Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 15:48, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған

Содержание

Кіріспе...................................................................................................

1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
толық көзқарастар
1.1. Мемлекеттің мәні, және экономикада мемлекеттің
рөлі........................................................................................
1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі..................................................................................
1.3. Мемлекет және бизнес......................................................

2-тарау. Қазакстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға
өтуінің ерекшеліктері........................................................
2.2. Өтпелі кезееңдегі макроэкономикалық саясат. ...........
2.3. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың
дамуының тиімді нысаны...................................................
2.4. Қазақстандағы экономикалық дамыту, элеуметтік
ахуалды жақсартуға жол..................................................

Қорытынды .................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..................

Прикрепленные файлы: 1 файл

экономика 1.doc

— 196.00 Кб (Скачать документ)

                    сүетіндерге карсы колдапу керек.

 

2.2. Отпелі  кезеңдегі  макроэкономикалық саясат

 

         Республика үкіметі экономиканы монополизациялаудың жоғары деңгейі тауар өндірушілер арасында бәсекенің жоктығы жағдайында мемлекеттік акша каражаттары мен халық пайдасын, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың каржылық ресурстарын түраксыздандыратын кұнсыздану процесінін барлык жаңа оралымдарын тудыратын ішкі рынок бағаларының әлемдік оағаларға кезенді жақындауына бейімдеп құнды либерализациялау жөніндегі макроэкономикалық саясатты жүргізді. Қорытындысында 1994 жылдың ортасына карай республика экономикасы құлдыраған, дағдарыс кұбылыстары әлеуметтік-экономикалық салалар шегінен шығып мемлекеттік басқару құрылымдарына таратылды: үкімет қүрылымдарын жүйесіз қайта құру және елдің кадрлар әлеуетін араластыру басталды. Бұндай даму жолын ТМД басқа елдері де басынан өткерді.

        Осы елдердің халықшаруашылык пропорцияларды стихиялы рыноктык реттеуіштермен рыноктық экономиканы қалыптастыруга бағытталған макроэкономикалық саясаты, мемлекеттің өндіріс пен аймақтардың барлык секторындағы шаруашылык іс-әрекетке әсер етудің аспаптық тұрақтандырғыштары мен реттегіштерінен бас тартуы, өмір өзі көрсеткендей қате болды. Ішкі тұтыну рыногының таратылуы, әсіресе Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейінің бес есе төмендеуі - осы қателіктің тікелей нәтижесі.

         ТМД елдерінде қаржы-бюджеттік және несие-қаражат саясатындағы үкіметтік бағдарламалардың кемшіліктері халықтың ақша қаражатын қысқарту, тұтыну саласын тарылту, меншіктің кез келген нысанындағы тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беруден бас тарту жолымен бюджеттік тапшылыққа шек коюдан тұрады.

         Несиелеу жүйесін коммерциялау және бюджет тапшылығын, жинау, жылыту және басқа да компанияларды қаржыландыру сияқты экономиканың бір реттік проблемаларын шешу үшін қаражат эмиссиясын пайдалану экономика дағдарысының әрі қарай терендеуіне әкеліп (1994-1995 жж) ТМД елдерінің оның ішінде Қазақстан мен Ресей экономикасының бөлінуіне әкелді.

        Дағдарысты жеңу үшін ол кезде рыноктықпен қатар алдын ала әлеуметтік, салалық, өңірлік және ғылыми-техникалық, қаржылық индикаторларды анықтап экономиканы реттеудің сынақтан өткен

экономикалық (әкімшілік емес) әдістерін енгізу қажеттігі туды. Әлемнің дамыған елдерінің ешқайсысы экономикалық дағдарыс кезеңінде және өтпелі кехеңде экономиканы тек рыноктық әдістермен ғана басқарған емес.

       Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесін, экономикалык министрліктер мен ведомстволар жұмысының әдістері мен стилін реформалау, микродеңгейге мемлекеттік әсер ету жүйесін қайта құру меншіктің кез келген нысанындағы өндірістік сектордың шаруашылық іс-әрекетіне кірігу бір жағынан, екінші жағынан макроэкономикалық саясаттың мақсаты болуы керек. Экономикалық ведомстволардың басқару іс-әрекетін реформалау есеп беру мен есепке алуды қайта құруға, қаржылық-ақша ресурстарын индикативтік жоспарлау және макроэкономикалық реттеу әдістерін кеңінен қолдануға багытталуы керек, ал микродеңгейге мемлекеттік әсер ету жүйесін қайта кұру мемлекеттен ажырату процестерін жүйеге келтіру мен реформаға әлеуметтік тіректі қалыптастыру, меншіктің барлық нысанындағы тауар өндірушілерге дем беруге және ішкі тауар рыногын либерализациялауға, халық өмірінің деңгейін түрақтануға тіреледі.

        1996 жылдан бастап бес жыл бойы жалғасқан төмен құлдыраудан кейін Қазақстанда және Ресейде экономикалық көтерілу (баяу қарқынмен болса да) байқалады .

        Соңғы жылдардың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэконмиканы түрақтандыру болды, бүл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мен қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.

        Егер елдегі инфляция   шектен асып кетсе, үлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен стратегиялык ұмтылыстарымызға сай келмесе , ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса, немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз .

         Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалык жоғары табыстарға қол жеткізетін кез - келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңге жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданган   және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді   белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке үшырады .

        Біріші Азиялық барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, үлттық валютаның   күшеюін, жинақтау нормасының   жоғары болуын көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Индонезияда, Кореяда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады .

        Біздің алдымызда инфляция не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды   да.   Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және қүрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. Нарық - қатаң қаржылық жауапкерлікке толы демократия. Халықтың көпшілігі мүны енді түсінді. Әрине макротұрақтандыруға ауыр тоқырау мен ақшаның жетіспеуі ілесе жүрді. Бірақ нақты секторды қүрылымдық қайта қүру жүріп жатыр, енді таяу арада ақша мен тауар массасы қажетті сәйкестікке жетеді .

       Уақытша келгенде өмір мен жүмыстың қиын кезеңінде

шыныккан адамдар бұл дагдарыстан да шығады. «Таршылыкты көрмеген кеңшіліктің парқын білмейді» дейді қазақ мақалы.

 

2.3.  Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың дамуының тиімді нысаны

 

        Әркімнің жеке өз ісін ашқысы келетіндігінің көптеген себептері бар. Жеке бастың тәуелсіздігі, пайда табудың шексіз мүмкіндігі және өзіне ыңғайлы уақытта, сүйікті ісімен шұғылдану мүмкіндігі -адамдарды бизнеске ұмтылдыратын себептеғрдің кейбірі ғана. Бизнестегі көптеген аты әйгілі адамдар, өз істерін арнаулы коледждерде 4 жыл оқығаннан кейін, немесе тіпті жоғарғы оқу орындарының екінші сатысынан кейін бастағандар . Ал енді біреулері , арнайы дайындыктан өтпей-ақ бизнесмен болғандар.

        Кәсіпкер пайда табуы үшін, қажетті тауарды өндіріп, оны өндірудің тиімді технологиясын жасап, өндірісті қаржыландырып және ол өнімді өзіндік құнынан артық багаға сата білуі керек. Бизнеске ¥мтылған кәсіпкерлердің кейбіреулерінің істері алға баспай, шығынға ұшыраулары да мүмкін.

        Монополизммен күрестің өте тиімді жолдарының бірі ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оңтайлы қиюласуына қол жеткізу болып табылады. Бұл жағдайда шағын кәсіпорныдар ірі кәсіпорындарға карағанда бірнеше басымдылықтарға ие:

       - кәсіпкерліктің және тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсетуде бәсекелестіктің дамуы;

      - тұтынушы сүранысының өзгеруіне жылдам бейімделу;

 

       - өнімдер мен кызметтер көрсету сапасын арттыру;

       - баға қүрайдың табиғи тетігін пайдалану;

       - монополизмді жою;

       - өндірістің ғылыми-техниклық дамуын жылдамдату;

       - оңтайлы басқару құрылымдарын қалыптастыру және пайдалану

       -  кадрларды тиімді пайдалану;

       - орталықтандырылмаған қаржы жұмсауларды пайдаланбай коммерциялық негізде жаңа өндірістік күштерді жылдам құрау.

        Бүгінгі күні Батыста қалыптасқан қүрылымда кем дегенде шағын кәсіпкерлердің екі үлкен тобы жұмыс істейді. Біреуі индустрия дәулеріне өнімдерді косалқы жеткізуші ретінде қызмет етсе, екіншісі - өндіру мен қызметтер көрсету саласында дербес жүмыс атқарады. Осы топтардың ара қатынасы әр елде әр түрлі: АҚШ-та 50:50-ге тең; Англияда - 20:80; Жапония д а -65:35.

        Бүгінгі күні шағын және ірі бизнестің өзара әрекетін иілмелі серіктестік деп атауға болады. Шаруашылық кешендерін құру және жою үнемі болып тұрады. Үйымдастыру-қүрылымдық тұрақтылық рынокта қалқып қалу құралы ретінде өткенге кеткен. Тек үнемі қозғалыста, шаруашылық әрекетінде, серіктестерді, шығарылатын өнімдер номенклатурасын жаңарту - коомерциялық жемістің түрақтылығына жол. Бұндай жағдай шагын компаниялардың ірі корпорациялармен келісімшарттық қатынастар табиғатында көрінеді: косалқы мердігер өзара тиімді бірлескен өндірісті жолға қоюға катысушы болып табылады. Бүл өзгерістер шағын бизнестік басқ тобының - шағын тәуелсіз компаниялардың қаржылық-экономикалық дербестігі негізінде іске асады.

         Қазақстан Республикасында өнімді өндіру, халық тұтынатын тауарларды өндіруде, қүрылыста, тұрмыстық қызметтерде және саудада маманданатын шағын кәсіпкерліктің басымдылығы осы секторлардың

қанықпағанымен және рынок конъюнктурасының ауытқуына түсетіндіктен,

 ірі және орта  кәсіпорындар бейімделе алмайтын  тұтынушылар

сүранысының өзгеруімен түсіндіріледі.

         Шағын кэсіпкерліктің казіргі жагдайы соңғы уақытқа дейін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік демеудің жоқтығымен, экономикалық стимулдардың әлсіздігімен, сондай-ақ экономиканың жалпы дефициттігімен түсіндіріледі.

        Табыс алуға бағытталған экономикалық іс-әрекет нысаны ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы негізінен екі жолмен дамыды:

       - мемлекеттік үйымдар мен кэсіпорындарды ірілендіру есебінен;

       - заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен жаңа шағын кәсіпорындардың пайда болу есебінен.

        Қазакстан экономикасын дамыту барысында алға қойылган мақсат - кәсіпкерлікті дамыту. Ол үшін Қазақстан кәсіпкерлері жұмыла қызмет атқаруда. Республикамызда кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың 30-40%-ін әйелдер құрайды екен. Өлкемізде тіркелген кәсіпкерлердің республикада қарқынды түрде жүріп жатқан құрылыстарға қосар үлесі қандай?   Еліміздің облыстарында он төрт жылдың көлемінде қандай өзгерістер бар? Осы сауалдарымыздың жауабы ретінде баса назар аударылып отырған еліміздің экономика саласындағы жетістіктерді айқындап көрейік .

         Бас қаламыз Алматыда ресми түрде 53365 кәсіпкерлік тіркелген болса, оның 34344-і   жұмыс істейді. Оның 12000-ы қала экономикасын дамытуда . Қаладағы ШК-тің 3,5 %-і сауда саласында,  15,6%-і өндіріс , 2І,4%-і жылжымайтын мүлік саласымен айналыса,  14,2-і құрылыс жүмыстарын жүргізуде . Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш .

         Ал Алматы облысы еліміздегі алдыңғы орындарды иеленіп , биылғы жылы шағын және орта кәсіпорындар   30 миллиард теңгенің өнімін өндіріп , одан бюджетке 2 миллиард теңге табыс түскен .

         Ал Астанадағы кұрылыс жұмыстарының қалай қаркынды жүріп

жатқаны айтпаса да белгілі  шығар .

         Атырау аймағына келсек, Мақат ауданында мүнай өңдейтін зауыттың іргетасы қалануда . бұл жоба аяқталысымен  18000 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр . Сол сияқты мұнда шикізат жнінен жетістіктер жетерлік .

         Сол сияқты еліміздің басқада ірі - ірі калаларында кәсіпкерлік баяу да болса дамып келе жатқаны байқалады .

         Десекте шағын және орта бизнес 65 миллиард теңгенің өнімін өндіріп шыгарған . Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% -ға артқан . Елбасы биылғы жылы жұмыс сапармен аралап қайтқан облыстардың дерлігінде Президент жолдауын ұстана отырып   белгілі бір бағытта дамып келе жатқанын   алға тарта отырып , елдің экономикалық өсу багыттарына оң баға берді .

         Мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған Қазақстанда құрылып жатқан кәсіпкерлер қауымдастығы мен   қоғамдық құрылымдар да әлеуметтік жағдайы төмен , қолынан іс келетін азаматтарға көмектерін көрсетуде . Өйткені банктердің оларға несие бермейтіні белгілі. Сондықтан шағын несие берумен   айналысатын ұйымдар да бар . Соның бірі «Мөлдір» шағын несие беретін ұйымы 1990ж. бері тұрмысы төмен, жалгыз ілікті әйелдердің жағдайын көтеру мақсатында   қызмет көрсетіп келе жатқан ұйымдар қатарында.

         Қазақстан экономикасын дамыту ТМД елдеріне үлгі боларлықтай халге жеткенімен, әлі атқарылмаған жұмыстар жетерлік. Қасық шанышқыдан бастап   барлық үй жиһаздарын, тұрмысқа қажет заттардың барлығын Қытай қамтамасыз етіп отырғаны бенлгілі . Құрылыс материялдарын ресей мен кытайдан аламыз . Бір колдануга ғана жарайтын қытайдың заттары   бізге әкелетін шығынын есептесек ,қытайға түсер пайда сол шамалас болмаса кем емес. Демек осы салалардың барлығын дамыту үшін Қазақстан шетелден инвестицияны негұрлым көп әкелуге талпынуда. Елімізде қай сала болмасын шетел инвесторларының сеніммен келуіне бір ғана негіз бар десек кателеспейміз.  Оған себеп, еліміз бірнеше ұлттың басын қосып отырса да елдегі бірлік пен саяси тұрақтылық.

                 

 

2.4.    Қазақстанды  экономикалық дамыту әлеуметтік ахуалды жақсартуга                        жол

 

         Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .

         Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .

        2010жылга деиінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктерімен

бәсекелестік кабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбек ті   қажет еттін

салаларға көңіл бөлу керек . Бұл басымдық тәжірибемен  айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм , тұрған үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедеиілік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе .

Информация о работе Қазакстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі