XX ғасыр мәдениеті аясындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Краткое описание

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете түсіне аламыз.
XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның негізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді.

Содержание

І. Неопозитивизм ағымы
ІІ. Иррационализм ағымы
ІІІ. Рационализм ағымы
ІV. Өмір философиясы
V. Экзистенциализм философиясы
ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Прикрепленные файлы: 1 файл

XII тарау.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

Б.Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен құштарлықтары тигізеді. Сонымен катар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің кай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекетгің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.

Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистикалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логикалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логикалық- философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің шеңбері менің Дүниемнің шеңберін кұрайды», - дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз казір «халықтың менталитеті» деген ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактілік ұғымдардың кұрсауына қамап адастырады.

XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы сатысы дүниеғе келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.), Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакагос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болған ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде ол теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкіндігінде. Оны ол фаллибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған карсы бағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседі.

Өзінің жалпы Дүниеге  деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интел- лектіне ұқсас).

К.Поппердің ойынша, философия ғылым емес, өйткені оның негізгі кағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бірақ ол адамға өмірдің мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшін ол философияны биік бағалайды.

Өзінің әлеуметтік философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешкандай заңдылықтар болған емес деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан ол марксизмді, әсіресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады.

К.Поппердің идеялары И.Лакатосқа зор әсерін тигізді. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты танымдық методологияны ұсынады. Қайсыбір кемеліне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бір-бірін ауыстырып жатады. Ал оның өзі сол ғылымдағы қабылданган «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардын біреуі (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді.

Қайсыбір «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ішкі бұзылмайтын «қатты өзегі» болады, оған іргетасы теріске шығарылмайтын қағидалар ғана кіреді. Ал оны коршап тұрған «қорғайтын шеңберге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негізгі функциясы бағдарламаның өзегін қорғау болып табылады. Бірақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкін. Онда оның орнына жаңа гипотеза келеді.

«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» әрі қарай өрлеу мүмкіндігін қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теориялық өсуі оның эмпириялық өсуінен алда жүрсе, яғни теориялық түрде болашақта ашылатын кейбір деректерді болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстінде. Ал жаңа ашылған деректерді соңынан георетикалық түрде жалпылау, түсіну дегеніміз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның баска «ғылыми- зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын көрсетеді.

Ғылымның даму тарихы - неше түрлі зерттеу бағдарламаларының бір-бірімен сайысқа түсуі, олардың эвристикалық мүмкіндіктерінің ашылуы. Ғылымның ішкі және сыртқы тарихы бар. Ішкі тарихқа идеялар мен методологиялардың бір-бірін ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметі жатады.

Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз - белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын қосып біріктіретін әлеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», - дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін кұрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория белгілі бір парадигманың шеңберінде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберінде түсіну қиын. Ол үшін оны кайта карау керек.

Т.Кун парадигмаға  соңынан екінші ат береді - ол дисциплинарлық (пәндік) матрица (негіз). Оның негізгі элементтері ретінде ол символдық жалпылау үлгілерін, концептуалдық (тұжырымдық) модельдерді, ғылыми қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешілген үлгілерді қарастырады. Ғылымдағы белгілі бір парадигманың үстемдігі оның дамуының жақсы деңгейде екенін көрсетеді: бірте-бірте тәжірибелік деректер жиналып өңделеді, зерттеудің жолдары қарастырылып жетіледі т.с.с. Бірақ ол өне бойы олай болмайды, кейбір ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберінде түсінілмейді, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылыктарына сенімсіздік пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бір-бірімен күреске түсуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бір жаңа парадигма жеңіске жетіп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелі зерттеулер жүргізе бастайды. Сонымен бәрі де тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнің көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші жетістігі - ол тәжірибелік деректердің неопозитивизмдегі басымдылығын теріске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсіз дсректердің жоқ екенін дәлелдеді. Парадигманы игерген ғалым деректердің бәрін соның «сәулесі» аркылы көреді. Деректер тео- рияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді тәжірибеге енгізу керек екенін пайымдап анықтайды.

ІІ. Иррационализм ағымы

 

     Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни және діни-философиялық ілімдер өзінің түпкі мазмұны бойынша иррационализмге жатады. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынаста адамгершілік, ізгілік және үндестік, жеке адамның кемелденуі-иррационализм танымының негізгі түп қазығы. Философия тарихында иррационализм, ең алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылады. Иррационализм шығыс философиясында өмір сүру қағидаты, дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ қабылданса, батыс философиясы алғашында оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады. Мысалы, орта ғасырлар философиясында "агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм нышандары бар еді. Ал жаңа дәуір философиясында иррационализм рационализмге қарама-қарсы философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды. Мысалы, неміс философы Фридрих Якобидің (1743-1819) ағартушылық рационализмге қарама-қарсы қойылған "сезім мен сенім философиясы", кейініректегі Фридрих Шеллингтің "Сыр ашу философия¬сы", Сёрен Кьеркегордың (1813-1855) ілімі осы мойындаудың белгісі еді. Иррационализмге ұлттық мәдени құндылықтардың барлығын адамзатқа ортақ байлық деп тану тән. Ол рационалдық қасаң қағидаларға сүйеніп, белгілі бір салыстырулар арқылы мәдени астамшылық жасауға қарсы. Иррационализм рухани құндылықтарға сезімталдықпен қарап, нәзік ұғу, жүрек пен ақылды қатар ұстау сияқты дүниетаным тұтастығымен ерекшеленеді. "Өмір философиясының" атасы Фридрих Ницше мен "бейсаналық философияны" негіздеуші неміс ғалымы Эдуард фон Гартман (1842-1906) иррационализмнің XIX ғасырдағы аса көрнекті өкілдері болды. Кейінгі экзистенциализмнің өкілдері (К.Ямперс, Жан Пол Сартр, т.б.) aдамның мәні интеллект емес, тілмен айтып жеткізуге болмайды, бірақ үрей, еркіндік, уақыт, шектілік, т.б. Ұғымдармен сипаттауға болатын әлдебір жекебасылық экзистенция деген идеяны дамыта отырып, адамзат санасының сезімдік-түйсіктік жағына ден қойды. Ал орыс ойшылы Николай Бердяевтің түсінуінше, "интуицияда көзге көрінген ақиқаттың неғұрлым кемел тұжырымдамасын табу", ол үшін дәлелдемені немесе қорытындыны емес, сәулені нұрландыратын формуланы жиынтықтау керек. "Көз жеткізуге болмайтынға көз жеткізу" түріндегі (Николай Кузанский) үшінші тәсіл де бар, бұл тәсіл бойынша ақыл-ой өзінің шет-шегінің бар екенін тануға ақыл-ойдың жетуі мүмкін емес логикалық жолмен келеді. Тағы бір орыс ойшылы Владимир Соловьев рационалдық пен иррационалдықты мистикалық танымды жинақтауға, сөйтіп, мистикалық танымды рационалдықтың негізіне айналдыруға тырысты. Қазіргі заманғы иррационализм постмодернизм түрінде көрініс тауып отыр, олар рационализмді барған сайын жаңа әлеуметтік құрылымдар мен мәдени пішіндерді жасап, адамды өзінің қайталанбас ерекшелігінен айырғаны, оны "қалыпқа" айналдырғаны үшін сынайды. Иррационализмнің бастау көздері табиғатты, дүниені танып білудің шексіздігіне, сарқылмайтындығында, барынша күрделі екендігінде жатыр. Рационализмнің жұтаңдығын сынай отырып, ол "сана", "жеке тұлға", "білім" ұғымдарын тереңдетуге жол ашты. Рационализмнің "шектен тыс дәмеленуін" шектеп, иррационализм адамның танымдық мүмкіндіктерін жаңа қырынан дамытып, жетілдіруге септігін тигізді.

     Иррационализм- табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық кағида. Ирония ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында", Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.

ІІІ. Рационализм ағымы

 

     Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.

     Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль), француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды

 

ІV. Өмір философиясы

Егер позитивизм ағымы XX ғ. ғылым саласында болып жатқан күрделі процестерді зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлык күштерін салса, «өмір философиясы», керісінше, өмірді сақтау мен түсінуге шақырып, ақыл-ой, логика, дүниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан дүниесін, өмір сезімін кедейлетеді деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. карай «адам ақыл-ойдың негізінде дүниені өзгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі» деген Жаңа дәуірдегі ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның бастамасын біз сол XIX ғ. өзінде-ақ өмір сүрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердің шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға «еккен» ойлары XX ғ. әр түрлі «өмір философиясының» ағымдарын тудырып, өте жемісті болып шықты.

Бұл ағымның негізгі ұғымы ретінде «өмір» философиядағы бұрынғы «болмыс» категориясына қарсы қойыла бастады. «Болмыс жоқ, тек қана калыптасу ғана бар», - деді Ф.Ницше. «Ал қалыптасу дегеніміз өмір», - деп әрі карай өз ойын корытты.

Өмір философиясының шеңберінде «өмір» ұғымына әртүрлі ғалымдар әртүрлі мазмұн-мағына береді. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с. теңейді. Тарихтық көзқарасқа негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлганың ішкі жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде түсініледі.

«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері Вильгельм Дильтей (1893-1911 жж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 жж.) өмірді ерік пен іңкәрлік, сезім мен тебіреніс деректері деп анықтайды. Өмір хаосты тәртіпке келтіреді. Өмірдің организмдік және одан да биік формалары бар. Өмір организмдік деңгейде өліммен шектелсе, организмдіктен биік формалары мәдениетті құрайды. Осы тұрғыдан алғанда, шындық - өмірден алған тәжірибенің өзі. «Өмірлік тәжірибе» - зердеге тең емес, ол ақыл- ойға сыймайды. Өмір - ағым, өзгеріс, шығармашылык, онда жалпылық деген жок. Өмірді тек кайталанбайтын жекелік арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада «шығармашылық трагедия» дүниеге келеді. Өйткені өмірдің кайгаланбайтын толқындары оның объективтелінген, яғни затталынған формаларымен қайшылықка келеді. Ол кайшылықтарды шешу үшін тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ахуалды білу, барлық жан-дүниемен соған өткендей болып сезіну арқылы түсінуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бсреді. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана коймай, сонымен бірге оны кайта тебіреніп, оның өміршеңдік жақтарын түсіндіре білуі керек.

Анри Бергсон (1859-1941 жж.) - «өмір философиясының» шеңберінде «шығармашылык талпыныс» ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгілі бір толыққанды біртұтас өмір, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол - сол өмірдің калдыктары. Өмір - «өмірлік талпынысқа», яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылык өзгеріс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмірге бағынады. Сондыктан табиғаттың тарихи күрделенуі, өрлеуі - өмірдің шығармашылық өрлеуімен тең. Олай болса, Дүние - бірегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды бірінен соң бірін тудыра беретін шығармашылык .

А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдык дүниеге өзінің интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интеллект дегеніміз - акыл-ой, зерде аркылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып-білуі, ол өзінің ең биік шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетеді. Интелект біртұтас дүниені заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлігі, содан кейін олардан дүниенің жасанды суреттерін тудырады. Интеллектінің қайнар көзі - адамның материалдық дүниедегі іс-әрекеттерін ұйым- дастыру, олардың нәтижелілігін камтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнін аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлі материяны кұрамдас бөліктеріне бөлігі, содан кейін оларды басқаша түрде қайта кұрастыру - интеллектінің негізгі ісі. Олай болса, ол заттың сыртқы кабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгеріп жатқан Дүнисні интеллект кинопленкадағы өмірді «жасанды түрде» көрсеткен сияқты (онда әрбір кадр қозғалысты көрсетпесе де), бірінің артынан бірін белгілі бір жылдамдықпен өткізген кезде, экранда «қозғалыстағы өмірдің» көшірмесі пайда болады. Интеллект Дүниедегі ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетіп, сонымен қатар оның кайталанбайтын, өмірге бір-ак рет келген ішкі өзегін - өмірдің өзін - танып- біле алмайды.

Информация о работе XX ғасыр мәдениеті аясындағы