Ғалымның туғаны жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 16:20, реферат

Краткое описание

Сократтың туған жылы әлі күнге дейін белгісіз, ғалымдардың зерттеулері әлі бір шешімге келген емес. Сократтың б.з.б 5 ғасырда туғаны ғана нақты белгілі.. Ол каменотес жанұясында дүниеге келген. Бұл мамандық еркін болып табылған, өйткені әкесі еркін болған, яғни біреуге құл болмай, өзіне ғана еңбек етіп, бос уақыты көп болды. Кедей болып тұрмаған, бұны Сократтың 40 жасында әскерге барлық құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілгені дәлелдейді. был Ежелгі қоғамда толық жетілген әскер болмаған, сондықтан әр жауынгер майданға өз атымен келіп, толық жабдықталуы керек болатын, ал бұндай жабдықтар өте қымбат тұрған. Сократ шешесі повитуха болып жұмыс істеген, жақындағы үйлер мен қоныстар әйелдерін босандырып жүрген. Сол кездері әйелдер өте көп бала тапқан, өйткені өмір сүру ұзақтығы тым қысқа болатын. Болашақта Сократ өзінің де босандыруға қатысқандығын айтады, тек әйелдерден емесе, еркектерден. Сократ арқасында олар қиналып барып өз жандарынан бір ойларды тудыра алды. Обучал Сократты сол кездегі Периклды оқытып жүрген, атақты философтардың бірі - Анаксагор оқытқан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Каз сократ.doc

— 109.00 Кб (Скачать документ)

 

Ғалымның туғаны жайлы

 

Сократтың туған жылы әлі күнге дейін белгісіз, ғалымдардың зерттеулері әлі бір шешімге келген емес. Сократтың б.з.б 5 ғасырда туғаны ғана нақты белгілі.. Ол каменотес жанұясында дүниеге келген. Бұл мамандық еркін болып табылған, өйткені әкесі еркін болған, яғни біреуге құл болмай, өзіне ғана еңбек етіп, бос уақыты көп болды. Кедей болып тұрмаған, бұны Сократтың 40 жасында әскерге барлық құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілгені дәлелдейді. был Ежелгі қоғамда толық жетілген әскер болмаған, сондықтан әр жауынгер майданға өз атымен келіп, толық жабдықталуы керек болатын, ал бұндай жабдықтар өте қымбат тұрған. Сократ шешесі повитуха болып жұмыс істеген, жақындағы үйлер мен қоныстар әйелдерін босандырып жүрген. Сол кездері әйелдер өте көп бала тапқан, өйткені өмір сүру ұзақтығы тым қысқа болатын. Болашақта  Сократ өзінің де босандыруға қатысқандығын айтады, тек әйелдерден емесе, еркектерден. Сократ арқасында олар қиналып барып өз жандарынан бір ойларды тудыра алды. Обучал Сократты  сол кездегі Периклды оқытып жүрген, атақты философтардың бірі - Анаксагор оқытқан.

Сократ шамамен б.д.д 469-399 жж. өмір сүрген. Жазбаша еңбектер қалдырмаған, диалог ретінде ауызша сөйлеген. Платон, Аристотель еңбектері арқылы жеткен. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы белгілі бір  мәселе туралы жаңа білімге келуге тырысты (мысқылдау арқылы). Сократ  былай деп айтқан: - адамдар баюға, жұмыс бабында көтерілуге, мемлекетті  басқару ісіне араласуға т.б құмартпаулары керек, керісінше, «өз қамыңды өзің ойлап», өзіңді өзің өнегелік, интеллектуалдық жағынан көтер, осында адамдарға философия көмек береді.

Өмірінің соңғы кезінде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды деген кінә тағып, у ішіп, өлу керек деген үкім шықты. Сократ өз көзқарастарынан кері қайтпай, өз пікірін дәлелдеу үшін, елден қашпай б.д.д 399 жылы у ішіп, ізбасарлардың алдында өледі. Сократтың «эр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана» деген қағидасы бар.

Рақымшылық  пен бақыт туралы ілімдері б.з.д 5-6 ғғ. Кең етек алған 2 философиялық мектептің – киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.

 

 

 

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ СӨЗ  
(Сократ хакімнің сөзі) 
 
Бір күні Сократ хакім бір Аристодим деген ғалым шәкіртіне құдай табарака уа тағалаға құлшылық қылмақ турасында айтқан сөзі. Ол өзі құлшылық қылғандарға күлуші еді. 
- Әй, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты? - деді. 
Ол айтты: 
- Толып жатыр, қазірет. 
- Бірінің атын аташы, - дейді. 
- Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сыйпатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын, - деп, соған ұқсаған неше онан басқа өнерлері әшкере болған жандарды айтты. 
- Олай болса, кім артықша ғажайыптануға лайықты: жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме? Я жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? - дейді. 
- Соңғысы лайықты, - дейді, - бірақ ол жаратушы жаратты, өздігінен кез келіп, солай болып кетпей, басынан біліп істеген хикметімен болса, - дейді. 
- Жә, пайдалы нәрсе дүниеде көп, бірінің пайдасы көрініп, білініп тұрады. Кейбірінің пайдасы анық білінбейді. Соның қайсысын хикмет көресің? - деді.  
- Әрине, әшкере пайдаға бола жаратылғанын хикмет десек керек деймін, - дейді. 
- Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой. Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік? Ол көз өзі нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан қаға берсін болуы үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып тұруға керек болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззаттанып хабар ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде не тәтті, не қатты не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе? 
Көзді, мұрынды ауызға жақын жаратыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, иісін біліп, ішіп-жесін деп. Бізге керегі бар болса да, жиіркенерлік жері бар тесіктерді бұл бастағы ғазиз білімді жерімізден алыс апарып тесіпті, мұның бәрі хикметпен біліп істелгендігіне дәлел емес пе? - депті. 
Сонда Аристодим тахқиқ ойлап тексергенде, адамды жаратушы артық хикмет иесі екендігіне һәм махаббатыменен жаратқандығына шүбәсі қалмады. 
- Олай болғанда және не ойлайсың, һәмма мақұлыхатты жас балаларына елжіретіп, үйірілтіп тұруын көргенде уа һәмма мақұлыхаттың өлімін жек көріп, тіршілікте көп қалмақшылығын тілеп, ижтиһад қылуын көргенде, өсіп-өнуінің қамында болудан басқа істі аз ойламақтары - бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін. Солардың бәрін жаратқанда көңілдерін солайша ынтықтандырып қойғандығы һәм мұның бәрі жақсы көргендігінен екенін білдірмей ме? - дейді. 
- Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың? - еді. - Адамның денесі өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды, - дейді.  
Ол айтты: 
- Тахқиқ бұл айтқаныңның бәрі рас, жаратушы артық ақыл иесі екендігі мағлұм болды. Ол құдайдың ұлықтығына іңкәрім жоқ. Бірақ сондай ұлық құдай менің құлшылығыма не қылып мұқтаж болады? - деді. 
- Ей, Аристодим! Қате айтасың. Мұқтаж болмағанда да, біреу сенің қамыңды жесе, сенің оған қарыздар екендігіңе де ұстаз керек пе? - деді. 
Аристодим айтты: 
- Ол менің қамымды жейтұғынын мен қайдан білем? - деді. 
- Жә, олай болса һәмма мақұлыққа да қара, өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ. Хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара. Адам екі аяғына басып тік тұрып, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты һәм өзге хайуандарды құлданарлық, пайдасын көрерлік лайығы бар. Хайуанның бірі аяғына сеніп жүр, бір өзіңдей хайуанды құлданарлық лайығы жоқ. Адам өзі өзіне сенбесе, адамды да хайуан секілді қылып жаратса, ешнәрсеге жарамас еді. Хайуанға адамның ақылын берсе, мұнша шеберлік, мұнша даркарлік, бір-біріне ғылым үйретерлік шешендік салахият ол денеге лайықты келмейді. Қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бұл ғажайып ақылды және ғажайыппен жасаған денеге кіргізіп, мұнша салахият иесі қылғаны хиқметпенен өзге хайуанға сұлтан қылғандығына дәлел емес пе? Ол дәлел болса, адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екені мағлұм болмай ма? - депті.

 

 

 

 

 

 

Негізінен Сократтың жалғыз әрекеті – сұрақ қою болып табылатын. Сократ меңмеңшіл, барлығын білем деген адамдарға сұрақ қою арқылы шатастырып, бұл қасиеттерінен арылтуды жақсы көрген. Сократ өзін қарапайым адам деп көрсеткен, өзінің тыңдарманына мысқылдап, арам ойсыз күліңкіреп қана отыратын. Бұндай сұрақ – жауап түріндегі әдәсә сол замандағы философиядағы Сократтың жаңа тәсілі болып табылатын. Бұл арқылы әлем туралы түсініктерді бұзуға оңай болатын. Әрине, «сұрақ – жауап» ретіндегі диалог формасы басқа философтармен де қолданылатын. Алайды, мысалы сопылықтар дауласу процесін көздесе, Сократ дауласудан нәрсенің болмысын анықтауды және шындыққа жетуді көздеген.

Натурфилософтарға қарағанда Сократ табиғат, ғылым, құдайлар жайлы емес, ең біріншіден, адамның ақыл – ойы, санасы, жаны, саясаты, эстетика туралы сұрақтар қарастырған. Сол үшін де оған жастардың көзқарасын бұздың, құдайларды жоққа шығардың деген айып тағылған.

Сократ негізінен ең алғашқы болып адам және оның болмысына көңіл бөлген. Ол жақсылық пен жамандық, әділет пен заңның не екенін білуге ұмтылды.

 

Сократтың әдістері

 

1 Индукция (Бағыттау)

Платон «Сократ апологиясы» атты еңбегінде өз ұстазының келесідей ойын көрсеткен: келіншек ғажап болуы мүмкін. Алайда ғажап деген не? Мәселен жылқы да ғажап болуы мүмкін. Сондықтан ғажап, әдемілік деген не?.... Бұндай сұрақтарды қою арқылы шындықты іздеудің индуктивті - дефиноторлы әдісі пайда болды.

Индукция – нәрсенің әр қилы жақтарынан қарастырып, әр түрлі көзқарастар мен процестерді қарастыру арқылы шындыққа жету Сократтың философиялық әдістерінің бірі. Яғни, қарама – қайшы көзқарастарды шағылыстыру арқылы дұрыс ойға бағытталуы.

 

2 Майевтика

Сократ өте қарапайым адам болған. Жай ғана адамға ұқсап, қарсыласына жақсы білетін сұрақтарды қояды, ол жауап қайтарған соң, тағы бір сұрақ қояды. Осыдан кейін қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезе Сократ қарсыласын меңмеңшіл сезімін жоққа шығарып, енді онымен бірге бұл мәселені айқындап, оған түсініктеме беруге тырысады. Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіңдеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келген нәресетнің қабылдау өнері) деп атаған.

Майевтиканың мақсаты  - қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғымды қалыптастыру. Бұны қалай қалыптастыру керек екенін қарсыластары білмегендіктен, ол «Мен өзімнің түк білмегендігімді білемін» қағидасын философиясының негізгі қағидасы деп қарастырған. Одан екінші қағидасы пайда болған: «Өзіңді өзің танып біл». Өзіңді өзі танып білу дегеніміз - өзіндік қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру.

Сократ түсініктерінен кейін қарсыласы өзінің анық білген түсінігі бұлыңғыр болып, ары қарай  түсінікті қажет етті.

Майевтика - Сократтың жауабы белгілі сұрақтарды (наводящие вопосы) қою арқылы шындыққа жетуге әкелетін сөйлесу диалогтарын жүргізуі. Яғни, адамдардың шындықты «тударуына» көмектескен.

 

3 Ирония

Сократ өзінің сұрақтарын ирониямен, мысқылдаумен қойып, қарсыласын өзәнің «түк білмегендегімен» қызықтырған. Алайда бұндай мысқылдаған әдіс әр адамға ұнай берген жоқ.

Грекше (ирония – сөздер ойны, мысқылдау)

Сократ адамдардың меңмеңшіл, қатып қалған ойларға күлген. «Өзімнің түк білмегенімді білем» деген сөзі ирониямен айтылған.

 

4 Диалектика

Сократ философиясы жағымды шындықты іздеуге бағытталған. Сопылықтар - әдемі сөйлеуге көбірек бағытталса, Сократ жағымды шындыққа жету үшін бұны бекітуге асықпығын. Диалектика объективті шындықты іздеу арқылы Сократты басқа философтардан ерекшелеген.

 

 

 


Информация о работе Ғалымның туғаны жайлы