Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 17:21, реферат

Краткое описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экон срс5.docx

— 29.20 Кб (Скачать документ)

Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына  қарай келіп, оның тиімділігін қалай  анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

Ең тиімді, оңай тәсіл  болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек  оны банкке салып, процент алу  ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына  болмайды.

Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы  көлемін жобадан түскен пайда  есебінен орнына келтіруге қажетті  кезең.

Мұндағы пайда деп отырғанымыз  таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан  кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

Пайданың жай нормасына  негіз болатыны пайдалану жөніндегі  есептесулер. Бұл бойынша бір  жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға  қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік  туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай  анықталғанына байланысты болады. Есептеп  шығару варианттары:

1) Жалпы пайда немесе  салық алынатын, жалпы инвестициялық  шығынға жатқызылған пайда;

2)  Таза пайда   +   жалпы  инвестициялық шығынға  жатқызылған амортизация.

Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:

а) негізге алатын белгілі  бір жылды табу қыйын болады;

б) пайданың жай нормасы  салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

Компаундинг: бұл әдістің  мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының  қалай өсетінін есептеп шығамыз.

Мұндай есептің тәжірибелік  мәні: егер өсу процентін өзгерте  алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін  көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін  бірнеше нақтылы жылдардан соң  өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз  бәрібір, бірнеше жылдардан кейін  барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз  жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант  бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас  тарту керек те, инвестицияны басқа  біреуіне салу керек болады.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте  алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы  соманы айналысқа салып кіріс  әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

Дисконттау арқылы қазіргі  соманың ақшалық эквивалентін келешектегі  алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік  болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі  бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

п   - табысты қосып  есептейтін жылдар саны.

Келешек ақша сомасы мен  проценттік төлемді білу арқылы, осы  формула бойынша, осы ақша сомасының  қазіргі кездегі құнын анықтауға  болады, алдыңғыдан шығатын.

Шетел инвестициясы Қазақстанға  не үшін керек және қандай пайда  келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы  табысты ең кем дегенде үш-бес  жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы  инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.

Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.

Екіншісі және шетел инвестициясымен  ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс  істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың  бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан  көбеюіне және шағын бизнестің қанат  жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің  тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы  бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға  алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол  әрі инвестиция түрінде келуіне  жол ашты.

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан  экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту