XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2014 в 21:38, доклад

Краткое описание

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия реферат.docx

— 27.14 Кб (Скачать документ)

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы

 

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дұрыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық құралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар

Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану гректер жүргізе алмаған өлшеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.

Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.

Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. 
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. 
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. 
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.

 

Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері

 

«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуының XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.

Ғылым дамуының бұл сатысынын өз ерекшеліктері болды:

1. Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дүниені өз заңдылықтары арқылы түсіндірумен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.

2. Табиғатты ғасырлар  бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттар болды.

Элементаризм – күрделі құрылымдардың қарапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.

Статизм – бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару

Антиэволюционизм – реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.

Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адамзат ақыл-ойы және табиғаттың тәәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.

Дүние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола отырып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.

Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дүниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.

Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген метафизикалық көзқарасты бірте-бірте жоғалта бастады. XVII-XVII ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалық ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотезасы алдымен жаратылыстану ғылымдарына сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.

Сонымен, XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды, сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты ғылымдар дами бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:

1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;

2) Майер мен Джоульдің  энергияның сақталу және айналу заңы;

3) Дарвиннің эволюциялық  ілімі болды.

Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:

- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;

- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;

- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;

- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың  электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.

ХІХ ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясын алғашқы белгілері шықты, ол ХХ ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралық зерттеулер жүргізіле бастады (биохимия, геохимия, биогеохимия тағы басқалар).

Жаратылстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенеді.

Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.

Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы болды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.

Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамның өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды.

Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. Құдай жаратқан деген ұғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы жағынан айрылды. Христиандық теология бойынша табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі деген антропоцентристік көзқарасты ұстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен құтқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бұл пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейберекеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылулық өлім) жетеді деген.

Соған қарамастан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды.

Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.

Ол ХІХ ғасырдың 90-шы жалдарынан басталып, ХХ ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.

1. Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық релятивистік теориямен алмастыру. Мұның өзі әлемді алып механизм тұрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.

- Классикалық ғылымдағы  механистикалық, метафизикалық көзқарастарды  диалектикалық көзқарас ауыстырады;

- Классикалық ғылымдағы  дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, бұған жаңа құрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:

- Дүниенің ең алғашқы  негізін табу сияқты мүмкін еместігі, материя шексіз екендігі түсіндірілді.

- Ғылыми білім бұрынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.

- Классикалық ғылымға  тән табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;

- Заттың қасиеттерінің  оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.

- Биосфералық класқа  жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігін дәлелдейтін концепциялардың шығуы.

- Ғылым мен діннің  қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым ХХ ғасырда басымдылыққа ие болды.

Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.

Сонымен қатар гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері).

ХХ ғасыр аяғында дүние ғылымға деген сенімін жоғалтты. Бұл үшін посмодернизациялық көзқарас қажет болды. «Постмодерн» – жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.

Көптеген отондық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша болашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:

 

1. Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті мен дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген түрінің дүниетанымдық жүйеде ерекше бөлініп шығуын қаламайды.

2. Модернистік ғылым өз алдына бірқалыпты дүниенің жаңа образын жасауды, яғни ешбір өзгеріске жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне мақсат етіп қойды.

Ал посмодерндік ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.

3. Модернистік ғылым мен жаратылыстану – білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы – ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі саналады, яғни диалогтық дүниетаным.

4. Постмодерндік ғылымның негізі болып глобалдық экология есептеледі. Дүние әр түрлі жүріп жатқан процестер қосындысы болып табылады.

5. Постмодерндік ғылымның бір қасиеті – оның комплексті түрде дамуы, яғни бұрынғыдай жаратылстану, техникалық, қоғамдық ғылымдар жеке-жеке бөліп қарамау.

Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.

Неклассикалық /классикалық емес/ ғылым – классикалық емес кезеңнін

идеялық негіздері – 20 ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар:

жаңашылдық, ревизия, дəстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, символдылық, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сəйкес емес белгілірге толы дəстүрлі емес интеллектуалды перспектива қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық.

Неонеклассикалық ғылым – əлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткен жəне класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім-бейнеге қарағанда, «біз басында» тұрған неонеклассика білім инструмент ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату перспективасын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализімнен креативизімге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың еңгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм – айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның 55 интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - əлемнің антропоморфтық анықтамасын, əлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық – қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын құндылық-мақсаттылық түрде іске-асырудың болмыс-ұйытындысы.

Классикалықпен қабылданған өзіндік əр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына

əкелген бəріне ортақ өзгерістер: ғылымның пəндік аймағында /неэвклид

геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттік-релятивистік құрылыстар т.б./, оның бүкіл методологиялары /Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нəтижелері/.

 

 

 

 


Информация о работе XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы