Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:48, контрольная работа

Краткое описание

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Қазақстан
В) Соңғы жылдардағы Қазақстан
ІІІ Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР әлеу-эко дамуы.docx

— 50.70 Кб (Скачать документ)

Түтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі  кезеңде еңбекақының ең төменгі  мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік элеуметтік жәрдемақы алады.

Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бүл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008).

Еліміздегі  әлеуметтік ахуал да түрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға жэне әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионная астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бүл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.

Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль қүрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де қүрастыратын бес кэсіпорын жүмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де қүрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, қүрылыс индустриясы жэне басқа салалар серпінді дамуда.

Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, элеуметтік мэселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды жэне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бэсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, элеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.


Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері