« АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 14:15, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еңбекақының экономикалық табиғаты туралы теориялық және методологиялық аспектілерді жалпылау негізінде жұмыскерлердің еңбек ақысын басқару ерекшеліктерін зерттеу және «Адал» кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау және ҚР-ғы еңбек ақыны жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1.1 Еңбекақы төлеудің функциялары мен қағидалары..................................................................................................6
1.2 Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері......................................................................................................11
1.3 Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің құқықтық аспектілері...................................................................................................22
2 «АДАЛ» АҚ-ДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы еңбекақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау...........................................................................................................29
2.2 « АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................36
2.3 «АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру.................................................................................................43
3 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбекақы төлеудің шет ел тәжірибесі және оны Қазақстандық кәсіпорындарда қолдану......................................................49
3.2«АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеуді жақсарту.........................................58
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................67
ҚОЛДАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТКӨЗДЕРІ......................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-«АДАЛ»-АҚ-ДА-ЕҢБЕКАҚЫ-ТӨЛЕУ.doc

— 516.00 Кб (Скачать документ)

2.       Еңбек өнімділігі  өсу темпінің орташа жалақының  өсу темпінен жоғары болуын қамтамасыз ету (немесе өнім өндіру көлемінің өсу темпінің тұтыну қоры өсу темпінен жоғары болуы). Бұл қағиданың мәні  - өндіріс тиімділігін жоғарлату мен дамыту негізінде еңбек табыстарын максималдау. Осы бағытта жүру кәсіпорынның дамуы мен өсуіне жағымды жағдай болып табылады. Бұл қағиданы бұзу инфляцияға, елдің экономикасының тоқырау құбылысына алып келеді. Нақты кәсіпорын жағдайында бұл өндіріс кұралдарын жаңарту процесінің бәсендеуі, және перспективалы нәтижесі бар жобаларды жасауға бағыт бұзылады – бәсекелестік фирмалардың өнімдеріне қарағанда сапасы төмен өнімге сұраныстың төмендеуі.

 

 

1 -сурет. Жалақы функциялары мен  ұйымдастыру қағидалары     арасындағы байланыс

3. Жұмысшының кәсіпорындағы еңбек нәтижесіне, маңыздылығына және еңбек жағдайына, кәсіпорын орналасқан ауданға байланысты жалақының өзгешелігі. Бұл қағида жұмысшының еңбек біліктілігі түрғысында материалдық мүддесіне жоғарлату керектігі негізінде жасалған. Және де жұмыс күшін қайта өндіруге қажетті, әртүрлі еңбек жағдайындағы, географиялық және климаттық жағдайға байланысты материалдық игіліктердің көлемі белгіленуі керек.

4.       Сәйкес еңбекке  сәйкес төлем. Нарық жағдайында  қарастырып отырған қағиданы  жынысы, жасы, ұлты және тағы басқа  бойынша еңбек ақы төлеуде дискриминацияны болдырмау деп түсіну керек, кәсіпорын немесе фирма ішіндегі әділеттік қағиданы қорғау болып табылады.

5.       Еңбек ақыны  мемлекеттік реттеу.

6.       Еңбек нарығы әрекетін есепке алу. Еңбек нарығында мемлекеттік және жеке компаниялардағы жалақының диопазоныны көрсетілген, және де ұйымдастырылмаған секторда.

7.       Еңбек ақы  жүйесінің қарапайымдылығы, логикалығы  еңбек ақы жүйесінің мәні  туралы  ақпараттылықты қамтамасыз етеді. Атқарушылар жалақы көлемін қандай  жағдайда, яғни олардың материалдық игіліктерінің көтеруді нақты алдына қоюы керек.

Көбінде еңбек ақыны ұйымдастыру қағидаларын функциялармен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар функцияларды жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше функциясымен байланысты. Бірақта бір басты функцияны бөліп көрсетуге болады. Оны орындауға нақты қағида бағытталған. Бұны біз, яғни қағидалардың еңбек ақы функцияларымен байланысын 1 суреттен көрдік.

1.2 Еңбек ақы төлеудің нысандары  мен жүйелері

Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік.

Жалақының кесімді нысаны өнімнің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Ал мерзімді жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уақыт.

Нақты бір кәсіпорын өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы нысанын қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогрессивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық жүйені қолданса, онда тиімділік жоғарылайды. Сол кәсіпорында цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбекақы варианттарын қолдану әр түрлі болуы мүмкін.

Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.

1- кесте - Жалақы жүйелері мен  нысандары

Еңбекақы төлеудің жүйелері мен нысандары

Кесімді

Мерзімді

Қарапайым кесімді

Қарапайым мерзімді

Кесімді сый ақылы

Мерзімді сый ақылы

Жанама кесімді

Сағаттық

Аккордтық

Күндік

Кесімді прогрессивті

Апталық

Жеке

Үжымдық


Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті формасын таңдап алған жөн.

Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:

    • нақты       жұмысшыға       байланысты       жұмысшының       сандық  көрсеткішінің болуы.
    • Орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
    • Нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту

мүмкіндкітің болуы.

    • Нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе

атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керетігі.

Кесімді еңбек ақыны қолдануға болмайды егер ол мынаған әкелсе:

    • өнімнің сапасының төмендеуіне;
    • технологиялық режимнің бұзылуы;
    • құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
    • техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
    • шикізат пен материалдың шығыны;

Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:

    • өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
    • өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
    • жұмысшының   функциясы   технологиялық   процесті    бақылауға негізделген;

өнім шығаруды көбейту бракқа немесе сапасының төмендеуіне алып келеді [21];

Нақты бір кәсіпорында өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы формасы қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогресивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық жүйесі қолданса, онда тиімділік жоғарлайды. Сол кәсіпорындарда цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбек ақы варианттарын қолдану әртүрлі болуы мүмкін. Нарық жағдайында жоспарлы экономикада мінезді қатаң уақытты белгілеу жоқ, сондықтан кәсіпкер, кәсіпорын басшылығы қолда бар барлық еңбек варианттарын қолданып көруге және кәсіпорын мақсатына сай келетің варианты таңдап алу мүмкіндігі бар.

Сол   үшін   басқа   еңбек   ақы   формасы   қолданғанда   еңбек   ақы   қалай анықталатының қарастырайық.

Тікелей кесімді жүйеде немесе қарапайым кесімдіде еңбек өндірген өнімнің бір данасына бағамен төленеді. Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:

                                         Зед = Зч * Тн                                                                       (1) 

мұнда Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;

Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;

Тн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;

Жұмысшының жалпы жалақысы кесімді бағаны өндірген өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.

Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы жалақысын тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің үлғаюы техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; ахуалды болдырмау; стандарттарды, нормативті-техникалық қүжатамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық қүндылықтарды үнемдеу .

Көрсеткіштер санын жоғарлатуға болады, сол немесе басқа көреткішті қолдану нақты өндірістік жағдаймен анықталады. Мысалы, кәсіпорынның тасымалдаушыларға байланысты рекламация көлемі өсіп кетті немесе кәсіпорын сапасына байланысты талаптары жоғары сыртқы рынокқа өз өнімінен шығуға тырысады. Әрине, бұл жағдайда өнімнің сапасына талаптар орындау сапасы жоғарлайды және бұл проблеманы шешуге көрсеткіштер тізімде өз септігін тигізу керек. Бірақ бұл көрсеткіштің тізімі бес-жеті көрсеткіштен көп болмауы керек, себебі олардың көп болуы жұмысшылар есінде сақталып қалмайды.

Жанама-кесімді жүйеде жұмысшының жалақысы кесімді жұмысшылар еңбек көрсететін еңбек нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл жүйе негізгі емес, көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу үшін қолданылады.

Жанама-кесімді баға Зк жұмысшыларға қызмет көрсету нормасы арқылы формуламен есептелінеді:

                                          Зк = Зч/Вчр;                                       (2)

мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;

Вч  -  өнімнің данасына байланысты  қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;

Р - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы. Жалпы   табыс   көмекші   жұмысшы   ставкасын   қызмет   көрсететін   кесімді жұмысшылардың  қызмет  көрсету  нормасының  орташа  пайызына  көбейту арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:

                                             Зжал=ЗчхФкөмҮ/100 ;                        (3)

мұнда, Зжал - жұмыстың жалпы жалақысы, теңге;

     Зч - көмекші жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;

     фкөм - берілген көмекші жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;

      Ү - берілген жұмысшының  қызмет көрсетуінің нормасын  атқарудың орташа проценті;

                                         Зжал = ∑ Зkj х Вфj ;                               (4)

мұнда, Зkj - қызмет көрсететін жұмысшының өнімнің бір данасына жанама кесімді баға, теңге;

Вфj  - j-қызмет көрсетеін жұмысшының өлшеу бірлігіне сәйкес берілген кезеңде өндірілген өнімінің нақты көлемі.

Аккоррдтық кесімді еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады.

      Кесімді прогрессивті  жүйеде жұмысшының еңбегі тікелей  тікелей кесімді   баға арқылы  атқару нормасы шегінде төленеді, ал норманы асыра орындағанда  жоғарлатылған бағамен.

      Кесімді     прогрессивті     жұмысшының     жалақысы     Зсп     қабылданған прогрессивті төлеу жүйеге байланысты (барлық жұмыс көлемі немесе оның бір  бөлігін асыра орындау) келесі формуламен анықталады.

                                        Зсп=Ртс+[Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн;                          (5)

                                        Зсп= Зтс+ Зтп (g’пр-1)jn;                                 (6)

 

мұндағы   Зтс  -  тікелей   кесімді   бағамен   есептелген   жұмысшының  негізгі жалақысы;

Зтп - жұмыстың бір бөлігіне тікелей кесімді бағамен есептелген кесімді-жұмысшының кесімді жалақысының сомасы.

jn - жұмысшылардың норманы орындауы, %;

jбаз -   норманың   базалық   деңгейі,   бұдан    жоғары   болған   сайын жоғарлатылған  бағамен төленеді, %;

gпр -    белгіленген     нормадан     асыра     орындағанын     көрсететін коэффициент;

g’пр  - прогрессивті кесімді  бағаның қатынасын көрсететін  коэффициент; Кесімді прогрессивті  еңбек ақыны төлеуді қолданғанда  айрықша назарды бастапқы нормативтік  базаны анықтауға бағаларды көтерідің тиімді шкаласын жасауға, өнім өндіруді есептеу мен нақты кеткен уақытты анықтауға аударған дұрыс.

Еңбек ақының кесімдік формасы нақты бір жұмысшыға, керек десе ұжымға қолданылуы мүмкін.

Еңбек ақының подрядтық формасы кеңінен қолдануда. Оның мәні  шарт жасауда, бір жағы белгілі бір жұмысты орындауға міндеттелсе, подряд алып, ал екінші жағы, яғни тапсырыс беруші, жұмысты біткен кезде төлейтіндігіне міндеттеледі. Бригададағы жұмысшылардың жалақысы Збр бір өнімді өндіруге

Зсдбр бригаданың кесімді бағасы нақты орындалған жұмыс көлеміне көбейту арқылы есептеледі Вфакт   бр:

                                      Збр=Зсдбр х Зфакгбр;                            (7)

Егер бригада әртүрлі жұмыстар атқарса және олра әртүрлі багалармен өлшенсе, онда бригадының жалпы жалақы формула арқылы есептелінеді:

                                      ЗбР= Зсд брі х Вфакг брі  ;                       (8)

Мұндағы шартты белгілер алдыңғы формуладағыдай, і-индексі нақты жұмыс түрін және бағаны көрсетеді.

Мерзімді жалақыда жұмысшы атқарылған уақыт көлеміне байланысты ақша алады, бірақ еңбек қарапайым және күрделі болуына байланысты еңбекті мөлшерлеу керек, Бұл тарифтік жүйенің көмегімен іске асырылады. Тарифтік жүйенің қүрама элементтері болып табылады:

Информация о работе « АДАЛ» АҚ-ның экономикалық сипаттамасы