Герменевтикадағы танымдық проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 13:24, реферат

Краткое описание

Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

Содержание

1)Герменевтикаға жалпы түсінік

2)Герменевтика бағыттары

3)Герменевтика өкілдері

4)Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

философия.docx

— 38.54 Кб (Скачать документ)

 

Тақырыбы: Герменевтикадағы танымдық проблемалар

 

 

 

Жоспар :

 

1)Герменевтикаға  жалпы түсінік

 

2)Герменевтика бағыттары

 

3)Герменевтика өкілдері

 

4)Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

Герменевтиканың басты идеясы: Өмір сүру-яғни түсінікті болу.

Герменевтиканың негізгі зерттеу  обьектісі шығарма болып табылады. «Герменевтика ұшбұрыш»-автор,шығарма,шығарманы  оқушының арасындағы байланыс.герменевтикадағы басты философиялық пайымдау обьектісі  –тіл болып табылады. Герменевтиканың басты идеясы: тіршілік ету дегеніміз ұғына білу, ұғыналыну. Зерттеу пәні- мәтін. Герменевтиканың түпкілікті ұғымдары:

     Герменевтикалық  шеңбер»- ұғыну, процесінің циклдік  сипат алуы, бүтін мен бөлік  диалектикасына негізделген мәтінді  түсіну принципі, яғни бүтінді  ұғыну жеке бөліктерді ұғынудан  басталады, ал бөліктерді ұғыну  үшін алдын ала бүтінді ұғыну  қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда  мәтінді түсіну дегеніміз шеңбер  түрінде, яғни бүтіннен бөлікке,  бөліктен бүтінге өту қозғалысы  болып шығады.

Герменевтика герменевтикалық жағдай, яғни мәтінді дұрыс түсіндіру мен ұғыну қажеттілігі туындаған кезбен қатарлас пайда болды.

Алғашқы герменевттер- ортағасырлық теолог-схоласттар (Фома Аквинский  және т.б.) болды. Олар Інжіл мәтіндегі  қасиетті аяндардың,идеялардың мағынасын  «ашумен» айналысты.

Қазіргі заманғы философ  герменевттерге-Ф.Шлейермахерді, М.Хайдеггерді, Г.Гадамерді, Ғ.Есімді және П.Рикерді  жатқызуға болады.

 

2.Консалтинг— шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлерін кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту. Ол коммерциялық негізде ақыл-кеңестер беру, үйренуші, оқушы басшы қызметкерлермен, басқарушылармен бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында, сондай-ақ, белгілі бір ұйымдық, техникалық немесе ақпараттық қызметтерді орындау нысанында жүзеге асырылады. Консалтинг қызметі шетелдерде экономиканың жеке саласы ретінде өткен XX ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты. Бұл жылдарды Батыста "консалтигінің алтын ғасыры" деп атайды, мұның өзі соғыстан кейінгі кезеңде экономиканың жедел даму жолына түсіп, консалтингтік қызмет көрсетулерге деген кажеттілігінің күшеюіне және оның интернационалдануына байланысты туды. Қазіргі кезенде Қазақстан Республикасында жалпы саны 500-ден астам консалтингтік фирмалар жұмыс істейді. Олар, көбінесе, кәсіптік сипаттағы консалтингтік қызметтер көрсетеді.

  • Көрсетілетін консалтинглік қызметтердің тақырыбы (жалпы басқару, әкімшілік ету, қаржылық басқару, кадрларды басқару, маркетинг, өндіріс, ақпараттық технология, мамандандырылған қызметтер көрсету),
  • қамту аясы (сыртқы консалтинг, ішкі консалтинг),
  • нысаны (кеңес беру, сабағат, жоба),
  • әзірлеу әдісі (сараптамалық консалтинг, процестік консалтинг, оқыту консалтингі, сараптамалық-процестік консалтинг, сараптамалық оқыту консалтингі),
  • сипаты (проблемалық оқыту консалтингтік қызметтерін көрсету, проблемалық-кәсіптік консалтингтік қызметтер көрсету) бар.

Сыртқы консалтинг — клиенттерге  тиісті шарт негізінде қызметтер  көрсетуші тәуелсіз консалтингтік  фирмалар түріндегі немесе жеке кеңес  берушілерден құралған консалтинг ішкі консалтинг - белгілі бір ұйымның  құрамында істейтін, ұйымның талдамалы, "штабтық" ішкі жүйесін құрайтын экономика мен басқару жөніндегі  мамандар жүргізген консалтинг.

Сараптамалық консалтинг — кеңесші диагностиканы, шешімдер талдамасын және оны енгізу жөніндегі  ұсыныстарды дербес жүзеге асыратын консалтинг. Мұнда клиент, негізінен, консалтингнің ақпаратқа қол  жеткізіп, нәтижелерді бағалауына мүмкіндік  жасайды.

Процестік консалтингте —  кеңесші жобаның барлық жасалу кезеңдерінде клиентпен өзара белсенді іс-қимылда  болады, оның өз идеяларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтуына кеңесшінің көмегімен проблемаларға талдау жүргізіп, шешімдер өзгертуіне ықыласын оятады. Кеңесші, негізінен, осы сыртқы және ішкі идеяларды жинап қорытады, клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс  барысында алынған шешімдерді бағалайды, оларды жүйеге келтіріп, ұсыныстар  дайындайды, идеяларды жинаумен, шешімдерді талдаумен айналысып қана қоймай, сонымен бірге осы идеялар  мен шешімдердің пайда болуы  үшін негіз әзірлеп, клиентке лекциялар, семинарлар, оқу құралдары нысанында  тиісті теориялық және практикалық  ақпарат береді. Проблемалық —  оқыту консалтингтік қызметтерін  көрсету — коммерциялық, негізінде  кеңестер беру, ұсыныстар айту, клиентпен  бірлесіп шешімдер әзірлеу нысанында  көрсетілетін қызметтер. Проблемалық-кәсіпқойлық  консалтингтік қызметтер көрсету  белгілі бір ұйымдық-техникалық немесе ақпараттық міндеттерді коммерциялық негізде орындау нысанында көрсетілетін консалтингтік қызметтер болып  табылады.[

Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым)[1] – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік  немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады. [2]

Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т.б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде. Қазіргі кезде технология:

  • алдыңғы қатардағы технология;
  • қалдықсыз технология;
  • өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;
  • халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.

Мұнай, газ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және т.б. технологиялар өндіріс талаптарына сай іске асырылуда.

Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған. Ф.Шлейермахер герменевтика (мәтінді ұғыну)автор мен оқушының жаны бір, тіл табысқанда ғана мағынаға ие болады дейді. Егер автор оқушыдан тым алшақ болса, онда герменевтика жағдайында мәтінді түбіне дейін ұғыну мүмкін болмайды, алайда, егер автор мен оқушы арасында үйлесімдік,түсіністік орнаса, онда мәтіннің жасырын мағынасы ашыла береді.

Ұғыну екі жолмен жүзеге асады:

· дивинация-шығарма авторын жанын «жандандыру», жасанды түрде «сезіне бастау»;

· салыстыру-фактілермен өзге деректерді салыстыру.

Дивинация мен салыстыру  алмасып отырады.Оқушы автордың жаны мен тілдің логикасын біржола  түсінгенде мәтін толық ұғынылады.

3.Гомер (б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — ежелгі гректің эпик ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындатқанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).

Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).

Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға  қарағанда негіздірек көрінеді.

Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б). [1]

Гомер – ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен  б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы  деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. «Гомер»  сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі («соқыр», «тұтқын», «пайғамбар», «ақын» т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі  – Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар  шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл  Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген  де болжам бар. «Одиссея» поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд  Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы  да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін «Гомердің  ұрпақтарымыз» деп есептейтін «гомеридтер» деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Гомерлік диалект көнегрек тілінің ионийлық және эолийлық диалектілерінің қосындысы болғандықтан, Гомердің қай тайпаға жататындығы жайлы да нақты деректер жоқ. Грек мифологиясына сүйенсек, Эллиннің (ежелгі гректер өздерін – эллин деп атап, отанын – Эллада дейтін болған) Дор, Эол және Ксуф атты үш ұлы; Ксуфтың Ион есімді баласы болған. Осыдан келіп, тайпалар мен диалектілер – дорийлық, эолийлық және ионийлық болып үшке бөлінген делінеді. Кішіазиялық жағалаудың солтүстігінде эолийлықтар, орталығында ионийлықтар, ал оңтүстігінде дорийлықтар орналасқан. Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары. Бұлар – ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл «Гомер мәселесі» деп қарастырылады. «Гомер мәселесі» эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті «Илиада» мен «Одиссея» екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер «Илиада» поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы – әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал «Одиссея» ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, «Зоил» сөзі «аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы» деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. «Гомер мәселесімен» Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол – схолия деп аталды.

Информация о работе Герменевтикадағы танымдық проблемалар