Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі
Реферат, 13 Мая 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңымен анықталады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыруы мен іс-әрекет тәртібін анықтайды. Осы заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.
Прикрепленные файлы: 1 файл
2.1 Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі.doc
— 74.00 Кб (Скачать документ)жергілікті атқарушы органның резервін трансферттермен қарыздарды есептемегенде,облыстық бюджет, республикапық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдері көлемінің 2%-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен, ал аудан болжамынын жобасын - 25 сәуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды.
Жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын
Бюджеттік түсімдерді
болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың
және бюджеттік параметрлердің болжамын
ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті орган
Биліктің бір деңгейі бойынша іске асырылатын белгілі бір функция және оны қаржыландыруын қамтамасыз ету сол билікке заңды түрде бекітіледі. Мұндай әдіс облыс пен аудан деңгейінде шығындық міндеттемелерді басқару деңгейлері бойынша өз еркімен ауыстыруға тыйым салады, нәтижесінде бюджеттік шығындарды жоспарлауға орайлы шарттар пайда болады. Осыған байланысты және шығындық өкілеттілікті бөліс жүйелігін қамтамасыз ету үшін Бюджеттік кодексте келесі ережелер қарастырылған:
- Белгілі бір мемлекеттік функциялар орындалуы қарастырылған заңнамалық актілерге басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың құзыреті мен оларға бекітілген өкілеттік шығыс айқын анықталады;
- Егерде мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлері қосымша функциялармен жүктелсе, онда заңнамалық актілерде соларды іске асыруға қажетті қаржылық құралдар беруі қарастырылып бекітіледі.
- Жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қабылдаған норамтивтік актілерінің нәтижесіндегі шешімдерді іске асыру үшін пайда болған жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге заңды түрде тағайындалған құқығы бар.
Мемлекеттік басқару
деңгейлері арасында өкілеттік шығысты
шектеу нәтижесінде олардың
Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті ұсыныстарды жергілікті бюджеттік комиссия қабылдағаннан кейін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қабылданған шешімдермен сәйкестендіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандарға стратегиялық жоспарлардың түпкілікті жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
Жергілікті бюджет жобасын жасау. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлердің болжайы мен өңірлердің бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтаған стратегиялық жоспарлардың жобалары негізінде жергілікті бюджеттердің жобасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджеттерді жоспарлау, бағдарламалау әдісі ұйымдық шаралар мен әр түрлі мекемелер арасында ресурстарды бөлудін кандай ұштастырылуы нәтижеліктің ең жаксы көрсеткіштеріне жетуге ең жоғары дэрежеде жәрдемдесетінін анықтау үшін бюджетгік бағдарламалардың өлшеуге еретін нәтижелерін қаржыландыру үшін пайдаланылады. Бұл әдісте шығыстардың нормалары пайдаланылуы мүмкін. Сөйтіп, жергілікті буындағы бюджет рәсімі тиімділік өлшеміне негізделуі мүмкін.