Артур Шопенгауэр философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2015 в 17:35, реферат

Краткое описание

Неміс философиясының идеалистік бағытының өкілі – Артур Шопенгауэр болып табылады.Ол әсіресе көңілін тарихмлыққа көп бөлген. Оның ойынша тарихилық, диалектика, әсіресе Гегельдің панлогизмі сынға ұшырайтын мәселелер болып табылған және ол осы ұғымдарға қарсы шыққан.Ол Кант ойларына бет бұрып,платонизмді және волюнтаризмді кантшылдықпен байланыстырады.Шопенгауэр өз еңбектерінде көбінесе еріктілікке тоқталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шопенгауэр философиясы.docx

— 22.14 Кб (Скачать документ)

Артур Шопенгауэр философиясы

Неміс философиясының идеалистік бағытының өкілі – Артур Шопенгауэр болып табылады.Ол әсіресе көңілін тарихмлыққа көп бөлген. Оның ойынша тарихилық, диалектика, әсіресе Гегельдің панлогизмі сынға ұшырайтын мәселелер болып табылған және ол осы ұғымдарға қарсы шыққан.Ол Кант ойларына бет бұрып,платонизмді және волюнтаризмді кантшылдықпен байланыстырады.Шопенгауэр өз еңбектерінде көбінесе еріктілікке тоқталған.Ол философияның негізі,арқауы бастамашылық принципі болады деген.Шопенгауэр өзінің «Ерік және түсінік ретіндегі әлем» кітабында ерікке мынадай анықтама берген болатын:ерік – абсолютті бастама,яғни, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың тамыры,қайнар көзі мен түп негізі.Оның ойынша сана қалыптасу үшін ең алдымен түсініктің өзі қалыптасу қажет. Оның бұл идеясы философияның өзі материалистер мен идеалистердің объектісі мен субъектісінен емес санадан қалыптасу керек деген ойдан алған. Ал сана қалыптасу үшін ең алдымен жоғарыда айтып кеткендей түсініктің қалыптасуы шарт деп есептеген.Шопенгауэрдың еңбектерінде объектінің жалпы пішіні заңға негізделуі тиіс және ол заң міндетті түрде дәйекті болуы керек. Ондай заңдарға:

1)болмыс заңы;

2)себептілік заңы;

3)логикалық негіз заңы;

4)мотивация заңы.

Шопенгауэр еңбектерінде романтизмге де үлкен назар аударған. Сол сияқты, мистикаға да қатты қызығып,көңіл бөлген.Алайда Артур Шопенгауэр еңбектері арқылы елге пессимист философ ретінде танымал болған.Себебі ол біздің әлемді өмірдегі барлықәлемдердің ішіндегі ең жаманы деп санаған.   

           Оның негізгі еңбектері:

1)Дүние ерік пен елес;

2)Табиғаттағы еріктілік;

3)Этикалық проблемалардың  бағыттары;

4) Parerga und Paralipomena;

5)Негізгі афоризмдер жүйесі  және т.б                                                                                                                                                      

Артур Шопенгауэрдың танымал еңбектерінің бірі «Дүние – ерік пен елес»  болып табылады.Ол еңбегінде Шопенгауэр дүниені бір елес ретінде қабылдаған және оны абстрактылы түрге тек адам ғана жеткізе алады деген.Осыған байланысты адамда философиялық көзқарас пайда болады. Жоғарыда айтып кеткендей,ол волюнтаризмнің жақтасы болып табылады.Ол адамдардың көзіне көрінбейтін қиыншылықтарды,қайғы мен азапты айқындап көрсетіп берді.Оның ойынша адам өмірі қайғы мен азапқа,әділетсіздікке,күмәнділікке және сол сияқты қиыншылықтарға толы деп айтқан болатын. Дүние деген менің менің елесім әрбір жанды, әр тіршілік иесі үшін күшін жоғалтпайтын ақиқат, тек адам ғана оны рефлективті абстрактілі деңгейіне көтере алады.  Сонда ол:  оның жерді де, күнді де білмейтіні, тек жерді ұстайтын қолы, күнді көретін көзді ғана білетіні. Бұл кітапта тек көрсетілген жағынан ғана елес екендігін көре аламыз. Бұл көзқарас қаншама дұрыс болғанымен, кездейсоқ абстракциядан туындағанын, мұны дүниені елесі деп қабылдауға деген әркімнің іштей қарсылығы. Екінші жағынан, ол ешқашан мұндай болжаудан арыла алмайды.

Артур Шопенгауэр «Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады.» деп өз ойын айтып кеткен болатын. Яғни адамдардың барлығы немесе барлығы болмаса да көбісі писсимистік көзқарас ұстанады деп ойлаған. Тек олар заман ағымына немесе басқа адамдардың ықпалында оптимистік көзқарасты ұстанады деген. Алайда күмәнді ойлар мен азапқа толы адам жаны жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады деген екен. Бірақ сондай болғанның өзінде адам әр уақытта жалғыздықты сүйеді ,себебі жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді деп жазып кеткен болатын.Оның ойынша,жалғыздық бізді көпшілікке тәуелсіз етеді деп айтқан. Соған сәйкес егер адам басқа адамның ойына тәуелді болған жағдайда өз ойын қорыта алмайды. Алайда шектен тыс жалғыз қалған адам үлкен зиян шегуі де мүмкін деп есептеген.Ол бойынша жалғыздық еріктіліктің бастамасы,а ерік:

   - Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және ықпал етуге қабілетті күш.

- Ерік – тіршілік негізіндегі космостық күш.

- Ерік – сана негізіне жатады, заттардың жалпы мәні болып табылады. Әр адамның еркі оның әрекеттерін анықтайтын сиқты, бүкіл әлемнің еркі қоршаған ортының құбылыстарын анықтайды.

- өлі тaбиғaттың да «бейсaнaлық», «қaлғып жaтқaн» еркі бaр;

- - дүние – еріктің жүзеге асуы.

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты деп айтқан да Артур Шопенгауэр болған еді.

Артур Шопенгауэрдың тағы бір еңбектерінің бірі  ол - Уақыт пен кеңестік болып табылады.Ал уақыт пен кеңістік әрқайсысы бір бөлек материясыз көзге елестетіледі, ал материя бұларсыз елестетілмейді. Кеңістік пен уақыттың  материямен алдын ала жорытылуы жай емес, оның мәні екеуінің бірігуінде.  Біз материяның бүкіл мәні себептілікте деп есептейміз, демек бұл жерде де кеңістік пен уақыт бірігуі тиіс. Яғни, ол өз бойында кеңістіктің де, уақыттың да қасиеттерін қатар алып жүруі тиіс, шексіз бөлінушілігін ол екеуінен де алған. Көптеген күйлердің қатар өмір сүруі шындықты құрайды.Сол сияқты уақыт, кеңістік пен уақыттан тыс орналасады: өйткені әрбір жан иесінде әрі айырылмастай орын табады. Сондықтан да бұлардың әрқайсысының өзі, миллиондаған жан иелері секілді, елес хақындағы дүниені объектімен толтырады, ал егер жалғыз деген объект жоқ болса, онда елес хақындағы дүние де ғайып болар еді. Бұлар тіпті ой жүзінде де бөлінбейді, өйткені олардың екінші жартылары арқылы болмысқа ие болады және сонымен бірге өмір сүріп, бірге жоқ болады. Олар бір -   бірін тікелей шектеп, объект басталған жерде субъект аяқталады. Кант тілімен айтатын болсақ, олар біздің санамызда да бар. Бұл Канттың басты және үлкен еңбегі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өркениет пен мәдениет мәселелері                                                                            

Мәдениет және өркениет сөздерін біз көп жағдайда қолданамыз және естиміз.Бұл сөздер бізге түсінікті секілді көрінеді,алайда тереңірек үңілсек бұл сөздердің мағынасы біршама өзгеше.Екі сөздің мағыналары жақын болғанымен екеуінің мәні екі бөлек.Бірақ  оны ғылыми дәлелдеп термин ретінде анықтамасын бере алмайтын тек біздің ел ғана емес ТМД елдері сияқты елдер де бар,яғни бұл ұғымдар қарапайым халықты ғана емес ғалымдардың өзін ойланып толғандырады.Қазіргі уақытта мәдениет пен өркениет туралы қаншама еңбек жазылған. Бірақ солардың барлығы да бір ойға тоқталып,тиянақты бір ойға келген жоқ. Мысалы ,мәдениет сөзінің өзіне 300-ден артық анықтама берілген екен.Ол анықтамалардың барлығының соңғы түйіні мәдениеттің рухани және материалдық құрамының болуы болып табылады.Енді сол анықтамалардың біріне тоқталатын болсақ, мәдениет - адамзат бала¬сының қолымен және ақыл-ойымен жасалған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып табылады.Яғни,қоғамның дамуының белгілі бір үлесін құрайды.Жалпы, мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды, мінезді, дінді ,ділді,тарихты – барлығын байланыстыра отырып бейнелейді.Ол адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын да көрсетеді.Адамның дамуы,интеллекті,жаңа ойларының туындауы барлығы да мәдениеттің арқасында болып жатыр.Мәдениеттің қоғамға берер пайдасы мен үлесі өте зор.Оны зерттейтін арнайы ғылым бар. Ол -  мәдениеттану деп аталады.Бұл ғылым саласы мәдениеттің құрылымын,іші-сыртын зерттейді. Бұдан бөлек мәдениет философиясы деген тағы бір ұғым бар.Ол жалпы,мәдениет қандай болу керек,нені зерттеу керек,немен байланысу керек екенін және даму кезеңдерін зерттейді.                                                                                                     Мәдениет философиясында ғалымдарды мәдениет болашағы толғандырған болатын. Кейінірек келе олар оның болашағын екі бағытқа бөліп қарастырды.Оның бірі Батыс мәдениеті ол Шпенглерден бастау алған.Ол бойынша батыс мәдениеті сынға алынып,оны күннің батуы деп анықтайды. Алайда қазіргі кездің ғалымдары бұл ойды сынға   алып,батыс мәдениетінің күні әлі батқан жоқ деп болжайды.                                                                                          Ал екінші бағыты – әлемнің динамикалық күйде болуы туралы айтылады. Яғни,әлемде қатып қалған өзгермейтін ешнәрсе жоқ екенін ,барлық заттардың,құндылықтардың ауысып тұруы заңдылық ретінде қарастырған. Бұндай жағдайды біз постмодернизм деп атаймыз.Постмодернизмді былай түсіндіруге болады ,мысалы ,  техникалардың одан да жоғары озық технологияларға алмасуын қалыптастырады.Қазіргі заман осы екі бағыттың байланысуын, яғни ,екеуінің ортасынан осы заманға сай бір концепцияны құруды талап етеді.                                                                                              Питердің профессоры А.Кармин мәдениет ешқашан өз шегінен босай алмайды,себебі ол өзін зерттеу үшін басқа да салалардағы мәдениетпен ұштастырылуы қажет деген. Ал олармен ұштастырылмаған немес байланыстырылмаған мәдениет жалпы мәдениет ағымынан сыртта қалады деп қорытындалаған болатын. Бұл – профессордың мәдениет саласына қосқан жалғыз жаңалығы емес. Кармин мәдениетті жоғарыда айтып кеткендей, екі құрамға ғана емес үш өлшемді кеңістікке  бөліп көрсеткен.                                Олар:

1)рухани;

2)әлеуметтік;

3)технологиялық.

Рухани және әлеуметтік мәдениет жалпы адам құндылықтарын,идеалдарды зерттеуге бағытталса,технологиялық мәдениет оларға қалай жету керектігін немесе ол үшін не жасау керек және қалай жасау керектігін қарастырады.Қазіргі уақытта рухани мәдениет пен технологиялық мәдениетті қолдайтын ғалымдар арасында дау-жанжалдар шығып,екі мәдениет арасында соғыс жүріп жатыр.Бұл соғыста технологиялық мәдениет жеңіске жетіп,ол рухани мәдениетке деген теріс,зиянды әсерін тигізіп жатыр.Ал бұл өзгерістер өз алдына қоғамның дамуына да зиянды әсерін тигізіп отыр. Себебі, егер адамдар технологиялық мәселелерге ғана көп көңіл бөліп,тек материалдық игіліктерге қызығатын болса,қоғам рухани жағынан мәдениетсіз болып,даму жолына түспейді.Сондықтан адам болсын,ел болсын,тіпті мемлекет болсын дамуы үшін ең алдымен технологиялық мәдениет емес рухани мәдениет екенін естен шығармау керек. Осымен мәдениет ұғымына сәл ғана тоқталып өтсек те оның мағынасын жалпы түрде түсініп өттік.      Ал енді келесі бір тоқталатын ұғым ол – өркениет. Оның жалпы мағынасы азаматтық,азаматтық қоғам болып табылады. Өркениетті варварлыққа қарама-қарсы ұғым ретінде қарастыруға да болады. Өркениет мәселесі көптеген ғалымдарға қызық болған,бірақ олардың ішінде ең қатты көзге түскендері батыс пен орыс оқымыстылары болып табылады.Олардың айтуынша өркениет бір аймақта тұратын халықтың тағдырларының тарихи байланыстылығы,мәдени жағынан байланыстылығының қауымдастығы деген түсінік берілген. Қазіргі кезде мідениетті зерттейтін мәдениеттанушылар өркениетті мәдениетпен тығыз байланысты ұғым ретінде қарастырады.Мысалы, неміс ғалымы Шпенглер өркениетті мәдениеттің нашарлап,күйреп  кетуінен туындайды деп айтып кеткен болатын. Сондықтан да ол жетілудің нәтижесі емес,мәдениеттің шектелуінен бет алып,содан туындайтын даму деңгейі деген тұжырымға тоқталған.Бұл пікірді көптеген ғалымдар сынға ұшыратып,жоққа шығарған. Өркениет туралы көптеген мәселелерді,яғни,оның дамуын,классификациясын,теорияларын талдауда ағылшын тарихшысы Тойнбиннің 12 томдық еңбегінің маңызы өте зор.Ол еңбегі бойынша өркениетке 21 қоғамды жатқызуға болады. Оның ішіндегі 10 қоғам тәуелсіз өркениет болып табылады. Автордың айтуы бойынша бұл мәселеге жабайы қоғам ұғымы да жатқызылады. Алайда өркениетпен жабайы қоғам арасындағы байланыс өте үлкен болып табылады деген. Себебі,өркениет территориясы кең,халқы көп болады,ал жабайы қоғамның территориясы кішкентай және халық саны аз көлемде болады. Осы тұжырымға сәйкес өркениет жабайы қоғамды асиимиляциялауға байланысты үлкейіп, жабайы қоғам деген ұғым мүлде жойылып кеткен. Бұдан кейін Тойбинстің “Өркениеттің бірлігі” деген концеп¬ция¬ны да дұрыс емес болып шықты.Ағылшын оқымыстысының ойынша өркениет динамикалық,өзгермелі,жылжымалы ұғым болып табылады.Осы ойға қарап біз өркениеттің мәдениетпен тығыз байланыстылығын көреміз, өйткені жоғарыда айтып кеткендей мәдениетте динамикалық өзгермелі болып табылады.Ал олардың үнемі қозғалыста болып,өзгеріп отыруы маңызды. Себебі өркениет пен мәдениеттің дамуы жалпы адамның,ұлттың,елдің, этностың, мемлекеттің дамуының кепілі болып табылады. Қорытындылай келе, мына тіркестерді алып қарайық. “Өркениетті мемлекет” (цивилизованное государство) деп айтамыз. “Мәдениетті мемлекет” деп айтпаймыз. “Мәдени мұра” дейміз. Ал “өркениетті мұра” деп айт¬пай¬мыз. “Мәдениетсіз адам” дейміз де, “мәдениетсіз мемлекет” деп қолданбаймыз. “Өркениетті ұлт” деп отырып “мәдениетті ұлт” демейміз. Мұның мәнісі – өркениет пен мәдениет әрдайым бірдей мағынаны білдірмейді,бірақ әрдайым тығыз байланыста бірге жүреді.

 

 

 

 


Информация о работе Артур Шопенгауэр философиясы