Yлттық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 20:01, шпаргалка

Краткое описание

1.Ұлттық тәрбиенің субьектілері ретінде жастар,студент жастар оларға сипаттама. 2004 ж 7 шілдеде ҚР-ның жастар саясаты тұжырымдамасы іске асады.Тұжырымдамада Қазақстан жастары деп 14-29 жасқа дейінгі азаматтарды айтады.Студент жастар деп-өзіндік мақсаттары,өмір сүру ортасы,ерекше еңбек реті,әлеуметтік жағдай және психологиясы,бағдарлар жүйесі болатын жастар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ult_tarbie.docx

— 123.08 Кб (Скачать документ)

(67) Жастар қылмысының ерекшеліктері Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселеБұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ұшығуының тағы бір себебі: жастардың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге еліктеуі мен ішімдік ішулері. Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс  бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.

Жалпы жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, соны-мен қатар, отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қыл-мыс қашан  да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыз-дың ары  қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң  жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жас азаматтардың көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен  екенін байқатады. Бүгінде түрмеде  отырған азаматтардың 70 пайызы жас  адамдар. Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар  тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы  зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, көлік айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау, т.с.с. қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке  тартылады. Соңғы кезде аталған  қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық  істер бойынша жәбірленушілер құқық  бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады. . Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.  Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

(68) Жастардың  субмәдениеті мәселелер  «Жастар субмәдениеті» дегеніміз жеке адам дамуының өтпелі сатысы, жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады, белгілі бір субмәдениет өкілдері киген киіммімен, сөйлеу мәнерімен, жаргондары және айрықша әуестенулерімен ерекшеленеді және үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылықты білдіретінін көрсетеді. Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен байланысты, яғни ең алдымен, ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс бағытта дамуы қиынға соғуда. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет ( сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады. Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:  
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу  
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану  
3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау  
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді  
5. Криминалдың әсер етуі  
6. Мода қуу  
7. Батыстық бейнеге еліктеу  
8. Өмірлік мақсаты болмау  
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.  
Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер  
3-ке жіктеледі:  
1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.  
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.  
3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.  Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Мәселен, готтардың келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Олардың өзiндiк символы – қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейдi екен. Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi, олар өздерiнiң тамырларын кесiп, тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгiме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар.

(69) Жыныстық  әлеуметтік – жауапкершілік мәдениетін  қалыптастыру мәселелер.  Жыныстық тәрбие мен махаббат мәселесіне бабаларымыз ерте кезеңде де аса көңіл бөлген. Оны ата заманнан келе жатқан мына мақал-мәтелдер растайды: «Қызың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе қызы жақсымен ауылдас бол»; «Ар алдында биік бол» т.б. Халқымыз ер балаға ертеңгі ошақ мурагері, қыз балаға - ұрпақ таратушы деп қараған. Махаббат адамзатпен бірге жаралып, адамзатпен бірге өлетін мәңгілік әңгіме.  
«Баланы жастан» деген халқымызда аталы сөз бар. Бала ақыл-есі толып, оң-солын ажыратқанша естігеніне, көргеніне еліктегіш, бейімделгіш келеді. Қазақта «Ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде», деп баланы әке мен ана өз қарауларына бөліп алады. Мұның себебі, қыздың өсе келе шешеге бейімделуі, ұлдың- әкеге бейімделуі. Жасөспірімдік, жыныстық жетілу кез ұл мен қыз «әкесін көріп оқ жонуға, шешесін көріп тон пішуге» бет алатын кезі. Ұл мен қызға жақсы өнегелі тәрбие беруі үшін ең алдымен ерлі-зайыптылар сыйласымды, салауатты болуы шарт. Анасы аяулы, әкесі ардақты жеткіншек әдепсіздікке бара қоймайды. Ерте кезден-ақ, қазақи тәлім-тәрбие баланы адамгершілікке, адалдыққа, махаббат ғаламында баяндылыққа, шынайы ғашықтыққа жетелеген.  
Қазіргі таңда жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделеді.  
Жыныс тәрбиесі бағдарламаға сай мыналарды орындай жүргізіледі:  
жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау адамға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады; ересектер өміріне жастарды дайындайды; отбасы құндылықтары “отбасына деген табынушылық” және халқының қатынас - өрбіту саулығының негізі екендігі туралы  ой бойларына сіңдіріледі.  
Жыныс тәрбиесі үрдісінде жастар қажетті білім қорын алады, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін жетілдіреді және оларда өзін-өзі сыйлайтын мінез қалыптасады; денсаулығын бағалай білетін болады; көпшіл, икемді болуға ыңғай танытады; жыныстық бейіл - әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейілі тегі бір дүние емес екенін ұғатын болады; өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілігі артады; өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туындайтын жүз қарытар салдардан қорғау қажеттілігі туындайды. 

70.«Жезөкшелік»Нарықтық қоғамда ақша көп рөл атқарып жатқаны жасырын емес. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» деген қағида халықтың санасына сіңіп кетті. Ал ақша бар жерде ластық, зорлық-зомбылық бар екенін біле бермейміз. Мәселен, жезөкшелік осыған байланысты туындаған. Ежелгі қазақ «Өлімнен ұят күшті» деген. Бұл мақал да адамгершілік қасиетке бағытталған-ды. Қазір қоғамымызда ар-намыс та, адами қасиет, ұят та қалмай барады. Көшеде тізіліп тұрған қыздарды көру үйреншікті болып кетті. Оған әй дейтін қожа жоқ. Тұрғанына қысылмайтын нәзікжандылар өз «қызметтерін» көрсетуге сақадай-сай дайын тұр. Осындайда атам қазақтың «Қызға – қырық үйден тыйым» деген ырымы еске түседі. Азғындаған қоғамда қыздардан бөлек, ерлер де бүлініп бара жатқаны жасырын емес. Жалпы, «түнгі көбелектердің» азаймай отыруына кім кінәлі?Шығысым Батыс боп кетті ме? Қазақстанда, сырттан келгендерді қоспағанда, кей ақпарат көздерінің көрсетуінше 10 мыңнан астам жезөкше бар.Біздің елімізде жезөкшелер заңдастырылмаған. Өйткені бұндай харам әрекет дінімізге мүлдем қайшы. Ал кейбір Еуропа елдерінде арнайы жезөкшелер үйі жұмыс жасайды. Осыған сай, заңдастырылған мекеме үкіметке салық төлейді, сондай-ақ медицина және заң саласының өкілдері сол жерді құзырлықтарына алып, биік талап деңгейінде жұмыс істейді. Ал протестанттардың бір тармағы жезөкшелікке көзді жұма қарайтын сыңайлы. Соңғы кезде кино, көркем әдебиет, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жезөкшені барынша жағымды кейіпкерлер етіп көрсету фактілері кездесуде. Жалпы, жезөкшеліктің әйел затына ғана емес, жалпы еркеккіндіктілерге де қатысы бар. Протестант діні кең таралған Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадан бөлек, тіпті Азия халықтары да іштей азғындықпен бүліне бастады.

Жер бетіндегі келеңсіз осы бір  жайды сараптай отырып, «Қазақстандағы жезөкшелерді заңдастыру керек пе?»  деген сұрақ туындауы мүмкін. «Көптеген  дамыған мемлекеттерде жезөкшелік баяғыда-ақ заңдастырылған. Мемлекет осы  бір көлеңкелі бизнесті бақылауына алар болса, ол жерде белгілі мөлшерде тәртіп орнайды. Қыздар әрдайым медициналық  тексерістен өтіп тұрса, клиенттерге  «жаман ауру» жұқпас еді. Ең бастысы, жезөкшелер салық төлейді. Міне, осыдан-ақ мемлекетке көп пайда түседі», –  дейді Алматы қалалық мәслихат депутаты Светлана Романовская. Ал тәуелсіз құқық  қорғаушы Айна Шорманбаева болса  заңдастыруға қарсы екендігін жасырмайды. «Жезөкшелерді заңдастыру ісі заңнамалық тұрғыдан алғанда қайшы келеді. Тіпті  заң тұрғысынан бақылауы күшті Еуропа мемлекеттері де өздігінен шіріп  жатыр. Ешқандай оңды нәтиже бермегендіктен, Амстердамда былтыр бүкіл қызмет көрсететін орындардың 25 пайызын жауып тастауына тура келген. Себебі азғындық артып, адамды сату үдерісі артқан. Ұлттық болмысқа қиянат келтірген. Тіптен Нидерландының өзі біртіндеп заңдастырылған жүйеден бас тартып келеді. Ал солтүстіктегі Финляндияда жеңгетайлық әрекетке барғандарды 6 айлық мерзімге бас бостандығынан айырады», – деп Айна ханым өз пікірін бүкпесіз жариялады.«Жастардың некеге қатынасының өзгеруі»Қазіргі таңдабайқап отырсақ неке қиып жатқандар өте көп  және де көбіне олар жастар. Тіпті мектеп бітірмей, кәмелеттік жасқа толмағандар да кездеседі. Бұның бәрі әрине дұрыс емес. Өйткені қазіргі жастардың көбі қыдыру,демалу дегенге жан салмайды, және түнделетіп ішімдікке салынып түнгі клубтарда жүреді. Өз санасыздықтарынан жамандыққа ұрынады, осылай жүріп қыздар ерте бала көтеріп жатыр және соның салдарынан ерте отау құрып жатыр. Олар өте жас,өмірді толық көрмеген,өздері де әлі бала болып жүрген адамдар қалайша отбасы бола алады?Олардың әлі де ойлары далада, бірін бірі дұрыс түсінбейді,білмейді,сөйтіп жүріп аяғында ажырасуға дейін барады... Әрине бәріне бірдей жамандақ жабуға болмайды,бірақ шың мәнісінде солай,сондықтан менің ойымша мұндай қателіктер жасамауға тырысу қажет.

71.Лудомания – ол ойынға құмарлық,азарт деген мағына береді.Ойынның қайсысы болмасын адамды әрқашан рахат сезімге бөлейді, серпілтіп, дем алдырады. Ойын баласына қарап отырсаң, бір ойынды әбден жалыққанша ойнайды да, уақыт өте келе басқа ойын түрін тауып алады. Ал, біз сөз қылғалы отырған ойын автоматтарының әсері керісінше, адамды жалықтырудың орнына өзіне еліктіре түседі. Иә, бұл ойынды ойнағаннан кейін кейбір адамдар өздерін тоқтата алмайтын жағдайға жететін көрінеді. Тіпті,... қайсібір ересек адамдар да бар тапқан таянғанын осы ойынға салып, үйді де, күйді де ұмытып, мәңгіріп қалатынын естіп жатамыз. Рас, ойын автоматтарына көбіне жас жеткіншектер барады. Алғашында қызығушылықпен ойнап көрген олар келе-келе құмарланып, қызыға түсетін көрінеді. Сөйтіп ата-анасының жолына, тамағына деп берген бар ақшасын тағы да ойын автоматына жұмсайды. Осыдан барып бала бойына алдау, арбау, өтірік айту сияқты қасиеттерді сіңіре бастайды. Тіпті ата-анасынан ақша ұрлауды әдетке айналдырса керек. Ал кейін оны өзгелерден тартып немесе ұрлап алуға да барады. Мамандардың айтуы бойынша, құмар ойындарға деген құштарлық психологиялық тұрғыда артта қалушылық деп есептеледі. Медицина мен психологияда мұны кәдімгі аурудың бір түрі деп есептейді және оны лудомания деп атайды. Және де осы азартты ойындар жастар арасында кеңінен тараған, мұндай ойынға құмар болу жаман әдеттердін бірі сондықтан ондайдан жастар бойларын алыс ұстауы қажет.

72.Волонтерлік  қозғалыстың нашақорлыққа,АҚТҚ –  инфекциясының алдын алуға көп  деген жұмыстар жүргізіліп жатыр.Есірткі, АҚТҚ инфекциясымен қарсы күрес күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе.Еріктілер насихат жұмысын үнемі жүргізіп отырады.. Әртүрлі плакаттар мен үндеу сөздерді таратып, жастар арасында кездесулер өткізеді.Қазіргі таңда орта есеппен алғанда республикамыздың тек бір қаласында нашақорлыққа шалдыққандар 348 - 550 адам есепке алынса, оның ішінде жасөспірімдердің 30 пайызы есірткіге құмарлығы байқалды.Волонтерлар«біздің мақсатымыз нашақорлыққа жол бермеу» -  деп үндеу салады. Есірткіге қарсы күресті, ғасыр дертіне шалдықпай, ұрпағын сақтап қалуға жұмыстануға, тек ата-ана ғана емес бүкіл қоғамның өкілдері жұмыла әрекет жасауы тиіс.Ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін республика бойынша адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны 18 459, соның ішінде 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 382 болса, Маңғыстау облысында АИТВ жұқтырғындар саны 114, соның ішінде отырғандар 14 жасқа дейін 2 жасөмпірім бар. Қазақстан бойынша жұқпалы ауру жұқтырғандар арасынан еркектер үлесі 69,7 пайызды құраса, 30,3 пайызы әйелдердің үлесінде. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырғандар ішінде нашақорлардың үлесі 62,5 пайызды құрайды.

Жанағы нашақорлыққа,АҚТҚ инфекцияларына қарсы күрес ең қажетті жұмыстар сондықтан еріктілердің мұндай іс –  әрекеттері әр кезде де керек,және оларға барынша қолдау көрсетілуі тиіс.

73Отбасы  ұлттық тәрбие берудің қайнар  көзі, дей отырып әрине мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені бала шыр етіп дүниеге келгенінен ақ ол үшін отбасынан жақын жан болмайды және де ата – анасын баласының жақсы азамат болып өсуі үшін жақсы тәрбие беруге тырысады. Ал ұлттық тәрбиеге келер болсақ ол дегеніміз патриоттық сеземін оятып,соны ұғындыру. Және де Ең алдымен озінің туған тілінде сойлетіп тілін,дінің үйрету. Ұлттық тәрбие ол ұрпақтан ұрпаққа жететін дүние. Ол дегеніміз ата намыздың күнделікті айтып,көрсетіп,үйретіп жүретіндері. Өзіміздің қазағымыздың наным сенімдерін,тыйымдарын ата – анамыз күнделікті санамызға құйғандарын әр кезде ойымызда сақтар соның бәрін ұстанатын боламыз.

74.Жастардың  бос уақыты мен қарым-қатынас  мәселелері

 Жастар уақытты қадірлемейді. Күнделікті маңызды, керекті шаруаларын  ысырып тастап, сағаттап телефонға  үңіліп немесе компьютердің алдында  отыра беретін адамдар көбейген. Жалпы агент XXI ғасырда ақпараттық  технологияның жетістігі, адамдар  арасында өзара вертуальды қарым  - қатынас алмасу мен мәліметтермен  бөлісудің негізгі көзі. Бұл шындықпен  жастардың басым бөлігі келіседі.

Әсіресе, жұмыс бабымен, керекті  материалдарды іздегенде немесе іс - сапарда жүргендер мен алыстағы адамдармен байланыс орнатуға таптырмайтын дүние. Дегенмен агентте отырып –  ақ уақытты жылатып жатқандар  туралы айтпасақ болмайды. Жастар, әсіресе  бос уақыттарын агентпен өткізуге құмартып барады.

Информация о работе Yлттық тәрбие