолданылуы   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау арқылы тапсырманың уақытылы және тиімді орындалуы, жинақталған мәліметтердің  толықтығы, сонымен қатар тапсырманы орындау барысында лауазымды  тұлғалардың  іс- әрекеттерінің  заңға сәйкес жүргізілуі, жұмыстың кемшіліктері мен жіберілген қателіктерді және ұйымның қызметін жетілдіруге  қажетті ішкі резервтерді бөлу және т.б. анықталады.

 Салықтық бақылау қаржылық  бақылаудың құрамдас бөлігі, бірақ  тек өзіне тән сипаттары мен  ерекшеліктерге ие. Бұл оның спецификалық  сипатын түсіндіреді.

Сонымен, салықтық бақылау – бұл  салық төлеушінің мемлекеттік басқару  органдарының талаптарын  салық  заңнамасына сәйкес орындауын басқаратын әдісі.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексі салықтық бақылаудың келесідей нысандарын қарастыратынын айта кету керек: салық төлеушілерді тіркеу есебі; салық салу объектілері  мен салық салуға байланысты обьектілерді есепке қою; бюджетке түсімдерді есепке алу; қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;салық тексерулер; камералдық бақылау; салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі; фискальдық жады бар бақылау-касса  машиналарын  қолдану ережелері;  акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;  мемлекет меншігіне айналдырылған  мүлікті есепке алу, бағалау және сат тәртібін сақтауды тексеру; уәкілетті  органдарға бақылау жасау.

Салықтық  бақылау біздің елімізде дамуының бастапқы кезеңінде өтуде. Сондықтан бізге  салықтық бақылау мәселелерінің  көбі анық емес. Салықтық бақылау тәжірибелері салықтың бюджетке толық түсуіне  кері әсер ететін екі факторды анықтады. Бұл- салық төлеушілердің шоттарында қаражаттарының болмауы және салықтан жалтарудың амалдары.

  Бірақ, соған қарамастан, салықтық бақылау органдарының, салықтық жүйенің  жетілдіруін қамтамасыз ету қажет. Тек сол жағдайда бюджетте баланс орнайды және Қазақстан экономикасы жоғары деңгейге  көтеріле алады. Осыған орай, қаржылық жүйеде тұрақтылық орнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Салық және бюджетке төленетін  міндетті төлемдер туралы (Салық  кодексі)- Алматы, «Юрист»,2005.

2. Ермекбаева Б.Ж., Лесбеков Г.А.  «Основы налогооблажения».- Алматы,     Қазақ Университеті, 2002

3.  Мельников В.Д., Ильясов К.К.  Финансы.  -Алматы: 1998 г 

4.  Карагусова Г.Д. – Налоги: сущность и практика использования- Алматы – Каржы – каражат-1994 г.

5.  Родионов В.М. – Финансы- Москва-« Владосң-1999 г

6.Худяков А.И. – Налоги: понятие, элементы, виды – Алматы-1998г.

7.Худяков А.И.- Налоговое право Республики Казахстан –Алматы –1999г.

8.Ильясов К.К - « Финансы-кредит, проблемы развития экономики Казахстана » - Алматы.

 

 


Информация о работе Салық құқығы