Ұжымдық қорғаныс құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2015 в 18:18, контрольная работа

Краткое описание

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері - 3.docx

— 26.61 Кб (Скачать документ)

Өздік жұмыстарға арналған тақырыптар:

 

1-тақырып. Ұжымдық қорғаныс құралдары

 Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панаханалар толқын соққысынан,жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

 Өндіріс күштерін қазіргі  заманғы  қырып-жою құралдарынан  зілзаладан, радиациялық және химиялық  қауіпті объектілердегі апаттардан  қорғау – маңызды мемлекеттік  міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары  адамдар жасырынуға тиіс жерлерге  мүмкіндігінше жақын орналасуы  тиіс.

Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және  сиымдылығына байланысты топталады.

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін  олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.

Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы  жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.

Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына  және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.

Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана — қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты адролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5—3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200—300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2—3 есеге, жабық — 40—50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның терендігі 180—200 см, жоғарыдағы ені 110 —120 см және төмендегі ені — 80 см болады.

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50—60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10—15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

Кіреберістер түйіспелі учаскеге тікбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон қүрылғысымен және басқа материалдармен ынғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді. үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6—0,7) және дерн жабады. Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар темендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады. Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады. Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады. Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстын қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс.

 

 

2-тақырып. Жеке  қорғану құралдары

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан  қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады.

Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

 

     Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін  радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

 

 

 

3-тақырып. Зілзала және оның салдарымен күрес

Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.

. Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال‎) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Сел–тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы.

Опырмалар - тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы.

Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондармен байланысты.

Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.

Таудың су тасқыны-нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады.

Құйын — бұл циклонның орталық бөлігінде тез арада өршіп кететін атмосфералық қатты жел.

Боран- теңiзде қатты жел немесе теңiз дауылының түрiнде бола алады. Құрғақта боран - бұл күштi жауындар, найзағай, қатты желдер.

Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 метрден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 метрге дейін барады. Толқынының таралу жылдамдығы 400 — 800 км/сағатқа дейін. Мысалы: адамзат тарихындағы Цунамимен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.

 

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. 
Су басу – 1) жер бетіндегі ағын сулардың немесе жер асты сулары деңгейінің көтерілуі; 2) өзен маңындағы жер аумағын су тасу немесе тасқын кезінде (табиғи cу басу), не өзен арнасы мен аңғарына жасанды түрде бөгет салу кезінде (жасанды су басу) судың қаптай жайылуы; 3) гидротех. ғимараттар салудан және жер беті суын тежеуден, сондай-ақ а. ш. жерлерін дұрыс суармаудан ыза деңгейінің көтерілуі. Негізінен белгілі бір алаптағы қар мен мұздың күрт еруінен және жауын-шашынның көп мөлшерде түсуінен болады. Су басу – қала, елді мекен аумақтарында және бөгендер мен суармалы жерлерге жақын жатқан телімдерде пайда болатын техногендік процесс.[1]

 

    Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

Эпидемия(грек. epіdemіa), і н д е т – жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына (белгілі бір жерге, елге) жаппай таралуы

Эпизоотия - малдардың жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

Эпифитотия - өсімдіктердің жаппай инфекциялы ауруға ұшырауы.

 

 

 

 

 


Информация о работе Ұжымдық қорғаныс құралдары