Шығыс философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 18:47, реферат

Краткое описание

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Шығыс+Қайта Жаңғыру дәуірінің философиясы..docx

— 47.14 Кб (Скачать документ)

Кейiннен философия ғылымының докторы, профессор, М. Әженов, философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесi Ғ. Есiм, сондай-ақ, профессор М. Орынбеков, Т. Ғабитов, А. Қасабек, доцент Г. Әбдiғалиевалар және де бiрқатар доценттер қосылып философия ғылымының антикалық, ортағасырлық батысеуропалық, мұсылман әлемiнiң, орыс, жаңа заман, т.б. ағымдарын арнайы ғылыми түрде зерттеп жаза бастадық.

Ал, қазақ философиясының тарихын зерттеуде ең алғаш рет профессор А. Қасабек екеуiмiз 1994 жылы «Қазақ философиясының тарихы» атты еңбек жазып ұсындық. 1995-1996 жылдары да осы аттағы екiншi бiр оқулық дайындап, «Қазақ халқының рухани мұралары» деген монография жаздық. Жалпы, ең алғаш рет қазақ тiлдi әрi қазақ халқының ғылыми философиялық ағымын тудыру өте күрделi кезеңдi бастан кешiрдi.

Осы уақытқа дейiн кеңiнен таралып келген өзге ұлттардың философиясы жанында қазақ философиясын жаңа бiр биiк деңгейге көтеру, оның бар екендiгiн мойындату әрi жазылмаған, зерттелiнбеген тың дүниелердi қозғау алғашқы ғалымдар үшiн оңайға түсе қоймасы анық едi. Мұндай қиындықтарға қарамастан қазiргi кезде бiршама жетiстiктерге жеттi деп ауыз толтырып айтуға болады. Қазақ философиясының қай кезеңнен бастап кәсiби деңгейде қолға алынды дегенде Шәкәрiм Құдайбердiұлын

Бұл жерде Абайды да қоса айтуымызға болғанымен де, ол дiни дана философ, шыншыл реализмнiң биiк шыңына жеткен ғұлама ақын болып саналары хақ. Шәкәрiмнiң бар жоғы отыз беттен тұратын концепциялық шығармасына жиырма сегiз жыл өмiрiн қиып, кәсiби деңгейде жазып қалдырған «Үш анық» шығармасынан қазақтан шыққан тұңғыш философиялық кәсiбилiктi танимыз.

Араб, парсы, төтенше жазу, батыс тiлдерiн жақсы меңгерген ол батыс ойшылдарының шығармаларын жетiк меңгере талдап, көптеген ойшылдардың тiсi батпаған жағдайлардың өзiнде сыни көзқарастарын бiлдiрiп, қатты сынға алып отырғандығын тарихтан бәрiңiз де бiлесiздер. Осы арада философияны ғылым ба, әлде ғылым емес пе? деген де сұрақтар туындауы мүмкiн. Философия — жеке тұлғалардан құралған халықтық дүниетаным.

Ал, ғылым ретiнде айналысқан жеке тұлғалардан ғұлама Аристотельден кейiнгi Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки үшiн бiз мақтан тұта аламыз. Дегенмен, қазақ ұлтынан болмаса да, кiндiк қанының тамған жерi қазақ жерi. Түркi отбасынан шыққан философ бүкiл Еуропа елiне түркi мәдениетi мен ойын жеткiзiп таныта бiлдi.

Дiн мен философияның негiзiн бiр-бiрiнен ажыратуға болмайтындығын ескере отырып, ислам дiнiнiң бiзге VIII, IХ ғасырларда келген жағдайда, IХ-Х ғасырларда өмiр сүрген әл-Фараби тiлдi, дiндi, ой-толғамдардың бәрiн де тұтастай дiн арқылы танытты деуге болады. Ал, ендi әл-Фарабидiң шетел кiтапханаларында сақталып отырған трактаттарын аударып, зерттеп жүрген бiрнеше ғалымдардың iшiндегi марқұм А. Қасымжановтың да есiмiн ұмытпауымыз керек.

Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-жыраулардың алатын орны ерекше. Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Бұқар жырау, Шалкиiз, Ақтамбердi, Шал ақын және т.б. ойшылдардың бiр шоғыры. Бұлардың суырыпсалма шығармашылығының түбiнде ақылгөйлiк пен даналық жатты.

 


Информация о работе Шығыс философиясы