Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2014 в 23:47, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық теория пәні өзарабайланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. Экономикалық теория курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық құбылыстарды талдау мен жалпылауға үйренеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«экономикалы- теория» П-нінен курсты- Ж-мыс жазу бойынша -дістем.doc

— 212.50 Кб (Скачать документ)

Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 20мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы қажет (Қосымша 5).

Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.

Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.

Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді. Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу

Курстық жұмыстың парақтарын, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.

Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).

Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмерлеу

Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.

Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.

Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.

Иллюстрации

Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.

Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.

Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.

А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.

Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.

Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.

Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.

Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).

Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.

Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.

Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.

Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.

Ескерту

«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.

Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Диплом жұмысындағы формулаларды бүкіл диплом жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:

 

                        А=а:б,                                                  (1)                                                        

 

Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті диплом жұмысының (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.

Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].

Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].

Қосымша

Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.

Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.

 

5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 35-40-бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3).

Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.

Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.

 

6. Курстық жұмысты рецензиялау

Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл экономикалық теория курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.

Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.

Егер курстық жұмыстың жетекшісі жмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.

 

7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы