Ұлттық экономикалық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияыың ролі және орны. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары және завдылықтары, экономикалық процесті зерттейтін арнайы әдістер. Экономикалық дамудың негізгі моделі, ролі және товар-ақша және нарықтық қатынасындағы моні, жеке қайта өндірістің негізгі үстанымдары, қалыптастыру және оның түрлері, өндіріс факторларының нарығы, олардың бағасы және кіріс ерекшеліктері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономикалық теория негіздері.DOC

— 96.00 Кб (Скачать документ)

19. Тапсырыс беруші  сауда-саттық корытындыларын сауда-саттық аяқталғаннан соң бір сағат ішінде орналастырады.

20. Сауда-саттыққа осы  Ереженің 10-тармағының талаптарына  сәйкес келетін және түпнұсқалығы  Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес куәландырылатын электрондық цифрлық қолтаңбаға ие әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

21. Тапсырыс беруші  барлық делдалдардан немесе уәкілетті органнан ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта әлеуетті өнім берушілерде тізбеге енгізілген тауарларды сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ұсыныстардың жоқтығын растауды алған жағдайда хабарландыру шыққаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушінің Заңға сәйкес басқа тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.

22. Тапсырыс беруші  тауарларды сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге әлеуетті өнім берушілер ұсынған, осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жарияланған ұсыныстардың осы Ереженің 17-тармағына сәйкес арнайы біліктілік талаптарына сай келуін қарауға міндетті.

23. Тапсырыс беруші  әлеуетті өнім берушілерден түсетін  ұсыныстарды хабарландыру шыққан  сәттен бастап қабылдайды және  қарайды әрі сауда-саттықты өткізу  басталғанға дейін бір күнтізбелік күн бұрын қабылдауды, қарауды тоқтатады.

24. Әлеуетті өнім берушілердің  ұсыныстарын қарау қорытындыларын  тапсырыс беруші әлеуетті өнім  берушілерден ұсыныстар келіп  түскен күні электрондық сауда-саттық жүйелеріне орналастырады.

25. Осы Ереженің 17-тармағына сәйкес келмейтін ретінде ұсыныстарынан тапсырыс беруші бас тартқан әлеуетті өнім берушілер кейіннен осы сауда-саттыққа жіберілмейді.

26. Сауда-саттықта әлеуетті  өнім берушілер тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы ұсынған ұсыныстар сауда-саттыққа қатысушылардың барлығы делдалдың тиісті ақпараттық жүйесінде көзбен шолып зерделеуге арналған ашық және қол жетімді ақпарат болып табылады.

27. Сауда-саттықтың басталуы  осы Ереженің 17-тармағының 1) тармақшасына  сәйкес хабарландыруда “Сауда-саттықты жүргізу күні мен уақыты” болып табылады, ол келгенде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің ұсынған сауда-саттыққа осы Ереженің 17-тармағының талаптарына сәйкес келетін ретінде өткен ұсыныстарың қарау процесін бастайды.

Әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсыныстарын қарауға арналған уақыт осы Ереженің 18-тармағына  сәйкес сауда-саттықтың басынан  бастап үш сағаттан аспауға тиіс.

28. Жеңіп шыққан ұсыныс  ең төменгі бағаны көрсеткен  әлеуетті өнім берушінің ұсынысы  болып табылады.

29. Егер әлеуетті өнім  берушілер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін бірдей баға ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші тауар жеткізудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің неғұрлым қолайлы шарттары бар әлеуетті өнім берушіні таңдайды.

30. Егер әлеуетті өнім  берушілер бірдей баға, тауар жеткізудің, жұмысты орындаудың, кызметті көрсетудің бірдей шарттарын ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші сауда-саттықта әлеуетті өнім берушілерге тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды осы Ереженің 28-тармағына сәйкес кейіннен іс-әрекеттерді жасай отырып төмендетуге қарай түзету туралы ұсынысқа бастама жасайды.

31. Әлеуетті өнім берушілер  сауда-саттықты өткізген кезде ұсыныстардың бағасын төмендетуге қарай, бірақ сауда-саттық кезінде кемінде екі рет түзете алады.

32. Сауда-саттық қорытындылары  бойынша тапсырыс беруші ұсынысы жеңіп шықты деп саналатын әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.

33. Бірде-бір әлеуетті  өнім беруші осы Ереженің 17-тармағының талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан жағдайда тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес басқа да тәсілдермен жүзеге асыруға құқығы бар.

34. Әлеуетті өнім беруші  уәкілетті органның сауда-саттыққа  жіберу жөніндегі шешімдерімен  және (немесе) тапсырыс берушінің  әлеуетті өнім берушінің ұсынысын  қайтару жөніндегі шешімімен  келіспеген, сауда-саттықтың қорытындыларымен  келіспеген жағдайда әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның және (немесе) тапсырыс берушінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

 

 

 

Сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі

35. Сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу қағаз тасығышта немесе электрондық құжаттармен алмасу жолымен жүргізіле алады.

36. Мемлекеттік сатып  алу туралы шарт қағаз тасығышта  жасасу Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасына сәйкес  жүзеге асырылады.

37. Мемлекеттік сатып  алу туралы шарт жасасу құжаттың  тараптан шарт бойынша және  электрондық цифрлық қолтаңбаны  қолдана отырып шығатынын дұрыс  анықтауға мүмкіндік беретін  электрондық құжаттармен (тапсырыс  берушінің офертасы (бұдан әрі  – оферта) және әлеуетті өнім берушінің акцептімен (бұдан әрі – акцепт) алмасу жолымен жүзеге асырылады.

38. Сауда-саттықта жасасқан  мемлекеттік сатып алу туралы  шарттарды тіркеу, сондай-ақ сауда-саттықтағы  мемлекеттік сатып алу туралы  ақпаратты жинақтау, қорыту және  талдау мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

39. Сауда-саттықта мемлекеттік  сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі  оферта электрондық құжат түріндегі  ұсынысты білдіреді, ол арқылы  тапсырыс беруші әлеуетті өнім  берушіге мемлекеттік сатып алу  туралы шарт жасасуды ұсынады.

 

Оферта онда көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.

Оферта акцепті алу  сәтіне дейін кері кайтарылып алынуы мүмкін. Офертаны қайтарып алу себептері  көрсетілуге тиіс электрондық құжат  нысанындағы кері қайтару туралы хабарламаны жіберу арқылы жүргізіледі.

40. Сауда-саттықта мемлекеттік  сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі  акцепт электрондық құжат түрінде ресімделген офертада ұсынылған шарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға берілетін келісімді білдіреді.

Акцепт оферент ұсынған шарттың қандай болмасын талаптарын өзгертпей оның мәтінін қамтуға тиіс.

41. Мемлекеттік сатып  алу туралы шарттың талаптары  өзгертілген акцепті жіберген  жағдайда мұндай акцепт жаңа  оферта болып саналады.

42. Тапсырыс беруші  офертасының электрондық түрдегі акцептін жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарт ретінде мемлекеттік ақпараттық жүйе мынадай талаптар орындалған кезде тіркейді:

1) мемлекеттік кәсіпорын,  акцияларының елу пайыздан астамы  мемлекетке тиесілі заңды тұлға  және онымен аффилиирленген заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс беруші үшін шарт тараптарының электрондық цифрлық қолтаңбалары болғанда:

2) егер тапсырыс беруші  мемлекеттік мекеме болып табылса,  онда шарт тараптарының электрондық  цифрлық қолтаңбалары болғанда  және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шартты қазынашылықтың органдарында тіркегеннен кейін шарт жасасқан болып саналады.

43. Электрондық цифрлық  қолтаңбаны қолдана отырып электрондық  құжаттар алмасу жолымен сауда-саттықта  тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарт маңызды талаптардан басқа (шарттың мәні, бағасы, тараптардың міндеттемелері және т.б.) заңнамаға сәйкес мынадай талаптардан тұруға тиіс:

1) шартты жасасу және  орындау тәртібі, кезеңдері;

2) электрондық цифрлық  қолтаңбаны колдану тәртібі;

3) оферта мен акцептті ұсыну және кері кайтарып алу тәртібі;

4) шартқа өзгерістер  енгізу тәртібі;

5) осы құжаттамаға  электрондық қатынау шарттарында  электрондық құжаттарды сақтау  және ұсыну тәсілі, сондай-ақ электрондық  құжаттардың қағаз көшірмелерін  табыс ету шарттары.

44. Осы Ереженің 42-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сауда-саттықта жасалған шарттар бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

45. Осы Ереженің 42-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сауда-саттықта жасалған шарттар бойынша ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

46. Тараптардың сауда-саттықта  жасасқан шарттарды орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

5. Делдалдың кызметтеріне ақы төлеу

47. Әлеуетті өнім беруші  делдалмен сатуға арналған ұсыныстары бар электрондық құжаттарды орналастыру құқығына, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің мамандығы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға түскен сұрау салулардан іздестіру қызметтеріне шарт жасасады. Делдалдың қызметтеріне ақы төлеуді әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының сауда қызметі туралы заңнамасына сәйкес тараптар арасында келісім бойынша шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде жүргізеді.

48. Тапсырыс берушілер  делдалдың тиісті ақпараттық жүйесіне шыққаны үшін ақы төлеуді жүргізбейді.

49. Әлеуетті өнім берушілер  делдалдың қызметтеріне ақы төлеуді  Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

6. Қорытынды ережелер

50. Делдал тапсырыс  берушілер мен әлеуетті өнім  берушілер сауда-саттықта ұсынған ақпараттың, оның ішінде сауда-саттық объектілері туралы ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына жауап бермейді.

51. Әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда-саттықта ұсынылған ақпараттың толықтығына және дұрыстығына жауап береді.

52. Қандай да бір  құжаттарға қол қою және (немесе) қандай да бір құжаттың заңды күшін растау қажет болған кезде сауда-саттыққа қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданады.

53. Сауда-саттыққа қатысушылардың  құжаттарды, жазбаларды немесе өзге ақпаратты сақтауы қажет болған кезде мынадай талаптар сақталады:

1) онда қамтылған ақпарат  кейіннен сілтеме жасау үшін пайдаланылуы мүмкін;

2) электрондық құжаттар  қалыптастырылған, берілген немесе  алынған форматты сақтайды;

3) электрондық құжаттар  электрондық құжаттарды жіберуші мен алушыны, сондай-ақ оларды қалыптастыру немесе алу күні мен уақытын анықтауға мүмкіндік беретін шамада сақталады.

54. Делдалдың тиісті  ақпараттық жүйедегі жұмыс тәртібін, сауда-саттықтың жұмыс режимін,  ақпарат ұсыну, оның ішінде  сауда-саттық объектілері туралы  ақпарат форматын, сауда-саттықта  қатысу үшін құжаттардың электрондық нысандарын және делдалдың тиісті ақпараттық жүйесі жұмыстарының басқа да қажетті регламенттерін анықтайтын нұсқамалық және басқа да құжаттарды делдал анықтайды.

55. Жұмыстардың регламенттерін, делдалдың тиісті ақпараттық  жүйесінің мемлекеттік ақпараттық  жүйемен өзара іс-әрекет ету және оларды үндестіру рәсімдерін уәкілетті орган анықтайды.

Осы Ережеде және мемлекеттік  сатып алу туралы заңнамада айтылмаған сауда-саттық тараптары арасында туындайтын барлық өзге қарым-қатынастар Қазақстан  Республикасының сауда-саттық қызметін реттеу туралы заңнамасымен және азаматтық заңнамасымен реттеледі.


Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйе