Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 17:56, реферат

Краткое описание

Талдауда инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды жүзеге асырушы қандайда ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен байланысты екені туралы көрсетілген. Инвестиция макродеңгейлік өте үлкен роль атқарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі.docx

— 148.86 Кб (Скачать документ)

- тез қайтым принциптері-ақша қаражатын қолда бар жүзеге асу кезеңінде тұрған немесе аз ғана жұмысты қажет ететін жобаларға салу. Мұнымен қатар қайтарым сөзінің мағынасы ретінде инвестициялық қаражаттың қосымша құнмен қайтарылуын түсіну керек.

- уақытша бөлу принципі-экономикалық барлық салаларын қамтитын инновациялық жоба инвестицияланады.

Экономикалық әртүрлі  салаларына мемелкеттік бюджет қаражатын  инвестициялау таңдауын жүргізгенде  бірінші кезекке импорт алмастырушы  тауарларына бәсекелі тауар және қызметке сұр. Жоғары тауарларға бағытталған  өндіріске назар аудару керек. Инновациялық қызметке инвестиция тарту үшін несие  пайызын төмендету керек. Бизнес-жоспарда маңызды орынды маркетингтік зерттеулер алады. Оның негізінде өнімді тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің деңгейі  анықталады. Капитал салымының өтелу  мерзімі екі жылдан аспауы керек.

 

Инновациялық процестерді  мемелкеттік-комерциялық қаржыландыруды жүзеге асыру жобаларды сертификаттау  мен инвесторларға мемлекеттік  кепілдік беруді қарастырады. Жобаларды  сертификаттау шетел және отандық  инвесторлардың оған деген сенімділігін артырады. Жекеменшік инвесторларға  мемелкеттік кепілдік берілсе, онда мемлкет сол жоба іске аспай қалса, салынған ресурстың бөлігін қайтарып беруі міндетті.

Қаржылық салымдардың  қайтымын қамтамасыз ету үшін тәуелсіз экспертиза жүйесін және инновациялық жобаларды сақтандыру процестерін  қолдану керек.

Инновациялық қызметті қаржыландырудың  ішкі көздері жетіспеген кезде, Қазақстанға  ғылыми сыйымды технологияны тарту  процесін қалыптастыру керек. Осыған байланысты инновацияны мемлекеттік қаржыландыру шегінде, мемлекет шекарасы арқылы дамыған  техника және технологияны енгізуде кеден салығын толық жою мәселесін  қарастырған жөн. Сонымен қатар  отандық ғылыми сыйымды өнеркәсіпті  қорғау мәселелерін де ескеру қажет.

Өнеркәсіп кәсіпорындарда инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі  көзі болып-олардың меншікті қаржы  ресурсы табылады. Олар зерттеулер мен конструкторлық бөлімдердің  жұмыстарына немесе келісім шарт негізінде іске асатын жобаларға  бағытталады. Инновацияға жұмсалатын меншік қаражаты 1999 ж 14%, ал 2002 ж 26% құраған. Яғни жыл сайын зерттеулер мен  өңдеулерге меншік қаражатын жұмсау артуда. Нақты ақшамен көрсететін болсақ 1999 ж 506,8 мли. теңге, 2000 ж 857,3 мли. теңге, 2001 ж 1592,7 мли. теңге, ал 2002 ж 2539,5 мли. теңге құралған.

Инновациялық қызметке бағытталған  кәсіпорындардың меншікті көздері  болып, акционерлер арасында бөлінбеген пайда бөлігі, амортизациялық аударымдар мен кәсіпорындардың акционерлік  капиталы табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс дамуының қоры мен амортизациялық аударымдар қорында жинақталған, өз меншігіндегі қаражаттары арқылы конструкторлық және технологиялық жаңалықтарды игереді.

Өндірісті дамыту қоры негізінен  өндірістің кеңеюі мен жаңалауына, ғылыми зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық жобалар мен  жаңа өнім түрлерін игеру үшін, өзінің айналымын қаражатын көбейтуге, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық базасын күшейту үшін арналады. Инновацияны  іске асырушы кәсіпорындар үшін ең маңызды орынды ҒЗ және КЖ (НИОКР)-ға жұмсалған шығынды өнімнің өз құнына енгізу алады. Қазіргі таңда  НИОКР-ға жұмсалған қаражат сомасы өз құнға енгізілмейді және бұл шығындарды есепке алудың әлемдік тәжірибесіне сай келмейді, бұл өз кезегінде  кәсіпорындардың инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын меншік қаражатының көлемін азайтады.

Бөлінбеген пайдадан қаржыландыру ірі орта немесе ұзақ мерзімді жобаларды  жүзеге асыруда қолданылмайды. Себебі ол шаруашылық айналымынан ақша қаражат  алумен, ол өндірістік тұрақтылықты бұзумен  байланысты болып табылады.

Шетелдік компаниялар  тәжірибесіне сүйене отырып, акционерлік  капитал да жаңа өнім өндірумен байланысты ірі және орта жобаларды қаржыландырудың  көзі болып табылатынын айту керек.

Өтандық кәсіпорындар, инвесторлар  үшін қайтымсыз капитал көзінің  салымы болады. Себебі кәсіпорындарда құрылғылардың тозуы 50% жеткен. Қазақстан  Республиксынада негізгі құрылғылардың  тозуы №6 БЕСТанд/мен реттеледі. Негізгі құрылғылардың тозуы  дегеніміз олардың физикалық  және моральдық қасиеттерінің жойылу процесі. Амортицация-тозудың ақшалай  көрінісі. Амортизациялық төлемдер өнімінің өзіндік құнының негізгі элементі болып табылады. Амортизациялық төлемдердің  жаңа формасына енгізілуіне дейін  Қазақстан Республикасының территориясындабіріңғай  амортизациялық нормалар қолданылған. Амортизация негізгі құрал құнын, шығарылған өнімінің құнына енгізудің  объективтік процесі. Амортизациялық төлемдер реновацияға жіберіледі. Реновация  д/з негізгі құрылымдардың бастапқы құнын қалпына келтіру. Амортизациялық төлемдер амортизация нормалары  арқылы есептеледі. Амортизация нормасы, амортизация төлемдерінің орта жылдық сомасының негізгі құр/р орта жылдық құнына қатынасы. Нормалар негізгі  құралдардың пайд. Мерзіміне байланысты бекітіледі. Амортизациялық негізгі  құралдарының баланстық құнынан  ес-ді. Есептелген амортизациялық сомалар  өнімінің өзіндік құнынаесептеледі. Жаңадан түскен негізгі қорлардың  амортизациясы келесі айдың бірінші  күнінен бастап есептеледі.

Амортизацияны есептеу әдістері:

- Біріңғай немесе сызықтық әдісі-амортизация негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне байланысты есептеледі.

- Комулятивтік әдіс – комулятивті сандар қосындысы арқылы анықталады. Комулятивті сандар негізгі қорларының пайдалану мерзімімен анықталады

- Регрессивтік әдіс-сызықтық әдістей нормалар қолданылады, бірақ амортизация бастапқы құнынан еселі қалдық құнынан есептеледі.

Қазіргі таңда амортизациялық аударымдар негізгі құрылымдарға салынған жалпы капитал салымының 7% ғана табады.

Кейбір елдерде мысалы Жапонияда арнайы амортизация әдісі  қолданылады, ол қосымша салық жеңілдіктерін  беруге негізделген. Оларға мысалы алғашқы  жеңілдік беру әдісі және жай әдіспен  есептелген амортизацияға нақты  процент қосу әдісі. Алғ. әдіс жай  амортизацияға алғаш есеп кезінде  негізгі құрылымдардың 10-50% дейін  құнын есептеп шығаруға мүмкіндігін  береді. Атқарушы органдар жылдам амортизациясы  қолданылатын белсенді өндірістік қорларды анықтап, ол жоғары технологиялық экономика  саласына мен прогрессивті құрылғыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Акционерлік капитал да ірі  және орта инновациялық жобаларды қаржыландыру көзінің негізі бола алады. Олар жаңа өнім түрі немесе техникалық қайта  қалыпқа келуге мүмкіндік береді.      

Қазақстанның акционерлік  қоғам түрінде ұйымдастырылған  ұйымдары, инновациялық қызметке өз қаражаты жетпегенде қосымша құнды қағаз  шығаруына мүмкіндік бар. Акция  экономикасы тәжірибеде тек инновациялық қызметті қаржыландыру үшін ғана емес, сондай-ақ айналым құралдарын толықтыру, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын артыру үшін де қолданады. Инвесторлар  нақты инновациялық жобалар туралы көрініс алуы керек, алдағы жұмыстың мерзімі мен көлемін, бизнес жоспарымен таныс болуы керек.

Өз құралдарын кәсіпорындар көбіне құнды қағаздар ашық орналастыру  арқылы, инвесторларға келісім шарттар  бойынша сату арқылы орналастырады. Құнды қағаздарды ресми түрде  орналастыру-күрделі әрі қымбат процесс. Оны негізінен ірі кәсіпорындар жүзеге асыра алады. Кіші және орта кәсіпорындар акцияларын жекеше (жабық) түрде орналастырады. Бұл әдісті ірі кәсіпорындар акцияларын өз акционерлері арасында орналастырғанда қолданылады. Бірақ инновациялық жобаларды қаржыландыруды қажет ететін отандық кәсіпорындар, көбінесе инвесторлар үшін қажет кіріс деңгейін өнімділік пен аз акцияларының сенімділігін қамтамасыз ете алмайды. Бұл акционерлік қоғамдар үшін инновациялық қызметті қаржыландыруды қиындата түседі және басқа жақтан ресурстар тартуға итермелейді.Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде қарыз міндеттемесін қажет қаржылық ресурстарды тарту үшін жер инновациялық қызмет үшін шығару кең таралмаған. Себебі оны қайтару мерзімінің ұзақтығы мен кірісінің төмендігі және оған деген мемлекеттік кепілдіктің жоқтығынан.Сондықтан қарыз шарты инвесторлар үшін тиімді болуы керек. Соның нәтижесіне қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсу кезеңіне жетуге болады. Корпоративті облигациялармен қатар Қазақстанның қор нарығында деривативтер таралуы керек-опциондар мен варианттар. Оларға корпоративті құнды қағаздарды алу құны сатылады. Ол да инновациялық қызметке қажет қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді. 

Қаз/н экономикалық нақты  саласындағы кіріс деңгейі экономикалық өсу мүмкіндіктерін анықтайды және келесілерге б/ты б/т:

- ұлттық тауар өндірушілердің өніміне бағаның әлемдік конъюнктурасына, себебі экспорттан қолма-қол ақша көп түседі;

- табиғи монополия қызметіне бағаның өсуіне;

- қарыз капиталының құнына, сондай-ақ экономикадағы ақшаның сан және сапасына;Капиталдың жетіспеуі-өндірістік мүмкіндіктің іске асуы мен импортты алмастыру және сұраныстың кеңейтуге кедергі болатын сепебтердің бірі болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде кәсіпорындардың тек жартысы ғана өз кірісін өндірісті дамытуға бағыттайтыны анықталды. Кірістің көп бөлігі қызметкерлердің еңбек ақысын жоғарылату мен мемелкеттік құнды қағаздарды жинақтауға жұмсалады екен.

Қорытынды

      Қазақстан Респуликасының экономикасының жаңа, сапалы жағдайға көшуі барысында инновациялық мүмкіндіктер маңызды деңгейге көтеріле бастады. Инновациялық мүмкіндіктер экономиканы қайта ұйымдастыруға, ғылыми сыйымдылықты, өндірісті, техниканы дамытуға мүмкіндік береді. Бұл инновациялық қызметті талдауды қажет ететінін дәлелдейді. Біздің еліміз үшін экономикада инновациялық процесті қолдау бойынша, дамыған елдердің тәжірибелерін шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Сондықтан инновациялық қызмет мәселелерін теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылыққа мәртебелі түрде енуі бойынша маңызды жұмыстар атқару қажеттілігіне тікелей байланысты болып табылады. Қазақстанның көптеген салаларының артта қалуы осы инновациялық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің артта қалып дамымауына байланысты.

Инновациялық өндіріс  пен өнім бәсекелестігінің дәрежесін  көтерудің бірден бір жолы елдің  инновациялық мүмкіндігін, ғылыми-техникалық және өндірістік мүмкіндігіне талдау жасау. Менің магистрлік ғылыми-зерттеу  жұмысында осы сияқты мәселелердің шешу жолдары қарастырылған.

Жалпы айтатын болсақ инновациялық белсенділіктің жоғары шегі тоқырау  кезеңіне келеді. Себебі сол кезде  жаңа салалар мен түбегейлі өзгерістерге қажеттілік туады. Ол үшін ғылым саласына басты назар аударған жөн. Ғылым  саласының өнімін материалдық өндіріске  айналдыруды қамтамасыз ететін сала-ұлттық экономиканың инновациялық саласы болып  табылады. Сонымен қатар инновациялық қызмет материалдық емес формада  болуы мүмкін. Ол ғылым мен техника  жетістіктері түрінде көрініс табады.

Инновациялық қызмет жаңа ғылыми-техникалық білімді қолдану  арқасында өндіріс факторларының  жаңа деңгейлі қарым-қатынастарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Инновациялық өнімнің  құнын есептеу ерекшелігі-кеткен шығынмен емес оның қоғамға алып келетін  пайдасымен есептеледі.

Инновациялық қызметті дамыту үшін өнеркәсібі, дамыған елдерде  көп тараған, шаруашылық әдістер  мен стратегияны қолдану келісіміне назар аударған жөн. Осының арқасында  ғылыми-техникалық және технологиялық  мүмкіндіктерді толық қолданып мемлекеттік  саясатты жүзеге асыру қажет.

Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін әрине қаржы қаражаты қажет болып табылады. Ол қаражаттарды тартудың бірнеше көздері бар  мысалы шет елден инвестиция тарту  арқылы инновациямен қаржыландыру. Қазіргі  таңда шет мемлекеттері Қазақстанға  тікелей инвестицияға қарағанда  несие беру құштар. Мұның себебі несие үкімет кепілдігімен жақсы  қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы ұзақ. Мерзімді қажет етеді. Біздің еліміз үшін тікелей инвестициялық  тиімсіз жағы инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да, Қазақстандықтардың мүддесі қажет еткен сала яғни инновация саласында ескерусіз  қалады. Сондықтан инновация саласын  қаржыландыру үшін басқа көздерді жолдарды, әдістерді іздеу керек. Сондай-ақ бұл жұмысында ҚР-ғы шетел инвестицияларын  құқықтық реттеудің жалпы мәселелері қарастырылған. Бұл жерде тікелей  инвестициялар туралы заң мен  шетел инвестициялары туралы азаматтық  кодекс арасында пайда болатын кейбір қайшылықтардың шешу жолдары келтірілген.

Нарықтық қатынастағы  инновациялық қызметті қалыптастыру мәселелерінде. ҚР-ғы инновациялық қызметтердің даму дәрежесі талданған. Өкінішке орай біздің елімізде ірі ғылыми орталықтарында құрылған көптеген кәсіпорындар ғылым  мен өндіріс саласында делдал қызметін атқармайды.

Қазіргі таңда ҚР-да жаңа инновациялық инфрақұрылым қалыптастыруда, оның қызметіне инновациялық қызметті қайта өндіру жағдайын жасау табылады.

Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымды құрудың негізгі бағыты болып  инновациялық орталықтарды ғылыми технологиялық  парктер мен инкубаторларды қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық саланы дамыту мен оған иновация тартуға назар аударудан алдын, инновациялық қызметтің негізін құрайтын Республикадағы ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің дамуына көңіл бөлу керек. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновациялық қызмет материалдық байлық пен адам капиталының сапасын көтерудің негізгі көзі болып табылады. Елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін талдай отырып, Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жобалау-ұйымдары мен ЖОО-ң саны, ондағы ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми-техникалық қызметкерлер саны, аспиранттар, докторлар, кандидаттар санын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру мәселелерін талдай отырып, қазіргі таңда тек мемлекет жинақталған ғылыми-техникалық мүмкіндіктің құлдырауға ұшырауынан сақтап қала алды деген қорытындыға келуге болады. Сондай ақ мемлекет ұзақ және қысқа мерзімді несиелеу арқылы ғылымның дамуына қажет қаржының ресурстарды көмектесе алады, ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағытын арнайы бағдарламалар жасау арқылы жүзеге асыра алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі