Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы.docx

— 92.40 Кб (Скачать документ)

       Ғылымды дамыту Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге  қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын табысты іске асырудың ажырамас шарты болып табылады.

       Негізгі міндет ғылыми-техникалық қызметті әзірлемелерге шоғырландыруға және инновациялық сипаттағы серпінді секіріс жобаларын іске асыруға тіреледі. Саланың дамуын айқындайтын негізгі бағдарламалық құжат әзірленіп жатқан Ғылымды дамытудың 2007 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болады.

       Келесі үш жыл ғылымға ірі инвестициялар алдындағы дайындық кезеңіне айналуға тиіс. Бұл үшін барынша қысқа мерзімде елдің ғылыми-техникалық  әлеуетінің аудиті жүргізіледі.

       Аудиттің нәтижелері бойынша:

    1. Қазақстан ғылымдағы әлемдік позицияны жеңіп алуы мүмкін, ғылыми зерттеулердің басымдықтарын түзететін  перспективалы тауашаларды іріктеу; 
    2. мемлекеттік инвестициялар аяқталатын және жеке инвестициялар басталатын ғылыми зерттеулерге мемлекеттік инвестициялар шеңберін айқындау көзделеді.

       Осы сәттің өзінде перспективалы тауашалардың бірі индустрияға қойылатын экологиялық талаптарды қатайту ізімен қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту болып табылады.

       Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi. Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр. Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз. Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр. Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек. Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады. Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс. Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады. Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өcipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады. [14, 11-25 б.]

 

3.2 Инновация –  жаңа экономиканың негізі

      Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы – бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес, бұл экономиканың өсуі, яғни, ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан да өсуі. Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар, өндірістің жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы коңюнктурасына байланған бәсекелестігі жоғары өнімдерді өндіруі – осы саланың көрінісі болып табылады.

      Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен ғана дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд. доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ оның 11-12 млрд.-ын сыртқа шығарамыз. Сондықтан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүниежүзілік рынокта лайықты қорғай білуіміз керек.

      Өткен жылдармен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің дамуында анағұрлым жоғары межелер белгіленіп отыр. Бұл салада жыл сайынғы орташа даму қарқыны 9-9,5 пайызды құрауға тиіс. Сондай-ақ, экономиканың даму қарқыны сыртқы факторлардың ықпалына да тәуелді болып келеді. Ал ол факторларды перспективалық жоспарларды жасаған кезде ескермеске болмайды. Елдер арасындағы бәсекелестіктің жаһандық тұрғыда шиеленісе бастаған қазіргідей кезеңінде негізгі макрокөрсеткіштерді одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету негізгі міндеті.

      Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриалдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының биылғы Жолдауында және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: “Қазақстанның алдағы он жылда бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет”, – деп атап өткен еді.

      Мемлекет басшысы инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни өзінің теориялық тәжірибесін практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан инновациялық, ақпараттық технологиялар бөлімдері мен тәжірибелік-зерттеу орталықтарының ашылуы бұл студенттердің қолданбалы білімге деген ынтасын арттырады. Осындай инновацияға негізделген білім ордалары арқасында мемлекетті қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жүйелі тұрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейлерінде тың инновациялық технология үрдістерін кеңінен енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика көрсеткендей, кез келген маман иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз ететіндігі айтылды.

      Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақсаттың одан да биік болуы заңдылық. Межені бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.

      Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енетін уақыты жақындаған сайын айқындала түсуде.

      Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын берік орнықтырдық, деді Елбасы. Сонымен бірге, біз республика экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын әртараптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы табысымыз ретінде өткен жылдары құрылған бес даму институтын атауға болады. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді. Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге көтеру инновациялық үдерімді дамытпайынша мүмкін емес. Сондықтан инновациялық үдерім тегершігін жасақтау қажет. Инновациялық құрылымдарды, технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті мәселеге айналады. [25, 16-19 б.]

      Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілуде. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды.

      Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчуралық инфрақұрылымды талап етеді.

      Еліміздің ғалымдарының ұсыныстары негізінде Отанымызда бірнеше өндіріс орындарында тың технологияларды енгізу мәселесі қолға алына бастады. Осылайша индустрияның жаңа саласын қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ, көптеген аймақтарда өндірістік бірлестіктерінің өнеркәсіптік базасы негізінде арнаулы технопарктер құрылып, биотехнологиялық өндіріс жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай, инновациялық игі үрдістер жалғаса түспек. Құрылып жатқан технологиялық парктерде инновациялық үрдістерді жолға қоюда шетелдік әріптестерге айрықша орын бөлінеді. Осы орайда Елбасы Қазақстанның салық заңнамаларының осындай басым бағыттағы жобаларға қатысуды табыстаған сәттен бастап 5 жыл мерзімге корпоративтік және жер салығынан босататынын атап көрсетті.

      Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Демек, өз жұмысында инновациялық ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан көрінеді деген сөз. Яғни, инновация дамудың қозғаушы күші болмақ.

      Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, бұл үшін шығарылатын өнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеру қажет, осы мақсатпен сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде көп күш-жігер жұмсалады.

Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі  атқарылуға тиісті міндеттер:елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады; мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты; индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.

      Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылатын болады.

      Инновацияның, яғни жаңалықтың, жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері көп болады. [26, 85-86 б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қазақстан Республикасы реформалар саласында ТМД елдерінің арасында көшбасшы бола отырып, экономиканың әсерлі өсуін көрсетті және соңғы онжылдықта жүргізілген өзгерістерде едәуір жетістіктерге жетті. Әйтсе де ғаламдық экономикалық дағдарыс жүзеге асырылып жатқан экономикалық және инновациялық саясатта белгілі кемшіліктерді айқындап берді. Бұл стратегиялық концепция Қазақстанда соңғы жылдары жинақталған озық тәжірибелерді халықаралық озық практикамен ұштастыру жолымен, өзгерістер сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді. Әйтсе де ұсынылып отырған концепцияның елеулі өзгешеліктері бар. Белгілі салаларды немесе кластерлерді дамытуға ғана емес, бастысы – Қазақстан Республикасының шектеулі еңбек және қаржылық ресурстарын ұтымды әрі теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ететін бірін-бірі толықтырып отыратын үш бағытқа да көңіл бөлу қажет:

  1. өнімділікті арттыру, өнімділігі төмен дәстүрлі кәсіпорындарға жұмылдырылған артық ресурстарды босату мақсатында, қолданыстағы экономиканың тиімділігін арттыру (жетілдіру және әртараптандыру);
  2. ұзақ мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және дарындардың (сапалы еңбек ресурстарының) жұмыспен тиімді қамтылуы үшін жағдайлар жасау мақсатында болашақтың экономикасының негізін қалау;
  3. салыстырмалы түрде біліктілігі төмен деңгейдегі халықтың жұмыспен тиімді қамтылуын қамтамасыз ету (ауыл халқы тұратын, сондай-ақ шарасыз урбанизациялау салдарынан көшкен халықты жұмыспен қамту және шағын бизнестің дамуын қамтамасыз ету). Барлық үш бағыттағы әрекеттер күштерді шоғырландырудың түрлі дәрежесінде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың мақсаттары, басымдықтары, міндеттері, сондай-ақ пайдаланылған құралдар мен тәсілдер аталған бағыттарда бірінен-бірі біршама ерекшеленеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы