Философияның дамутарихы. Философия пәні мен функциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 13:34, курс лекций

Краткое описание

Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

Содержание

1. Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.
2. «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).
3. Мифологиялық және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.
4. Философияның даму тарихы.
5. Философияның негізгі функциялары.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 37.52 Кб (Скачать документ)

 

 

Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады

 

 

1) ертедегiлердiң алғашқы  бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық  пәндердi қамтитын «философия» немесе  «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары  да, философия бастамаларын да  қамтиды.

 

 

2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың  қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп  шыға бастауы,әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата  жүрдi.

 

 

3) Бiрқатар ғылымдардың  теориялық тарауларының қалыптасып, олардың бiртiндеп интеграциялануы.19ғасырдан  басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы  дерексiз философиялықформада ғана  қарастырылып келген көптеген  теориялық мiндеттердi ендi ғылым  өз мiндетiне алды. Философия қайта  ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде  шешушi тиiс екендiгi барған сайын  дәлелдене түстi. Ал бұл философияның  ғылымилық сипатың арттыра түстi.

6

1. Дүниетану дүниенi сезiну  мен қабылдаудаң немен айрықшалананы? Дүниетану дегенiмiз не?

 

 

2. Дүниеге көзқарастың  негiзгi компонентерiн атаңдар? Дүниеге  көзқарас дегенiмiз не?

 

 

3. Дүниеге көзқарастын  қандай денгейлерiн бiлесiндер  және олар немен бiр бiрiнең  ерекшеленедi?

 

 

4. Адамның өмiрi мен iс-әрекеттерiнде  дүниеге көз қарастың ролi қандай?

 

 

5. Дүниеге көзқарастың  қалыптасуына бiлiмнiң тигiзетiн  әсерi қандай?

 

 

6. Миф рухани феномен  ретiнде ненi бiлдiредi?

 

 

7. Мифтiн синкретизмi неде  бiлiнедi?

 

 

8. Адам өмiрiнде миф қандай  функцияларды атқарады?

 

 

9. Қандай көне мифтердi,оның iшiнде дүниежүзiлiк дiндерге де  кiрген мифтердi атай аласындар?

 

 

10. Мифология мен өнердiн  байланысын ашындар.

 

 

11. Дiн дегендi қалай түсiнесiндер?Өз  пiкiрлерiндi айтып берiндер.

 

 

12. Дiн дүниеге көзқарас  ретiнде қалай анықталады?

 

 

13. Дiннiң қандай көне  формаларын бiлесiндер?Олар туралы  айтып бер.

 

 

14. Дiннiң атқаратың қызметтерiн(функцияларың) атандар және олардын мазмұның  ашындар (компенсаторлық,тәрбиелеушi,реттеушi- регулятивтi).

 

 

15. Қазырғы қоғамда дiннiң  алатың орыны қандай? Оның дұрыс  және бұрыс (позитивтi және негативтi) жақтары неде?

 

 

16. Философиялық дүниетанымның  ерекшiлiгi неде?

 

 

17. Философияның негiзгi мәселесi, сұрақтары қандай?

 

 

18. Философияны дiни дүниетаныммен  салыстырып, олардың айырмашылығы  мен ұқсастықтарың анықтандар.

 

 

19. Философияның пәнi және  адам үшiн атқаратын қызметi қандай?

 

 

20. Философияның құрамына  қандай салалар кiредi? Олар қандай  мәселелермен айналысады?

 

 

21.Философия мен ғылымдардың  арақатынасы қандай деуге болады?

 

 

22.Философияның рационалды  денгейiй қандай өлшеуштерге қамтамасыз  етiлген.

 

 

23.Философия мен ғылымдар  арақатынасында қандай кезендер  байқалады?

 

 

Философияның сұрақтары

 

 

Әлем шексiз бе, әлде оның шегi мен шетi де бар ма?

 

 

Ол дамып, өзгерiп отырама, әлде өзгермейдiме?

 

 

Егер, әлем өзгерiп отырса, сол қозғалыс мен дамудың зандылығы бар ма?

 

 

Адам қоршаған әлемдi танып бiле алама?

 

 

Қалай танып бiле алады?

 

 

Адам өзiн өзi танып бiле алама?

 

 

Оның(адамның) мәнi неде?

 

 

Ақиқат дегенiмiз не?

 

 

Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен қайырымдылық дегенiмiз не?

 

 

Бақыт дегенiмiз не?

 

 

Оған қалай жетуге болады?

 

 

Өмiр мен өлiм дегенiмiз не?

 

 

Мәнгi өмiр сүруге болама?

8Философияның негізгі қызметі – дүниетаным.  Әлеуметтік топ пен жеке тұлға – дүниетанымның субъектісі болып саналады. Дүниетанымды қалыптастыру тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік, яғни адамгершілік қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.  Дүниетанымның негізі – адам болу. Ал адам болу дегенге келетін болсақ, Әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мұхтар секілді қазақтың ұлы ойшылдарының сөзіне мән берген дұрыс болады.

Әл-Фарабидің «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықтылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды», Ыбырай Алтынсариннің «көңіліңді мөлдір бұлақтай таза ұста» деген ұлы сөздерін осы тақырыптың тұздығы ретінде алдым.

Дүниетаным – адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.

«Жаман мінез-құлық, рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек» — дейді Ұлы ойшыл Әл-Фараби. Ал Абай Құнанбаев: «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – зұлымдық» — деп адам болудан аластататын нәрселерді ашып көрсетеді.

М.Әуезовтің қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесінің ерекшелігін айтқанда, жазушы ғылымның қазақ әдебиетінің арна басы, халықтың ең қымбат тарихи ескерткіші деп бағалаған қазақ эпосы мен фольклоры туралы зерттеу еңбектерінің орны айрықша. Халхымыздың рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан М.Әуезовтің «көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» деген сөзі адам болуда маңызды рөлге ие.

Біз қарастырған ұлағатты сөздердің қайсысының да түбінде терең философиялық мән жатыр. Ол мән – философияның, дүниетанымның негізгі қызметі адамгершілік, адам болу.

 


Информация о работе Философияның дамутарихы. Философия пәні мен функциясы