Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 23:23, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс тақырыбы – «Акционерлік қоғам ел экономикасының дамуындағы орны мен маңызы». Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мақсат – меншіктің осы түрінің тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері


2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3


3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)

Бiрақ дұрыс нарықтық экономика, мерзiмiнен асып кеткен бережақты болдырмайды, себебi олардың уақытында төленуiне шаралар қолданылады. Әрбiр дебитор iрi пеня, айыппұл салу немесе оны банкрот деп жариялау қаупiнен өз бережақтарын уақытында қайтаруға тырысады.

Сондықтан кәсiпорынның өтiмдi құралдарын есептеген кезде ақша құралдарының суммасына қысқа мерзiмдi дебиторлық қарыз суммасы да қосылады.Бiрақ әлi дұрыс қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әрiптестер арасында шаруашылық қатынастардың үзiлуi шарттарында барлық дебиторлық қарыз ақша құралдарына айнала алмайды. Күдiктенетiн дебиторлық қарыздың үлес салмағы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына қауiп төндiредi.

Одан да жай өтiмдi активтер өткiзiлуге тиiстi және материалдық құндылықтар қорлары келесi топты құрайды.

А-3     Жай өткiзiлетiн активтер.

Оларға баланс активiнiң II-шi бөлiмiнiң «Запастар және шығындар» статьялары кiредi («Болашақ кезең шығындары» қоспағанда ), сонымен бiрге «Ұзақ мерзiмдi салымдар» статьялары (басқа кәсiпорындардың жарғылық қорына салымдар азайтылған) және баланс активiнiң I-шi бөлiмiнен «Құрылтайшылармен есептесу» кiредi.

Бұл топ активтерiн ақшаға айналдыру ендi күрделi болады: сатып алушы табу керек, ал бұл жеңiл емес және белгiлi бiр уақытты керек етедi. Әсiресе бұл аяқталамаған өндiрiске қатысты.

А-4         Қиын өткiзiлетiн активтер

Активтiң «Негiзгi құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер» бөлiмiнiң статьялары, алдыңғы топқа кiрiстiрiлген  осы бөлiм статьяларын қоспағанда. I-шi бөлiм нәтижесiнен «Ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар» статьясы бойынша бұл шаманың тек жартысы алынып тасталғандықтан, қиын өткiзiлетiн активтер құрамында басқа кәсiпорындардың  жарғылық қорына салымдар есепке алынады.

Баланс активтерiнiң статьяларын өтiмдiлiк дәрежесi бойынша топтастырғанда, мүлiктiң ең өтiмдi және универсальды формасы- ақша басты орын алады. Ол банкте ағымдық, валюталық, есептiк шотта , кассада орналасқан.

Одан кейiн құнды қағаздарға қысқа мерзiмдi салымдар, Дебиторлармен есептесу кетедi. Активтiң осы белгiленген статьялары кәсiпорынның «өтiмдiлiгiн» (өтiмдi капитал) бейнелейдi, яғни алдыңғы мiндеттемелермен есептесуге құралдар алынатын көз болып табылады.

Төмен өтiмдi элементтер материалды-өндiрiстiк запастар және негiзгi капитал статьяларында топталған.

Баланс пассивтерi олардың төлену жеделдiгi дәрежесi бойынша топталады.

П-1 Ең жедел мiндеттемелер.

Оларға кредиторлық қарыз, уақытында өтелмеген несиелер, басқа да қысқа мерзiмдi пассивтер, жұмысшыларға берiлетiн несиелер жатады.

П-2   Қысқа мерзiмдi пассивтер.

Оған қысқа мерзiмдi несиелер және қарыздар, сонымен бiрге жұмысшыларға берiлетiн несиелер жатады.

П-3    Ұзақ мерзiмдi пассивтер.

Оларға ұзақ мерзiмдi несиелер және қарыздар жатады.

П-4   Тұрақты пассивтер.

Пассивтiң «Меншiктi құралдар көздерi» статьялары кiредi. Актив және пассивтiң балансын сақтау үшiн берiлген топтың нәтижесi баланс активiнiң II-шi бөлiмi «Болашақ кезең шығындары» статьясы бойынша шама суммасына азаяды. Баланс өтiмдiлiгiн анықтау үшiн осы аталған топтардың нәтижесiн актив және пассив бойынша салыстырып қарау керек.

Егер келесi қатынастар орындалса, баланс абсолюттi өтiмдi болады.

 

                                                                                               (15)

 

Жүйедегi (15) үш алғашқы теңсiздiктiң орындалуы төртiншi теңсiздiктiң де орындалуын қажет етедi, сондықтан актив және пассив бойынша алғашқы үш топтың нәтижелерiн салыстыру мүмкiн болады.

Төртiншi теңсiздiк «баланстық сипатқа » ие және сол уақытта оның терең экономикалық мағынасы бар. Оның орындалуы кәсiпорынның меншiктi айналым құралдарына ие екендiгiн және қаржылық тұрақтылықтың минимальды шартын орындауын бейнелейдi.

Егер жүйенiң бiр немесе бiрнеше теңсiздiктерiнiң  таңбасы оңтайлы вариантта тiркелген таңбаға керi болған жағдайда, баланс өтiмдiлiгiнiң үлкен немесе кiшi дәрежеде абсолюттi өтiмдiлiктен айырмашылығы болады.

Сонымен қатар активтердiң бiр тобы бойынша құралдардың жетiспеушiлiгi басқа топтарда олардың артық болуымен компенсацияланады (жабылады), мұнда компенсация тек құнды өлшемде орын алады, себебi нақты төлем жағдайында жай өтiмдi активтер өтiмдi активтердi ауыстыра алмайды.

Баланс статьяларының топталған түрiн келесi кесте түрiнде көрсетемiз.

(Кесте 14).

Актив және пассив статьяларының бiрiншi тобының нәтижелерiн салыстыру тез арада түсетiн түсiмдер және төлемдердiң (3 айға дейiн) қатынасын көрсетедi.

Актив және пассив статьяларының екiншi тобын салыстыру төлемдiк тәртiп жағдайларының (3 айдан 6 айға дейiн) алдағы уақытқа жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. «Қазақтелеком» АҚ - да 2007 жылы және 2008 жылы төлем құралдарының артықшылығы бар. Егер 2007 жылы ол 22607 млн тенге құраса, 2008 жылы 47762 млн тенге құрады, яғни жыл iшiнде 2,1 есе өскен. Баланстың актив және пассив статьяларының нәтижелерiнiң төртiншi тобын салыстыру кәсiпорынның оның иегерлерi (құрылтайшылары ) алдында мiндеттемелерiн жабу мүмкiндiгiн көрсетедi. Бiрақ бұл кәсiпорын жойылған кезде ғана керек болады.

Үздiксiздiк принципiн сақтау, шаруашылық субъектiнiң өзiнiң меншiктi айналым құралдары болуын талап етедi. Бұл үшiн жоғарыда келтiрiлген А4П4 теңсiздiгi орындалу керек, яғни меншiктi айналым құралдарының көздерi иммобилизацияланған активтерден көп болады.

    «Қазақтелеком» АҚ - да бұл тенсiздiк орындалған. Баланстың пассив статьяларының төртiншi тобының нәтижелерi осы топтың актив нәтижелерiнен 19084 млн. тенгеге көп болды. 2008 жылда бұл жағдай керiсiнше болды, актив статьяларының нәтижесi пассив статьяларының нәтижесiнен 4576 млн. тенгеге көп болды, ол кәсiпорынның қаржылық жағдайының  нашарлағанын көрсетедi, себебi өз қызметiн тұрақты түрде жүзеге асыру үшiн меншiктi айналым құралдары жетiспейдi. Берiлген схема бойынша өткiзiлетiн талдау, есептемелердi уақытында жүргiзу мүмкiндiгi тұрғысынан кәсiпорынның қаржылық жағдайын толық бейнелейдi. Бiрақ берiлген мерзiмге кәсiпорынның фактiлiк қаржылық жағдайын дәл сипаттамайды.

Баланс өтiмдiлiгiн нақты түрде есептеме мәлiметтерi негiзiнде бағалауға болады, яғни қаржылық жағдайдың iшкi талдауын өткiзу негiзiнде. Бұл жағдайда дебиторлық қарызға көп көңiл бөлу керек (оның көлемi, төлем мерзiмдерi, дебиторлар шоттарының көздерi), себебi ол қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша қарызды жабудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтiмдiлiктiң жалпы көрсеткiшi келесi формула бойынша есептеледi:

 

Көж=                                                                        (16)

 

Мұндағы :  Көж- өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентi

а1-салмақты коэффициенттер  

А1П1- актив және пассивтiң сәйкес топтарының нәтижелерi.

Баланс өтiмдiлiгiнiң жалпы коэффициентi кәсiпорынның барлық өтiмдi айналым құралдар суммасының барлық төлем мiндеттемелерi суммасына (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) қатынасын көрсетедi.

Өтiмдi құралдар және төлемдiк мiндеттемелердiң әр түрлi топтары аталған суммаларға салмақ коэффициентi ретiнде кiру шарты орындалу керек. Бұл көрсеткiштiң теориялық мәнi 0,9-дан кем болмауы керек. Ол кәсiпорынның мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша есептесе алу қабiлеттiлiгiн көрсетедi. Ол тiркелген кәсiпорынның есептiк кезеңдерге жататын баланстарын салыстыруға және әр түрлi кәсiпорындардың баланстарын салыстыруға және қай баланс өтiмдi екенiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Егер үлестiк коэффициенттер келесi шектеулердi сақтаса:

             

Бұл шектеулер баланстың өтiмдiлiк дәрежесi бойынша қаржылық жағдайларды,ситуацияларды топтасыру базасына негiзделедi.

Ең өтiмдi активтер және ең жедел мiндеттемелер баланс өтiмдiлiгi үшiн алдыңғы мәнге ие болғандықтан, бiрiншi коэффициент 1-ге тең деп алынады. Осы жағдайды ескере отырып,екiншi және ұшiншi үлестiк коэффициенттерге шектеулер жүйесi былай көрiнедi.

                                     

Осыдан, а3<0,5

Көрсетiлген шектеулердi үлестiк коэффициенттердiң келесi жиынтығы қанағаттандырады:

А1=1: а2=0,5 :а3=0,3.                   

Өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентiнiң түрi

Көж=               

Осы көрсеткiш көмегiмен кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң жалпы коэффициентi жүзеге асырылады. Бiрақ бұл көрсеткiш кәсiпорынның қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi өтеу жоспары бойынша мәлiмет бермейдi. Сондықтан, осы көрсеткiштермен қатар, кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн бағалау үшiн өтiмдiлiк көрсеткiштерiнiң жүйесi қолданылады. Кәсiпорын үлкен немесе кiшi дәрежеде өтiмдi бола алады, себебi ағымдық активтер құрамына әр түрлi айналым құралдары кiредi, олардың арасында тез өткiзiлетiн және қиын өткiзiлетiн құралдар бар. Аталған жүйе iшiнде 3 негiзгi көрсеткiш: абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi; жабудың аралық коэффициентi және жабудың жалпы коэффициентi.

Абсолюттi өтiмдiлiк коэффициентi (жеделдiк коэффициентi) ақша құралдарының және тез өткiзiлетiн құнды қағаздардың қысқа мерзiмдi қарыздарға қатынасы ретiнде анықталады. Кәсiпорынның қысқа мерзiмдi мiндеттемелер суммасына кредиторлық қарыз және басқа да пассивтер, қысқа мерзiмдi несиелер және қарыздар кiредi.

Егер ағымдық активтердiң және қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң қатынасы 1:1-ден төмен болса, кәсiпорын өз төлемдерiн төлеуге қабiлетi жоқ деген сөз. Ал егер 1:1 қатынасы орындалса, ағымдық активтер және қысқа мерзiмдi мiндеттемелер тең деген сөз.Өтiмдiлiктiң осы үш негiзгi көрсеткiштерiнiң есептемесi келесi кестеде келтiрiлген. (Кесте 15).

Кесте 15  мәлiметтерiнен көрiнiп тұрғандай жалпы 2008 жылы өтiмдiлiк деңгейi 2007  жылмен салыстырғанда төмен болды. Егер 2007 жылы өтiмдiлiктiң үш коэффициентiнiң де денгейi мiндеттi шектеулерге сәйкес келсе, яғни кәсiпорынның қаржылық жағдайы жақсы болған, 2008 жылы жағдай күрт өзгердi, коэффициенттер денгейi төмендедi.

Бiрiншi көрсеткiш денгейiнен көрiнiп тұрғандай, талдап отырған кәсiпорынымыз 2008 жылы қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн тек 9%-ке, екiншiсi-47%-ке, ал үшiншiсi толық жабады., бiрақ кәсiпорынның меншiктi айналым құралдары болмайды, себебi төлем құралдары қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге тең, олардың арасындағы катынас 1,07:1 құрайды. Бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайы нашар екенiн көрсетедi. Оның шешiм қабылдауда еркiндiгi болмайды және барлық ағымдық активтердi жедел түрде өткiзу керек екендiгiн ұмытпау керек.

Бұл фактор қалыптасқан қаржылық жағдайды одан сайын шиеленiстiредi. Кәсiпорын өз шоттарын төлей алмайды және несие қабiлеттiлiгiнiң, төлем қабiлеттiлiгiнiң болмауының себебiнен банктер осы мақсатқа несие бере алмайды. Осылайша өтiмдiлiктiң үш коэффициентiнiң денгейi төмендеген.

Оған олардың қалыптасу факторлары әсерiн тигiздi. Олардың көлемi тiзiмдiк қойылымдар тәсiлiмен есептеледi. Оларды есептеу әдістемесін, өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентi мысалында көрсетуге болады.

Ол үшiн келесi кестенi құрастырамыз.( Кесте 16)

Кесте 16 мәлiметтерi көрсетiп отырғандай, өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентiнiң өсуiне оң әсердi ағымдық активтердiң абсолюттi өсiмi тигiздi, оның есебiнен ол 0,50 пунктке өскен (1,07-0,57). Қарастырылып отырған коэффициент өзгерiсiне керi әсерiн қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң өсуi тигiздi, ол оның 1,86 пунктке азаюына әкелдi (0,57-2,43) .Өтiмдiлiк көрсеткiштерiне жан-жақты баға беру үшiн олардың қалыптасу факторларының өзара қатынастарын бiлу керек.

Мысал ретiнде, жалпы өтiмдiлiк коэффициентiнiң өзгерiс факторларын қарастырайық. Ағымдық активтер үшiн үлестiк қатысу коэффициентi +0,000130=(0.50:49751), ал қысқа мерзiмдi мiндеттемелер -0,000318=(-1,86:76076).

Осы есептемелерден көрiнiп тұрғандай, өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентiне оң әсердi дебиторлық қарыздың, запастар және шығындардың өсуi және қысқа мерзiмдi қарыздардың айтарлықтай қысқаруы, ал терiс әсердi- ақша құралдарының қысқаруы және кредиторлық қарыздың өсуi тигiздi.

Осылайша, бiздер кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрi- төлем қабiлеттiлiгiн қарастырдық, ол баланс өтiмдiлiгiнен тәуелдi болады.

 

Кесте 16

Өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентiнiң денгейiнiң өзгерiсiне факторлардың әсер етуiн есептеу

 

 

Көрсеткiштер

2007 жылы

Жыл басына ағымдық активтер және жыл соңына қысқа мерзiмдi мiндеттемелер

2008 жылы

Өзгерiстер

Соның iшiнде өзгерiстер

есебiнен

Ағымдық активтердiң (гр 3-гр 2)

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер(гр2-гр1)

1

Ағымдық активтер

56862

56862

106743

+49881

х

-

2

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер

23439

99515

99515

76076

х

-

3

Өтiмдiлiктiң жалпы коэффициентi

2,43

0,57

1,07

-1,36

+0,50

-1,86

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары