Философия – адам іс-әрекетінің түрі
Лекция, 01 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Философияның пайда болына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Бұл кезеңді Ясперс өзекті уақыт (осевое время) деп белгілейді. Хронология жағынан бұл уақыт б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Философия лекция.doc
— 618.00 Кб (Скачать документ)Лекция материалдары
Лекция №1
1. Философия – адам іс-әрекетінің түрі.
Философияның пайда болына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Бұл кезеңді Ясперс өзекті уақыт (осевое время) деп белгілейді. Хронология жағынан бұл уақыт б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады. Адам радикалды мәселелер қоя бастады, түсінік іздеді, жанды құтқару жолдарын іздестірді. Адам мүмкіндігінің шекарасын пайымдай отырып, өзіндік сананың тереңдігі мен трансценденті дүниенің тұңғиығының абсолюттілігін түсіне бастайды.
Бұның бәрі рефлексияның арқасында мүмкін еді. Сана өзін-өзі тани бастады, ойлаудың объектісі ойлаудың өзі болды. Рухани тайталас басталды, әркім өз пікірін басқаға жеткізуге тырысты, өз идеяларының дәйектілігін аргументеуге тырысты. Қарама-қарсы пікірлер сыналды. Пікір таластар, рухани саланың жікке бөлінуі, олардың қайшылықтары мен өзара байланыстары жайбарақат өмірді сергілтіп, қозғалыс тудырды, рухани хаос алаңдаушылық тудырды.
Осы дәуірде негізгі категориялар қалыптасты, ол категориялармен біз осы күндерде де пайдаланамыз. Нағыз сол уақытта адам өмірін анықтауда әлі күнге дейін күшін жоймаған әлемдік діндер қалыптасты. Бұл процесстер көп адамдардың бұрын санасыз қабылданған әдет-ғұрыптарға көзқарастарын өзгертті. Бұның бәрі тоғыса келе шексіз таным процесіне ұласып кете берді. Философияның тақырыптық мәні қоғам дамуының барысында дамып отырды. Философияның мазмұны да эволюцияға ұшырайды. ХХ ғасырдың кейбір ғалымдары философияға нақты анықтама беру мүмкін емес деп есептейді.
Философия мифологиялық
- Қолайлы табиғи жағдай негізінде қол жеткізген мәдениеттің даму деңгейі.
- Дұрыс білімдердің жинақталуы, бұл білімдерді жүйелеуге қажеттіліктің тууы.
- Абстрактілі ойлау қабілетін қалыптастыруға жағдайлардың тууы.
- Рухани өмірде шығармашылық бәсекелестіктің, сөз жарыс атмосферасының орын алуы.
Философиялық білімдердің ерекшеліктері.
Философиялық білімдер мынадай сипаттармен ерекшеленеді:
- Философия реалды шындық туралы жалпылама білімдер болып табылады.
- Философия адам және әлем қатынастарын қарастырады.
- Философиялық білімдер адам және дүние туралы тұтас білімдер болып табылады.
- Философиялық білімдер дүние танымдық сипатта болады және мәңгілік сұрақтарды көтереді, талқылайды.
Философияның күре тамырын
Философияның міндеті ғылыми-
- Адамның еркіндігін паш етеді.
- Адамның дүниеге көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.
- Танымдық қызмет атқарады.
- Методологиялық қызмет атқарады.
- Рухани құндылықтарға бағдарлау қызметін атқарады.
- Болашақты болжау қызметін атқарады.
Философияның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыстың субстанциясы бар ма? Табиғат заңдары бар ма, әлде біз олардың бар екеніне тек сенеміз бе? Қозғалыс, кеңістік, уақыт деген не? Осы сияқты сұрақтарды онтология бөлімі қарастырады.
- Натурфилософия (табиғат философиясы).
- Гносеология – таным туралы ілім. Адам дүниені тани алады ма? Ақиқат дегеніміз не? Ақиқаттың өлшемі қандай? Бұл мәселелер гносеология бөлімінде қарастырылады.
- Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
- Антропология
- Тарих философиясы.
- Саясат философиясы.
- Дін философиясы.
- Құқық философисы.
- Мораль философисы
- Өнер философиясы.
- Құндылықтар философиясы (аксиология).
Философиялық дүниеге көзқарастың мәні.
Философия пәнінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері туындайды. Ол адамзаттың рухани тәжірибесі үшін мақызды үш қабатта көрініс табады. Бұлар-Ақиқат (ғылым мен идеология); Ізгілік (мораль мен дін) және Әдемілік (әр түрлі түрдегі, формадағы өнер).
Философия осы үш қабаттың өзара қабысу шегінде тұрады. Ол оларға сүйенеді, солар арқылы өз бойына адамзаттың рухани мәдениетінің барлық қасиеттерін сіңіреді.
Дүниетаным дегеніміз – адамды, тарихты, әлемді, байланыста, біртұтастықта, біріне-бірін кірістіріп, жинастырып қарастыратын көзқарас. Кез-келген пән қажетті ақпаратты бере отырып, әлемнің салыстырмалы әмбебап үлгісін көрсетеді. Ал философия ойлаудың болмысқа қатынасының түпкі тамырын негіздерін зерттейтін болғандықтан, ол қоршаған ортада нақты ішкі жағынан біртұтас, жалпы көзқарасты қалыптастырады.
Философия-жүйеленген дүниетаным. Тарихта әлеуметтік өмірді, дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті өзгерістерге ұшыратып отыратын ірі идеялық қозғалыстар, кең көлемдегі діни-мистикалық жаңарту ағымдары көп болған.
¬азіргі уақытта мұндай процестердің кей орын алғандығы соншалық, оның ерекше қарқыны туралы атап айтуға тура келеді. Бұл философияның қоғамдық маңызын жоғарылатады, өйткені белгілі бір дүниетанымға негізделмеген қоғамдық белсенділік өте қауіпті. Жеке адамның еркімен дүниетанымның өзгертушілік күші іске асып, қоғамдық мақсаттың орындалуы мүмкін емес.
Адам әр уақытта заттар мен құбылыстардың түпкі мәніне бойлауға тырысады. Әсіресе, бұл балаларға тән қасиет. Өйткені олар мынау не, неліктен деген сұрақты өте жиі қояды. Мысалы: неге жаңбыр жауады, ал қар түседі?
Дүние күрделенген сайын философияның қоғамдағы маңызы арта түседі. Оның бірнеше маңызды себептері бар:
- Әлемнің ірі
жетістіктері философиялық
- Қазіргі өркениетте орын алып отырған діни өрлеу философияға, оның дүниетанымдық мүмкіндігіне тағы да көңіл аударып, оны кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашуда. Өйткені әр түрлі діни көзқарастар мен ізденістер өзара сұхбаттасып, ұшырасу процесінде бұрын онша мән беріле қоймаған тосын жағдайлар туғызып, философиялық талдауға кең өріс бере бастады.
- Антропологиялық
өрлеу, яғни адамды, онық мәні
мен табиғатын философиялық
Лекция №2
Ежелгі дүние философиясы.
Жоспар:
- Ежелгі Қытай философиясы.
- Ежелгі Үнді философиясы.
- Антикалық философия.
Мына сұрақтарға жауап бері керек:
1.Ежелгі Қытайдағы
философиялық мектептердің
2.Ежелгі Үнді философиясындағы философиялық мектептер.
3.Ежелгі Грек және Рим философиясы.
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, философия саласын
- Қолайлы табиғи климат жағдайларының әсерімен орын алған мәдениеттің жоғарғы деңгейі;
- Иероглиф негізінде жасалған жазудың қалыптасуы;
- Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымдарындағы абыздар тобының болмауы;
- Рухани өмірдегі бәсекелестік, сөз бостандығы, шығармашылық құбылыстарының орын алуы;
- Қытай білімінің классикалық кітаптарының қалыптасуы.
Ежелгі қытай философиясының
қайнар көздері ретінде
- Ши цзин (б.д.д. ХІ-YІ ғ.ғ.) (жыр кітабы) – ежелгі халық поэзиясының жинағы;
- Шу цзин (б.д.д. 1 мыңжылдықтың басы) (Тарихи аңыздар кітабы) – ресми құжаттардың жинағы;
- Ли
шу ( б.д.д. ІY- І ғ.ғ.) ( Дәстүрлер
кітабы) – діни және саяси рәсім,
салттарды жүргізу
- Чунь цю (б.д.д. YІІ- ІY ғ.ғ.) (Көктем және күз кітабы) – Лу мемлекетінің хроникасы (жылнамалар);
- И цзин ( б.д.д. ХІІ- YІ ғ.ғ.) (Өзгерістер кітабы)
Философиялық тұрғыдан
Каноникалық текстерді 64 гексаграммалар
құрайды. Әр гексаграмма
Аталмыш 8 триграммалардан құралған 64 гексаграммаларды мантика және философия тұрғыларынан қарасытыруға болады: мантика болжау өнері ретінде ақыл-кеңестер, ұсыныстар арқылы көрініс тауып, ашық, анық түрде орын алады, ал философия жасырын турде берілгендіктен, өз мәнін ашуды талап етеді. “И цзин” кітабындағы философияны инь мен ян туралы ілім сипаттайды. Ежелгі Қытай мифологиясында әлемнің екі негізгі бастамаларын (рухтарын) білдіретін инь мен ян ұлы шығарма беттерінде ұғымдық түрге ие болады.
“Инь” сөзінің мағынасы таудың, жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, “ян” сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:
Инь тобы |
Ян тобы |
Қараңғы ЖерӘйел Төменгі Ай Ішкі Салқын Белсенді емес, енжар Тыныштық және т. б. |
ЖарықАспан Ер Жоғарғы Күн Сыртқы Жылы Белсенді Қозғалыс және т. б. |
“Инь” мен
“Ян” екеуінің дуализмі мен
өзара әсері бүкіл әлемдік
құбылыстардың мәнін
Инь мен янның өзара байланыстарын, қатынастарын, мызғылмас бірлігін тайцзы (ұлы шек) ұғымы көрсетеді. Ол графикалық түрде монема арқылы көрініс табады. Аталмыш монеманың мағынасын былай сипаттауға болады:
- Шеңбер шексіз әлемнің символы болып табылады.
- Қара (инь) мен ақ (ян) әлемнің екі қарама-қарсы жақтарын білдіреді.
- Инь мен ян мызғымас бірлікті құрайды: әр янда аз мөлшерде инь болады, әр иньде аз мөлшерде ян болады.
- Ян өз шегіне жетіп иньға өтеді, ал инь өз шегіне жетіп янға өтеді.