Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 08:48, курсовая работа

Краткое описание

Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін «мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды. Осы курыстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыз мәселесінің экономикадағы маңызын,сонымен қатар бюджет тапшылығы мен қарыз мәселесін шешу жолдарын табу болып табылады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты...................................................
1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері............................................
1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері.............
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары……………………………………………………………………….
2.2. Мемлекеттік қарыздардың мағынасы және оны жою жолдары...............................................................................................................

Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады.Бюджеттік және қаржы—ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сүраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсеңділікті реттеу жатады.

Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезіңде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгеңде жүргізіледі.Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмеңдеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды.Салықтың төмеңдеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі.Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.

    Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық багыттагы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алды.Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында "дефицитті каржылаңдыру" идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60—70-жылдарда анық керінген экономиканың инфляциялық түрақсыздануын күшейтті. Белсенді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді.Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға  ықпалының  себебі  болмақ.   Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономикаиы "суыту" инфляциялық қызьш кету" дегенмен күресу.

Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардың күрделілігі мынада: озып жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол  бермеуі ақша келемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мұның бәрі өз кезегіңде жиынтық сұранысты  тежейді, күрделі қаржьшы азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты кебейтеді.

  Сонымен  мемлекеттің қарыз проблемасы  ақша айналасының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халықаралык кредиттің (несиенің) жедел дамуымен жүреді. Қажетті финанс қаржыларын щоғырлавдыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады.Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болады, ол жоғарыда айтылған ішкі қарыздан айтарлықтай өзгеше. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар, трансұлттық корпорациялар мен банктер әр түрлі қорлар және т.б.Бірақ соңгы кездерде халықаралық капитал рыноктарында сшерацияларға үкімет органдары қатысып заемщик, кредитор рөлін атқарады.Мемлекет финанс қаржыларын қарыз капиталының ұлттық рыноктарынан (жеке кредиторлардан немесе ресмн органдардан) сонымен қатар "еврорыноктан", яғни қарыз капиталын ұлттық рыноктан тыс та алады.Ұлттық рыноктарда сыртқы заем жеке банктің екілеттігі немесе мемлекетаралық келісімдер арқылы орналастырылады.Мемлекетаралық заемдар әр түрлі валюта арқылы орналасады, бірақ әдетте шығарылған тұста бектілген валюта паритетін сақтайды.Экономикалық өмірдің интернационализациялануының қазіргі кезеңі халықаралық несиенің тез өсуімен, осының негізінде сыртқы қарыздың ұлғаюымен сипатталады.Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 жыл ол 126,5 млрд. долларға жетті.Алайда сыртқы берешектіктің өсуі өнеркәсібі дамыған елдерге де тән.Мысалы қазір ірі нетто — қарыз, елі АҚШ. Өткен онжылдықта жоғары процент ставкасы нәтижесінде АҚШ американ башсілерінг ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамасыз етті. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына аиналып, бюджеттің   дефицитін   қаржылаңдыруға   жұмсалды.Алайда АҚШ-тың жалпы сыртқы экономикалық позициясы өзгерді.Егер 80-жылдарда АҚШ нетто кредитор болса, 1988 жылы оның таза борышы 540 млрд. доллар. (ЖҰӨ-нің 11%) болды. Үстіміздегі онжылдықта бұл көрсеткіш 1 трлн. долл. жетпек. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие финанс ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюіа да мүмкіндік береді.Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызды. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің эконо-микасының сыртқы факторларға тәуелділігі.

Мемлекеттік борыш- белгілі уақыт  мерзімінде елде жинақталған бюджеттік  тапшылықтардан осы мерзімде  болған бюджеттік жағымды сальдоны алып тастағандағы сома.  Бюджет тапшылығы  және мемлекеттік борыш бір-бірімен тығыз байланыста болады.  Біріншіден, мемлекеттік борыштар бюджет тапшылығын өтеудің өте маңызды көзі.  Екіншіден, мемлекеттік борыш көлеміне талдау жүргізбей, бюджет тапшылығының қандай көлемінің қауіпті екенін білу мүмкін емес. Мемлекеттік борыштың көлеміне баға беру үшін тапшылықтың өсуіне талдау жүргізу қажет.

Үкімет органдарының қарыздары  жинақталып мемлекеттік борышқа  айналады. Бұған процент қосылып  төленеді. Бүгінгі мемлекеттік борышты  ертеңгі салықтар деуге болады. Кейбір салық төлеушілер мемлекеттік құнды қағаздарды иемденеді. Осы қағаздарға олар процент алады және сонымен қатар, олар салық төлейді. Кейінгінің белгілі шамасы мемлекеттік борыштар мен несиелерді төлеу үшін жұмсалады. Қаражаттар керек болғандықтан, үкіметтер қашан болмасын, жаңадан қарыз алуға  мәжбүр болады; ескі қарыздарды  өтей отырып, олар бұрынғыдан мол қарызға бата түседі.

Әр  елдерде мемлекеттік борыштың даму қарқыны бірдей болмайды. Мемлекеттік  борыштың ЖҰӨ-нен 2,5 есе артуы экономиканың тұрақтылығына, әсіресе ақша айналымының тұрақты болуына үлкен қауіп тудырады.

Мемлекеттік  борыштар ішкі және сыртқыға және қысқа мерзімдік (1 жылға дейін),  ортамерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақмерзімдік (5 жылдан артық) болып бөлінеді. Қысқа мерзімдік қарыздар басқаның барлығынан ауырлау түседі. Олардың негізгі сомасын жоғары процентпен аз уақытта төлеу қажет. Осындай қарызға пролонгация (төлеу мерзімін ұзарту) жасауға болады, бірақ бұл жоғары процент төлеумен байланысты. Мемлекеттік органдар қысқа және орта мерзімдік  қарыздарды сөйтіп негізгі соманың төлеу уақытын ұзаққа созып, тек әр жыл сайын қана төлеп тұру үшін ұзақ мерзімге айналдыруға тырысады.

Мемлекеттік сыртқы борыш - бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, адамдарына төленетін қарыз. Борыштың бұл түрі ел үшін ең ауыр болады, өйткені оны өтеу үшін мемлекет кейбір құнды қағаздарды беруге және белгілі қызметтер мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі борыш – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз – табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді. Тауарлар мен қызметтер әдетте, сыртқа кетпейді, бірақ экономикалық өмірде белгілі өзгерістер туындайды, олардың нәтижелері елеулі болуы мүмкін.                                         

        Сонымен мемлекетік қарыз проблемасы  ақша айналысының күрделі кешенімен,  бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халығаралық несиенің жедел дамуымен жүреді. Қажетті қаржыларды шоғырландыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде  сыртқы  борыш  пайда болады. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар мен банктер, әр түрлі қорлар және т.б.  Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасындакапитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие қаржы ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін  жоюға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызады. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігі.

Кредит (несие)—  қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне кұрылған. Экономикалық категория ретінде кредит құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті.Кредит нарықтық экономика тұсыңда маңызды қызметтер атқарды. Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістін шеңберін айтарлықтай кеңейтті. Екіншіден, кердит қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығынын кіріс келтіретін салаларына жұмсалады Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық). 1989 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды.Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.Үшіншіден, кредит (несие) айналым шыгындарын үнемдеуге көмектеседі.Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады.Кредитті бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.Несиені жеңіл шарттар бойынша алған кәсіпкерлер капиталдың тез өсуін қамтамасыз етеді, басқалары несиені ауыр шарттар бойынша альга, бәсекелік күресте үтылып қалады. Тарихи даму барысында несиелер сан түрлі пішінде көрінеді, олардың негізгілері коммерциялық банктік несиелер.Коммерциялық несие кәсіпорын-дардың, бірлестіктердің, өзге де шаруашылық субъектілерінің бір-біріне беретін кредиттері.Мұндай несие төлемін кейінге қалдыратын тауарлар түрінде де болады.Көп жағдайларда олар вексель—бағалы қағаз, оны алғандар белгілі уақыттың ішінде вексель иесіне көрсетілген ақша сомасын төлейтіні туралы міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық кредиттің жан-жақты дамуьша кедергі жасайтын нәрсе оның кредитор кәсіпорындарының резервтік қор мөлшерімен шектеулі.Тауар түріңде берілгендіктен, мысалы оны жалақыға пайдалануға болмайды жәие ол тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және оны тұтынатын кәсіпорындарға ғана беріледі. Коммерциялық кредиттің мұндай шектеулерін банктік несиені дамыту арқылы жоюға болады. Банктік несие-қаржы мекемелерінің (банктердің, ассоциациялардың) барлық шаруашылық субъектілеріне жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және т. б, қарыз ақша ретінде беретін несиесі.Банктік кредиттер қысқа мерзімді (1 жылға денін), орташа мерзімді (5 жылдан жоғары) болады. Бұл несиелер тек тауарлар байналысы ғана емес, сонымен қатар капитал қорлануына да қызмет етеді. Коммерциялық несие бзғыты, мерзімі мен келісім сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып банктік несие-кредит қатынастарының негізгі және басым түріне айналды.Кредиттің (несиенің) басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердін бір-біріне кәсіпорындар мен ұйымдар шығарған акцияларды, облигацияларды, қатысу кредит билеттерін т. б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорындарды қаржыландыру мен несие берудің (облигация, бағалы қағаздар) орталықсыздандырылған түрлері деп аталады. Тұтыну кредиті жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жүзеге асырылады! немесе түтыну мақсатында банктік карыз беріледі.Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін, әдетте жоғары процент (30% ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық кредит қозғалмайтын(жер, құрылыс, үй) мүліктер орнына  берілетін  ұзақ  мерзімді  қарыз.Мұнда қарызды берудің қүралы банктер мен кәсіпорындар пшғаратьш ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып, бүл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.Мемлекеттік несие-кредит қатынастарының жүйесі.Мұнда мемлекет заем беруші, ал халық пен жеке бизнес қаржылардың кредиторлары.Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес, жергілікті өкімет оргаңдары да шығаратын мемлекеттік заем облигациялары болып табылады.Мемлекет несиенің бүл түрін алдымен бюджеттің тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесіңде АҚІІІ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр.Халықаралық кредит-қарыз капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық несие тауар немесе ақша (валюта) түріңде беріледі.

 

 

1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері

Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:

а)мемлекеттік қарыздар; 
ә)салық салуды кобейту;

б)ақша эмиссиясы.

Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде  мемлекетгік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге откізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасыңда айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

Бюджет тапшылығына  қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет.Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясатгың мақсаты деп есептедді.Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады.Бюджетті тендестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін.Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады.Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет.Қорытындысы жиынтық сүранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.

Бюджетгі  тендестіру саясаты сонымен бірге  инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін кобейтеді.Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қоддануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.

  1. Циклдік негізде теңдестірілетін бюджет.Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында тендестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды кобейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды кобейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджетгің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды етеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтыңдығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

Қаржының функционалдық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қам-тылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады.Бұл тұжырымдама кезінде бюджетгі теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесіңде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика ушін қауіпті емес деп шамаланады.

Циклдік негізде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында тендестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ.

 

2.1 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары

Шығындардың табыстардан артып  кетуі, ішкі және сыртқы мемлекеттік  заемдармен өтелетін бюджеттік тапшылықты тудырады. Мемлекеттік заемдар мемлекеттік  құнды қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлардан заем алу (мысалы, жұмыссыздықтан сақтандыру қорынан немесе зейнетақы қорынан) және  банктерден несие алу (бюджеттік тапшылықты қаржыландырудың осы нысанасын көбінесе жергілікті үкіметтер жиі қолданады) арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік заемдар бюджет тапшылығын өтеудің жалғыз ғана жолы емес.Нарық экономикасы дамыған елдерде бюджет тапшылығын өтеу үшін ақшаның қосымша эмиссиясы қолданылады. Осы құралды үкіметтер әсіресе ерекше жағдайларда, соғыс жағдайларында, ұзақ мерзімге созылған дағдарыс кезінде қолданылады. Мұндай эмиссияның салдары баршаға мәлім. Бақылауға келмейтін инфляция дамиды, ұзақ мерзімді инвестицияның стимулы жойылады, «баға-жалақы» спиралі жанданады, тұрғындардың жинақтары құнсызданады.

Шаруашылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатымен дамыған елдердің көбінің үкіметі орынсыз ақша эмиссиясынан аулақ болуды жөн көреді. Көп елдерде Конституция арқылы ұлттық эмиссиялық банктің атқарушы үкіметтен тәуелсіздігі бекітілген. Эмиссиялық банк үкіметті қаржыландыруға міндетті емес. Міне осылай инфляцияның үдеуіне шек қойылады.

Эмиссиямен салыстырғанда, мемлекеттік  заемның қаупі төмендеу болады. Бірақ  бұл елдің экономикасына негативті  әсер етеді. Біріншіден, белгілі бір жағдайларда үкімет мемлекеттік құнды қағаздарды ықтиярсыз орналастырады. Бұл жеке қаржы институттарының әрекеттерінің нарықтық мотивациясын бұзады. Екіншіден, үкімет заңды және жеке тұлғалар үшін үкіметтің құнды қағаздарын алуға жетімді стимул жасаған болсада, мемлекеттік заемдар, қарыз капиталдары нарығына бос қаражаттарды тарта отырып, жеке фирмалардың  несие алу мүмкіндігін  төмендетеді. Фирмалар, әсіресе ұсақ және орташа, мемлекеттік органдармен салыстырғанда, банктер үшін сенімді қарыз алушы болып табылмайды.

Мемлекеттің жаңа заемдарының арқасында  қарыз капиталдары нарығында несиеге сұраныстың өсуі, несиелік қымбаттауға, есепке алу ставкасының  өсуіне әкеліп соғады.

Информация о работе Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері