Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
Реферат, 10 Декабря 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономикаэкономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Содержание
1 Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
2 Макроэкономикалық реттеу
2.1 Макроэкономикалық саясат
2.2 Макроэкономикалық тәсіл
3 Макроэкономикалық көзқарас
4 Дереккөздер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Макроэкономика2.docx
— 43.68 Кб (Скачать документ)Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері.
Мазмұны
- 1 Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
- 2 Макроэкономикалық реттеу
- 2.1 Макроэкономикалық саясат
- 2.2 Макроэкономикалық тәсіл
- 3 Макроэкономикалық көзқарас
- 4 Дереккөздер
Макроэкономика (грекше μακρός
Жан-жақты көрсеткіштерді
бағалауға негізделген экономикалық талдау
әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары
саяси экономияның классикалық мектебінің
өкілдерінде ғана кездесетін. Француз
экономисі Ф.Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі
алғашқы макроэкономикалық үлгілердің
бірі болып табылады.
Макроэкономика өндірушілер мен
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
- инфляцияның табиғатын талдау;
- экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.
- Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады. - Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
- Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.
Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Макроэкономикалық
реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық
реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл
ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда
түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы
нарықтық қатынаста макроэкономикалық
реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық реттеу экономикалық
жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді
және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан
ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл
деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда
белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген
бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады.
Мысалы, инвестицияның жетіспеу
Екінші жағдайда
келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белг
Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.
Макроэкономикалық тәсіл
Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.
Макроэкономикалық көзқарас
Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.
Дереккөздер
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
- С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.