Адам организміне шолу.Жасуша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:56, реферат

Краткое описание

Адам денесі көп жасушалы организмдер сияқты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен – жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға қатысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (қайта қалпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті.
Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша әр түрлі: жалпақ, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның пішіні организмдегі орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Олардың мөлшері де әр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 27.99 Кб (Скачать документ)

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз – пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.


Информация о работе Адам организміне шолу.Жасуша