Қызылорда облысының су қоймалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 07:18, курсовая работа

Краткое описание

Орталығы - Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.Ұлы Жібек жолы - әлем өркениеті тарихының маңызды жетістіктерінің бірі. Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін ежелгі және ортағасырда Батыспен Шығысмәдениетінің арасында маңызды сауда желісі болды.

Содержание

І Тарау
1.Қызылорда облысының тарихы
Қызылорда облысының өзендері
Қызылорда облысының көлдері
ІІ Тарау
2.Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы
2.1 Арал экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бексултанова Н реферат2.doc

— 3.59 Мб (Скачать документ)

Сырдария  өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата  («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд  деп аталады.

Өзен  Қырғызстан  мен шығыс Өзбекстандағы  Тянь-Шань тауларындағы  екі өзеннің: Нарын  және Қарадария  өзендерінің  қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне  барып  құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 км³ ғана, бұл Амударияның  теңізге құятын суының жартысына тең.

Сырдария  өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан , Худжант , Түркістан  және Қызылорда  қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.

Сырдарияның төменгі ағысы

Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі  және жерасты су қорларын, Арал теңізінің  экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі) дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалды.

Сырдария  өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі  ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі.

Өзеннің ластануы:

Қоршаған ортаға түсетін  химиялық заттардың ішінде ең көп тарағаны ауыл шаруашылығында қолданылатын –  минералдық тыңайтқыштар мен нитриттер, пестицидтер қалдықтары.

  • Адам денесінде иммундық жүйенің төмендеуі, әсіресе, балалар мен екіқабат әйелдер арасында, ал кейбір жағдайларда індетті ауруларға қарсы тұру қабілетінің нашарлағанын көрсетеді.
  • Аймақтың қоршаған ортасының  ауасы, суы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғилығы жойылып, олардың құрамында, бойында токсиндердің, ауыр металдардың, пестицидтер мен гербицидтердің, дефолинттердің, өндірістік гидрозиндердің көлемі өскен.
  • Судың сапасының төмендеуі, топырақтың деградациясы, шөлді аймақ көлемі өсуі, ауаның ластануы халық арасында ауру көрсеткіштерінің өсуіне алып келіп отыр.

 

Сырдария өзенінде "Көксарай" су қоймасын салудың жекелеген мәселелері

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда  облыстарының суармалы жерлерінің сумен  қамтамасыз етілуін арттыру, Сырдария өзенінің ирригациялық және экологиялық  режимін тұрақтандыру, сондай-ақ осы  аймақтарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрлігі  Су ресурстары жөніндегі комитетінің: 

      Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су  қоймасын салу туралы;

      Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Су ресурстары жөніндегі комитетін  жоғарыда аталған объект бойынша  тапсырысшы, ал бұрын осы объект  бойынша белгілі бір жұмыс  көлемін орындаған "CES" герман  фирмасын бас жобалаушы ұйым  деп белгілеу туралы ұсынысы мақұлдансын.

      2. "CES" герман  фирмасына жобалау жұмыстарын  белгіленген мерзімде аяқтау  мақсатында Қазақстанның жобалау  ұйымдарын жобалау-іздестіру жұмыстарына  қатысуға тарту ұсынылсын. 

      3. Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:

      жобалау-іздестіру  жұмыстарын үстіміздегі жылы  аяқтау үшін Қазақстан Республикасы  Үкіметінің резерв қорынан 500 мың АҚШ долларына баламды  қаражат бөлу туралы ұсыныс  енгізсін;

      Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын іске асыру мақсатында тапсырысшы сатып алатын тауарлардың ҚҚС-тан, кеден баждары мен алымдарынан босатылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының  Стратегиялық жоспарлау және  реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасы құрылысының 1999 жылы инвестициялануын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

      5. Оңтүстік Қазақстан  және Қызылорда облыстарының  әкімдері "Көксарай"

 қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын жедел аяқтау мәселелері бойынша  тұрақты түрде жәрдем көрсететін болсын.

      6. Осы қаулының  орындалуына бақылау жасау Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің  орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа  жүктеледі. 

      7. Осы қаулы қол  қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қызылорда облысының көлдері

Арыс – Қызылорда облысы  Сырдария ауданы  Бетпақдала  шөлінің  батысындағы тұзды көл. Теңіз  деңгейінен 59 м. биіктікте жатыр. Аумағы 124,5 км². Ұзындығы 21,2 км, ені 9,5 км. Су жиналатын  алабы  15900 км². Көл табанының қалыңдығы 15 см-ден 50 см-ге дейін тұз басып жатыр. Суының минералд. 325 г/л, хлорид  класына, натрий  тобына жатады. Су құрамында йод , фтор , бром , бор , мырыш , марганец  және темір қосындылары кездеседі. Көл негізінен көктемгі жауын-шашынмен толысып, жаз айларында құрғап қалады.

Ақажансай дария – Қызылорда  облысы  Қазалы  аудандағы Сырдария  өзеннің тармағы, ескі құрғақ арна. Ұзындығы 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен  су ағады. Осы аймақта болып тұратын  күшті желдердің әсерінен Ақажансай дария арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар  тікелей арнаға тіреліп жатады.

Ақкөл – Арал теңізінде , Қаратерең түбегі мен Тоқпан теліміндегі қолтық. Арал ауд. аумағында. Қолтықтың аум. 22,0 мың га. Теңіз суы толық кезде Ақкөлдің балығы мол, жағалауының шөбі шүйгін, әрі малға жайылым болды. Сырдария  тасығанда ғана Ақкөлді жергілікті тұрғындар суын шаруашылыққа пайдаланды. Қазір қолтықта су жоқ.

Ақшатау – Қызылорда облысындағы  Арал ауданындағы  Бекбауыл темір жол  стансасынан батысқа қарай 24 км жерде  орналасқан көл . Аумағы 25,5 км2. Ұзындығы 7,7 км, ені 5 – 7 км. Ең терең жері 2,5 м-ге жуық. Суы ащылау.Ақшатау Сырдариямен  арна  арқылы жалғасады. Батыс жағалауында қалың қамыс  өскен. Көлден сазан , көкбас , алабұға  ауланады.

Желтоқсанның  аяғында мұзы қатып, сәуірдің бас  кезінде ериді.

Жалағашкөл , Жалаңашкөл — Сырдария  алабындағы көл. Қызылорда облысының Арал ауданы жерінде. Тұран жазығының  солтүстік шетінде, Сырдария  сағалық арнасының оң жағында, теңіз деңгейінен 58,3 м биіктікте орналасқан. Аумағы 13 км2, ұзындығы 5,3 км, ені 4,3 км. Кезінде Сырдарияның жайылмасымен толысатын, көршілес ірі Қамыстыбас  көлімен ұласып жататын. Батыс және оңтүстік жағалауы жайпақ , батпақты , шығысы көтеріңкі. Арал  теңізінің тым шегініп кетуінен Жалағашкөлдің шарасы жазда мүлдем кеуіп қалатын болды. Көктемгі қар ерігенде ғана аздап су жиналады. Алабы көктемгі шабындық.

Жалтыркөл — Сырдария алабындағы көл. Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде, Бекбаулы т. ж. ст-ның оңт-нде 2 км жерде. Теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр. Аумағы 13,3 км². Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімденген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдылығы артады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі.‎

Домалақ – Арал теңізі  алабының солтүстігіндегі тұйық көл . Қызылорда  облысы  Арал ауданы  жерінде. Үлкен  Борсық  және Арал Қарақұмы  аралығында теңіз  деңгейінен 69 м биіктікте орналасқан. Аумағы 35,2 км2, ұзындығы 10,3 км, енді жері  6,5 км. Қар  және жер асты суларымен толысады. Жазда  тартылып қалады. Суы  тұзды, көктемде мал  суаруға, алабы шабындық  ретінде пайдаланылады.

Теріскен – Жаңақорған ауданындағы тұзды көл. Орынбор -Ташкент  т. ж. бойында Жаңақорған  кентінің оңтүстігінде орналасқан. Суы тұзды, құрамында калий, магний, натрий және хлор, т.б. элемент иондары  кездеседі. Сондықтан көлдің табанындағы батпақтың емдік қасиеті мол. Теріскеннің шипалы балшығы мен тұзды суы негізінде 1918  ж. [Жаңақорған санаторийі] ашылды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында мұнда әскери госпиталь  орналасып, мыңнан аса жаралы жауынгерлер емделді. Батпағы мен тұзды суы сүйек, буын, остеохондроз , жүйке  жүйелерінің ауруларын, әйелдердің жыныс ауруларын, бедеулік індеттерін, простатит, басқа да ауруларға шипа.

Томайкөл Сырдарияның  сол жағасындағы Жуанқұм  жазығында, Қазалы      қ-нан оңт.-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Ұзындығы 7,5 км, ені 1,0 км, терең жері 3,5 м, ауданы 2,6 км². Көл бірімен-бірі тіркес үш бөліктен тұрады. Жағалауы жазық, кей телімдерде құм шоқаттар кездеседі, шығанақтармен тілімделген. Көлдің деңгейі құбылмалы. Көктемде Сырдария тасығанда көтеріледі, жаз ортасында көлдің деңгейі төмендеп, жағадан алыстайды. Су басқан жағалауы шабындық. Суы ашқылтым (2,4 г/л).

Шөмішгөл, Шөмішкөл – көл. Қызылорда  облысы  Арал ауданы  жеріндегі  Ақшатау  көлдерінен оңтүстік-шығысқа  қарай 7 км жерде орналасқан. Пішіні сақина тәріздес, аумағы 4,2 км², ұзындығы 2,8 км, ең терең жері 10 м. Көл құм төбелер ортасында жатыр. Шығыс жағалауы ашық, жайдақ. Көлдің батыс жағалауының қамысы сирек, жағалаудан ортасына қарай (25 – 35 м жерде) қалың қамыс, қоға, шылау өскен. Суы мөлдір. Көл табаны майда балдыр өскен сұр түсті құмды лай тұнба. Суы ашқылтым. Балық тіршілік етеді.

Қамыстыбас, Қамбаш – Сырдария  алабындағы көл . Қызылорда облысы  Арал ауданында , Қамыстыбас темір жол  станциясынан 2 км батысқа қарай  орналасқан. Теңіз деңгейінен 58,1 м  биіктікте жатыр. Аумағы 178 км². Көл  ендік бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 5 – 8 км, жағалауының ұзындығы 115,6 км, шарасына 980 млн. м3 су жиналады. Көл Тәуіп  – Жарма  каналы арқылы толығады. Шығыс жағалауы аласа, құмды. Оңтүстік биік, жарлы (23 м-ге дейін), солтүстік жағалауының биіктігі 5 м-ге жетеді. Ең терең жері 10 м. Жазық келген оңтүстік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Қамыстыбаста сазан , алабұға , шортан , т.б. балықтар кездеседі. Көлде қаз , үйрек , т.б. құстар, қамыс , құрақ  арасында ондатр , жабайы шошқа кездеседі. 

Қамбаш көліндегі демалыс аймағында туристерге арналған ұлттық-этнографиялық парк және айшықты орман бағы пайда болады. «BNews.kz» тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Өмірбек Шәменов: -бұл көл маңында салынайын деп отырған бірінші парк емес. 2025 жылға дейін 150 гектар жерді толықтай игеруіміз керек. Жоспар бойынша осы жерде он шақты нысан бой түзейді. Жоғарыда айтылғаннан бөлек, олардың қатарында сафари парк, жылыжай, шағын ипподром картинг алаңдары бар. Бұл құрылыстар сол жердің ландшафтық жағдайы ескеріле отырып жасалған. Ең көрнектісі, 8.5 мың адамға шақталған жағажай болайын деп тұр, - дейді. 

 Қамбаш аумағында адамдардың  ұзақ уақыт демалуына ыңғайлы  орындар да, мысалы, коттедж қалашығы, киіз үйлер салынады.

Қамбаш көлі туризм аймағына айналады:

Арал ауданындағы Қамбаш көлі жағасында  облыстық туризм, дене­шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  «Қызылорда облысында экологиялық  туризмді дамыту мәселелері» атты семинар-кеңес  болып өтті. Келер жылы Қамбаш көлі бойынан 1 қабатты 27 орыннан тұратын қонақүй салу жоспарланған. Ол пайда­лануға берілген сәтте шетелдіктер біз­дің өңір тарихымен және салт-дәстүрі­мен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.

Қаншықкөл, Қапшықкөл – Арал  теңізінің оңтүстік-шығысындағы сор. Қызылорда облысы  Қазалы ауданы Ажар ауылының оңтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 70 м биіктікте жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 14 км-ге созылған, енді жері 3,5 – 4 км шамасында. Солтүстік-батысында Арзанкөл, батысында Жаманжармола сорлары, солтүстік-шығысында Қапшық төбесі орналасқан. Қаншықкөлдің беті тегіс тақырлы, жағалауында сексеуіл  тоғайы өскен.

Қаракөл – Қызылорда облысы  Арал ауданындағы көл. Аумағы 10,7 км². Ұзындығы 4,5 км, ені 1,8 км, ең терең жері 10 м. Көлге 32 млн. м3 су жиналады. Биіктігі 1,5 – 2,0 м жағалауын қамыс басқан. Жоғары жерінде түйе тікенегі және қуаң жерлерде өсетін өсімдіктер , көл ішінде шалаң шөптер  көп кездеседі. Көл түбінде қоңыр түсті, құмды және ұлутас қабыршақтары бар. Суы кермек татиды (3,0 г/л).

Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады.

Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды.

Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.

Аралды  сақтап қалуға арналған Халықаралық  қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы  жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру  үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар  жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.

Информация о работе Қызылорда облысының су қоймалары