Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 10:23, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Меншік экономикалық ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді иелену үшін экономикалық агенттердің қатынастары болып табылады. Нақты анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға ие болады. Осы заманғы экономикалық әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы мен тұрақтылығы экономикалық өсудің басты факторы ретінде қаралады және тікелей сәтті экономикалық дамуымен байланыстырылады. Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 63.56 Кб (Скачать документ)

Ғимаратқа, қызметкерлерге қатысты  қылмыстық әрекеттер келесідей  болуы мүмкін

- Жарылғыш заттар арқылы;

- Пистолеттерден ату;

- Мина салу, сонымен қатар дистанциондық  басқару;

- Өртеу;

- шабуылдау, басып алу;

- Кіретін есікті, жиһазды, сонымен  қатар жеке және қызметкерлік  транспортты  сындыру. 

Бұның мақсаты болып:

- Үлкен сомада ақша қаражатын  талап ету, немесе берілген  террорлық жауапкершіліктен жеңілдік  болуы мүмкін 

- Дұрыс қызмет етуін уақыша  тоқтату; 

- Көптеген моральдық және материалдық  жоғалтуларға итеру; 

- Коммерциялық кәсіпорынға қатысты  ашық террор.

Кәсіпкерлікің дамуына кедергі  болатын негізгі фактор қылмыскерліктің  өсуі, соның ішінде халықаралық, және олармен күресу шараларының нәтижесіздігі. Ең үлкен қауіп мафиядан келіп  тұр. Мафия әрқашан неғұрлым көбірек  баюды көздейді. Нашақорлықпен, қару сатумен, ойын бизнесін дамыту, рэкитпен айналысады.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Жеке меншік мәселесі өте өзекті әрі маңызды болып табылады. Пайда  болуынан бастап жеке меншік көптеген сынға тап болды. Алайда көріп  отырғанымыздай, нарықтық экономика  жағдайында жеке меншік секторы өте  маңызды рөл атқарады.

Жеке меншік - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы зандар кабылдап, оны корғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер: жеке адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, мемлекет арасында калай иемделінетіні және бөлінетіні ақықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол  мүліктерді: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау құқықnтарын алады.|

Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.с.) есебінен жасалады.

Жеке  меншіктің негізгі 3 формасы бар:

- Жеке-дара;

- Ұжымдық;

- Қоғамдық.

Жеке-дара меншік өндіріс нәтижелері мен қорлары жеке тұлғаларға тиесілі  болған жағдайда көрініс табады. Ол жеке тұлғаларға өндіріс факторларын  тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табу қызуғышылығын тудырады.

Ұжымдық меншік өндіріс нәтижелері мен қорларының жеке тұлғалардың  біріккен тобына тиесілі болуымен сипатталады. Сол топтың әр мүшесі өндіріс факторлары мен өндірілетін өнімнің иесі болады. Ұжымдық меншікке отбасылық, кооперативтік, еңбек ұжымының меншіктері жатады.

Қоғамдық меншік белгілі бір  объектілердің барлық қоғамға тиесілі  екендігін көрсетеді.

Елімізде жеке меншікті қолдауға көптеген жағдайлар жасалған. Үкімет, мемлекет тарапынан көптеген заңдар мен заңнамалық актілер қабылданып жатыр. Солардың ішіндегі ең маңыздысының бірі- Конституция  болып тадылады.

Қазақстан Республикасындағы жеке меншік формаларының алуан түрлігіне  қарамастан, негізгі түрі кәсіпкерлік  болып табылады. Кәсіпкерлік дегеніміз - қызмет етуші субъектілердің новаторлық  инициативалық қызметі. Кәсіпкерлік – экономикалың және ұйымдастырудың  жағдайлары, жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі.

Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон  енгізді (1680-1734 ). Ғалым кәсіпкерлікті  ерекше экономикалық функция ретінде  қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда  табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның  негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.

Кәсіпкер - бұл тәуекелден қорықпайтын, жауапкершілікті  мойына алатын, инновациялық және инициативалық  қызметтерді  іске  асыра отырып, нарықта бәсекеге  түсетін субъектіні айтамыз.

Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық  пәндер  қатарына  жатады. Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория  пәні  көбіне  адамдардың  қызметін  үйретумен байланысты болады.Кәсіптік  қызмет теориясының  пәні – кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни  өндіріске қажетті ресурстарды  таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда  анықталады.

Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып, зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері, тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз тәуелсіздігін  алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы КСРО елдеріндегі  жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру  қажет еді. Нарықтық экономика еркін  баға мен жеке меншіксіз дамуы  мүмкін емес.

Нарықтық экономикада «жекешелендіру»  маңызды орын алады.

Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік  меншік объектілерін немесе мемлекеттік  акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты  мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.

Қазіргі таңда еліміздің экономикасы  әлеуметтік-экономикалық модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді  сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді  дүниежүзілік рынокта бәсекеге қабілетті  бола алатындай инновациялық техника  мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары  мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды роль атқаратын  «Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту» болатын. Айта кетсек, «Жеке меншік институты мен  контрактілік қатынастарды жан-жақты  нығайтып, жекешелендіру жүмысын  жалғастыру және барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс»[

Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті  монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете  мемлекеттік монополияны бірте-бірте  жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың  қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

Қазахстана Республикасында жекешелендіру  реформасы негізінен 2 кезеңнен өтті.

- 1991-1992

- 1993-1996

Қазақстан Республикасында жекешелендіру  мен мемлекет иелігінен алу процесі  «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен  алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі  бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің  саны 200 адамға дейін. 

2. Жаппай жекешелендіру – орташа  және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру  – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің  ерекше маңызды кәсіпорындары.

01.09.2005ж. Қазахстана Республикасының  Президенті Н.Назарбаев еліміздегі  жеке меншікті қолдау бойынша  заңдарды қабылдау қажет екенін  хабарлады. Қазақстанда өнеркәсіп  өндірісінің 85% жеке меншікте  болып табылады. Сондықтан бөлек  қызметкердің немесе кәсіпорынның  тағдыры заңның емес, бастықтардың  қолында болатын жағдайды болдырмау  керек. 

Жеке меншік өте маңызды әрі  қол тимерлік және мемлекеттік органдар Конституцияда белгіленген осы  принципті қорғауға міндетті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқанындай, жеке меншік секторды кеңейту  және нығайту, мемлекеттік мүлікті  басқару өзіндік бір мақсат қана емес, жүргізіліп отырған саясаттың арнасында болуы керек.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясы бойынша, біріншіден, ашық нарықтық экономиканы құру керек. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

Біз бәріміз, міне, құрылып жатқан тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыруға мүдделі болуымыз керек, себебі тек қана бұл жағдай елдің және оның азаматтарының XXI ғасырдағы берекелі өмірін қамтамасыз етуге қабілетті.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. Экономическая теория: Учеб. Пособие/ под ред. Д-ра экон. Наук, проф. В.Я. Иохина М.: ЭКОНОМИСТ, 2009

     2. Қ. С. Есенғалиева. “Экономика негіздері: лекциялар, есептер мен жаттығулар ”. 2012

3. Қошанов А.Қ.,Рамазанов А.А.  және т.б. ҚР меншікті жекешелендіру  және мемлекет иелігінен алу  саясаты және экономикалық негіздері.  А.: Ғылым, 2009

4. Социально- экономическое развитие Казахстана. Алматы. Агенство по статистике. Алматы, 2010 г.

5. ҚР Конституциясы  1бөлім, 6 бап

6. Раханов М «Жеке меншік – нарықтық экономика негізі» / «Егемен Қазақстан» газеті 2000жыл – 20 сәуір

7. www.afn.kz

8. www.minfin.kz

9. www.kyzmet.kz

 


Информация о работе Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны