Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 12:37, лекция

Краткое описание

Адам өмірінің кұндылығы мен мәні, тағдыры мен мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы орны, рухани дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің маңызын арттыра түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия - 1.doc

— 239.00 Кб (Скачать документ)

Христиандық ойшыл  алғашқы католик шіркеуінің негізін  салушылардың бірі әулие атанған  Аврелий Августиннің ілімі батыс  Еуропада кең таралды.

Оның ілімінде құдай ең жоғарғы асқақ мәңге  ие, сондықтан ол ешкімге тәуелді емес. Құдай барлық тіршіліктің өзгерістердің алғы шарты. Адамды жасаған құдай. Августин адам деп алдыменен оның жанын айтады. Жан тек адамда ғана бар, жануарлар мен өсімдіктерде жоқ. Адам жаны мәңгі. Жан бөлшектенбейді, сондықтанда ол бөлінбейді, ыдырамайды. Жанның қабілеттері бар. Ол ерік, жад, зерде. Жанның еркі зердесінен биікте тұр. Құдайды жан зердесімен емес, сеніммен таниды. Сенім жанның еркіне сүйенеді.

Августин адамның  еркін мойындай отырып, оған шек  қойған. Адам нені қаласа, соны істей алмайды. Барлығыда құдайдан, адамның іс-әрекеті алдын-ала пайымдалып қойылған. Сенім-²Құдайдың шапағаты². Адамның болмысындағы барлық жақсылық- Құдайдан. Ал сонда зұлымдық, жамандық қайдан шығады?

Құдай адамды жаратқанда ерікті қылып жаратты. Ол өз еркіңмен таңдай білу деген сөз. Алғашқы адамдар құдайдың еркіне қарсы келіп, оның айтқанын орындамай жамандыққа ұрынған. Жамандық тәнді жаннан, табиғатты құдайдан жоғары қойғанда шығады. Осыдан адам екі ойлы, сондықтан ол жарымжан. Одан құтылудың жалғыз жолы – Құдайды ішкі рухыңмен беріліп қабылдау және оған сиыну. Сонда ғана күнәдан арылып, тазаланасың. Арылып, тазалану сыртқы дүниеге, табиғатқа емес, ішкі дүниеңе тереңдеп бойлап, өзіңді таба білуіне байланысты.

Августин ілімінен, христиан философиясының адам туралы ізденісін жалғастыра отырып, жаңа соқпақ табуға талпынғанын байқаймыз.

 Христиан  діні кең жайыла бастағандықтан, дәлелдеу оңайға түспеді. Осыған  орай теологтар, қадым (антика) заман философиясына сүйеніп,  оларды жаңа дүние танымға  икемдей отырып пайдалануға күш салды.

 Августин  Платон дәстүрінен нәрусская  алса, орта ғасырлық схоласт Фома  Аквинский христиан қағидаларын  Аристотель ілімімен жалғастырды.  Фоманың ілімінде дүние ретімен  ұйымдасқан жүйе (система), өзара  байланысты сатылардан тұрады. Төменгі саты - өлі табиғат. Өлі табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар шығып, олардан жоғары адамдар дүниесі пайда болады. Осы жүйенің биіктігінен, ең жетілген, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, мәні құдайды көреміз. Адамның құдай жаратқан дүниеде, өзіне сай арнаулы орны бар.

 Адамда дүниедегі  басқа құбылыстар сияқты ²қозғаушы күшке² мұқтаж. Ол қозғаушы күш – адамның жаны. Жан адам тәнінің қозғаушы күші ғана емес, оның формасы. Адам жан мен тәннен құралған. Адам жаны ²қозғаушы күш² бола тұра өзі өзгермейді. Осыған байланысты мынадай проблема туатыны айқын: егер жан өз мәніне байланысты өздігінен қозғалмайтын болса, ол қалай тәнді қозғай алады? Осы қиыншылықтан Фома маңызды себеп (guantum ad esse) және кездей соқ себеп (guantum ad fiezi) деген ұғымдарды пайдалану арқылы шығады. Маңызды себепке сүйенсек, бір нәрсенің өмір сүруінің себебі, одан бұрынғы бір нәрсе мен байланысты болғандықтан әрі қарай түбін қуа келе алғашқы себепке тірелер еді. Ол шексіз жол. Екінші (кездейсоқ) себеп бір нәрсенің қайдан пайда болғанын жан-жақты дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді. Адамның жаны кездейсоқ себеп арқылы қозғалады. Ф. Аквинскийдің пайымдауынша жан тән емес, ол тәннің әрекеті, яғни тәнмен бірікпеген, тек сонда орналасқан. Дәл осы мағынада кездейсоқ себеп арқылы жан тәннің қозғаушы күші бола алады. Августин жанды тәннен тәуелсіз субстанция деп адамды жаннан айырмағанын жоғарыда айтқанбыз. Фома Аквинский Августинды толықтыра адамды тән мен жаннан құралған (compo situm) дейді. Сонымен бірге жанның мәңгілігін, дербестігін қорғау мақсатымен Августин толық және жартылай субстанция деген ұғым енгізеді. Толық субстанция деп тән мен жаннан құралған адамды айтамыз, ал жанды жеке алсақ, ол жартылай субстанция. Осы арқылы Фома Аквинский бір жағынан Августиннің артық кеткенін (адам мен жанды айырмағанын) түзейді, ал екінші жағынан оның жан адамның мәні деген сенімін арашалап қалады.

 Адам жануарлармен  періштелердің арасын жалғастыратын  тіршілік иесі. Ф. Аквинский мен  Августиннің қағидаларының айырмашылығына  қарамастан, дүниедегі тіршіліктің бастауы жалғыз құдай. Адам жанының құндылығы және өлместігі осы ілімдерде көрнекті орын алатынын атап айтқанымыз жөн.

 Өзінің әлеуметтік-экономикалық  және мәдени дамуы жағынан  жерорта теңізінің шығысындағы  елдер арғы орта ғасыр дәуірінде  (CII ғасырға дейін) еуропа елдерінен әлде қайда жоғары тұрған еді. Осы өңірде CII ғасырда араб халифаты үстемдік құрған болатын. Араб халифатының тұсында жандана бастаған саяси-экономикалық өмір ғылымның, әдебиеттің, өнердің дамуына игі әсерін тигізді. Әртүрлі рухани дәстүрлердің, діндердің тоғысқан жерінде философиялық ойдың шыңдалып жетілуі кездейсоқ емес еді. Осы дәуірде еуропа философияның дамуы баяулай бастады, мұсылмандық шығыс елдерінде араб, парсы, түркі ойшылдарының еңбегі арқасында философия өзінің шарықтау биігіне көтерілді. Мұсылмандық ойшылдар грек философтарының дәстүрлерін жалғастырып жаңғырта білуімен қатар мұсылман дүниесінің философиясының ірге тасын қалады. Мұсылмандық философиясының негізін салғандар деп Әл-Кинди (800-870) мен Әл-Фарабиді (870-950) атаймыз. Солар салған жолды Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Рошд (1126-1196) және тағы басқа да ойшылдар жалғастырды. Біздің мақсат үшін олардың барлығының ілімдерін қарастыру міндет емес. Дегенменде адам туралы айтарлықтай жүйелі қағида қалдырған мұсылман философтарының басты өкілдеріне назар аударалық.

 Орта ғасырда  мұсылман ойшылдарының арасында  дүниедегі адамның алатын орны  қандай, құдай мен адамның ара  қатынасы қандай, дүние жаратылған  ба, әлде мәңгі ме, деген сауалдар  төңірегінде пікір таласы туды.

 Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әл-Фараби "Сұрақтардың мәні", "Қайырымды қала .." және т.б. еңбектерінде жоғарыда аталған сауалдарға жауап беріп, теориялық толғамдар жасаған.

 Діни қағидаға, құранға сүйеніп бүкіл тіршілікті, адамды жасаушы алла тағала деп Әл-Фараби үзілді кесілді тұжырым жасамаған. Ол философиялық талдау арқылы, алла тағаланың жасампаздығын мойындай отырып, бүкіл болмыс атаулының барлығын сатыларға бөлген. Барлық болмыс бірінші себептен шығады. Әл-Фараби алла тағаланың бейнесін, бейнесіз, дерексіз , Бірінші себеп, Бірінші парасат, Бірінші тұлға деген атаулармен алмастырған.

 Сол, Бірінші  себептен шыққан аспан денелерінің  болмысы ай әлемімен аяқталады.  Ай әлемінің ең кемелдісі парасатты  жануар – адам. Адам жаны пайда  болысымен оның болмысына күш, қабілет бітеді. Олар қуат беруші күш, түйсіктендіруші күш, елестетуші күш, парасатты немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы күш деп бөлінеді. Осы күштер дене мүшелері арқылы қызмет жасайды. Айталық, қуат беруші күш - ауыз, асқазан, бауыр т.б. мүшелер арқылы, талпындырушы күш – жүйке тамыр арқылы көрініс табады. Осы күштердің барлығы дене мен байланысты. Сонымен бірге адам жанында денеге қатыссыз әрекет жасайтын күш бар. Ол – ақыл парасат. Адам ақылды болып тумайды, ақылға қабілеті бар жан болып туады. Ақыл енжар, потенциалды, актуальды деңгейлерінен өтіп тәжірибесі молайып байыған сайын бойға дарып әрекетті ақылға айналады. Әрекетшіл ақыл арқылы адам өз кемеліне келіп толысады. Адам ақылының толысқандығын бүкіл болмыстың түзілісіне ой жүгіртіп болжай алатындығынан көреміз. Әрекетшіл ақылға адам қауымдасу арқылы жетеді. Әль-Фарабидің «Қайырымды қала…» атты трактатынан үзінді келтірейік: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және оған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бержағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады».[3] Фараби осы ойларында адамның қоғамдық жағдайда қалыптасып, өз мәніне ие болатындығына күмәнданбаған. Әл-Фараби адам өмірінің мақсаты бақыт деп білген. «Бақыт - өз басы үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет – тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып – кемшілік, кесепат, пасықтық». [3]

 Осы пайымдаулардан  Әл-Фарабидің адамға деген сүйіспеншілігі айқын көрініп тұр. Адамның ақыл-ойының оянуына «түрткі» болған бірінші себеп уақыт жағынан «алыстағы себеп», ал оның жетіліп дамуы адамның өзіне байланысты. Жеке адам өткінші, тән өлмек, ал жан мәңгі өмір сүреді. Әл-Фараби жанның өлмейтіндігіне, мәңгілігіне шынымен сенді деп кесіп айту қиын. Себебі Фарабиден қайырымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал надан адамдардың жаны өледі

Адам жанының  өлмейтіндігін Фараби осылай түсінген болса керек деп жорамалдауға болады.

Мұсылмандық дүниенің Орталық Азиядан шыққан ғұлама ғалымы Ибн - Сина «Жан туралы кітап» деген еңбегінде адамның басқа жануарлардан айырмашылығына көи көңіл бөлген. Адамның қызметі, іс-әрекеті туа біткен бейімділігімен қатар қоғамдағы ережелермен санасуынада байланысты. Адам алдына мақсат қоя біледі, және сол мақсатына қоғам арқылы жетеді. Қоғам өмірін реттейтін ережелерді жастайынан тәрбие арқылы бойына сіңіріп дағдысына айналдырады. Адам басқа адамдарға қызмет ете отырып өзінің қажетін өтейді. Мақсатқа жетер жолда ол өнерге, тілге сүйенеді.

 Адамның  парасатты жандылығы екі негізгі  күшке сүйенеді. Оның бірі - ақылмен  пайымдауға қабілеттілігі, екіншісі  – практикалық күш . Практикалық  күш адам тәнінің қимылының  қозғаушысы да, ал пайымдаушы  күш танымдық қызметке негіз  болады. Адам сезімге берілмей, оның жетегіне ілеспей, қайта одан босанып періште дәрежесіне көтеріледі. Ондай дәрежеге жеткен адам алла – тағаланың жердегі ісін жалғастырып дәріптеушілердің қатарына жатады. Әрине, сезімнен толық құтылып, босану «ұлы пайғамбарлардың қасиетті жандарына » ғана тән, өйткені олар білімнің көмегінсіз-ақ дүниеге ой жүгіртіп болжай алады.

 Ибн-Сина  өз уақытының ұлы ғалымы, өзінің  дәрігерлік еңбектерінде адам  туралы, адам санасының, жанының  қасиеттері туралы талдауларға  көп көңіл бөлген. Ибн-Сина адам  жанының мәңгілігін дәріптейді.

5 Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі философия

Шығыс Еуропа елдерінде XII–XIII ғасырларда сауда, қол өнер кәсібінің және қалалардың өркендеуімен байланысты экономиканың жандануы,  саяси, мәдени өмірдің, көркем өнердің күрт дамуына себеп болды. Осындай, қолайлы жағдайда мәдениеттің аса гүлденіп дамуы XV- XVI ғасырлар арасында өткен еді. Осы құбылыс Ренессанс (қайта өрлеу, түлеу, жаңғыру) деп аталады. Жаңғыру деп қадым (антика) заман мәдениетіне мирасқорлық, сол мәдениетке тән ерікті ойды жандандыру деп қана қоймай, сонымен қатар оларды қайталау ғана емес, солардан қуат ала отырып жаңа сапаға өрлеу деп ұққанымыз дұрыс. Еуропа елдерінде экономикалық өзгерістер біркелкі болған жоқ, сондықтан Ренессанс алдыменен дамыған елдерде, атап айтсақ «Италияндық құбылыс» ретінде пайда болды. Ренессанс христиан дінінің үстемдігі шайқалып, әлсірей бастаған шақта дүниенің тетігі құдай емес, адам деген көзқарасты ұстанды. Әрине жүздеген жылдар қалыптасып қалған көзқарасқа, ой жүйесіне бірден әсер ету оңаиға соқпады. Ренессанстың бастапқы кезеңі гуманизм (humanus – адамгершілік) идеясымен байланысты болды. Осы идеяны іске асырып тарату өткендегі жетістіктерді әсіресе антика дәуірінің рухани мұраларын игеруге негізделді.

Жаңғыру дәуірінің философиялыық мәдениетінің басында ұлы тұлға Данте ( 1265-1321) – «орта ғасырдың соңғы ақыны сонымен бірге жаңа заманның бірінші ақыны» тұрған еді. Данте өзінің «Той», «Монархия туралы», «Құдіретті комедия» және тағы да басқа шығармаларында адам туралы гуманистік ілімнің негізін салды. Данте адамның күш-қуатына сенді. Шіркеу «мәңгілік» сауалдармен айналысып, адамның күнделікті жер бетіндегі күйбің тіршілігіне қол сұқпауы керек. Барлық адамға қатысты істер (саясат, тәрбие, өнер) адам парасатына бағынышты.

Адам табиғатын Данте қосмәнді деп табады. Адам жаны пайда болысымен-ақ, онда табиғатпен құдай сипаты тоғысқан. Құдай «табиғаттың тамаша еңбегін» байқап, оны жоққа шығармай аяқтаған. Адамның қосмәнділігі, оны екі мақсатқа жетуге бағыттайды. Оның біріне адам өмірде өзінің қасиетін аша білу арқылы, екіншісіне өлгеннен кейін «мәңгілік өмірдің» рахатына «құдай еркінін қалауымен» жетеді. Дантенің ілімі орта ғасырлық діни көзқарасқа қайшы келіп, олардан қолдау таппады. Адам құдайдың ашса алақанында, жұмса жұдырығында қалатын құлы емес, оны еркі өзінде. Ол дүниедегі болып жатқан оқиғалардың себебін құдайға сілтей салмай, өзінен іздеп, соған жауап береді.

Адам бойындағы  ізгілікті қасиет оның іс-әрекетінен, қызметінен көрініс табады. Адам жанынан  сарқылмас байлығын, құндылығын Данте «Құдіретті комедияда» тамаша жеткізген. Осы шығармада Данте адам өмірінің өткінші, қысқа екендігін еске ала отырып, ол өзінің қабілетін осы жердегі тіршілікте ғана жетілдіре алатындығына сендіреді. Данте адамды асқақ биікке көтерді.

Оны мына жолдардан көруге болады.

Ойла, кімнің ұлысың, қандай жерден таралдың,

Туған жоқсың татуға несібесін тағы аңның,

Ерлік үшін, еңбек үшін, білім үшін жаралдың.

(М. Мақатаевтың  аудармасы).

«Ізгілікті  адамның» тағдырын Данте білімге  деген құштарлықпен байланыстырады. Егер Данте гуманистерде рухтандырып шабыт берсе, шын мәнінде гуманистердің қозғалысы Ф. Петраркадан басталады.

«Гуманизмнің  атасы» Франческо Петрарка (1304-1374) адамның  ішкі-рухани дүниесіне, инабаттылығына, бірегейлігіне (индивидуальность) көңіл  аударды. Өзінің «Менің құпиям» деген еңбегінде адамның қайшылыққа толы ішкі дүниесіне үңіліп одан шығудың жолдарын қарастырады.

Әсіресе XV ғасырдың гуманисі Пико делла Мирандола (1463-1494) айрықша көзге түсті. Кең таралған «Адамның намысы туралы сөз» және «Астрологияға қарсы» деген шығармаларында адамды дүниенің кіндігі деп білген. Ол адамды шырқау биікке көтерді. Құдай адамды азат етіп жаратқаннан кейін, оның еркі өзіне тиді.

Адам табиғатын  құдай жаратқанмен адамдық қасиеттерін  адам өзі қалыптастырады. Адамның бақыты өзінің қолында . «... Жерде адамнан асқақ ештеңе жоқ, адамда ақылменен жаннан асқақ ештеңе жоқ». Адам рухының ғажайыптылығы оның еркіндігінде. Адам өз еркімен өз тағдырына жол табады. Ол төмендеп хайуан тіршілік жасауы да, биіктеп періште де болуы мүмкін. Адам өз тағдырын өзі шешетіне кәміл сеніп, ұғынған сайын, оның табиғатқа деген үстемділігіде арта бермек.

Жаңғыру дәуірінде  адамның құндылығы ерекше бағаланды. Антика дәуірінде де, орта ғасырда  да адамға деген ықылас дәл осындай  болмаған еді. Осы дәуірде адамның жеке басының бірегейлігі, даралығы, ерекшелігі, ақын-жазушылар мен суретшілердің негізгі тақырыбына айналды. Ұлы ақындар мен суретшілер Петрарка мен Данте, Рафаэль, Боттичелли, Леонардо да Винчи және тағы басқа өнер қайраткерлерінің Ренессанс дәуірінде шығуы кездейсоқ емес еді.

Қарастырып  отырған дәуіріміздің өзіндік қол  таңбасы бар философы Николай  Кузанский(1401-1464) адамды «микрокосм» идеясын пайдаланып қарастырған. Микрокосм идеясы антика философиясының алғашқы кезеңінде кең тарағанын біз білеміз.Кузанскийде «микрокосм» қоршаған бүкіл табиғат дүниесін өз бойына дарытып жинаған. Адам әлемнің, универсумның бейнесі дей отырып Кузанец осы идеяны әрі қарай дамытады. Адам «кіші дүние», универсум, әлем - «үлкен дүние», ал құдай - «максимальды кең дүние» дей келіп, «кіші – үлкенге ұқсас, үлкен – (кең) максимальды дүниеге ұқсас» деп Кузанец адамды әлеммен, құдаймен теңестіреді. Кузанец адамды «құдайдың бейнесі» деген ұғым арқылы оның мәнін жоғарылатады. Адамды құдайға телиді. Адам құдай екенін Христостан көруге болады. Христос, толысқан максимальды адам. Сондықтан адамды Христос деңгейіне көтеріп оны жаратылған деуге негіз бар. Осылай түсінетін болсақ дүние жоқтан жаралмаған, себебі құдай дүниенің сыртында емес онымен бірге. Дүниенің үйлесімділігін адамнан көреміз. Адамның ой еңбегімен айналысады және өнерлі жан, сондықтан ол «екінші құдай» болуға лайықты. Сонымен Кузанский адамды құдаймен табиғаттың жетілген көрінісі деп қарастырып пантеистік (табиғат пен құдайды қабыстыру) көзқарасқа біраз жақындығының нышанын байқатты. Осы көзқарасты, кейіннен Д.Бруно дамытқан болатын.

Адам туралы келелі ой айтқан, осы заманның көрнекті өкілінің бірі, Николло Макиавелли (1469-1527) еді. Италиянның қоғам қайраткері, тарихшы Н.Макиавелли адам бағытын, іс-әрекетін түсіндіруде діни қағидалардан өзін аулақ ұстады. Ол адам әрекетінің қозғаушы күші – мүдде, ықылас деп білді. Адам барға қанағат қылмай, байлығын үстемелеуге мүдделі. Олар әкесінің өлімінен көрі байлығынан айырылғанына қайғырады. Адамдар туралы айтарымыз, олар қайырымсыз және тұрақсыз, екі жүзділікке, алдауға бейімді, оңай олжа табуға құштар дей келе Макиавелли адам табиғатының өзімшілдігіне тұсау боларлық мемлекеттік ұйымдардың қажеттілігін дәлелдейді. «Патша» атаулы еңбегінде Макиавелли мемлекет құдайдың ісі емес, адамның ісі дейді. Мемлекет кемелдене, дамудың шегіне, биігіне жеткеннен кейін, қайта құлдырайды, сөйтіп мәңгілік айналысқа түседі. Айналыс – тағдырдың ісі, немесе құдай ісі. Тағдырды, Макиавелли қажеттілік деп те атайды. Тарих, саясат тек «уақыттың өтуі» емес, ондай «тағдыр», «қажеттілік» бар ортада адам іс-әрекет жасауға мәжбүр. Сондықтан адам қызметінің табысы, жетістігі осы тағдыр – қажеттілікке тәуелді болуымен қатар, соған икемделе оның тегеурініне мойымай әрекет етуіне байланысты. Әрине тағдыр қуатты күш, осы өмірге келгендер ертеме, кешпе оны сезетін болады, және одан қашып құтыла алмайсың дейді Макиавелли «Тағдыр туралы» поэмасында. Сонымен бірге «тағдыр – құдайға» қарсы тұруға болады. «Тағдыр» біздің іс-әрекетіміздің жартысын басқарады да, қалған жартысын адам өзі басқарады. Адам тағдырға білімімен қатар өзінің күш – қуатын, еркін қарсы қоя алады деп осы күштерді Макиавелл «вирту» (virtu) – ерлік деп атайды. «Ерлік» деп мақсатқа, табысқа жету үшін керек табандылықты, ынтаны, белсенділікті, күш – қуатты айтады. Адам тағдырдың тәлкегіне көне бермей, оның алдын алып амалын тауып қарсы тұра алады. Оған жетерлік қабілет адамда бар.

Информация о работе Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия