Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:17, реферат

Краткое описание

Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілден-дірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлем).
Екінші деңгей – жұмыс өтілі мен еңбекақы төлеу мөлшеріне қарай жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 202.00 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі-экономист ғалымдар О.Баймұратов, А. Зейнельгабдин, Қ. Ильясов, Ж. Ихданов, С. Интыкбаева, Ұ. Искаков,В. Мельников., Н. Нурланова, Қ. Оқаев, Г. Осипова, Г. Сансызбаева, Н. Хамитов, Б. Чумаченко және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденістері мен зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әр түрлі тұстарын қарастырып, олардың практикада қолданыс табуына өз үлестерін қосты. Соған қарамастан, рынок талаптарына сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын кемелдендіруді және әлеуметтік тәуекелдердің залалдарын жабудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жаңа институттар мен құрылымдарды  дамыту аясында әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің кейбір аспектілері одан әрі зерттеулерді талап етеді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тиімділігін ғылыми тұрғыдан, оны реформалауда жүргізілетін шараларды зерттеген ғылыми жұмыстар жеткіліксіз.

Сондықтан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуын теориялық  және әдіснамалық тұрғыда саралау  қажеттігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

 

 

    1. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

 

Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің теориялық  және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға  сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді  шешу қарастырылған:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;

- әлеуметтік қорғау  жүйесін қаржымен қамтамасыз  етудің  тұжырымдамасын әзірлеу;

- халықты әлеуметтік  қорғау шығындарын қаржыландыруға  арналған бюджет қаражаттарының  нәтижелілігін талдау;

- міндетті әлеуметтік  сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау;

- мемлекеттік емес  зейнетақы қорларының халықты  әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен  қамтамасыз етудегі атқаратын  рөлін талдау;

- әлеуметтік қорғау  жүйесін салықтық реттеуді жетілдіру  жолдарын қарастыру;

- микроқаржыландыру мен микронесиелеудің халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орнын анықтау;

- корпоративтік деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;

- әлеуметтік- кәсіпкерлік  корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды  шешуге арналған қаржы ресурстарының   қалыптасуы мен пайдалану бағыттарын зерттеу.

2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттарының даму заңдылықтары мен үрдістері

 

“Әлеуметтік қорғау“  ұғымы отандық әдебиетте 90 жылдардың басында пайда болды. Бастапқыда бұл түсініктің мағынасы халықтың кейбір санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету деп танылды. “Әлеуметтік қорғау“ ұғымы көбінесе саясаттық мақсатта қолданылып, қоғамдағы мемлекеттің қабылдаған нақты әлеуметтік-экономикалық шешімдеріне сай келмеді. Шет ел сөзінің “social security” аударымы әлеуметтік қорғау емес, әлеуметтік қауіпсіздік деп анықталады.

1980-1990 жылдар аралығында “әлеуметтік қорғау“  ұғымы “әлеуметтік сақтандыру” мен “әлеуметтік қамсыздандыру“ ұғымы ретінде қарастырылып, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің зиянды зардабынан қорғау шаралары деп анықталған. Дегенмен, 90-жылдары бұл ұғымның мағынасы одан әрі қарай дамытылып, оның маңызы өмір деңгейі мен сапасын бір қалыпты ұстау саясатының әдістері мен түрлері деп танылды.

Әлеуметтік қорғау – келеңсіз жағдайлардың күшімен (қарттық, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу) экономикалық белсенді және лайықты төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін кіріспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жеткілікті әл-ауқаты деңгейі мен өмірлік қажетті игіліктеріне қол жеткізу деңгейінің белгілі бір мүмкіншілігін қамтамасыз ететін жүйе.

Ресейлік профессор  М. Г. Назаров «әлеуметтік қорғау»  әлеуметтік топтарға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік кепілдіктердің заң жүзінде бекітілген тәртібі, әдістері, нысандары деген анықтама берсе, В.Д. Роик «Әлеуметтік қорғау  жұмыскерлерді өмір сүру сапасын төмендететін жағымсыз жағдайлардан қорғауда қолданылатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық, медициналық және техникалық шаралар жиынтығы» деп атап көрсетеді.

Әлеуметтік қорғау туралы экономист-ғалымдардың әр түрлі  көзқарастарын талдай отырып, екі топты бөліп көрсетуге болады: бір жағынан, әлеуметтік қорғау мұқтаж азаматтарды мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп қарастырылса, басқа жағынан әлеуметтік қорғау жеке адамның өзін -өзі әлеуметтік қорғауына, қалыпты өмір сүруіне, рухани дамуына жағдай жасайтын әлеуметтік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Автордың пайымдауынша, әлеуметтік қорғауға  қоғамдық дамудың нақтылы  жағдайларына сәйкес азаматтардың қалыпты  тіршілік әрекетінің кепілді деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі жатады. Әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, ішкі жалпы өнімнің көлеміне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты.

Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалануы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты қайта  бөлгіштік қатынастарда көрінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі.

Халықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік беру мемлекеттік  бюджеттің қаражаттарын қолдануды, әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруды және азаматтардың өзін - өзі қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуды қажет етеді.  Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі күрделі құрылымға ие және өзіне әлеуметтік төлемақылар және әлеуметтік жеңілдік беру сияқты қаржылық институтты кіріктіреді. Бұл қаржылық институттардың да өзіне тән құрылымдары бар. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету осы  қаржылық институттардың қызмет етуі арқылы жүргізіледі.

Теориялық талдаулар негізінде  диссертацияда  халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми негізделген анықтамасы берілді. Қаржылық институт ретінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үрдісін ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық тетіктерді қолдана отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесі деп қарастыруға болады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етуді ақша ағындарының  екі жақты қозғалысы ретінде  қарастыруға болады.

Осы қаржы ресурстарының екі  жақты қозғалысының арқасында халықтың кейбір әлжуаз топтары әр түрлі нысанда әлеуметтік көмек ала алады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің  тиімділігі бірінші кезекте қаржы  ағындарының толықтылығына, үздіксіздігіне, атаулылығына және әлеуметтік қорғау нысандарының сапасына байланысты. Қаржылық механизм объективтік және субъективтік сипатқа ие.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын басқарудың қаржы механизмін өмір сүру сапасын жоғарылату, кедейлікті төмендету, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу мақсатында пайда болатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы қорларының қалыптасу мен пайдалану әдістерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Экономикалық заңдардың талаптарына сай қолданылатындықтан  қаржылық механизм объективтік жағынан сипатталса, екінші жағынан мемлекет тарапынан бекітілуі және дамудың әр сатысына тиісті мақсаттарды шешуге арналғандықтан  қаржылық механизм субъективтік сипатқа ие болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімді қаржылық саясаты қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің  қаржылық саясатының даму серпінін, осы  жүйедегі қаржылық қатынастарды ұйымдастыру  ерекшеліктерін көрсете алады.

Халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесінің негізгі сипаты қаржылық тұрақтылықты мемлекет, жұмыс берушi мен жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  мен Халықаралық Еңбек Ұйымының құжаттарында  бекітілген тұжырымдамаға сәйкес  көптеген елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің басым бағыты міндетті әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Ал,   әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек институттары жұмыссыздарды,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын кәсіпорында жұмыс істейтіндерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің институционалдық нысанына қарай  «беверидждік» немесе «бисмарктік» модельдерді қолданатын елдерді нақты бөліп алу оңай емес. Әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің «беверидждік» моделі мемлекет тарапынан барлығына бірдей әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі  әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етсе, «бисмарктік» модель  жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдікті міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы қамтамасыз етеді.

Зерттеулер нәтижесі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуде мемлекеттің қатысу деңгейі әлеуметтік қорғауға арналған шығындарға тікелей әсер етпейтінін көрсетті. 

Франция, Германия, Нидерланды елдерінде  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру деңгейі Испания, Италия және Ұлыбритания елдеріне қарағанда  анағұрлым төмен, бірақ олар әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейіне жеткен елдер қатарына жатады. Керісінше, Дания халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың 79 пайызын бюджет арқылы қаржыландырады және ол да әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейіне жеткен елдер қатарына жатады.

Демек, халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың көлемі экономикалық дамудың деңгейімен емес, үкіметтің саясатымен тығыз байланысты.

Қазақстандағы  әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету  тұжырымдамасын әзірлеудің негізіне мынандай қағидаттар жатқызылды: жалпылайлылық – Қазақстан рынокқа бағдарланған мемлекет ретінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік тәуекел пайда болған жағдайда ең төменгі әлеуметтік стандарттар шеңберінде залалдарды жабуға кепілдік береді. Ынтымақтастық – табыстың әркелкілігі орын алған қоғамда ынтымақтастық қағидаты кедейлерге берілетін атаулы әлеуметтік трансферттердің ІЖӨ-дегі үлесінің жоғарылауын, жалақының деңгейін көбейту арқылы ІЖӨ-нің құрылымының өзгеруін көрсетеді. Тиімділік қағидаты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық институттарының трансакциялық шығындарын төмендете отырып, жоғары деңгейде  әлеуметтік төлем алуға жағдай жасауын айқындайды.

Әлеуметтік қорғаудың  экономикалық мақсатын жүзеге асыру  қаржы қорларының  қалыптасуы мен  пайдалануындағы қаржылық қатынастар мен оларға тиесілі қаржылық тұтқаларсыз мүмкін емес.

 

2.1 Рынокқа бағдарланған халықты әлеуметтік қорғау саясатын қаржымен қамтамасыз етудің механизмдері

 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеу, кедейлік пен жұмыссыздықты төмендетудің қаржылық-кредиттік механизмдері, корпоративтік  деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады.

Кредиттік  серіктестіктердің  даму рыногы, олардың жиынтық кредиттік  портфелі мен клиенттерді қамту  деңгейі банктің осы қызметтерімен салыстыруға келмейді. Қазақстанда мемлекеттің жиынтық кредиттік портфелінде микрокредит берудің үлесі 2%-ды құраса, Ресейде бұл көрсеткіш 20% болып отыр. Микроқаржылық қызметтерге қол жеткізу арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арзан кредит алу мүмкіндігі кеңейеді және бұл өз кезегінде  кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатуға, кедейлікті төмендетіп,  халықтың өзін-өзі әлеуметтік қорғауына септігін тигізеді.

Микроқаржыландыруды дамытуды тежеп отырған негізгі фактор осы секторды мемлекет тарапынан кешенді қолдаудың, тұжырымдамалық көзқарастың болмауымен байланысты. Кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдар ұтқыр және мамандандырылған қаржы институттары бола отырып, банктік қызметтерге бәсекелестілік тудыра алады.

Микрекредиттік ұйымдардың кредиттері кедей халықтың үлесін төмендететінін зерттеулер көрсетіп отыр. 2007 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 745 микрокредиттік ұйымдар тіркеліп, олардың ішінде белсенді жұмыс істейтіндері 250 болып отыр. Оңтүстік Қазақстанда 165, Алматы қаласында 115, Қарағанды облысында 73, Атырау облысында небәрі 7 микрокредиттік ұйымдар тіркелген.

Қазақстан халқының 43%-ы ауылда тұрады, микрокредиттік ұйымдардың ауылда шоғырлануы 15%-ға тең. Республикалық бюджеттен «Ауыл халқына микрокредиттер беру жүйесін ұйымдастыру бағдарламасына» 2006 жылы 2млрд 500 млн теңге бөлінді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, микрокредиттік рынок монополияланып бара жатыр. "Микрокредит-Инвест" 18 микрокредиттік ұйымдарды жекешелендіріп алды.

Кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдарды мемлекеттік қолдау құралын одан әрі жетілдіру, микроқаржылық ұйымдардың кәсіби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу өзекті проблемалар болып табылады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттердің көлемін 1000АЕК-тен 8000АЕК-ке жоғарылату ұсынылды. Бұл өз кезегінде микрокредиттік ұйымдардың инвестициялық тартымдығын жоғарылатады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру