Қытайдағы Монополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 18:27, доклад

Краткое описание

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Монополия Қытай.docx

— 22.90 Кб (Скачать документ)

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. 

Қытайда монополияға қарсы реттеу 2008 жылғы 1 тамызда заңды күшіне енгізілген ҚХР-дың Монополияға қарсы заңы негізінде жүзеге асырылады. 4 жыл ішінде оның қолданысы, «монополияға қарсы машинаның» жұмыс істеу тетігі үйлесім таба отырып қолданыла бастады және бүгін бұл жүйенің қайталанбас ерекшеліктерге ие болып отырғандығы туралы айтуға болады.

Монополияға қарсы органдар: құрылымы мен функциялары

Қытайда монополияға қарсы реттеу функцияларын үш құрылым өзара бөліп алған. Коммерция министрлігі (MOFCOM) бірігу мен қосуға бақылауды жүзеге асырады, Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссия (NDRC) бағалық реттеу мәселелерімен айналысады, Өнеркәсіп және сауда мемлекеттік әкімшілігі (SAIC) бағамен байланысты емес істерді қарауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Қытайда Мемлекеттік кеңестің Монополияға қарсы комиссиясы жұмыс істейді, ол монополияға қарсы саясаттың жалпы желісін әзірлейді, сондай-ақ жоғарыда аталған үш құрылымның жұмысын үйлестіреді.

Біріктіруді бақылау

2012 жылғы ақпаннан бастап Коммерция министрлігі жоспарланып отырған біріктірулер туралы хабардар етуден бас тартқан тараптарға санкциялар салуды жандандырды. Жаңа қағидаларға сәйкес егер бұзушылық туралы үшінші тарап хабарласа, онда MOFCOM бұзушыларға 500 мың юань (шамамен $80 400) мөлшерінде айыппұл салуға және тараптарға біріктіруге дейін болған мәртебесін қайтып беруге құқылы.

Сондай-ақ 2012 жылғы жазда біріктіру туралы хабарламаның нысаны пысықталды. Айырмашылық оның неғұрлым кешенді сипатында болып отыр, атап айтқанда тараптар өзінің барлық ішкі талдауларын және мәміленің мүмкін болатын басымдылықтарына қатысты зерттеулерді ұсынуы тиіс.

Бұдан басқа, өткен жылы Коммерция министрлігі біріктіру жөніндегі жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында 2008 жылдан бастап жасалған барлық мәмілелер туралы есепті жариялады (барлығы 458 іс) және мұндай құжаттар тоқсан сайын жарияланып тұратындығы туралы хабарлады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Федералдық сауда комиссиясы мен АҚШ-тың Әділет министрлігінің монополияға қарсы бөлімі осындай материалдарды жылына бір рет жариялап отырады. 2012 жылы қаралған 201 хабарламаның 55%-ы акцияларды сатып алуға және 36%-ы ӘК-ні құруға қатысты болды. Бұдан басқа, 65%-ы деңгейлес келісімдерді және шамамен 35%-ы сатылас келісімдерді құрады. Бөлшек сауда және жоғары технология қызметі саласында өсу байқалғанымен мәмілелердің жартысынан көбі өндіріс саласына және шикізат секторына жатады.

Қашан билік талап қояды?

2012 жылы MOFCOM неғұрлым нақты бірлескен кәсіпорындарды құру жөнінде талап қойды. Сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сатылас келісімдер, сондай-ақ бәсекелестер арасындағы деңгейлес келісімдер жөнінде талаптар енгізілді. Бұрын болмаған кемсітуге тыйым салуды қоса алғанда, нарықтағы әрекет қағидасы жазылды. Мысалы, өткен жылы Google мен Қытай Motorola арасындағы мәміле бойынша АҚШ пен ЕО-ға қарағанда өте қатаң талаптар енгізілді (сондай-ақ Штаттар мен Европаға қарағанда, 2012 жылы Western Digital мен Hitachi арасындағы және 2011 жылы Seagate мен Samsung арасындағы мәмілелер бойынша анағұрлым қатаң тәртіп қойылды).

MOFCOM біріктірулер бойынша өте қатаң талаптардың қойылуын бірқатар тәуелсіз факторлардың болуымен түсіндіреді, министрліктің талдауына сәйкес олар қытай нарықтары, өндірушілер мен тұтынушылар үшін мүмкін болатын қатерлер тудырады. Осы тезисті растауда ағымдағы жылғы 8 сәуірде ҚХР-дың Коммерция министрлігінің ресми өкілі Яо Цзянь «Біріншіден, Қытай тамыр-таныстықтың кез келген нысанына қарсы, екіншіден, біз диалог және консультациялар арқылы сауда пікір-таластарына рұқсат беруін талап етеміз, үшіншіден біз алдағы уақытта да әділ және ұтымды халықаралық сауда-саттық тәртібін құруды ілгерілетуге күш салатын боламыз. Реформаларды іске асыру арқылы біз қытай кәсіпорындарының және әлем нарығында тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ниет білдіреміз, төртіншіден біз әлем нарығында отандық өндірушілердің заңды мүдделерін қорғауға ниет білдіреміз» деп мәлімдеді.

Рәсімдер мәселелері

Қытайлық трастке қарсы қызмет ерекшеліктерінің арасындағы біріктірулер бойынша мәмілелерді қарау мерзімі әлемнің басқа экономикасы озық елдердің мерзімдеріне қарағанда анағұрлым ұзақ екендігін атап өтуге болады. Бұл АҚШ пен ЕО-да қараудың екі фазалы жүйесінің болуымен байланысты болып отыр, ал Қытайда үш фазалы жүйе жұмыс істейді (30, 90 және тиісінше 60 күн).

Бұдан басқа, MOFCOM-ның мәмілелерді қарауда асықпауы кадрлық қамтамасыз ету жағынан аз болуымен және басқа бейінді органдармен және министрліктермен оларды қарауды үйлестіру қажеттігі кезінде туындайтын кешіктірулермен байланысты болуы мүмкін. 2013 жылы MOFCOM қарапайым операцияларды қараудың уақыт аралығын қысқартуда біріктірулерді қадағалаудың жаңа жүйесін құруда басымдылықтар белгілегендігін атап өту керек. Қытайдың монополияға қарсы органы қызметкерлерінің кемшілігі ол көптеген маңызды шешімдер бойынша түсіндіруден бас тартуы. АҚШ пен Еуропада монополияға қарсы органдар болжанып отырған мәмілелер және сол немесе өзге нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйіне олардың әсері туралы түсіндірулерді, мысалы баспасөз релизі, сөз сөйлеулер, өтініштер түрінде жиі жариялап отырады. Коммерция министрлігінің шешімдер қабылдау тетігі алайда анағұрлым ашық болып қалады. Мысалы, бірқатар жағдайларда (Wal-Mart/Yihaodian мен ARM-G/D-Gemalto) MOFCOM нарыққа немесе бәсекелестік ортаға талдау ұсынған жоқ, ал Коммерция министрлігі АҚШ пен ЕО-ның монополияға қарсы органдары мәмілені қандай да бір талаптарсыз мақұлдағанына қарамастан, Google/Motorola мәмілесін егжей-тегжейлі түсіндірулерсіз жасау талабын қойды.

Шешімдер мен рұқсат берулер

Өткен жылы Қытайда едәуір маңызы бар біріктірулер жүргізілді.

Мамыр айында әлемдегі ең ірі Google интернет-компаниясы қытай өндірушісі Motorola Mobility мобильді электроникасын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Мәміленің талаптары бойынша компанияның акционерлеріне әрбір бағалы қағаз үшін $40 бойынша төлей отырып, Google Motorola Mobility-ді $12,5 млрд. сатып алды. Мәміле нәтижесінде Google шамамен 24 мың патенттелген өнімдер мен технологиялардың иесі атанды.

2012 жылғы наурыз айында Western Digital корпорациясы Viviti Technologies Ltd компаниясынан (бұрынғы Hitachi Global Storage Technologies) сатып алуды аяқтағаны туралы хабарлады. Мәмілеге $3,9 млрд. сомасында ақшалай қаражат төленді және бағдарлы құны $0,9 млрд. құрайтын 25 млн WD қарапайым акциясын берді.

Сондай-ақ тамызда Коммерция министрлігі американдық бөлшек сауда алпауыты Wal-Mart-ке шектелген талаптармен Қытайдың ірі онлайн супермаркеті Yihaodian-ді бақылауға рұқсат берді. Нәтижесінде Wal-Mart Қытайдың гүлденіп келе жатқан онлайн-сатып алу нарығының үлкен кесегін қармап қалды. Wal-Mart-қа өз үлесін 17,7%-дан 51,3%-ға дейін ұлғайту үшін жол ашылды. Yihaodian веб-сайтының 25 миллионнан астам тіркелген пайдаланушылары бар, оны сату 2011 жылы 1 млрд юаньнен асып түсті.

Жаңа шараларды құқықтық қолдану

Біріктіруді бақылаудан басқа,2012 жылы монополияға қарсы реттеудің бағалық емес секторларында бағалық өзгерістер байқалды, бұл өзгеріс әсіресе 2011 жылы Қытай монополистік келісімдер және үстем жағдайды теріс пайдалану туралы жаңа қағиданы әзірлегеннен кейін байқалды. Атап айтқанда, бұл қытай билігінің бұзушыларға едәуір айыппұлдар салуға дайын екендіктерін мәлімдегеннен кейін болды. Мысалы, LG және Samsung оңтүстік корея корпорациясына 353 млн юань ($56,8 млн) сомасында, сондай-ақ экрандарды сату бойынша мәмілелерде бағалық сөз байласулар жасағаны үшін төрт тайвань компаниясына айыппұлдар салынды. 2012 жылғы ақпанда бағалық картельді ұйымдастырғаны үшін қытай химия компаниясына 10,12 млн юань ($1,6 млн) сомасында айыппұл салынды, айыппұл салу тарихында бұл қытай компаниясына салынған ең жоғарғы айыппұл болды.

Нәтижесінде, экономиканың барлық салаларын ымырасыздықпен мемлекеттік бақылау туралы қазіргі кездегі ұстанымға қарамастан, қытайдың монополияға қарсы реттеуі әлемдік стандартқа жақындағаны туралы айтуға болады. Әсіресе соңғы жылы осы жұмыс анағұрлым ашық болды, ал шенеуніктер өздерінің барлық шешімдері бойынша түсіндірулер беруге дайын екендіктерін білдірді, мұның Қытайда іс жүргізуге мүдделі біздің бизнесмендер үшін маңызы зор. Алайда, қытайдың шенеуніктері үшін өз өндірушілері мен тұтынушыларының мүддесі әрқашан бірінші орында тұратындығын естен шығармау керек.

 


Информация о работе Қытайдағы Монополия