Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 13:14, реферат

Краткое описание

Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Тіршілік процестерінің негізі организмде үздіксіз жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын заттардың алмасуы.
Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі органикалық заттар - белок, май, көмірсу және минералды тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі қабылдап отыру керек.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы.
2.2. Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері.
2.3. Жұтқыншақ
2.4. Өңеш.
2.5. Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері.
2.6. Ішектегі асқорыту.
2.7. Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы.
2.8. Белоктың алмасуы.
2.9. Май мен көмірсудың алмасуы

2.10. Су мен тұздардың алмасуы
2.11. Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу

2.12. Тамақтану гигиенасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

физ реферат.docx

— 29.59 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Физика-математика факультеті

Физика кафедрасы

 

 

 


 

 

 

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері

Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы

 

 

                                                                                                   

                                                                                    Орындаған: 5В011000 физика

      мамандығының  2-курс студенттері:

Темірбаева Ләззат,

 Өтегенова Нұрайым

                                                                                             

                                                      Тексерген:Сартаева А. А.

 

 

Алматы 2013 жыл

Жоспары:

 

     I. Кіріспе 

     II. Негізгі  бөлім

      2.1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы.

      2.2. Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері.

      2.3. Жұтқыншақ

     2.4. Өңеш.

      2.5. Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері.

     2.6. Ішектегі асқорыту.

      2.7. Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы.

      2.8. Белоктың алмасуы.

      2.9. Май мен көмірсудың алмасуы

 

      2.10. Су мен тұздардың алмасуы

      2.11. Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу

 

      2.12. Тамақтану гигиенасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ас қорыту жүйесі, оның жас ерекшеліктері

 

Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Тіршілік процестерінің негізі организмде үздіксіз жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын заттардың алмасуы.

Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі органикалық заттар - белок, май, көмірсу және минералды тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі қабылдап отыру керек.

Бірақ органикалық заттар ағзаға түскеннен кейін қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Астың қорытылуы деп олардың физикалық және химиялық процестерге ұшырап, мономер түрінде қан мен лимфаға сіңуін айтады. Органикалық заттардың ағзада ыдырауы (қорытылуы) ферменттер арқылы іске асады.

Асқорыту жүйесіне: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері жатады. Асқорыту мүшелері - ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, ас қазан, ащы ішек (үшке бөлінеді – ұлтабар немесе он екі елі ішек, аш және мықын ішек), тоқ ішек, ал асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және қарын асты (немесе ұйқы) безі жатады

Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі.

Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы тістер, тіл және ұрт қатысады.

Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың сүт тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Тұрақты тістердің саны – 32, 15-16 жаста - 28 тіс, ең соңғы 4 ақыл тіс 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Муцин астың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды. Бірақ ас ауыз қуысында ұзақ болмайды.

Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.

Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды.

Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см.

Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – қышқыл. Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды қорытатын липаза ферменттері болады.

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады.

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, ересек адамдарда 1,5-2 л.

Ферменттердің мөлшері 1,5-3 жаста қарқынды арта бастайды, 12-14 жаста ересектердікіндей болады. Тұз қышқылының концентрациясы 6-7 жасқа дейін төмен болады, сондықтан балалар ішек жұқпалы ауруына тез шалдығады.

Ішектегі асқорыту. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы химус деп аталады. Химус қарыннан 12 елі ішекке (ұлтабарға) өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұлтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді моносахаридтерге ыдырататын ферменттер. Трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге ыдыратады.

Сонымен қатар, ұлтабардың өз бездері де сөл бөледі.

Ұлтабардан ас қоймалжыңы ащы ішекке өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза және т.б ферменттер болады.

Ащы ішектің қабырғасында ас қоймалжыңы одан әрі ыдырап, қан мен лимфаға сіңеді. Астың сіңуі ащы ішектің ішкі қабатындағы микробүрлер арқылы іске асады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлер бұлшық еттен және қан мен лимфа тамырынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде ыдыраған ас «насоспен» сорылғандай қан мен лимфаға сіңеді (белок пен көмірсу қанға, ал май лимфаға сіңеді.)

Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішекте су қанға сіңеді, ал жоғарыда сіңбеген ас қалдығы тоқ ішектегі бактериялардың әсерінен шіріп нәжіске айналады. Одан пайда болған улы заттар (индол, скатол, фенол және т.б.) қанға сіңеді. Тоқ ішектен шыққан қантамырлары бауырға барып, улы заттар усыздандырылады.

Тоқ ішектегі бактериялардың тағы бір қызметі өсімдік тағамдарының клетчаткаларын ыдырату арқылы тоқ ішектің қабырғасын тітіркендіріп, оның жиырылуын жиілетеді. Соның нәтижесінде нәжістің сыртқа шығарылуы жеңілдейді.

Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы.

 Сәби баланың тұрақты  тістері бірнеше жылдар бойы  сүт тістерінің астында болатындықтан  мектеп жасына дейінгі және  мектеп жасындағы балалардың  ауыз қуысы мен тістеріне ерекше  көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік  денсаулық сақтау мекемесінің  мөліметі бойынша қазіргі кезде  балалардың ХО-90 %-ның тістері  үнемі емдеп жүруді қажет ететін  корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы  дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін оте суық тағамдарды жеу оте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жаруға балаларға рүқсат етпеу керек.

Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы

Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.

Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған қажетсіз заттар сыртқа шығарылады.

Белоктың алмасуы

Дене салмағының 25% белок құрайды. Белок екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі белок деп. Қарапайым белоктың құрамында төрт зат: оттегі, сутегі, көміртегі, азот болады. Ал күрделі белоктың құрамында бұл төрт заттан басқа күкірт, фосфор,темір т.б. болады.

 

Белок мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. 20 амин қышқылдары бар. Оларды орны толатын (таптыратын) және орны толмайтын (таптырмайтын) амин қышқылдары деп ажыратады. Орны толмайтын амин қышқылдары (10 амин қышқылы) организмде өндірілмейді, организмге олар тамақпен бірге түседі. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин, гистидин жатады.

Белоктың қызметі: - биологиялық катлизатор – ферменттердің негізі болып саналады;

- транспорттық қызмет (гемоглобин  оттегі мен көміртегіні тасымалдайды);

-жиырылу қызметі (бұлшық еттің  құрамындағы актин және миозин  белоктары);

 

-құрылыс материалы (клеткалар құрамының  негізі).

Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.

 

Белоктың қажет мөлшері Баланың жасы

Белоктың тәуліктік мөлшері, г/кг

2-3 айдан  бір жасқа дейін 

4,0-5,0

2-3 жас 

3,5-4,0

12-15

2,5-3,5

15-17

2,0-3,0

17-21

1,5-2,0

21-50

1,0-1,3


Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінің маңызы зор. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минералды заттар, витаминдер және т.б. бала ағзасына қажет заттар бар.

Май мен көмірсудың алмасуы

Май мен көмірсудың құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі.Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат бөлінеді.

Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май ұлпалары мен жасушаларда жиналады.

Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық етерге тасылады да, гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері,

г/кг тәулігіне Адамның                                 жасы

Май

Көмірсу

Барлығы

Оның ішінде өсімдік майы

6 ай  – 1 жас 

25

-

113

1 – 1,5 жас 

48

-

160

1,5 – 2

53

5

192

3 – 4

63

8

233

5 – 6

72

11

252

7 – 10

80

15

324

11 – 13

96

18

382

14 – 17 жігіттер 

106

20

422

14 – 17 қыздар 

93

20

367

Информация о работе Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия