Ұлттық экономиканың қазіргі әлемдегі қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы инновациялық дамуындағы мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 13:38, реферат

Краткое описание

Инновациялық экономиканы қалып¬тастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасыр¬дағы дамуының баламасыз нұсқасы бо¬лып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осы¬ны талап етеді, әлемдік дамудың не¬гізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қа-был¬дауда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тақырыбы Ұлттық экономика реферат.docx

— 22.00 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Ұлттық экономиканың қазіргі әлемдегі қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы инновациялық дамуындағы мәселелер

 

 

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ.  Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.

Кез-келген қоғамдағы мемлекеттің экономикалық рөлі оның нақты қызметтерінің жиынтығы арқылы көрінеді. Мемлекеттің рөлі мен оның қызметтері мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының әртүрлі модельдерінде ғана емес, әр елдің әртүрлі нақты тарихи жағдайлары бар бір модельінде де өзгеше. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық рөлі мен атқаратын қызметтері рыноктық экономикасы жоғары дамыған мемлекет пен өтпелі экономикалы мемлекетте бірдей болуы мүмкін емес. Бұл жерде нақты, ерекше жағдайлар да маңызды. Мұндай өзгешеліктер көптеген объективті, материалдық факторларға байланысты, сонымен бірге әр қоғамға тән дәстүрлер мен көзқарастардың (менталитет) әсерінен пайда болады.

Қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілуімен бірге оның дамуы, экономика субъектілері арасындағы шаруашылық байланыстардың күрделенуі, қоғамдық өмірдің кейбір сфераларының маңызының артуы және интеграциялық процестердің күшеюі нәтижесінде мемлекет қызметтері толықтырылады, нақтыланады және жаңа қызметтер пайда болады. Соңғысының қатарына экономистер жатқызады:

  • өте дәлдікпен қалыптастырылған өнеркәсіп саясатын жүргізу;
  • қазіргі заманғы технологиялар жасау мен енгізу үшін арнайы экономикалық аймақтарды құру, жекелеген аймақтар мен сфералардың дамуын ынталандыру;
  • ел шекарасын анықтау және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұл қызметтерді жүзеге асыру көбінесе әртүрлі мемлекеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Дамыған рыноктық экономикада макроэкономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсуге, оның техника-технологиялық базасын дамытуға ықпал ететін қызметтер басты болады әрі жиі қолданылады. Ал6 экономикасы өтпелі елдерде ескі жүйені рыноктық жүйеге жедел қайта құруға мүмкіндік беретін қызметтер басты болады. Сондықтан әр ел мемлекеттік реттеуге қатысты әртүрлі ұстанымдарды қалыптастырады, әртүрлі ағымдық және стратегиялық мақсаттар қояды, оларға жетудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.

Экономикаға мемлекеттік ықпал ету ауқымы туралы мәліметті келесі көрсеткіштер береді. Жиі қолданылатын көрсеткіш- бюджет және бюджеттік емес қорлар арқылы бөлінетін ЖІӨ-нің үлесі. 90 жылдардың басында Жапония мен АҚШ-та бұл үлес 35-40% болған, Германия, Франция, Италия, Канада елдерінде- 50%-дан жоғары болса, ал Швецияда- 60%-дан жоғары [3. 35б]. Бұл үлес жоғары болған сайын мемлекеттің экономиканы реттеу ауқымы да жоғары болады.

Экономикадағы мемлекеттің рөлі елдің ұлттық активтеріндегі мемлекеттік меншіктің үлесі арқылы сипатталады. Оның үлесінің жоғары болуы, басқа жағдайлар тұрақты болғанда, мемлекеттің экономикаға қатысуы елеулі екендігін куәландырады.

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.

Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi.

 

Кесте 1. Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін факторлардың салыстырмалы сипаттамасы

               Оң факторлар               

Теріс факторлар

бай табиғи ресурстар;

бос өндiргiш қуаттардың болуы;

салыстырмалы түрде дамыған

ғылыми-техникалық әлеует;

технологиялық жағдайлардың

қатарында технологиялық

баяндамалардың болуы;

жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- техникалық қызметшi;

жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк

деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші;

елдiң екi құрлықтықтың тоғысында

географиялық орналасуы;

инженерлiк-техникалық кадрларды

даярлаудың қалыптасқан жүйесi.

инновациялық қызметтi жеткiлiксiз

нормативтiк құқықтық реттеу;

жаңаформациядағыбасқарушылық 
кадрлардың болмауы;

 экономиканың шикiзаттық  

 бағытталуы;

дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті

технологиялар салаларының шектелуi;

iшкi қаржы ресурстарының  тапшылығы;   

инновациялық қызметтiң   инфра-құрылымының дамымағандығы; өндiргiш күштердi керi индустрия-

лансыздандыру материалдық-техникалық базаның  жарақтануы;

техникалық жағынан әлсiз өндiргiш  күштердi бөлудегi теңсiздiк;   

ғылыми-техникалық қызметтi ком -мерциялау үшiн тетiктер мен нақты экономикалық ынталандырудың жоқтығы;

өндiрiстiң жоғары технологиялық салаларының қатарында   техникалық және өндiрiстiк  кадрлардың жоқтығы;

ішкi рыноктың мардымсыз                                                                               
сыйымдылығы.                                                                                                                                                                                                                 


 

 

     Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.  
      "Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.  
      "Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.    

"Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.      

 Қазақстан үшiн жақын  болашақтағы неғұрлым қолайлы  стратегия "үстемелеу" және "қарыз  алу" инновациялары, сондай-ақ олардың  ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн  пайдаланумен бiрге, ғылым мен  техниканың аралас және жаңа  салаларында отандық ғылыми-техникалық  әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге  мүмкiндiк бередi.      

Қазіргі экономикалық жағдайлардағы әлемдік қауымдастықтың дамудың жаңа сапалы сатысына көшуі инновациялық және инвестициялық үдерістердің бесенділігінің артуымен байланысты. Еркін бәсекелестік механизмі – дамыған нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс проблемаларын шешуде; дегенмен әлемдік тәжірибеде белгілі ғылыми-инновациялық сфералардағы көптеген индустриалды елдер нарықтық қатынастарға мемлекеттің арала-суын көріп отырмыз. Инновациялық негіздегі қазақстандық дамудың жаңа формалары мен әдістерін табу қажеттілігі туындап отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің артуы инновациялық үдерістердің белсенділігінің артуымен тығыз байланысты: өндіріске жаңа технологияладың ендірілуі, оның ішінде ресурстарды үнемдейтін және ішкі және сыртқы нарықтарда шетелдік аналогтармен табысты бәсекелесе алатын үздік тұтынушылық қасиеттері бар инновациялық өнімдердің шығарылуын кеңейту болып табылады.

Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық әлеует - кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекеттің көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салаларда көшбасшы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекегеқабіліеттігін жоғарылатады.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми  зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджет-тен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақы-сыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энерге-тика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес зертханаларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемле-кеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт - зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.

3. Ғылыми-техникалық  зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге  инвестиция бө-лінген жеке бизнеске салықтық жеңілдіктерін ұсыну. 

Қазақстанның XXI ғасырдағы дамуының негізгі бағыты болып инновациялық экономика құру тұр. Инновациялық экономика - экономикалық қатынастардың инновациялық дамуы үшін әлемдік тәжірибе көрсеткендей мына 4 негізгі міндеттер орындалуы керек:

- инновациялық процесті қосуға мүмкіндік беретін технологиялық және интеллектуалдық әлеует;

- инновациялық «тізбекке» қатысушылардың санының тұрақты артып отыруы, оның ішінде жаңа әлеуметтік топтардың ену нәтижесі арқылы;

- инновациялық дамуға бағытталған институционалды жүйе;

- субьектілердің, физикалық тұлғалардың, ҰИЖ-дің инновацияларға сұранысы.

Бұлар инновациялық типтегі экономиканың жалпы қағидаттары болып табылады. Біріншіден, білімдердің экономикалық құндылығының тану. Екін-шіден, білімдердің тәжірибеде толыққанды қолдану. Үшіншіден, арнайы қар-жылық құралдар мен институттардың болуы. Төртіншіден, дамыған иннова-циялық инфрақұрылым. Бесіншіден, инновациялық қызметті қолдаудың бай-ланысқан жүйе механизмдерінің болуы. Алтыншыдан, білімдердің қоғам дамуының әлеуметтік проблемаларымен байланыстылығы. Жетіншіден, инновациялық өнімдерді тұтыну құрылымын кеңейтуге бағыттау.

Қазақстан соңғы жылдары экономикалық қайта құрулар бойынша үлкен жетістіктерге жетуде. Алайда өсудің жоғары қарқыны инновациялық факторсыз қамтамасыз етілуде.

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауым-дастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi.

 


Информация о работе Ұлттық экономиканың қазіргі әлемдегі қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы инновациялық дамуындағы мәселелер