Білім беру философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 22:20, лекция

Краткое описание

1. Білім беру философиясы ғылым ретінде
2. Білім беру процесс, нәтиже, жүйе ретінде
3. Білім беру құндылық ретінде
4. Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 Введение лекция.doc

— 514.00 Кб (Скачать документ)

-  Оларға жету үшін әдістерді таңдау;

-  Мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;

-  Білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін шығынадарды болжау;

-  Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау

Болжау  іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді:

- ұжым дамуын болжау;

- тұлға дамуын болжау;

- педагогикалық процесті болжау

Жобалау іскерлігі бұл педагогикалық процестің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асады.

Жобалау іскерлігі құралады:

- Оқыту және тәрбие жолдарын  нақтылау;

- Оларды кезеңдер бойынша негіздеу;

-  Іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;

-  Білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;

- Оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;

-  Ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.

Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу дегенді білдіреді.

Рефлексивті іскерлік құралады:

- Берілген үлгілер бойынша жеткен  нәтижені сәйкестендіру негізінде  бақылау;

- Ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі  негізінде бақылау;

- Нақты орындалған әрекеттерді  талдау негізінде бақылау. 

 

4. Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

 

Сызба 6. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері

 


 

Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады:

- Оқушылардың оқуға деген зейінін  аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту;

- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру  тәсілдерін үйрету;

- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын  қалыптастыру;

- Ынталандыру және жазалау әдістерін  тиімді қолдану.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады.

- Ақпараттық іскерлікті қолдану  барысныда ақпарат көздері білім  беру процесінің мақсаты мен  міндеттеріне сәйкес өңделеді.

- Ақпараттық іскерлік төмендегі  қабілеттерде көрінеді:

- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде;

- Әр түрлі әдістерді қолдана  отырып, оқу ақпаратын беру процесін  дұрыс ұйымдастыруда;

- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты  құрастыруда;

- Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда;

- Оқушылардың оқу материалын  меңгеру деңгейі мен сипатын  оперативті болжауда қолданылады.

Дамытушы іскерлік құралады:

- Оқушының жақын даму аймақтарын  анықтау;

- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру;

- Танымдық дербестікті, шығармашылықты  ынталандыру;

- Жекелеген қабілеттерді дамытуға  жағдай жасау.

Бағыттаушы іскерлігі –  тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.

Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген.

Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.

 

 


Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды.

В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді:

•  Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;

•  Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;

•  Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

•  Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;

•  Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;

•  Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;

•  Адамның құндылық бағдарын көре білу.

Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады:

•  Дұрыс жұмыс стилін таңдау;

•  Оқушылардың зейінін басқару;

•  Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту;

•  Мұғалімнің өз денесін басқаруы;

•  Психологиялық жағдайды реттеу;

•  Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру;

•  Ақпаратты бейнелі жеткізе алу.

 

 

Мұғалім тұлғасын дайындау және қалыптастыру

 

1. Педагогикалық мамандықты таңдау  мотивтері және педагогикалық  іс-әрекет мотивациясы

2.  Педагогикалық білім беру  жүйесінде мұғалім тұлғасының  дамуы

3. Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі

 

1.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі құрамдас бөлігі – мотив және мотивация. Мотивация термині мотив сөзінен шыққан.

“Мотивация” ұғымын ғалымдар “тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты, бағыты, мазмұнын білдіретін мотивтер жиынтығы деп атайды (Н.И.Конюхов).

Мотивация – мотивтер әрекеті процесін, тұлғаның бағытын бейнелейтін, маңызды мотивтер жиынтығынан тұрады, ол іс-әрекеттің құндылық бағдарын анықтайды. Ал мотив іс-әрекеттің неге орындалу керектігін анықтайтын түрткі себептер. Мотив іс-әрекетті орындаудың маңыздылығын түсіндіретін ұғым.

Адамның іс-әрекетті орындаудағы нақты бір мотивтері болады. Сол сияқты мамандық таңдауға белгілі бір мотивтер әсе етеді.

Зерттеуші Е.Климов мамандық таңдауға әсер ететін факторларды былайша көрсетеді:

1. Отбасындағы үлкендердің позициясы

2. Құрбылар

3. Мектептің педагогикалық ұжымы

4. Жеке кәсібіи және өмірлік  жоспар

5. Қабілеттер

6. Қоғамдық танылуға және мойындалуға  құштарлық

7. Белгілі бір кәсіби іс-әрекет  туралы ақпараттың болуы

8.  Бейімділік 

 

Ал тікелей педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері мындай болып келеді:

- Мұғалімдердің ықпал және сүйікті  оқу пәнінің әсері;

- Отбасы және отбасылық дәстүрлер;

- Жұмыс тәжірибесінің болуы 

 

Педагогикалық мамандықты таңдаған студенттер типі:

1) Мұғалім мамандығын таңдауда  мотивінің болуы (сүйікті оқу  пәні);

2) Саналы таңдалған мотиві жоқ студенттер;

3) Ұйымдастырушылық қабілеттері  жоғары студенттер;

4) ЖОО-да нақты педагогикалық  іскерліктері анық байқалатын  студенттер

Мотивтің түрлері де көп. Төмендегі сызбада көрсетілгендей ішкі және сыртқа мотивтер болады. Ал сыртқы мотивтер өз кезегінде жағымды және жағымсыз мотивтер болып бөлінеді. Ішкі мотивтер - бұл адамның ішкі қажеттіліктер мен мақсат-мұраттары арқылы анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығының қоғамдық маңыздылығын түсіну, соның негізінде өз мамандығын жақсы көру ол ішкі мотив болады. Ал сыртқы мотивтер қоғам қойған талаптар мен сыртқы ықпалдардың нәтижесінде анықталады. Сырқты мотивтер қатарынан жағымды сыртқы мотивтердің маңызы жоғары, ал жағымсыз сыртқы мотивтер педагогикалық іс-әрекетті орындауды кедергі кетіреді.  

Сызба 8: Мотив түрлері 

 

 

 

Ішкі мотивтер:

• Мамандықтың қоғамдық және тұлғалық мәнділігі мен маңыздылығы;

• Жұмыстың шығармашылық сиаптына байланысты рахаттану;

• Қарым-қатынас мүмкіндігі, басқаларды басқару және т.б.

Сыртқы мотивтер:

Жағымды сыртқы мотивтер:

• Материалдық ынталандыру;

• Қызмет бабында өсу;

• Басшылықтың, ұжымының құптауы;

• Белделділік және т.б.

Жағымсыз сыртқы мотивтер:

• Жазалау;

• Сынау;

• Қорқыту және т.б. 

 

2.Мұғалім тұлғасын қалыптастыру, оны дайындау өте күрделі процесс. Мұғалім тұлғасын қалыптастыру бірініші кезекте білім беру ордасында, яғни үздіксіз білім беру жүйесінде жүзеге асады.

Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау  және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті. Мұғалімдерді дайындау ісімен орта арнаулы оқу орындары - педагогикалық колледждер және жоғары оқу орындары - институт, университеттер айналысады. Колледжде оқу мерзімі 3 жылға созылса, жоғары оқу орындарында 4-5 жыл аралығын қамтиды. Бұл оқу орындары орта білім беру мекемелерінің мұғалімдерін даярлайды.

Көп деңгейлі құрылымды білім беру мекемелерінің мақсаты:

Тұлға мен қоғамның көптеген мәдени-білім беру сұраныстарын қанағаттандыру үшін білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, өзгермелі экономика және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес маманды жалпы мәдени, ғылыми және кәсіби тұрғыда дайындау.

Педагогтың білім алу ісі екі бағытта жүзеге асады: теориялық және практикалық білім беру. Мұғалімнің игеретін теориялық білімі жалпы 3 блокты қамтиды. Төмендегі сызбадан мұғалімнің игеретін педагогикалық білім беру мазмұнын көруге болады: 

Сызба 9. Педагогикалық білім беру мазмұнының құрылымы 

 

  


 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

Педагогикалық білім беру мазмұны жалпы мәдени блок, психологиялық-педагогикалық және пәндік блоктардан құралады.     

Жалпы мәдени блок – мұғалімнің дүниетанымын дамытады, өмірлік және кәсіби өзін-өзі тануына жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Психологиялық-педагогикалық блок – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі тануына, шығармашылық дербестігін дамытуына бағытталады.

Пәндік блок – нақты ғылыми білім мазмұнын қабылдауға бағытталады. Болашақ қай пәннің мұғалім сол пәннің теориялық негіздерін игереді.

Педагогикалық білім беру мазмұынының негізгі жүйе құраушы элементтерінің бірі – студенттердің педагогикалық практикасы болып табылады.

Педагогикалық практика мазмұны 3 бағыт бойынша құрастырылады: 

- Әлеуметтік-мәдени; 

- Психологиялық-педагогикалық; 

- Пәндік бағыт.

Қазіргі уақытта болашақ мұғалімдеріді даярлауды тиімдендіру мақсатында педагогикалық практика студенттің жоғары оқу орнына түскен оқу жылынан басталып, оқу орынын аяқтағанға дейін жалғасады. Студент өзінің игерген теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдануды үйренеді. 1-3 курстарда студент үздіксіз педагогикалық практикадан өтеді, бұл іс-тәжірибе пассивті түрде болады. Студент-практикант мектеп өмірімен танысып, сабақтарға қатысып, бақылау жүргізеді. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасын, сабақ беру әдістемесін, оқушылар іс-әрекетін бақылап, талдайды. Бұл курстарда ол сынып жеткшісінің көмекшісі қызметін атқарып, оған тәрбие сағаттарын өткізуге көмек жасайды. пән мұғалімінің іс-әрекетімен танысып, күнтізбелік, сабақ жоспарларын жасауды және т.б. меңгереді. 4 курстағы педагогикалық практика белсенді практика болып табылады. Бұл курстарда студент сабақ беріп, сынып жетекшісі қызметін атқарады. Кейбір мамандықтарда белсенді практика 3 курста да басталады. Бұл сол мамандықтың оқу жоспарына байланысты.

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мұғалім тұлғасын қалыптастыру теориялық және практикалық дайындықтарды қамтиды. Мұғалімнің аталған дайындықтары өзара байланыстылықта, жүйелілікте жүзеге асады.

Мұғалім тұлғасының қалыптасуына жоғары оқу орындарында өтетін сабақтардың ықпалы да өте зор. Жоғары оқу орынында студенттер дәріс сабақтары, практикалық сабақтар (семинар), студенттің оқытушымен өз бетімен жұмысы (СОӨЖ) және өзіндік жұмыс түрлерін (СӨЖ) орындайды. Дәріс сабағы ол белгілі бір мәселе, яғни тақырып төңірегінде ғылыми тұрғыда, жоспарлы, логикалық тұрғыда баяндалатын оқыту формасы.

Информация о работе Білім беру философиясы