Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 18:42, курсовая работа

Краткое описание

Несие ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бәрі басқа мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда несиенің сатылып, пайызға берілуі - несие ұғымының негізін қалыптастырады. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылыұтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдығы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екндігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Қоғамдық байылық формасы қозғалысының несиенің негізінде болатын көптеген экономикалық қатынастар бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аза_стан Республикасында_ы несие ж_йесi.doc

— 658.50 Кб (Скачать документ)

       Нарықтық экономикада  несиенің негізгі формасы банк  несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасың обьектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарызалушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа беріледі.

     Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да заңды және жеке тұлғалардың депозитінен береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18 – 20% - ды құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар депозиттер, банкаралық қарыз ақшалары.

      Банк несиесінің екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.

      Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы бұл несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда алады әрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына жіне жинақтау  саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолдану аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған. Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісім шарты немесе  несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу. Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға және жаңғыртуға беріледі. Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толықтыруға, жарғылық капиталды толықтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін төлеуге болмайды.

       Несие есеп  айрысу құжаттарына төлеміне  қолма – қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен беріледі. Несие қарыз алушыларға тек несие келісім шартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісім шартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстада мұндай несиені тек банктік қаржы – несие мекемелері беріп қана қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестері де, микронесие ұйымдары да береді. Алайда, бұл осы несиенің формасының мәнін өзгертпейді. Сондай – ақ қарыз алушылардың құрлымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және халықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да алады. Банктік несие салымдарының мөлшері несие ресурстарына байланысты болады. бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы – несие институттарынан алынатын қарыз қаражаты құрайды.

      Осылармен бір  мезгілде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі өзінің ақша –  несие саясаты арқылы экономиканы  несиелейтін саланы да реттеп  отырады. Ол банктердің несие  қоржынының сапасы нашарлаған  жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық емес, сонымен бірге әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді. Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе векскльді пайдаланумен беріледі.

       Қазақстан коммерциялық  банктер соңғы бес жылда экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. Жалпы ішкі өнімдегі ссудалық қоржын 2002 жылдың 1 қаңтарында 15% - ды құраса, 2005 жылдың 1 қаңтарында 32,7%, яғни,екі еседен көп.

2005жылдың 1 қаңтарындағы несие салымдарының құрлымы:   

  - қысқа мерзімді несие - 49,9%;  

  - орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін) – 30,2% ; 

  - ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары) -19,9%.

         Несие қатынастары банктер мен  кәсіпорындардың, ұйымдардың арсында  ғана болмайды. Ол, сандай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұнын құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып, төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

   Тұтыну несиесі  халыққа оның ағымдық сипаттағы  қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін беріледі. Оның ішінде, жеке  шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі. Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12% - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда бұл несиенің формасы мүлде дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 -18% - ды құрайды. Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ  мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен ссуда алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы -  несие қатынасының артық буыны жойылады. Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.

      Сондықтан  да соңғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарынды қалады. өнеркәсібі дамыған елдерде тұтыну несиесінің бірнеше түрлері пайдаланылады. Алайда, олардың арасында тауарларды төлем мерзімін ұзартумен сатудың үлес салмағы басым. Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.

     Тұтыну  несиесі көптеген елдерде маңызды  рөл атқарады. Осыған орай, ол  мемлекет тарапынан реттеліп  отыратын болады. Ол қадағаланады  әрі банктік және коммерциялық  несиелерге бақылау қойылады.

    Экономика  құлдыраған жағдайда мем лекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма – қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шарттары енгізілді. Инфляция жағдайында, керісінше, қолма – қол ақшамен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады. Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс – жинақ ақша банкісі құрылады. 2004 жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 260,7 млрд теңгені құрады, 2005 жылмен салыстырғанда 9,5% - ды құрады.

        Ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады жіне одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті ипотекалық несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады.

         Ипотекалық ссуданың көбісі қатаң  мақсатты тағайындауға ие, өйткені,  ол тұрғын үй мен өндірістік  үй -  жайларды қаржыландыру, сатып  алу, тұрғызу үшін жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады. Ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын - ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады. Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады кепілге салынатын мүлік нақты болуы керек, яғни келісім шартта кепілдік өқөығының обьектісіне жататын нақты мүлікті анықтау, кепілдіктің жариялылығы, кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

     Ипотекалық  несиені рәсімдеуде негізгі құжаттарға кепілхат, вексель және өзгеде бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания шығаратын ипотека облигациялары секілді құнды қағаздардың қайталама нарығында баға белгіленуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге салынған заңды меншікті құқығын несиегерге беруді ұйғаратын құжат болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиесінің негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады.

      Ипотекалық  несиелеудің отаны -  Германия: алғашқы мемлекеттік ипотекалық  банк 1770 жылыСилезияда аса ірі помещиктік шаруашылықтарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

     19 ғасырдың  бас кезіндегі ипотекалық банктің  қызметі шағын помещиктік меншік  иелеріне де қолданыла бастады,  ал 19 ғасырдың орта шенінде бір  қатар шаруа қожалықтарына қолданылды. Алғашқы жекеше акционерлік және «таза ипотекалық банк» 1962 жылы Фоанкфрутте құрылды. АҚШ - та ипотекалық банктер аймақтық мәні бар шағын фермерлік жер банктеріне берілген, ал, Канадада – ипотекалық компанияларға берілген, Англияда ипотекалық несиені берумен құрылыс қоғамдары айналысады.

       Мемлекеттік  несие жеке және заңды тұлғалардың  уақытша бос ақшалай қаражаттарының  мерзімділік, қайтарымдылық және  ақылы шарттары негізінде мемлекет  тарапынан жұмылдырылуы себебі  бойынша қатынастың жиынтығын білдіреді.

      Мемлекеттік  несиені мемлекеттің өзіндік  несиесіне және мемлекеттік борышқа  бөлу керек. 

      Бірінші  жағдайда мемлекеттің несие институттары  экономиканың әр түрлі секторларын  және халықтық несиелейді. Қазақстанда  бюджет қаражаты есебінен құрылған, жарғылық капиталы 100% - ды екі банк бар – Қазақстан Даму банкі және мемлекеттік тұрғын үй құрылысының ақша жинақ банкі.

      Екінші  жағдайда мемлекет уақытша бос  ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекеттің бюджет тапшылығын және қоғамның өзге де қажеттіліктерін қаржыландыру үшін халықтан, банктерден жіне өзге де қаржы - несие мекемелерінен ақшалай қаражатты қарызға алады. Уақытша бос ақшалай қаражат облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және мемлекеттің өзге де құнды қағаздарын шығару және өткізу арқылы жұмылдырылады.

       Мемлекеттік  қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға  бөлінеді. Мемлекеттік қарыз бойынша,  мемлекеттік займ міндеттемелері  бойынша берешектерден, жинақ  ақша және сақтандыру жүйелерімен  жұмылдырылған қаражаттан тұрады. Сыртқы қарыз мемлекеттің өзге мемлекеттерден қарызға алған берешегінен пайда болады. Мемлекеттік қарызды басқару ұғымынесиелерге табыстарды төлеуді және қарыздарды өтеуді, шығарылған займдардың шарттарын өзгертуді, эмиссия шартын анықтауды, мемлекеттік қарызды басқару бойынша шығыстарды кемітуді қамтиды. Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарының есебінен қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың қуатты құралы болып табылады. Ақшалай қаражатты жергілікті үкімет органдары да қайтару және ақылы негізде жұмылдыра алады. Бұл жағдайда, әдетте, алынған қаражаттың нақты мақсатты бағыты болады. Ол жол құрылысына, су бөгетін тұрғызуға, мектепті салуға, қалалық және ауылдық аудандардың жасақталуына пайдалануы мүмкін.

         Халықарлық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалыққатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша халықаралық несие - қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капитал қозғалысына қызмет ететін несие қатынасының әр түрлі формаларымен субьектілері бойынша біріктірілетін үлкен ұғым.Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем баланысының тапшылығын жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналады. Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер халықаралық және аймақтық валюталық несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады. Халықаралық несие ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма - қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, капиталдың шоғырлануын орталықтандыруын күшейту мақсаттарында беріледі.

        Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісім шарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісім шарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі