Айналым қорлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 12:21, дипломная работа

Краткое описание

Жеткізушілерге тәуелді болмау үшін және өз дүкендеріндегі тауар сапасына жүз пайызға жауап беру үшін, «РубиКОМ» ЖШС жеке жемдер өндірілуімен айналысады. 2004 жылы кәсіпорын өзі үші жаңа өндіріс саласын - егін шаруашылығын ашады. Бүгінгі күні «РубиКОМ» ЖШС жердің 20 мың гектарын өндіріп, Қазақстандағы егін шаруашылығы саласындағы новаторлардың бірі болып табылады. Біз арпа («Целинный 91» сұрпы) мен бидайды («Саратовская» сұрпы) жемшөп үшін өсіреміз.
Жер үлесін тиімді пайдаланудың бірегей, ғылыми айқындалған стратегиясы өңделіп шығарылды. Негізінен, канадтылықтардың «нөлдік технология» деп аталатын революциялық технологиясы Қазақстан егіншілерінің қолына түскелі біраз ғана уақыт болды. Бірақ «РубиКОМ» ЖШС мамандары тәжірибешілікті үйреніп қана қоймай, жоғары егінге қол жеткізуге әкелген жер өңдеу технологиясын жетілдірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гульмира.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

Мал басының саны өсуде: (бас)

№  
р/с

Көрсеткіштердің 
атауы

2011ж.

2012 ж.

Нәтиже 
%

1

Ірі қара мал

72195

72195

100,0

2

Қой мен ешкі

148282

148438

100,1

3

Жылқы

13621

13776

101,1

4

Шошқа

4054

4085

100,8

5

Құс

72115

72691

100,8


Асыл тұқымды мал басының  саны - 3503 бас (жалпы мал басының  санынан 6,6%), жылқы-1133 бас (9,8%), ешкі-652 бас (0,6%), марал -1133 бас (74,4%).   
2011 жылы асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алған шаруа қожалықтар: қазақтың ақбас сиырларын өсіру бойынша – «Талап» ШҚ, «Дюсупов» ШҚ, «Мұқаш» ЖШС, марал шаруашылығы бойынша «Ворсинка» ШҚ.  
Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында берілетін субсидияға 19,6 млн. теңге сомасына өтінімдер түсті, сүтке-15,0 млн. теңге.  
Ауданда 20 ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пункттері бар, бірақ сегіз селолық округте ғана жұмыс істейді (Мариногорка, Үлгілімалшы, Теректі, Бастаушы, Миролюбовка, Биғаш, Казнаковка, Қ.Аухадиев атындағы с/о), қалған селолық округтерде жұмыс істемейді, себебі қаражат жоқ. 
2012 жылдың 31 наурызында ірі-ауқымды селекция бойынша семинар-кеңес өткізілді, тақырыбы: «Ірі қара малды өз төлінен өсіру», «Ауыл шаруашылығы малдарының сап (бруцеллез) ауруын жою және алдын алу». Семинар-кеңес аудан әкімінің орынбасары Сағандыков Рамиль Нығмеджанұлының төрағалығымен өткізілді, сонымен қатар селолық округтердің әкімдері, «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттерінің редакторы, мал дәрігерлері, техник-ұрықтандырушылар, шаруа қожалықтардың басшылары қатысты.  
2012 жылдың 6 сәуірінде Көкпекті ауылында «Ауданның аграрлық-өнеркәсіп кешенінің өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 2011 жылдағы қорытындылары мен одан әрі дамуының міндеттері және 2012 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындық» тақырыбына семинар-кеңесі өткізілді.  
Жоспарланған егістік алқаптарының құрлымына сәйкес 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 2011 жылмен салыстырғанда 5 пайызға ұлғайды, бұл 132,3 мың га. құрайды. Егістік алқаптарының құрлымын оңтайландыру үшін күнбағыстың егісін 34,0 мың га. дейін азайту қажет, 2011 жылмен салыстырғанда 11 мың га. дейін азайды. Сонымен қатар егістік алқаптарының құрлымында жемшөп дақылдарын        21,7 мың га. дейін ұлғайту жоспаранған, келесі дақылдар арқылы ұлғаяды: сүрлеме жүгері, сүрлеме күнбағыс, біржылдық шөптер (суданка), көпжылдық шөптер (жоңышқа, эспарцет, еркекшөп), қарақұмық, тары, ноқат (нут) сияқты дәнді дақылдар. Майлы дақылдар: рапс, сафлор, қыша.  
Ауыл шаруашылығы дақылдарын уақтылы егу үшін ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 100 пайызға тұқым материалдарымен және дизель отынымен қамтамасыз етілді, дизель отынның қажеттілігі 2700 тонна, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен сатып алынғаны 2900 тонна, бұл 107 пайызды құрайды.  
Ауданға 2012 жылдың егісіне 2520 тонна (2011-2500 тонна) көлемінде 1 литрі 83 теңге бағасы бойынша нақтыланған дизель отыны бөлінді. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға 2012 жылы Республикалық бюджеттен 186,7 млн. теңге бөлінді (2011 жыл – 186,7 млн. теңге).   
2012 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 800 тонна көлемінде субсидияланатын минералды тыңайтқыштар сатып алынды (2011-740 тонна), бұл 108,1 пайызды құрайды немесе 60 тоннаға артық.  
2012 жылы ылғалресурстарын сақтау технологиясы бойынша 46,0 мың га. (39 мың га.) егілді, яғни ұлғаюы 7,0 мың га. құрайды немесе 118 пайыз.  
2012 жылы арамшөпке қарсы 32,0 мың га. алқабын гербицидтермен өңдеу жоспарланған, соның ішінде бірыңғай әсер ететін – 9 мың га. (2011 ж.- 27,0 мың га.). 
2012 жылы «Дәулет» ауылдық су тұтыну-пайдаланушы кооперативін ашу есебінен 4,0 мың га. алқабында суару жұмыстарын жүргізу жоспарланған (2011 ж. – 3,5 га.).  
«Еңбек-Агро» ЖШС америкада шығарылған «Валлей» қондырғысын қолдана отырып, жаңбырлату әдісі арқылы суару алқабын 220 га. дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 
Бүгінгі күнге үш магистралдық арна бойынша құжаттар толық дайындалды, техникалық төлқұжаттар мен жер телімдердің мемлекеттік актілері аудандық әділет басқармасында тіркелді. 
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қолма-қол ақшалай есеп айырысу арқылы 109,3 млн. теңге сомасына техника сатып алды. Ол келесі шаруашылықтар: «Еңбек-Агро» ЖШС - «Валлей» жаңбырлату қондырғысы – 32,8 млн. теңге, «Мәмбет» ШҚ – тіркеме жабдықтары – 33 млн. теңге, «Қалисаттар-улы» ШҚ – автокөлік, тракторлар және ауыл шаруашылығы жабдықтары – 27,9 млн. теңге, «Теректі» ШҚ – «Вектор» комбайны – 15,6 млн. теңге.  
Ауданда 2008 жылдан бастап ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде, 15 ірі шаруа қожалықтары 127 ұсақ шаруа қожылықтарды біріктірді. Ауданда шаруашылықтарды ірілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы 25 ұсақ шаруашылқыты біріктіру жоспарланған.  
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 37 цех бар. 2012 жылдың 5 айына 410,0 млн. теңге сомасына қайта өңдеу өнімі өндірілді (2011 ж 401,0 млн. теңге (өсуі 102,2 пайыз), жұмысқа 302 адам тартылды. 
Ауданның ірі қайта өңдеу кәсіпорындары, олар: 
- «Рыбпром» ЖШС, 2012 жылдың 5 айына 140,0 млн. теңге сомасына 230 тонна балық өнімі қайта өңделді.  
- «Самар-Астық» ЖШС, мұнда тәулігіне 120 тонна ұн өндіретін диірмен кешені жұмыс істейді. 2012 жылдың 5 айына 9,6 млн. теңге сомасына 57 тонна ұн өндірілід.  
- «Мәмбет» ШҚ, мұнда қуаттылығы тәулігіне 28 тонна ұн өндіретін түрк қондырғысы орнатылған диірмен кешені жұмыс істейді, 158,1 млн. теңге сомасына 930 тонна ұн өндірілді. 
Ауданда 4 инвестициялық бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар: 
1. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС Агроөнеркәсіп кешені»; 
2. «Талап» ШҚ; 
3. «Өрнек» ЖШС; 
4. «Талды-Екпін» ЖШС; 
Инвестициялық жобаларға сараптама жүргізіліп, қортынды жасалды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 298 млн. теңге сомасына ауыл шаруашылығын дамытуға 132 жоба ұсынылды. Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен ұсынылған жобаларға жасалған бизнес – жоспарларға және соған сәйкес жасалған қортындыларға тексеру жүргізілді. Аталған бағдарлама бойынша берілген шағын-несие қосымша 302 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Көкжайық селосындағы тіректі ауылдық елді мекен

2012 жылы «Елім-ай Көкпекті»  ЖШС Агроөнеркәсіп кешені». Төрт  инвестициялық бағыт белгіленді. Жобаны іске асыру мерзімі 2012-2016 ж.  
Жобаның қаражат қоры «КазАгроҚаржы» АҚ, жобаның жалпы құны 5371,0 млн. теңге. Жобаны іске қосу барысында 400 жұмыс орнын ашу көзделген, оның ішінде 2012 жылы 120 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-не жалпы 59908,3 га. ауыл шаруашылығы жері бөлінді, 55255,2 га. жер алқабына құқығын растайтын құжаттары бар, 2991,1 га. жерге орналастыру жобалары дайын және 1662,0 га. жер алқабына жерге орналастыру жобалары дайындалуда.  
Бизнес жоспар қорғалды, «КазАгроҚаржы» АҚ мақұлдады және қоғамдық комиссияда 2 кезеңде, 3 кезең 2012 жылдың 10 сәуірінде депутат отырысында қорғалды. 
Қазіргі күнге жеткізуші мен тапсырыс беруші арасында келісім шарт жасалуда.   
2. «Талап» ШҚ. Бір инвестициялық жоба белгіленді ол 400 бас ірі қара малға бордақылау алаңын ашу. Жобаны іске асыру мерзімі 2012-2014 жылдар. Қаражат қоры «КазАгроҚаржы» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Аграрлы –несиелендіру корпорациясы» АҚ. Жобаның жалпы құны 450,0 млн. теңге.  
Шаруашылық Ресеймен 85 бас Герефорд асыл тұқымды ірі қара малды сатып алуға келісім шарт жасасты, бүгінгі күнге шаруашылық 6 бас Герефорд асыл тұқымды бұқа сатып алды.  
Жалпы 18 жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде 2012 жылы 6 жұмыс орнын ашу көзделген. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Көкжайық селолық округі бойынша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 13 жобаға өтінім берілді жалпы соммасы 17,8 млн. теңгені құрайды, шағын несиені берген жағдайда қосымша 23 жұмыс орны ашылады. Жалпы 149 жұмыс орнын ашу жопарланған.

Преображенка селосындағы тіректі ауылдық елді мекен  

3. «Өрнек» ЖШС. 1 инвестициялық  жоба бекітілген – бұл 400 бас  ірі қара малға бордақылау  алаңы бар, 1000 басқа арналған сүт-тауарлы  фермасын ашу және 800 га. суару  жер алқабын игеру. 
Жобаны іске асыру мерзімі 2012-2015 жылдар. Қаражат қоры «КазАгроҚаржы» АҚ, «АТФ» Банк АҚ. «Өрнек» ЖШС 2013 жылы қарыз қаражатты ресімдеу көзделген. Жалпы 50 жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның ішінде 2012 жылы 12 жұмыс орнын ашу көзделген. 
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Қ.Аухадиев атындағы селолық округі бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 13,0 млн.теңге соммасына 5 жоба белгіленді шағын несиелерді берген жағдайда қосымша          13 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы 25 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Самар селосындағы тіректі ауылдық елді мекен

4. «Талды Екпін» ШҚ. Бір инвестициялық жоба тағайындалған, ол 400 бас ірі қара малға бордақылау алаңын ашу. Жобаны іске асыру мерзімі 2012-2014 жылдар. Қаражат қоры  «КазАгроҚаржы» АҚ, бүгінгі күнге 470 млн. теңге сомасына қарыз қаражатын алу үшін жизнес-жоспар тағайындалуда. 
Бүгінгі күнге қуаттылығы тәулігіне 20 тонна болатын мал азығы цехы іске қосылды, бұдан басқа Ресейдің Алтай өңірінен 300 бас көлімінде асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын сатып алуға келісім шарт жасалды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан қаржы алынғаннан кейін мал сатып алынады.  
Жалпы 20 жұмыс орнын ашу көзделген, соның ішінде 2012 жылы 7 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Самар селолық округінде ауыл шаруашылығын дамыту үшін 19,2 млн.теңге соммасына 10 жоба белгіленді, шағын несиелерді берген жағдайда  қосымша 20 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы 27 жұмыс орнын ашу жоспарланған.  
Үш тіректі елді мекен бойынша 201 жұмыс орнын ашу көзделген. 
013 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылы облыстық бюджеттен 43 млн. 649 мың теңге бөлінді (2011 жылы-39 млн.297 мың теңге). 
Ауданда 20 мал сою алаңы бар, оның 15 ауданнық бюджет есебінен, бұған 3 млн. 950 мың теңге бөлінді, 3 мал сою алаңы Меморандум бойынша: «Рустам» ШҚ, «Көктерек» ШҚ, «Самат» ШҚ және «ВостокФиш» ЖШС. 2 мал сою алаңы шаруашылықтар есебінен салынды: олар-«Еңбек-Агро» ЖШС (директоры Құмаров М.Қ) және «Өрнек» ЖШС (басшысы Қойгельдин Е.Т.). Соның ішінде 2 мал сою алаңы жұмыс істемейді (Қарағандыкөл және Белое селолық округтерінде). 30 мал қорымы бар, соның ішінде Көкпекті және Көкжайық селолық округтеріндегі мал қорымдары ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай емес. Көкпекті селолық округінің Шәріптоғай ауылында сап (бруцеллез) ауруының жұғу пайызы жоғары болғандықтан, мүйізді ұсақ мал бойыша ветеринарлық тәртіп орнатылды, мұнда бүгінгі күнге 1767 бас мүйізді ұсақ мал тексерілді, 201 бас ауру мал анықталды.  
Ауруы анықталған малдарды Республикалық эпизоотияға қарсы топ жоюда.   
Аудан бойынша 2012 жылдың 5 айына жоспарланған барлық ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары (егу, аллергиялық тексерулер) толық орындалды. 
Бруцеллезге 43031 бас ірі қара мал тексерілді, оң нәтиже бергені 387 бас, 58916 бас мүйізді ұсақ мал тексерілді, оң нәтиже бергені 1381 бас.  
Жылдың басынан 215 үй ауласында залалсыздандыру жұмыстары (дезинфекция) жүргізілді, алқап көлемі 9265 шаршы метрді құрайды.  
2012 жылы «Көкпекті мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 180 000 мың теңге сомасына иттерді ату үшін биоқару сатып алды. Селолық округ әкімдерімен 5 келісім шарт жасалды, Көкпекті селолық округі бойынша 25 ит атылды. 
Аудан бойынша 2012 жылдың 1 маусымына 8727 бас малға сырға салынды, 8727 төлқұжат берілді, 4815 бас компьютерлік базаға енгізілді.  

Тарих

Қарт Қалба тауларынан басталып шежірелі Зайсан көліне дейінгі жерді алып жатқан Көкпекті жері қазыналы жер ғана емес, сонымен қатар тарихы қатпарлы өлке. 
Атам заманда Абылай осы жер – «Толағай» түбінде шатыр тігіп кеңес шақырған, Атақты Қабанбай, Райымбек батырлардың ізі қалған осы жер. П.Семенов -Тянь-Шаньский мен Шоқан Уәлихановта осы жерге ат басын бұрған екен. 
Көкпекті жері жайлы ауызекі әңгімеде «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт көшкен екен» дейді. Мұның негізінде шындық жатыр. Ежелгі заманның қалтарасына үңілсек, осынау сайын даладан кімдер өтпеді дейсіз! Ертіс маңынан сыр бойына жосыла-жөңкіп оғыздар өтті. Солардың ізін куа Киев Русіне ат тұяғын бірақ тіреген қимақ-қыпшақ тайпалары жосылды. Одан кейін Ресей патшалығы темір шеңгелін салды. 
Архив бойынша Көкпекті казак-орыс бекінісі 1763 жылы салыныпты. Міне осы кезден бастап Көкпекті ауылының іргетасы қаланғалы ретінде тарихы басталып, көптеп ағылып келіп жатқан казактар мен орыстар саны арта түскен. 
Содан ұзақ жылдар бойы Семей-Шәуешек арасындағы байланыс бекеті, Зайсан-Семей арасындағы өткерме сауда орталығы болып саналған. 
1919 жылдың 10 желтоқсандағы Көкпекті жерінде Кеңес өкіметі орнады. 
РКП(б)-ның аудандық бюросы Көкпектіде 1920 жылдың 5 шілдесінде құрылды. Көкпекті ауылы шалғай жатқан елді мекен болғандықтан, саясат пен экономикадан тыс қалған еді. 
1921 жылдың 11 қаңтарында Көкпекті ауданының комсомол өкілдерінің партия конференциясы өткізілді. Осы жиында 1921 жылдың 20 қаңтарында өткен облыстық конференция делегаттары сайланды. Коммунистер халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін күресті, аудан экономикасын көтерді. 
Ауданда 50 мың адам болған екен. Оның 10 мың 5 орыс болыстығына шоғырландырылған орыс ұлысы болсы, 40 мыңдайы 8 болыстыққа біріктірілген қазақ халқы. Байырғы тұрғындар тек Көкпекті ауылы мен Үлкен Бөкенде тұратын. Қалғандары 1910-1915 жылдары көшіп, жер аударып келгендер болатын. 
Тарихи деректер бойынша 1928 жылға дейін әкімшілік жағынан Өскеменге қарап, уездер таратылған соң Ақсуат жеріндегі «Қызыл тас» ауданының құрамына кірген. 5-6 ай жаңадан құрылған Үлкенбөкен ауданының құрамында болды.Одан кейін 1930 жылға дейін Самар ауданы құрамына еніп келді. 
Сөйтіп, Көкпекті аудан ретінде 1930 жылы желтоқсан айында шаңырақ көтерді. Осы мерзімнен бастап Көкпекті ауылы өз алдына аудан болып бөлінді. Ауданның атауы Көкпекті өзеніне байланысты аталды.1933 жылы Көкпекті және Ақсуат аудандары болып қайта ұйымдастырылды.

Өндіріс

Аудан экономикасының негізін аграрлық сектор құрайды. Ауданның жалпы ауданы – 1457,5 мың га , соның ішінде ауылшаруашылық жерлер – 1188,9 мың.га.  
Бүгінгі күндеауыл шаруашылықпен 803 құрылым жұмыс істейді, соның ішінде 39 заңды тұлғалар және 764 шаруа қожалықтары. 572,8 мың га. жерді ауыл шаруашылыққа қолданады. Егістік алқабы – 142,2 мың гектар, шабындық – 40,6 мың гектар, жайылымды жерлер – 375,2 мың гектар жерді құрайды. 
Аудан аумағында 2 шаруашылық картоп және көкөніс өндірумен айналысады. Алдағы уақытта картоп егу алқабын 8-10% көбейтуді жоспарлауда. 
Ауданда бүгінгі таңда суармалы жерлер – 16,2 мың га. құрайды. 
Ауданда қайта өңдеу өнеркәсібіне 44 объектті кіреді, соның ішіндегі 3 үлкен обьект. Негізгі азық-түлік (ет, сүт, жұмыртқа, сұйық май, көкеніс) аудан тұрғындарын толық қамтамасыз етеді.

Ауданда бүгінгі таңда 4 өндірістік кәсіпорын  жұмыс істеуде:  
– «Семгео» ЖШС,  
– «Satpaevsk Titanium Mines Ltd» ЖШС,  
– «Рыбпром» ЖШС,  
– «Каскад-Н» ЖШС.

«Satpaevsk Titanium Mines Ltd» ЖШС 2001 жылдан бері жұмыс  істеуде. 2012 жылы кәсіпорынның өңдірген өнім көлемі – 14,9 мың тоннаны құрады. 
«Рыбпром» ЖШС. Алматы қаласында тіркелген «Рыбпром» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі Самар ауылында орналасқан. Цех балық өндіру жұмыстарынмен айналысады. Цех балық өнімдерін 11 түрін шығарады, олар: Рипус, балық еті, фарш т.б. балық өнімдері. Балық өнімдері Германия, Дания, Канада елдеріне экспортқа шығарылады. 
2012 жылы өндірілген өнім көлемі – 597,7 млн.теңгені немесе 400 тонна балық өндірді. 
2013 жылы 600 млн.теңгеге өнім өндіру жоспарлануда.

Кең өндіру өнеркәсібі:  
«Семгео» ЖШС, «Каскад-Н» ЖШС. 2013 жылдан бастап «Балажал».

Еңбек ресурстары

Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 19122 адам, жұмыспен қамтылғандар – 9066, өзі-өзін жұмыспен қамтығандар – 9943. 2013 жылдың 1 мамырына жұмыссыздар саны – 113 адам, оның ішінде: әйелдер – 62, ерлер – 51 және 29 жасқа дейінгілер – 33 адам, 50 жасқа дейінгілер – 33 адам. 
Кең өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес. 
Өнеркәсіпте – 399 адам, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында – 229 адам, құрылысшылар – 471 адам, саудагерлер – 18, көлік және байланыста саласында – 150 адам, қызмет көрсетуде – 3 адам, мемлекеттік кәсіпорындарда – 676, білім беруде саласында – 2148 адам, әлеуметтік қызмет көрсету – 778, коммуналдық, әлеуметтік қызмет көрсету орталығында – 408 адам қызмет етеді. 

Инвестициалық әлеует

Аудан инвестициялық жобалардың тізіміне орналасқан, аудан экономикасының дамуына  үлесін тигізуде. Жобаның дамуы «Бизнестің жол картасы 2020», «Еңбекпен қамту» мемлекеттік бағдарламасына несиелік және қаржыландыру жағынан тәуелді. 
2012 жылы «Көкпекті несие» ЖШС 80 млн. 728 теңге несие берді. 
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 129,0 млн.теңге несие берілді. 
БТА банк филиалы 5 жобаны – 47,0 млн.теңгеге қаржыландырды. 
«Азиялық несие қоры» жаңадан бастаған және қызметін іске асырып жүрген кәсіпкерлерді қаржыландырды, топ болып және жеке кәсіпкерлерге кепілсіз несие беріледі. 2012 жылы 80 жобаны 14,0 млн.теңгеге қаржыландырды. 
«Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерліктің дамуына 82,0 млн. мың. теңге бөлінді. 
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 1шілдесіне 10 жер телімінен 3,7808 га ұсынылды. 
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік бөлімінде үнемі жұмыстар жүргізілуде . «Ш/Қ Бекзат» жобасы қаралды. «Асыл тұқымды ірі қара малды өсіру» жобасы бекітілді. Жоба Үлгілі-малшы ауылында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 13,2 млн. теңге.  
Ауданда «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені» Үдемелі индустиалды инновациялық даму мемлекттік жобасына кірді. Жобада бордақылау алаңының торабын салу, репродуктор құрылысын дамыту, заманауи ветеринарлық стансалы мал сою торабын құру қарастырылуда.  
Бүгінгі күнде ауданда 3 инвестициялық жоба индустриалдық карта бағдарламасына кіруге жұмыс жүргізілуде. 
– «Өрнек» ЖШС – 800 басқа арналған сүт– тауарлы фермасын және 400 басқа арналған бордақылау алаңын салу.  
– Әр-түрлі кешендік бағалы балықтардың түрлері өсірілуде (осетр, шаян т.б.). 
– Ш/Қ «Елдар» сүт өнімдерін шығарады (Қымыз ). 

2010 жылдың 1 тоқсанына  Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық  даму қорытындылары туралы 
 
 
2010 жылдың 1 тоқсанына өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3788,2 млн теңге құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 158,9 % және жоспар- тапсырмасына 178,7 % құрайды. Ауданның өнеркәсібі «Жезкент КБК» «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы тау-кен өндіру кәсіпорынымен ұсынылады. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген негізгі өнім түрлері клесіні құрайды: кен қазу - 416,92 мың тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 406,15 мың тонна (102,65%), кенді қайта өңдеу – 418,82 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 402,31 мың тонна (104,10%), мыс концентратын өндіру – 13013,11 тонна (құндық мәнде – 2828357,92 мың теңге), өткен жылы 16140,25 тонна өндірілді (құндық мәнде – 1700989,91 мың теңге), мырыш концентратын мырыш өндіру – 15434,77 тонна (құндық мәнде – 953218,12 мың теңге) 2009 жылмен салыстырғанда 12685,62 тонна өндірілді (құндық мәнде – 516283,16 мың теңге).  
 
Бородулиха ауданының аумағы - 698992 га құрайды. Ауыл шаруашылығы мәніндегі жерлер 414559 га құрайды, оның ішінде егіндіктер 320288 га құрайды, ол тыңайған мемлекеттік қордан ауыл шаруашылығы құрылымына енгізу есебімен телімдерді өткен жылға қарағанда 10801 га артты. Өткен жылмен салыстырғанда тыңайған жерлер 18909 га кеміді және қазіргі уақытта 9946 га құрайды. Шабындық жерлер мемлекеттік қордан азаматтарға жер телімдерін беру есебінен өткен жылмен салыстырғанда 1914 га көбейіп және 4036 га құрайды. Сонымен қатар жайылымдық жерлер 2515 га көбейіп және аудан бойынша жалпы 73757 га құрайды.  
 
Топырақтың құнарлылығын арттыруын, ауыспалы егістің, ғылыми-негізделуін аймақтық технологияларын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы құрылымдарын күшейту бойынша жұмыстар жүргізіледі жатыр. 2010 жылдың 1 қаңтарыны жағдайы бойынша жай серіктестіктер құру жолымен ірі 50 шаруа-фермерлік қожалықтарымен бірігіп және бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мәніндегі жер телімдерін пайдаланатын жер пайдаланушылардың жалпы саны: клесіні құрайды ЖШС және АҚ 13 шаруашылықтардың жалпы алаңы 114215 га, оның ішінде 84505 га егіндіктер, жалпы алаңы 28983115 га 494-шаруа қожалықтары, оның ішінде 230224 га егістік жерлер, жалпы алаңы 9347 га 2-өндірістік кооперативтері, оның ішінде 5536 га егіндіктер. Ауданда ұсақ тауарлы шаруа қожалықтарын нығайту процесі жалғасуда. 
 
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда егістік алқабын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы жоспарланатын егістік алқабы 299,1 мың га құрайды, бұл 2009 жылға қарағанда 8 пайызға көп. Дәнді және бұршақ дақылдарының егістік алқабы 128,48 мың га құрайды. Күнбағыс егістігінің алқабы 94,5 мың га, картоп 1,704 мың га, көкөніс 0,31 мың га, бақша дақылдары 0,49 мың га құрайды. Жаздық егін 237,4 мың га алқапқа егілетін болады. 29 мың га алқапта сүрі жер. 
 
Ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары егіс жұмыстарын жүргізу үшін жаздық дәнді дақылдар тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген. Жаздық егу жұмыстарын жүргізу үшін дәнді 18000 тонна және бұршақ дақылдарының тұқымы бар. 
 
2010 жылдың 9 сәуіріне жағдай бойынша «Қазагрэкс» зертханасына қордағы тұқымның 99,3 % тұқымы тексетуге әкелінді, 72,5 пайызы тексерілді. Тексерілген тұқымдар сұрыпталған және 31,5 пайызы 1 класқа, 32,9 пайызы 2 класқа, 4618 тоннасы немесе 35,6 пайызы 3 класқа сәйкес.  
 
Ауданда көктемгі егіс жұмыстарына машина тракторлық паркін дайындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2010 жылдың 1 сәуіріне жағдайы бойынша қолда бар 1113 бірлік тракторлардың дайындығы -100 %, қопсытқыштар-446 немесе 100%, трактор соқалары - 457 немесе 100%, дән сепкіштер-711 немесе 100%, тырмалар - 5147 немесе 100%, трактор тіркемелері-733 немесе 100%, барлық маркалы жүк автомобильдері - 379 немесе 98% құрайды.  
 
Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарына ПМХЗ -нан дизель отынын жеткізу бойынша оператор анықталды. 
 
Бүгінгі күні «ШығысМұнайӨнімдері» ЖШС операторы арқылы 2460 тонна көлемінде дизель отынын алуға ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 34 келісім жасалды. 
 
2010 жылдың 1 тоқсанында ауданның қайта өңдеу өнеркәсібімен 33,9 тонна шұжық және ет өнімдері, 25,8 тонна сүт өнімдері және қаймақ, 11,5 тонна сары май, 26,5 тонна сыр, 388 тонна нан-тоқаш өнімдері, 246 тонна ұн, 105 тонна күнбағыс майы, 72 тонна жарма өндірілді. 
 
2010 жылдың 1 сәуіріне жағдайы бойынша Бородулиха ауданында 41587 бас ІҚМ немесе өткен жыл деңгейіне қарағанда 102,8 % бар, оның ішінде 15319 сиыр немесе 106,7 %, 12377 шошқа немесе 114,7 %, 36218 бас қой және ешкі немесе 111,9 %, 3815 бас жылқы немесе 99,7 %, 78429 бас құс немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 114,0%.  
 
2010 жылдың қаңтар-наурызына ауданның барлық санаттағы шаруашылықтарда союға өткізілген малдар мен құстардың тірі салмақта 1489,4 тоннаны құрады (2009 жылдың сәйкес мерзімі деңгейіне 104,2 % және жоспар-тапсырмаға 261,3%), 7531,7 тонна сүт сауылған (2009 жылдың сәйкес күні деңгейіне 107,5 % және жоспар-тапсырмаға 105,5 %), 1517,7 мың дана жұмыртқа алынды (2009 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 110,9 %). 
 
7405 бас бұзау, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 101% құрайды, 257 бас құлын немесе 100,5 %, 6821 бас қозы немесе 102 %, 3391 бас торай немесе өткен жыл деңгейіне 100,2 % төл алынды. 
 
2010 жылдың 1 тоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 625,5 млн. теңгені құрайды, бұл жоспар-тапсырманың 90,3 % құрайды. Табиғи индекс көлемі 102,6 % құрайды. 
 
Шағын бизнес бойынша, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларына облыстық департамент статистикасына келісті шағын бизнестің 90 кәсіпорындары тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1 % төмен. Қызмет ететін кәсіпорындардың саны 46 құрайды (тіркелеген кәсіпорындар санына 51,1 %, бұл тапсырма жоспардың 1,9 % аз). 
 
Ауданда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың негізгі топтарына мониторгинг күн сайын жүргізіледі. Бірінші қажеттілік тауарларға бағаны негізсіз жоғарлату ауданда байқалмайды.  
 
2010 жылдың 1 ақпанына жағдай бойынша ауданда шағын бизнесті: 247 дүкендер, Бородулиха, Новопокровка ауылдарында орналасқан 2 «Ардагер» әлеуметтік бөлімі және Жезкент кентіндегі «Ардагер» әлеуметтік дүкені, 15 дүңгіршек, 15 ЖҚС, 8 ТҚС, 15 дәріхана (оның ішінде: Жезкент кентіндегі әлеуметтік дәріхана және Бородулиха ауылындағы әлеуметтік бөлім), 12 шаштараз, 2 қонақ үйі, 2 стоматологиялық кабинеті, 39 қоғамдық тамақтандыру объектілері (асханалар, кафелер, ресторандар және барлар), 2 бөлшек базарлары, 6 тігін сәнханасы ұсынады.  
 
Ауданда 2009-2011 жылдарға Бородулиха ауданында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар жоспары 2009 жылдың 10 сәуірінде бекітілді және әзірленді, осыған сәйкес 2009 жылы 15 объектісі іске қосылды. Ағымдағы жылы келесілер ашылды:

Информация о работе Айналым қорлары