Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы. Бюджет және бюджет құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 09:49, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.docx

— 55.11 Кб (Скачать документ)

Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Бюджет және бюджет құрылысы

 

Мемлекеттік органдардың  өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды. 
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді. 
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық номаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады. 
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. 
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: 
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті; 
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің(ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері); 
Жергілікті бюджеттер. 
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рол орталық бюджетте сақталады. 
Қазақстан Республикасының бюжет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құұқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. 
Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. 
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды.Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 
Қазақстан Республикасы мемлкеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. 
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры. 
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері. 
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. 
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді. 
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасымен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді. Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады.бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді.Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. 
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюжеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің бірлігмен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. 
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты номативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. 
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жаайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыситарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. 
Бюджеттің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлееттің барлық түсімдері мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленген барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстардың бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылығы бағыттарын айқындау қажет. 
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлкеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген. 
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомостволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жаау процесінде қол жетеді. 
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шыншыл көрсетілуін,бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестгін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтерлің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады. 
Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өтекен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. 
Жариялық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы ияқты шаруашылық жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі. 
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және "Бюджет жүйесі туралы", "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген. 
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік блып табылады. 
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерін белгілеуі мүмкін. 
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар блып табылады: 
Мемлекеттік қарыздар шығару 
Кредит ресурстарын пайдалану 
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу – ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынн басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету – пайдаланылады. 
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті органдары анықтап, бекітеді. 
 
1.2.Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы. 
 
Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланымен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жаауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері меншығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. 
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. 
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдр жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпрындар қызметінің жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды. 
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекттік бюджеті кірістеріні құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. 
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналрдан тұрады: 
1)түсімдерден: 
кірістерден; 
алынған ресми транферттерден (гранттардан); 
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі брышты өтеуден; 
2)шығыстардан және кредит беруден: 
шығыстардан; 
кредит беруден; 
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен); 
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан. 
өз кезегінде кірістер: 
салықтық түсімдер; 
салыққа жатпайтын түсімдер; 
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді. 
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызмет көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады. 
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады. 
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады. 
Мемлекеттік брышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету" функциогалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі. 
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық бірліктерді насиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте - функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі. 
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асыцп түсуін қамтып көрсетеді.Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі. 
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышті өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар: 
1)тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойыеша, шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;  
2)профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану. 
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомоствалық және экономикалық сипаттамалар боынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан , шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомоствалардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.

 

Бюджет жүйесі дегеніміз  экономикалық қатынастар мен заңды  нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан  Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. 
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. 
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

 
Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік  және шоғырландырылған бюджеттер, облыс  бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған. 
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. 
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. 
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу токтатылды. 
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады. 
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. 
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформапауда маңызды кадам болды. Соньшбн бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды. 
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламапарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін. 
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуга мүмкіндікберді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі стратегиялықжәнебагдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік багдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нүсқасы бюджеттің үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік орған қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған. Жаңа Бюджеттік кодекстін нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтердін пайдалану тиімділігін артғыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді. 
Бюджеттік заңнама бюджеттік,бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі кағидапарын, қағидаттары мен механизмдерін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мына кағидаттарға негізделеді. 
Бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикапық орталықтандырудың дэрежесін білдіреді. Бірлік кағидаты бүрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде негұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті орғандарының дербестік алуымен және оларға қаржылық ресурстарды иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты Бұл кағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржылық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-эрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта белудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай кағидаттарын қолданумен,бірынғай бюджеттік сыныптаманы және бюджеттік үдерістің бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен камтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты коса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. 
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жокка шығармайды. Бюджеттің дербестік қағидаты - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджеттік кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы,жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының калдықтарын жоғарғы бюджеттерг^алып коюға жол берілмеуі төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі. 
Бюджеттің толымдылығы кагидаты Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Сөйтіп ол мемлекеттік билік пен басқару орғандарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақшалай түсімдерді, сондай-ак бюджет шығыстарының көлемі мен нактылы бағыттарын айқындау қажет. Әлемдік практикада бұл кағидат оны дэл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса кеп шығыстарды жүктейтіндіктен казіргі кезде орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі кабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік сактандыру, жол, халықтың жұмыспен камтылуына жәрдемдесу және т.б. қорлардың қаражаттары кіріктірілген. 
Реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік, параметрлеріне бекітілген (түзетілген), мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде кол жетеді. Трсінспсіренттілік қағидаты мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ак коғам мен бұқаралық акпарат құралдары үшін бюджеттік үдерістін міндетті ашықтығын қоспағанда, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген, нактыланған (түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау. Дәйектілік қағидаты деп мемлекеттік орғандардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын кабылдаған шешімдерді сақтауын айтады. Нәтижелтік қағидаты мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура және түпкілікті нәтижелерге кол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару. 
Сабақтастық қағидаты - өткен кезендерде бекітілген әлеуметтік-эконо-микалық даму мен бюджеттік параметрлер, базапық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты - бюджет жобасына кандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты - бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай казынашылық шотқа есептеу және бірыңғай казынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру. 
Уақтылық қиғидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының колма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердік міндеттемелер кабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сактай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару. 
Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге кол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге кол жеткізу. 
Жауапкершілік қағидаты - тура және түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінін қабылдануы. 
Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінін Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы. 
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Реалистік кағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.

2005 жылы бюджетті қалыптастырудан  бастап, оны атқарумен және бақылаумен  аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін  регламенттейтін бірыңғай заң  - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлықденгейлербюджеттерініңкірісжәнешығысбөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді. 
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат - орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары енгізілді. 
Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып койылды. 
Заңнамада бюджеттердіңтек екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді. 
Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген багдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің экімдері болады. 
Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мэслихаттардың ревизиялық комиссияларында калды. Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы орғандар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді. Қазақстан Республикасындағы баланстандырылған бюджеттік әдіс сызба түрінде 14.3 сызбада көрсетілген.[1]

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. [1]

Мазмұны 

[жасыр] 

  • 1 Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
  • 2 Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
  • 3 Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
  • 4 Салық түрлері
  • 5 Дереккөздер

[өңдеу] Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі

Информация о работе Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы. Бюджет және бюджет құрылысы